«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны


-дәріс. Тақырыбы: «Педагогикалық эксперименттің мәні, мақсаты, түрлері»



бет81/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152
Байланысты:
gpza daris 2023

15-дәріс. Тақырыбы: «Педагогикалық эксперименттің мәні, мақсаты, түрлері».
(дәріс-консультация)
Дәрістің мақсаты: Студенттердің тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Дәрістің негізгі терминдері: педагогикалық эксперимент, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жоспары.


Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Педагогикалық эксперименттің мәні.
2. Педагогикалық эксперименттің мақсаты.
3. Педагогикалық эксперименттің түрлері.


Педагогикалық эксперимент: оның мәні мен талаптары. Педагогикалық ғылыми зерттеудің нәтижелі болуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуына тәуелді. Педагогикалық зерттеудің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, тарихи-педагогикалық зерттеу, әдіснамалық, дидактикалық-әдістемелік с.с.т.б. Зерттеуші ғылыми зерттеу әрекетінің мақсатын, міндеттерін анықтап алып, зерттеу әдістерін іріктейді.
Педагогика ғылымындағы зерттеу әдістерінің үнемі жетілуі оның дамуына өз әсерін тигізеді. Төменде көрсетілген әдістерге назар аударайық (3-сурет Зерттеу әдістері).

3-сурет Зерттеу әдістері.

Әр әдістің өзіндік мәні мен қызметі бар. Олардың әрқайсысы педагогикалық құбылыстың бір немесе бірнеше қырларын ғана зерттеуге бағытталады және бір-бірін толықтырып, тығыз байланыста қызмет етеді. Бір әдістің зерттеудің ақиқатты нәтижесін беруге әлеуеті жеткіліксіз, сондықтан зерттеуші әдістерді бір жүйеге келтіріп, зерттеу барысында оларды бірізділікпен қолданып отырады.


Бұл баяндаманың мақсаты - жоғарыда айтылған ойдың мәнін педагогикалық эксперимент әдісі негізінде сипаттау болып табылады.
Педагогикалық эксперимент дегеніміз не? Оның мәні неде? Оны қалай қолдану керек? деген сұрақтарға жауаптар іздеп көрейік. Көптеген әдебиеттерді оқып, талдап, педагогикалық эксперимент ұғымына мынадай түсініктер берілгенін анықтадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет