Ғылыми-педогогикалық зерттеу әдістемесінің нысанына сипаттама беріңіз.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгеруі педагогикалық үдеріс нәтижесі сапасының жоғары болуына ықпал ететіндігі айтыс тудырмайтыны анық.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесіне қойылатын талаптар: қоғамдық мәнділігі; ғылыми жаңалығы; теориялық және тәжірибелік мәні; ғылыми анықтылығы; қорытынды және нұсқауларының өмірге қолдануға мүмкіндігі, түсініктілігі; мектеп өміріне тез енгізу мүмкіншілігі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің тиімділігінің негізгі өлшемдері:
жаңа ғылыми нәтиже алу;
теориялық білімді жетілдіру;
оқу-тәрбие удерісін жетілдіруге ықпалы;
ғылым мен дамуға болжам жасау.
Зерттеу міндеттерінің орындалуы.
Тәжірибеде педагогикалық үрдістегі ақиқат пен дүниені тану мен ғылыми зерттеулердегі ақиқат арасындағы дүниені тануда шатастыру жиі кездеседі. Сондықтан ғылымдағы таным үрдісі мен оқушылардың (студенттердің) танымдық үрдісіндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарына жете көңіл бөлген жөн. Ол ғылыми-педагогикалық зерттеулердің пәнаралық тұтастығын қамтамасыз етуге ғылыми-зерттеушілік қызметтің сапасын жақсартуға, түпкілікті нәтижесіне бағдарлануына ықпал етеді.
таным әдісінің құрылысы бірдей, нақты пайымдауға, абстрактілік ойлаудағы және тәжірибедегі өзара алмасуы көрсететін жалпы жолдары;
әдіснамалық негіздері бірдей;
таным-қоғамдық-тарихи категория.
Ғылымның танымдық әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар:
таным үрдісінің ғылымдағы нысанасы белгісіз құбылыстар;
қандай да бір ғылыми жаңалықтың ашылуы;
ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды;
тұлға аралық өзара әрекеттің көбіне көмегінсіз таниды;
ғалымдар жаңалықты алғаш таниды;
ұзақ ғылыми ізденісті қажет етеді.
Оқушылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері:
оқушылар (студенттер) бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды;
оқушылардың таным үрдісі қалыпты жағынан үнемдірек;
таным үрдістері олардың жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылады;
таным үрдісі тек білім берушілік емес, тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады;
мұғалімнің бағыттауымен жүргізіледі;
оқушылардың (студенттердің) оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруіне жол ашады;
білмеуден білуге қарай қадам басуы.
Демек, ғылым обьективті жаңаны, ал оқушы субьективті жаңаны таниды.
Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы, негізінен, мектептер мен жоғары оқу орындарына ғылыми-практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағаланады.
Жан-жақты ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы мұғалім өзінің ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға, шәкірттеріне сапалы да тиімді білім беру еді. Мектеп өмірінің күнделікті іс-тәжірибесіне ғылыми-педагогикалық тәуір зерттелімдерін неғұрлым молырақ пайдалана білу мұғалімнің кәсібилігінің көрінісі, оның бүгінгі күн талап деңгейінен көрінуі, өскелең өмір заңымен үлесе алуы деген сөз.
Ғылым инновациялық үрдістің бастапқы буыны болып келеді.Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар деңгейінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге дайындалған, қазіргі әдістерді, ғылыми зерттеулердің менеджментін қолдана білетін, ғылымның өзекті сұрақтарын шешуге және жаңа технологияларды құруға қабілетті мамандарды талап етеді.
Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері
зерттеу бағдарламаларының кешенді қолданылуы;
әр түрлі ғылымдар принциптері мен әлемнің жеке ғылыми бейнелерінің өзара әрекеттесуі
Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс-әрекетінің орны ерекше.
Болашақ педагогтардың ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығуын дамыту-студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті.
Педагог-зерттеушінің жетістікке жетуі өзінің жеке тұлғасына байланысты.
Ғылым үлкен еңбекті, жұмысқа қабілеттілікті қажет етеді. Ғылым – бұл үздіксіз ізденіс, ой-пікірлердің тоғысуы.
Педагогикалық зерттеу – бұл адамдармен жұмыс, жауапкершілік, адамдардың жан дүниесін түсіне білу, көмек көрсетуге ұмтыла алуы, шыдамдылық, ұстамдылық зерттеушіге қажетті компоненттер.
Зерттеуші өз кезегінде адамдардың назарында болады.
Қазір оқу үрдісін ұйымдастыру үстінде студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне, өз мүмкіншілігіне сендіре білуіне, күнделік ғылыми-педагогикалық және саяси ақпараттың зор тасқынымен дұрыс бағдарлас болуына ерекше назар аударылуда.
Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің қорытынды, негізінен, мектептермен жоғары оқу орындарына ғылыми-практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағынады.
Бұған оқу-тәрбие тәжірибесінен алынған монографиялар, кітапшалар, оқу-әдістемелік және көрнекі құралдар, оқулықтар мен оларға қосымша құралдар, ғылыми баяндамалар, мақалалар, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік талдамалары жатады. Мұндай жан-жақты ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы мұғалім өзінің ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға, шәкірттеріне сапалы да тиімді білім беруіне әсерін тигізері хақ.
Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс
Зерттеуші мен білім беру саласындағы қызметкерлер (мұғалімдер, тәрбиеші, психолог т.б.) іс-әрекетінің мақсатында өзгешеліктер болады.
Мұғалім оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылса, зерттеуші жаңа ғылыми білім алуға, қандай жағдайда көрсеткіш жоғары болатындығын түсіндіреді және болашаққа болжам жасай алады. Сонымен қатар, зерттеуші, әдетте, педагогикалық процестің бір аспектісін қарастырса, мұғалім, тәрбиеші, білім беру мекемесінің директоры өз жұмыстарында педагогикалық үдерістің барлық жақтарын кешенді тұрғыдан қарастырады.
Мысалы, оқушының өзін-өзі бағалауы.
Педагог қызметкердің практикалық және зерттеу қызметіндегі айырмашылықтарды бейнелеуге болады.
Жеке ғылыми қызметтің ерекшеліктері
Ғылыми қызметті ерекшеліктеріне байланысты жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс деп қарастыруға болады.
Ғылыми жұмыстың мақсатының анық болуы.
Кәсіби қызметке тән еңбектің бөлінуі ғылымда да болады. Ғалым ғылымның барлық мәселелерімен айналысуы мүмкін емес. Ол педагогика ғылымына да тән. Зерттеуші өзінің нақтылы ғылыми жұмысының бағытын анықтап алуы керек. Соған сәйкес мақсатына жетуге әрекет жасалынады. Зерттеу барысында қызықты әртүрлі құбылыстар және құнды деректер кездеседі. Зерттеуші өзінің барлық қабілетін тек қана зерттеп отырған мәселесіне шоғырландыруы қажет.
Ғылыми жұмыс бұрын зерттелінген еңбектерге негізделеді. Мәселеге байланысты осы уақытқа дейін не істелгенін және ғылыми әдебиеттерде не жазылғанын зерттеу керек.
Зерттеуші ғылыми атауларды меңгеруге және өзінің ұғымдық аппараттарын анықтай отырып, олардың мазмұнына тоқталады.
Ғылыми жұмыстың, зерттеудің нәтижесі міндетті түрде жазбаша (есеп, баяндама, мәнжазба, мақала, кітап т.б.) түрде беріледі. Оның екі себебі бар:
автор өзінің идеясын және зерттеу нәтижесін ғылыми тілде жүйелі баяндайды. Ауызша сөйлеуде жүйелілік, бірізділік сезіле бермейді;
ғылыми жұмыстың мақсаты зерттеу нәтижесі жаңа білімді адамдарға жеткізу.
Сондай-ақ, ғылыми басылымдардың саны мен көлемі зерттеушінің көрсеткіші ретінде қарастыралады. Сондықтан бұл бағытта да тұрақты жұмыс жүргізіледі.
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.
Әдіс – зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше математикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе тәжірибеге негізделген түрі.
Рәсім (процедура) – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
Методика(әдістеме) – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология(әдіснама) – зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
Жүйе – күрделі құбылыстар мен үдерістерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония – түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы – үздіксіз жүретін күрделі үрдіс.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалымТомас Кун олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа пардигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
-қалыпты кезең – бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланған;
-экстраординарлық кезең – жаңа пардигманы іздеу кезеңі.
Ғылымды эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүниетанымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.
Таным – ойлауда шындықтың көрініс табуы, талдау мен елестету процесі, нәтижесінде дүние туралы жаңа білім пайда болады; 2) меңгерген білім мен тәжірибенің жиынтығы.
Ұжымдық ғылыми жұмыс.
Ғылыми жұмыс – шығармашылық үрдіс. Ұжымның зерттеу жұмыстары жоспарланады. әрбір зерттеуші өзінің көзқарасын білдіруге құқылы. Зерттеу мәселесін ұжым анықтайды. Ол қажеттіліктен туындайды.
Ұжымда ғылыми жұмысқа жағдай жасалынса, өз идеялары мен алынған деректер туралы талқылауға, пікірлесуге кең орын беріледі. Зерттеу мәселесімен байланысты жоғары оқу орындары (пединститут педуниверситет) білімді жетілдіру институты, ғылыми-әдістемелік орталық немесе ғылыми мекемелермен қарым-қатынас жасалынады.
Зерттеу нәтижесін тәжірибеге енгізуді дұрыс түсініп, оның механизмін білген жөн. Зерттеу жұмыстарының кейбір нәтижелері тезис, мақала, содан кейін қорытынды ретінде кітаптарда, кітапшаларда, монографияларда, одан да көп ықшамдалған жоғары оқу орындарының оқулықтары мен әдістемелік құралдарында беріледі.
Мектеп және жоғары оқу орындарының оқушылар мен студенттерінің ғылыми жұмыспен айналысуы – уақытымыздың өзекті мәселесі. Оларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізілуіне алғашқы бағдарды беру қажеттігі туындайды.
Студенттің іздену-зерттеу қабілетін қалыптастыруға, дамытуға өздерінің пікірлерін жазып, жариялауы зор ықпал етеді. Жарық көрген жарияланымдары арқылы студенттердің өзінің шығармашылық ізденітеріне сенімі қалыптасады, шеберлігі, ойлаудың жинақтап қорыту дағдылары дами түседі.
Студенттердің ғылыми жұмыс жазуға, зерттеуші болуға деген көзқарастары белсенді, ынталы сипатымен байқалады.
Мұғалім – зерттеушіге қойылатын талап:
- кәсіби даярлығының жоғары деңгейде болуы;
- ғылым және тәжірибелік даярлығын ұштастыру;
- өз білімін үнемі жетілдіріп отыру;
- ғылыми ұйымдастыру ұстанымын тәжірибеге қолдана білуі;
Сондай-ақ мынадай қасиеттері болуы тиіс: байқағыштық, ғылымға қызығушылық, танымдық қызығушылығы, ізденімпаздығы, белсенділік, зерттеушілік сипаты, сыншылдық, шығармашылық іздену бағыты, жаңашылдық, адамгершілік, сезгіштік, мақсаткерлік, шешімқабылдай білу қабылеті.
Мұғалім – зерттеуші білуге тиіс: әдіснаманы, логиканы, әдістерді, педагогикалық зерттеудің әдістемесін, қағидаларды, жүйелеу, жалпылау, ғылыми аппараттарды қолдану, ғылыми–әдістемелік материалдар мен ақпараттарды құру, баспадан жарыққа шығаруға дайындау, ғылымды ұйымдастыру негіздері.
Мұғалім – зерттеуші:
Ғылыми үйірмелерінің студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы орны ерекше.
Ғылыми шығармашылық жұмыстың түрлері
Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірнеше түрлері бар: мәнжазба (реферат), баяндама, бақылау жұмысы, курстық және дипломдық жұмыстар. Олардың тақырыбы көкейкесті, мазмұны қазіргі ғылым талаптарына сай болуы қажет. Бұл жұмыстарды орындау қажетті арнайы әдебиеттерді оқу мен талдауды, осы мәселе жөнінде тәжірибелік тәжірибені қажет етеді.
Реферат (латын refero – айтамын, жеткіземін) – белгілі бір тақырып бойынша ғылыми мазмұндағы қысқаша жазылған еңбек.
Бұл – студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы, мұнда зерттелініп отырған мәселеленің мәні, түрлі көзқарастар мен өзінің жеке пікірі айтылады.
Рефератты бағалауда мынадай шарттар ескерілуі керек:
зерттелінген тақырыптың көкейкестілігі;
тақырыпқа сай мазмұнның болуы;
материалды мұқият, терең өңдеу;
қолданылған материалдың дұрыстығы мен толық болуы;