Қосымшаларда мынандай мәліметтер беріледі.
Қосымшада диссертацияға қатысты, бірақ негізгі бөлімге белгілі бір себептермен кірмейтін материалдар, құжаттар жатады. Олар:
математикалық дәлелдер, есептер, формулалар;
қосымша материалдар, нақты есептер;
зерттеу сынақтарының хаттамалары;
қосымша иллюстрациялық материалдар, фотосуреттер;
диссертация нәтижелерін ендіру актілері.
Диссертациялық жұмысты кез-келген баспа машинкасымен немесе компьютермен А4 форматтың бір жақ бетінде, 1 интервалмен, шрифт диссертация орындалу тілімен, кегель 14-пен жазады.
Диссертация мәтіні оң жағынан – 10 мм, жоғарыдан 20 мм, сол жағы 20 мм, төменгі жағы 20 мм қалдырылып жазылады.
Диссертация рәсімдеу кезінде компьютерде кеткен қателіктерді түзетуге болады.
Диссертациялық жұмысты нөмірлеген кезде мұқабаға және мазмұнына бет қойылмайды бірақ ол бет болып саналады. Жалпы жұмыс кіріспе бөлімнен 3 беттен басталып, парақтың төменгі жағында ортада, араб цифрымен қойылады.
Егерде диссертацияда кесте, сурет берілетін болса, ол негізінен түсіндірме мәтінен кейін беріледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Дипломдық жұмысты жазып даярлаудың жалпы ережелерін сипаттаңыз.
2. Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымын рәсімдеуге қойылатын талаптарды нақтылаңыз
3. Дипломдық жұмысты қорғау тәртібін баяндаңыз.
Негізгі әдебиет 1. Турманова К.Н., Ташкеева Г.К. Дипломдық жұмысты жазу бойынша әдістемелік нұсқаулық (бакалавриат). Алматы: Қазақ университеті, 2019 - 52 бет. (19-37 б.). 2. Мардахаев Л.В. Дипломная работа бакалавра: подготовка и защита: учебно-методическое пособие.- М.: Перспектива, 2014. – 78 с. (с. 3-43.). 3. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.: Изд. Центр "Академия", 2001.- 208с.