«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны


-дәріс. Тақырыбы: Ғылыми зерттеудің нәтижелерінің құрылымы, оларды жазып сипаттау тәсілдері



бет134/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152
26-дәріс. Тақырыбы: Ғылыми зерттеудің нәтижелерінің құрылымы, оларды жазып сипаттау тәсілдері.
Дәрістің мақсаты: Студенттерде ғылыми зерттеудің нәтижелерінің құрылымы, оларды жазып сипаттау тәсілдерін меңгертуге ынталандыру.
дамыту
Дәрістің негізгі терминдері: зерттеу нәтижелері, зерттеу нәтижелерін өңдеу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.


Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Зерттеу нәтижелерін ұсыну үлгілеріндегі түсініктер.
2. Ғылыми есеп, баяндаманы рәсімдеу.

Зерттеу нәтижелері ретінде мыналар ұсынылады: «алгоритм», «мүмкіндік», «болжам», «доктрина», «заң», «заңдылық», «идея», «жіктеу», «тұжырымдама», «критерий», «әдіс», «модель», «бағыт», «жалпылау», «түсіндіру», «сипаттау», «анықтама», «бекіту», «көрсеткіш», «түзету», «постулат», «алғышарт», «ереже», «ұсыныс», «тәсіл», «қағида», «мәселе», «жоба», «процедура», «үрдіс», «ұсыныс», «қасиет», «жүйе», «құрал», «қарқын», «теория», «термин», «терминология», «түсіндірме», «талап ету», «мәлімет», «сипат», «эмпирикалық білім». Осы ұғымдардың ішінде «ғылыми-педагогикалық зерттеулердің сапасы» ғылым өнімін тұтыну бағасының мәнін түсіндіретін, оның қоғамға пайдалы қасиеттерін анықтайтын түрлі деңгейдегі тұтынушылар көрсеткішінің кешенін сипаттайтын ортақ ұғым болып табылады. Педагогикалық зерттеулер сапасы жаңашылдығымен, өзектілігімен, ондағы ақпараттың біліктілігі мен жұмыс жағдайларын қоса ескергендегі барлық тұтынушылар үшін теориялық және тәжірибелік мәнімен өлшенеді.


Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері – жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес теориялық және тәжірибелік, жаңа идеялардың жиынтығы болып табылады. Бұл теориялық мәселелер (жаңа тұжырымдамалар, алғышарттар, бағыттар, идеялар, болжамдар, заңдылықтар, жіктеулер, оқыту мен тәрбиелеу қағидалары, педагогика ғылымы мен тәжірибенің дамуы), оларды нақтылау, дамыту, толықтыру, тексеру, бекіту, жоққа шығару; тәжірибелік ұсыныстар (жаңа әдістемелер, ережелер, алгоритмдер, ұсыныстар, нормативті құжаттар, бағдарламалар, бағдарламаларға арналған түсініктеме жазбалар).
Өткізілген зерттеудің нәтижелері әдеби өнімдердің мынадай нысандарында рәсімделеді:
1. Реферат- зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде ұсынудың алғашқы нысандарының бірі болып табылады. Рефератта әдетте тақырыптың теориялық және практикалық маңызы ашылады, тақырып бойынша жарияланымдар талданады, талданатын ғылыми материалға баға беріліп, қорытынды жасалады. Реферат зерттеушінің эрудициясын, оның дербес талдау, жүйелеу, жіктеу және ғылыми ақпаратты қорыту қасиеттерін көрсетуге тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет