«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны



бет40/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152
Педагогикалық теориялар:
1. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.
2. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы.
3. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы.
Негізгі ұғымдар: тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, басқару, тұтас педагогикалық үдеріс теориялары.
Ғылыми теория білімдердің жүйесі, әрі айналадағы обьективті шындықты танудың негізгі құралы болып табылады. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін танымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.
Педагогикалық теория дегеніміз – педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі, Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикада тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, құндылықтар, мектепті басқару, тұтас педагогикалық үдеріс, т.б. теориялар білім беру ұйымдарында кеңінен қолданыс тауып отыр. Тұлғалық-бағдарлық теория адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениетті тасымалдаушы ретінде таниды.


8 –дәріс. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері



              1. Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері

              2. Ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасында ғылыми теорияларды талдау

3. Педагогикалық теориялар. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.
4. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы.Тұтас педагогикалық процесс теориясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет