Монография – толық, жүйелі баяндалған ғылымның негізгі мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы баяндалған кітап немесе кітапша түріндегі ғылыми басылым; ғылым немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесін қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін талдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде автордың да зерттеулеріне сүйенген ғылыми еңбек;
- Ұжымдық монография – пікірлес-авторлар ұжымымен жазылған жалпы концептуалды бағыттағы басылым (кітап, құрал);
Компендиум – қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с. негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;
Диссертация – ізденушінің (диссертанттың) ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе докторы) ғылыми немесе ғылыми-білімдік мекемелерде дайындаған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.
Симпозиум, конференция материалдары – ғылыми конференция қорытындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер);
Журнал – әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа сұрақтар бойынша мақалар және /немесе рефераттар, сонымен қатар әдеби туындылар, иллюстрациялары бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: республикалық «Білім – Образованиие», «Жоғары мектеп хабаршысы», «Вестник высшей школы Казахстана», «Ізденіс – Поиск», «Творческая педагогика», «Парасат», және т.б.; ресейлік-«Вестник высшей школы – Alma mater», «Высшее образование в России», «Педагогика», «Мир образования», «Вопросы психологии», «Вопросы философии» және т.б.; халықаралық «Перспективы: вопросы образования», «Курьер ЮНЕСКО»;
Энциклопедия, энциклопедиялық сөздік – оқу, өздігінен білім алу және тәрбиелеуге арналған басылым түрі. Оқырмандарды қоршаған дүние, ғылым және техника негіздерімен, тарих және мәдениетпен таныстырады.
Негізгі талаптары: материалды түсініктілігі, баяндаудың қарапайым және анықтылығы, көрнектілігі, әдемі сыртқы безендірілуі.
Энциклопедиялар алфавитті, жүйелі, әмбебап, салалық және тақырыптық болып бөлінеді.
Оқулық – бағдарлама және дидактикалық ғылымның талаптарымен белгіленген оқыту мақсаттарына сәйкес, белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздері баяндалатын, кітап түріндегі оқытудың негізгі құралы.
Есептер жинағы – мұғалімге, өздік және бақылау жұмыстарын сұрыптауда (таңдау, іріктеу) оқушылардың жеке дара мүмкіншіліктерін ескере отырып ретке келтірілген есептер жиынтығын қамтитын білім беру ақпараттық-анықтамалық түрі. Жүргізілген сұрыптаулар оқушыларға арналған тапсырмалар ретінде дәстүрлі «қағаз» және электронды түрде ұсынылады.
Есептер мен жаттығулар жинағы - өткен оқу материалын әрекеттік деңгейде меңгеру мүмкіншілігін туғызатын тәжірибелік есептер мен жаттығулары бар басылым;
Библиография – баспа өнімдерін саяси, ғылыми, білім беру, тәрбиелік т.б. мақсаттарда кеңінен қолдану тұрғысынан зерттейтін ғылым. Т ақырып бойынша толық (кейде таңдамалы) әдебиеттер тізімі, сондай-ақ библиографиялық көрсеткіштер, шолулар.
Хрестоматия – құрамында құжаттар, әдеби туындылар және олардан үзінділер, сонымен бірге оқу пәніндегі сұрақтармен байланысын түсіндіретін мәтіні, әдістемелік нұсқаулары бар оқулық мазмұнын көрнектейтін мәтіндер жинағы;
Мәтін –хатта немесе баспасөзде жарық көрген құжат немесе автордың шығармасы. Мәтінмен немесе кітаппен танысуды бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең – мәтінге көз жүгірту, мәтінді қарап шығу:
Кітапты парақтау, оқығанға дейін суреттерін қарап шығу;
Бөлімдерімен танысу;
Кіріспесін оқу;
Мәтіннің назар аудартатын жеке бөліктерін оқу.
Екінші кезең – мәтін бойынша студенттің өзіне сұрақ қойғызу;
Маған қаншалықты қызық?
Бұл мәселе жөнінде не білемін?
Мазмұнында қандай идеялар жатыр?
Қандай жаңа нәрсе білуім мүмкін?
Үшінші кезең – мәтінмен тереңірек танысу, оқып шығу.
Төртінші кезең – ең бастысы мен қосымшасын бөліп алу.
Бесінші кезең – мәтін мазмұнының деңгейін, логикалық құрылым дәрежесін бағалау болып табылады.
Теориялық зерттеулерде ең басты және қосымша деректерді, нақтылайтын идеяларды табуға, дәлелдеуге үйрету негізгі іс болып есептеледі. Зерттеу жұмысында ең күрделісі теориялық зерттеу болғандықтан зерттеушіні ақпараттарды талдауға, ғылыми мәтін құруға үйрете беру қажет. Ғылыми мәтін деп отырғанымыз ғылыми-педагогикалық нәтижелерді сипаттайтын түрге қойылатын талаптарға сай педагогикалық ғылым тілінде және принципінде құрылған мәтін. Мұндай мәтін дайындау үшін студент тезис, аннотация, рецензия, конспект және т.б. ұғымдардың мәнін түсіне білуі қажет. Мысалы, тезис – сұрақтың, тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол зерттеушінің айқын логикалық ойлауда басты нәрсені бөліп алу білімін талап етеді. Аннотациялау – кітап пен мақала мазмұнының қысқаша жазылуы. Рецензия – ғылыми жұмысқа немесе әдеби-көркем шығармаға дәлелді пікір беру. Ал, конспект – мазмұн жазудың күрделі түрі.
Жалпы ғылыми ізденісте, зерттеу нысаны, оның көптеген ғылыми-педагогикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған ғылыми ақпараттар ғылыми түсініктер мен ғылыми атаулардан тұрады. Сондай-ақ, зерттеу мәселесінің жағдайын жедел тану үшін негізгі түсініктерді іріктеу және оларды жан-жақты қарастыру қажет. Яғни, әрбір термин сөзге мән беру керек. Термин – қайсыбір теорияның шегінде заттарды бір мәнді түсіндіруге пайдаланылатын сөз немесе сөз тіркесі ғылыми және тәжірибелік мағынада дәл шектелген түсінік болса, терминология – ғылым, техниканың және қандай да бір арнайы аймақтың белгілі бір түсініктерінің аталымдары болып табылатын терминдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, зерттеуші зерттеу мәселесіне қатысты термин сөздердің мағынасын, оның қолданылу аймағын, мазмұнын түсіне білуі қажет. Мысалы, корреляция сөзі, бір құбылыс басқа құбылыстарды анықтайтын себептердің қатарында болса, немесе осы құбылыстарға әсер ететін ортақ себептер болса, осындай құбылыстар арасындағы байланыстарды белгілейтін түсінік.