Ғылыми-педогогикалық зерттеу әдістемесінің нысанына сипаттама беріңіз



бет2/3
Дата09.10.2022
өлшемі50,55 Kb.
#42047
1   2   3
Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын) - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми-ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:

  1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

  2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Баяндама – өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыруына, танымдық қызығушылығын кеңейтуіне, пікір айтуда маңызы үлкен.
Берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады.
Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны тәжірибемен ұштастыра қолданып, қалыптастыру.
М. Р. Дружинин курстық жұмыстың орындалуына мынадай талаптар қояды:

  • курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет;

  • курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс;

  • курстық жұмыс педагогикалық бағытталған, яғни онда бірқатар педагогикалық міндеттер және студенттердің кәсіби дайындығына көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс;

  • курстық жұмыста талқыланатын мәселелер теориялық және ғылыми негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның даму деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;

  • курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы логикалық жағынан жүйелі болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби-педагогикалық дайындығының, ғылыми-теориялық, практикалық білімдерінің, кеңейтілген біліктіліктері мен дағдыларының негізінде жасалады.
Студенттің дипломдық жұмысы толық өз бетінше орындалатындықтан, курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық жұмыстың жалғасы болуы тиіс.
Дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін студентте оқу пәндерінің логикалық байланысы, сонымен қатар педагогикалық және өндірістік практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғым қалыптасады.
Қазіргі ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды (тұлғаны) қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, студенттер қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы ақпарат алумен шектелмей, оларды терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын танытатын, бәсекеге түсе алатын маман ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр.
Ғылымының бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, ауқымды қауырт өсіп отырған қазіргі ғылым-техникалық өрістеу кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы әрбір шәкірттің танымы мол ізденімпаз болып қалыптасуына тікелей байланысты.
Қазіргі жастар жоғары кәсіби деңгейде даярлығы болуымен қатар, ол өзін қоршаған дүниені ізденімпаздықпен (шығармашылық) танып-білу сатысымен танытуға тиіс.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-педагогикалық зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр.
Ғылым обьективті ақиқатқа жетуге бағытталған:

  • заңдылықтарды бейнелеуге бағытталған;

  • алдын ала болжауға арналған;

  • жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны;

  • ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған білім негіздері;

  • негізгі қағидалар мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер;

  • табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми қағидаларға негізделген жүйесі;

  • табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған.

Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері ғылыми конференцияларда, бдаяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстар, мерзімді басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында мақалалар түрінде беріледі.

3

1

7

Ғылыми-педогогикалық зерттеу әдістемесінің пәніне сипаттама беріңіз.

Ғылым(латын “scientia” – білім, ғылым дегенді білдіреді) заттардың, құбылыстар мен үдерістердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат. Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру Үдерісі, оқыту, тәрбиелеу және дамыту объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Іс-әрекет – дүниені және адамның өзін танып, өзгертуге бағытталған жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің формасы.
Зерттеу – жаңа білім алу үдерісі және танымдық әрекет түрлерінің бірі. Бұл тақырыпты оқу барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесіне байланысты түсініктер мен ұғымдар, ғылыми іс-әрекеттің мақсаттары мен ерекшеліктері, зерттеулердің тиімділігінің негізгі өлшемдері, ғылымдағы таным үдерісі мен болашақ мұғалімнің танымдық үдерістеріндегі ұқсастықтары және айырмашылықтары, қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері, болашақ мұғалім-зерттеушіге қойылатын талаптар, жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының түрлері туралы ақпарат аласыз. Тақырыптың мазмұнына сәйкес өз беттерімен орындайтын тапсырмалар және тест материалдары ұсынылады.
Ғылым мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс-әрекет шеңбері, қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым деген атаумен табиғат, қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте-бірте кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшіне айналып отыр.
Ғылым адамға өз өмірін сақтап қалу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс-айланы ойлап тапты. Өздігінен қалыптасып жатқандай болып көрінетін бүгінгі адамзаттың өмір сүру деңгейінің өсуіне әсер етер барлық заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи-мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп былыми –
танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары
мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз.
Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық
бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу
құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге
зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер
бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын
педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың
теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.


2. Педагогика ғылымының әдіснамасы.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э.Г.Юдин). Философиялық, жалпы
білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық
деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын
негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет
атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не
көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей –
нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты былыми пән аймағында қолданылатын зерттеу
әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі
саладағы былыми тануға тән болған проблемаларды, сондай – ақ жоғарылау келген
әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы:
педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары.
Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп,
деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды
былыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық
білім нақты көрсетпе – нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі
жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді.


3.Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы
жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған былыми ізденіс процесі және
оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен
құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы және болжам – жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді.
Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық
жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам
жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.


4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық –
эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық,
прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы
алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс
мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми
проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің
алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп,
бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу
гипотезасынан көрінеді.

3

1

8

Ғылыми жобаның құрылымын негіздеңіз.

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ
1. Ғылыми жобада:
- бет парақ;
- мазмұны;
- кіріспе;
- теориялық бөлімі;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі;
- қосымша (егер қажет болса) болу керек.
Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
- аннотация - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
- зерттеу күнделігі.
Мазмұны бар беттерді рәсімдеу
а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;
ә) мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
Кіріспе;
1 тарау (1. 1., 1. 2., 1. 3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
2 тарау (2. 1, 2. 2., 2. 3. тармақшалары);
3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
Қорытынды;
Әдебиеттер тізімі;
Қосымша (егер бар болса).
б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
в) бет нөмірі 3 - ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1 - ші бет - бет парақ - нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2 - ші бет - мазмұны - нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
Мәтін компьютерде терілу керек. Сызық көлемдері: сол жақ - 2, 5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см. әріп - Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль; абзац болу керек; жол арақашықтығы - бірқатарлы; кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады; тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады; ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1. 2., 1. 1., 1. 2. ) көрсетіледі. Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек, Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада). Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек; Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады; Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен алфавиттік тәртіппен орналасады; қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.
Аннотацияның (абстрактының) жазылуы. Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған: зерттеу мақсаты, тапсырмалары; зерттеу объектісі, заты гипотезасы зерттеу кезеңдері, процедурасы; эксперимент әдісі; зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі; жұмыс нәтижелері және қорытынды; нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

3

1

9

Дипломдық жұмыстың құрылымын негіздеңіз.

2.2.1 ден бастап дипломдык жумыс жайлы бар

3

1

10

Әдеби көздердің түрлерін сипаттаңыз.

Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы және конспектілеуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиография құрастыру зерттеу мәселесіне байланысты іріктеліп алынған әдебиеттер тізімін дайындау. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің екі түрі бар:
1) құжаттық

  • аудиовизуалдық (видео, фотоқұжат)

  • ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компендиум, диссертация және т.б.)

  • ғылыми-көпшілік (ғылыми-танымдық әдебиет) журналдар т.б.

  • анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)

  • оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)
    2) ақпараттық-библиографиялық

  • библиографиялық көрсеткіш;

  • библиографиялық шолу;

  • библиографиялық құралдар;

  • журнал және газеттерге библиографиялық қосымшалар;

  • интернет;

  • мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.

Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет