«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны



бет8/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152
Байланысты:
gpza daris 2023

Дидактика – оқытудың педагогикалық теориясы. Білім беру - адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне сай тәрбие мен білім беру мақсатына бағытталған үдеріс.
Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені ерекше бірлік пен бүтіндік деп танып, әлеуметтік және тұлғалық себепті байланыста өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне үйрету мақсатына бағытталған қызметі ретінде зерттейді. Бұл – жалпы педагогиканың объектісі. Бірақ бұл қызметтің әр екі бөлшегін жақсылап, толығырақ және нақтырақ қарастыру мен ең нәтижелі біріктіру үшін, оған сәйкес педагогикалық пәндерді, яғни оқыту теориясы және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі белгіленеді. Оқытуды толығырақ деңгейде теория жағынан зерттейтін педагогикалық пәнді дидактика деп атайды
Дидактика нені зерттейді және зерделейді? Дидактика дегеніміз – оқытудың мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне ғылыми негіздеме беретін оқытудың педагогикалық теориясы. Дидактика, қорыта келгенде, мынадай жалпы екі сұраққа жауап беруі тиіс: «Нені оқыту керек ?» және «Қалай оқыту керек?». Бірақ бұл сұрақтарға жауап берер жолында көптеген басқа сұрақтар туындайды және олардың ішінде мынадай маңызды сұрақтар да кездеседі, мысалы, «Оқыту қалай жүріп жатыр және оған қандай заңдылықтар тән?» және «Қайда оқыту керек?».
Негізінен, дидактиканы білім беру мен оқыту теориясы ретінде анықтайды. Мұндай жағдайда білім оқытудың нәтижесі ретінде, ал оқыту – «білім беру жолы» ретінде көрсетіледі.
Сонымен, дидактика - бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық пән. Сондықтан практикалық әрекет теориясы, яғни оқыту әрекетінің теориясы қажет. Бұл – дидактиканың дәл өзі.
Қазіргі дидактикаға төмендегі ерекшеліктер тән:
- Оның әдіснамасын гносеология - таным философиясы мен теориясы құрайды.
- Оқыту үдерісі сезімдік қабылдау мен білімді меңгеру және алған білім мен дағдыны еркін қолдана білудің бірлігі ретінде түсініледі.
- Теория мен практиканың, білім мн біліктің, мұғалімнен алған мен өз бетінше ізденіс арқылы ие болған білім көлемінің арасындағы қарама-қайшылықты жоюға ұмтылу.
- Педагогикалық басқарудың оқушының белсенділігімен үйлесімділігі.
- Оқу курстарының, оқушылардың әртүрлі талаптарына ықпалдасу үдерістерін дифференциалдау және интеграциялауды күшейту.
Дидактика бір мезгілде теориялық та қолданбалы ғылым да болып табылады. Ол гносеология, ақпараттық ғылымдар, психология, педагогикалық психология, ойды сөзбен жеткізе білудегі риторика, кибернетика, әлеуметтану, педагогика тарихы және басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Қазіргі дидактикалық зерттеулердің негізін қалаушы бағдарларға: а) жаратылыстану-ғылыми; б) инженерлік-технологиялық; в) гуманитарлық (И.В.Шалыгин, И.И.Логвинов, В.В.Ильин, В.М.Розин және басқалар) бағдарларды жатқызуға болады. Әрбір бағыттың аясында өзіндік мәселе мен әдіснама жүзеге асады.
Педагогикада 20 ғасырда кеңінен қолданылған танымның ғылыми жаратылыстану-ғылыми мұраттары заңдар мен заңдылықтардың, эксперименттерді қадағалаушы теориялардың жасақталуына, статистикалық, психологиялық, әлеуметтік әдістерді қолдануды кеңейтуге көңіл аударуды мүмкіндік беруді талап етеді. Бірақ педагогикалық нақтылықта көбінесе жалғыз ғана "сенімді" теориялық және практикалық шешімдерге бағынбайтын көп өлшемді мәселелер кездесіп отырады, жаратылыстану-ғылыми тәсілдер көбінесе "іске қосыла бермейді", сондықтан педагогиканы ғылым деп есептеуге бола ма деген сұрақ туады.
Инженерлік-технологиялық парадигманы жақтаушылар жаңа білімді іздеу зерттеліп отырған нәрсенің пайда болу алгоритмінің жасақталуына әкелу керек деп есептейді.
Ғылыми танымды гуманитарлық тұрғыдан қарастыру гуманитарлық ғылым мен педагогикалық ізденіске жетелейді.
Педагогика, жаратылыстану ғылымдарының ізімен жүре отырып, субъектіге тәуелсіз, нақты, ақиқат білімді іздейді, ал гуманитарлық мысалда - субъективті, рефлексивті, яғни білмеу туралы білім және білу туралы білімді қарастырады.
Бұл тұрғыда педагогика үшін М.М. Бахтиннің жаңалығы өте бағалы, онда кезкелген тіршілік иесі үшін мәдениет диалогы туралы зерттеудің келесі бір бағыты - өзге ой туралы ойдың, сөз туралы сөздің, мәтін туралы мәтіннің пайда болуынан пайда болатын гуманитарлық ойдың туындайтыны айтылады. Осыған байланысты гуманитария зерттеушілері аймағында дүниеге көзқарасын тұрғысынан бағалау құбылысы жататын болжау схемасын, моделін белсенді түрде пайдаланады.
Гуманитарлық ізденістің жетекші әдістері - герменевтиканың пәні болып табылатын әртүрлі деңгейдегі мәтіндердің маңынасын және тиістілігін зерттейтін түсінік, интерпретация. Гуманитарлық білімнің таным сапасының өлшемі - адамның мүмкіндігін өзгеру және жаңғырту.
Бұл әдіснаманың ерекшелігін И.В.Шалыгина: "Дидактикалық зерттеулердің гуманитарлық әдіснамасы дүниенің моделі мен оның авторлары айқындаған түсінікке, интерпретация мен педагогикалық модельдерді, теорияларды, мәтіндердің тұтастығындай педагогикалық өзара әсерді бағалауға бағдарланған. Гуманитарлық педагогиканың негізгі категориялары: диалог, белгі, интерпретация, дүниенің моделі, мағына, тұлғаның мағыналы ой аймағы, мәтін, хронотоп, авторлық, оқу үдерісіне қатысушылардың субьективтілігі, рефлексивтілік, білім тарихы, білім кеңістігі, білімдік оқиға-жағдай, білім траекториясы. Жаңа категорияларды енгізу дидактика тілін байытып қана қоймайды, сонымен қатар гуманитарлық сипатқа ие жаңа зерттеу проблемасын қоюға жағдай жасайды; бұл тіл біліс берудегі тұлғалық-бағдарлы, мәдени көзқарасты дәл сипаттауға мүмкіндік береді" - деп нақтылайды.
Қазіргі заманғы дидактиканы талдау әртүрлі бағыттағы әдіснамаларды салыстыра отырып, тепе-тең қолдану қажеттігін дәлелдейді. Дәстүрлі зерттеулерді, ғылыми құрылымдағы инженерлік-технологиялық тәсілдерді, мәдени құндылықтарды қолдануды белсендіретін гуманитарлық әдістің әлеуетіне сүйенуді бір мезгілде дамыту мүмкіндігі бар. Білім берудің алдында тұрған әлеуметтік бағыттағы міндеттерді орындау білім берудің құзыреттілік секілді стратегиясының қажет екенін дәлелдейді. Оның мәні - білім беруге басымдық беруден білімді тез және әртарапты меңгеруді, практикалық мәселелерді шешуде тез шешім қабылдап, игеруге ықпал ететін, сыни ойлау мен әдістерді таңдаудың оңтайлы түрлерін қолдану құралы болып табылатын құзырет пен құзыреттілікті қалыптастыруға басымдық беруге көшіру.
Үнемі кеңейіп отыратын ғылыми танымның логикасына сәйкес ғылыми зерттеулердің сапасын арттыратын, педагогикалық ақиқатқа оң ықпал ететін жаңа тәсілдер мен шешімдер пайда болып отыруы қажет.
Педагогика ғылымы және оның құрамдас бөлігі - дидактика адамның қалыптасуына, тәрбие үдерісіне өмір бойы сауатты да тиімді қолдауды қамтамасыз етіп отырады. Қазіргі білім беру жүйесі және педагогикалық қызметтің қалыптасуының ғылыми базасы ретіндегі жаңа педагогикалық білімнің пайда болуы оның тәрбие мен білім беру саласында құндылықты-мағыналы сипат беретін философиялық негізіне назар аударуға мәжбүрлейді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ізденістің стратегиялық бағдарын айқындайтын бірнеше әдіснамалық танымдарды атайық:
- ақпаратты дүниені танудың кеңістіктің базалық категорияларымен қатар маңызды компонент ретінде мойындау;
- уақыт пен материяны - берілу, өңдеу, өркениетті үдеріске ену жылдамдығы прогрес түсінігімен сәйкес келетін - энергия;
- тарихта алғаш рет ақыл-ой құралы болып табылатын, кәсіби қызметтің қайта құрылуына ықпалды, адамзаттың тез қарқынды дамуына жағдай жасайтын компьютерлердің әсері;
- адамдардың табиғатпен өзара ықпалдастығының, адам баласы биосфераның анықтаушы факторы, ноосфера стадиясының жеткен кезеңі болған кездегі ерекше сипатына сілтенген. Антропогендік ықпалдың қоршаған ортаға әсерінің күшеюі, бүкіл әлемге жасалып отырған технологиялық қысым сауатты шешімін табуды қажет ететін ірі дағдарыстардың: экологиялық, демографиялық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, кезеңінің басталғанын білдіреді;
- адамзат баласының ішкі ресурстар мен ақпараттық жүйе ретінде сақталған, рефлексия мен білім беру саласындағы субъектінің шығармашылығын тірек ететін, өзін өзі дамыту категориясына бағытталған ұжымдық ақыл-ой - гипертекске, плюрализм принциптері мен диалог және полилогты қолдануға зейін қоюы айқындалып отыр;
- тұлғаның өзін өзі айқындап және жүзеге асыру бағдарындағы синергетика сияқты күрделі жүйенің идеясын өз бетінше ұйымдастыру теориясының идеясын нығайту;
- өткен дәуірдің эволюциялық және революциялық өзгерістерінен өзгеше қайта өрлеу жеке-арнайы берілген жылдамдығын қамтамасыз ететін өркениетің дамуының инновациялық сипатына назар аударылады, соның арқасында жаңалық қызықты, қоғамның талабына, қажетіне сай болады;
- сөзсіз алдын-ала жорамалдауға емес, уақытында шешім қабылдау мақсатын қоя отырып жобалауға екпін түсірілді.
Аталған көзқарастар педагогикалық ғылымды білімгерлерді ғылыми жобалар жасап, өзінің білімі мен тәжірибесін саналы меңгеруге және оларды бағалау мен жетілдіруге жеке күш салуға икемді етіп тәрбиелеуді мақсат тұтуға бағыттайды. Сөйтіп, бұл автордың инновациялық құндылықтармен, зерттеушілік білік - дағдыларымен қаруланған жеке көзқарасы мен әрекеті негізінде жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет