25-дәріс. Тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу. Ғылыми зерттеудің нәтижелерінің құрылымы, оларды жазып сипаттау тәсілдері. (дәріс-консультация).
Дәрістің мақсаты: Студенттерде зерттеу нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу дағдыларын дамыту
Дәрістің негізгі терминдері: зерттеу нәтижелері, зерттеу нәтижелерін өңдеу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Зерттеу нәтижелері туралы түсінік.
2. Зерттеу нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу.
Педагогикада зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістері мен теориялары, оның маңызды ұстанымдары, білім жүйесін басқару нысандарының заңдылықтары жөнінде жаңа тағылым алуға бағытталған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми - зерттеулер бұрыннан танымал теорияларға сүйене отырып, тәжірибелік байқау жасауға болатын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен әдістердің өзара әрекеттерімен, жүйелілігімен, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оның сапасы мен тиімділігі жағынан сипаттауға болады. Педагогикалық зерттеу нәтижелерінің мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар болып «зерттеу нәтижелері», «ғылыми-педагогикалық зерттеу сапасы», «зерттеу сапасын бағалау критерийі (өлшемі)» түсініктері болып табылады. Зерттеу нәтижесі білім беру саласында жаңа білімге немесе шешімге ие, ақпараттық тасымалдауда бар ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттің өнімі ретінде сипатталады. В.М. Полонский педагогикалық зерттеудің нәтижелері мен тақырыбын сипаттайтын негізгі құраушыларын былайша бөледі:
Объектілік құрауыш зерттеу өнімін заттай-категориялық жағынан сипаттайды, яғни, жұмыстың нәтижесінде алынған тұжырымдаманы, әдісті, жіктеуді, қағиданы, ұсынысты, алгоритмді т. б. көрсетеді. Ғылымның бағыты мен ауқымына байланысты объектілік құрауыш жалпы ғылыми, жалпы педагогикалық немесе түрлі білім типтерінің нақты-педагогикалық деңгейінде көрініс табуы мүмкін. Қайта қалыптастырушы құрауыш объектіге не болғанын: нақтылау, анықтау, өңдеу және т. б. көрсетеді. Нәтиженің нақтылаушы құрауышы педагогикалық зерттеу нәтижелерінің объектілік бөлігінде қайта құрулар болып жататын түрлі жағдаяттарды, факторлар мен шарттарды нақтылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |