Ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми кон ференция қазақ тілі мен әдебиетінің, өнері мен



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата01.01.2017
өлшемі5,98 Mb.
#923
1   2   3   4

анасы Рәзкеннің

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көніл айтады.



БОЛЖАУСЫЗ ҒҰМЫР

Биылғы  жылы  тамыз  айында  өрт  көп  болды. Ақтау  өңіріндегі

тамыздағы  өрттің  салдарынан  «Фархат» шаруа  қожалығының

басшысы  Барлыбай (Мақсат)  Боранбайұлы,  Саян  Жұбанышұлы

және  Давлетзян Миниханұлы Багдануров   қаза  тапты. Бұл  аза

тұту өлеңін солардың  рухына  арнаймын. Қазанның  екісі  күні

Барлыбай    бауырым    37  жасқа  келетін    еді,    туған    жері

Қарашоқыда   көз  жұмды,  амал не   тағдыр  солай...

Өрттен  кейінгі  көргенім  адам  көргісіз, онсыз  да  жаралы

жүректі  жаныша  түсіп,   жаныңды  жегідей  жейді. Қылтанақсыз

қу  даланы  кеше  ғана  көкмайса  болды  деп  кім  айтады,  адам

өмірі  де осы  іспеттес...



БАЙДӘУЛЕТ МЫРЗАШҰЛЫ  

Тауға  шығып  жайлауға  қарап  тұрмын,

Өрт  жайлаған  сүреңсіз  кейпің  құрсын.

Шейт кеткен бауырыма  иман  тілеп,

Жаратқанға  жалынып  жылап  тұрдым.

Тәлкегіне  бағынып  сұм  тағдырдың,

Бауыр  етім  езіліп әзер  тұрмын.

Өз-өзімді  жұбатып,  тәубә  қылып,

Ұрпағына  ғұмыр  бер,-деп  сұрап  тұрмын.

Қарасаң  көз  жіберіп  жан-жағыңа,

Қара тақыр өзен  бойы,  шабындық, айналма  да

Аң  мен  құс  ауған  құтты  мекенінен

Жетімсіреп  орман, тау,  сай  мен сала

Тыңдырам деп  қиын  істі  талай-талай,

Тыным  таппай,  бір  сәтке  аялдамай

Жасындай  жарқылдаған  жан  бауырым,

Кеттің-ау  алды-артыңа  қарайламай.

Ақкөңіл, ашық  мінез,  аңқылдаған,

Сесті  еді,  сұңқардайын  саңқылдаған

Ішінде  тең  құрбыңның  ерен  едің

Отыз жетті  жасыңда  болдың  құрбан

Ерекше жан едің  сен  туған  дара,

Жетім-жесір,  кәріпке  болған  пана    

Туған  жерің,  ел  үшін  құрбан  болдың

Әміріне  Алланың  бар  ма  шара

Аңырап  Аруанадай  анаң  қалды,

Жамылып  қара  түнек  жарың  қалды.

Бұғанасы  қатпаған  төрт  балаңмен,

Аза  тұтып  бауырлар  жылап  қалды

Бір  болған  ізгі  тілек,  армандары,

Жарасқан  жарқын  мінез  достар  қалды

Асылын  жамандыққа  қимайтұғын,

Ағайын,  туыс-жекжат  бәрі  қалды.

Бастап  кеткен  игі  істі  жалғастырар,

Наурызбайдай  артыңда  бауырың  бар

Балдан  тәтті  бейкүнә балаларың

Үзілгенді жалғайтын  ұрпағың  бар.

Өткенді  айтып  бауырлар  өкінбеңдер   

Жақсылықты  Жаратқан   өзі  берер

Жетілгенін  көрдік  қой сан  жетімнің

Есейеді,  ержетіп  бүлдіршіндер

Бақұл  бол,  иманды  бол,  қош  бауырым,

Жазылар  ма   жүректегі  жан  жауырым

Тірегім  ең  қайтейін,  шарасызбын,

Демеу  қылып  көңілге  өлең  жаздым.

Тарату туралы хабарландыру

Жеке кәсіпкер Шибаева Людмила Ивановна ЖСН 600813450454 өзінің таратылатыны туралы

хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім

ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Атасу кенті, Абай көшесі, №28/4 үй

****** ******  ******   ******

Жеке кәсіпкер Тайкенова Назгуль Темирбаевна ЖСН 741015450269 өзінің таратылатыны ту-

ралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім

ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Атасу кенті, К.Әбжанов көшесі, №132 үй

Қазақстанда  гендерлік  саясат  жүргізу  жөніндегі  жұмысты  Қазақстан  Республикасы

Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі

ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне

қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. 

Еліміздің басты құқықтық құжаты Конституцияның 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы,

ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген. Гендерлік теңдік страте-

гиясы 2006 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен

мүмкіндіктерінің  теңдігіне  қол  жеткізу  жөніндегі  міндеттердің  шешілуін  көздейді,  9

бөлімнен тұрады. 

Стратегия ─ мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны

іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге

асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.

Осыған байланысты Стратегияның әр бөліміне БҰҰ Әйелдер қорының өңірлік офисімен

(ЮНИФЕМ) бірлесіп әзірленген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық

сақтау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде

гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі көрсеткіштер енгізілген. 

Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің

өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай

жасауға ықпал ететін болады. 

Уақытша арнайы шаралар – қоғамда гендерлік теңгерімге қол жеткізуге бағытталған ша-

ралар  (мысалы,  оң  дискриминация  нысаны  ретінде  билік  органдарындағы  әйелдер

өкілдігінің квотасы), БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы

конвенциясына сәйкес ол кемсіту ретінде қарастырылмайды.

Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік

өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен

рөлдерінің жиынтығы. Гендерлік талдау – әзірленіп жатқан және қолданыстағы дамыту

жобаларының  ерлер  мен  әйелдерге  түрлі  әсерін  жүйелі  түрде  зерттеу.  Ол  саяси,

экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлардың әйелдер мен еркектерге қалайша

әсер ететінін көруге және салыстыруға мүмкіндік береді. 

Гендерлік саясаттың мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан

қосылған халықаралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен

тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық

салаларына  тең  жағдайда  қатысуы.  Тең  құқықтар  мен  тең  мүмкіндіктерге  қол  жеткізу

мақсатында мемлекет басшысы мынадай міндеттер қойды: 

-билік органдарында шешімдер қабылдау деңгейінде мүмкіндігінше әйелдердің көп болуына

ұмтылу,  заңнаманы  жетілдіру  және  гендерлік  теңдікті  қамтамасыз  ету  институттарын

қалыптастыру,  "Ерлер  мен  әйелдердің  тең  құқықтары  мен  тең  мүмкіндіктері  туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануын жеделдету, әйелдерді қорғаудың құқықтық

тетіктерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру, әйелдердің экономикалық өмірге

белсенді араласуы үшін жағдайлар жасау,

-әйелдер үшін экономикалық жеңілдіктер мен артықшылықтар жасау, ана мен баланың

денсаулығын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау, әйелдер үшін құқықтық және әлеуметтік

кепілдіктердің елеулі түрде артуын қамтамасыз ету, адамгершілік құндылықтарды жаңғырту,

отбасы  мен  некенің  жағымды  бейнесін  әспеттеу.  Мемлекеттік  органдар  мен  бүкіл

қазақстандық  қоғамның  әлеуметтік  жағынан  әділетті  гендерлік  саясатты  іске  асыру

жөніндегі күш-жігерін біріктіру. 

Бұл мақсаттарда мыналар қажет: азаматтардың өзін-өзі жан-жақты көрсетуі, сондай-ақ сая-

сатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қарым-қатынастарын қоса алғанда, өмірдің барлық са-

лаларында  жыныстық  теңдікті  қамтамасыз  ету  үшін  қоғамның  құқықтық  және  саяси

мәдениеті деңгейін көтеру, әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеудің және шешімдер

қабылдаудың барлық деңгейлерінде гендерлік сезімталдықтың артуына қол жеткізу, өмірдің

барлық  салаларында  ерлер  мен  әйелдердің  тең  серіктестігі  қағидатының  (қарым-

қатынастардағы  үйлесімдік,  тепе-теңдік  пен  төзушілік)  сақталуын  қамтамасыз  ету,

қызметтің қандай бір саласында мүдделері бәсең білдірілетін жыныстың өкілдері үшін

уақытша қосымша артықшылықтар беру, ұлттық заңнаманы, республикалық және жергілікті

бюджеттерді және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу, іске

асыру және орындалуын бақылау ісіне гендерлік әдістерді ендіру, ерлер мен әйелдердің

құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін іске асыру мақсатында заңнаманы жетілдіруді

және  гендерлік  теңдік  институттарын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  гендерлік

көрсеткіштерді және гендерлік статистиканы ендіру, нормативтік құқықтық актілерге, мем-

лекеттік жоспарлар мен бағдарламаларға, оқулықтар мен оқу құралдарына міндетті гендер-

лік  сараптама  жүргізу.  Қазақстандағы  гендерлiк  саясаттың  мiндеттерiне  әйелдер  мен

ерлердiң  билiк  құрылымдарында  теңдестiрiлген  қатысуына  қол  жеткiзу,  экономикалық

тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет

бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар

жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады. 



Жаңаарқа аудандық соты

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2014 жылдың 29 қазан күні сағат 13:00-де аудандық мәдениет үйінде Атасу кентіндегі

“Школьный квартал”, “Дружба” көшелерінің атауларын өзгерту мәселесі қоғамдық жина-

лыста қаралады.



“Атасу кенті әкімінің аппараты” ММ-сі



Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”

ЖШС басшысы - бас редактор

КӨШМАҒАНБЕТОВ Бахтияр Нақыпбекұлы

ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,



РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган

Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,



Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі

2-71-01

МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС

Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын

білдірмейді

Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама 

беруші жауап береді

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 

министрлігі  18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік

берілген.

Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі

Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады:

Қарағанды қаласы, Сәтбаев көшесі,15

Көлемі бір баспа табақ

Офсеттік басылым

Аптасына бір рет шығады

Индекс 66282

Тапсырыс №42

Таралымы 1600 дана

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде елді мекендердің тарихи атаулары қайта жаңғыртылып, ауданымызда да

осы  салада  көп  шаруалар  тындырылды.  Кеңестік  дәуірде  орысшаланған  елді  мекендеріміз  лайықты

атауларға ие болды. Ауылдарымыз, көшелеріміз қазақшаланып, оларға тарихи тұлға, қайраткерлердің есім-

дері берілді. Осы уақытқа дейін заман талабына сай жұмыс атқарып келген ауданымыздың тіл бөлімінің,

аудан әкімі жанындағы онамастикалық комиссиясының  іс-шаралары әбден құптарлық. Алда да көп жұмыс

атқарылып тариха атауларды қалыптастыруға үлес қосатынына сеніміміз мол.

Соғыс және еңбек ардагерлері, ауданамымыздың дамуына бір кісідей үлес қосқан әкеміз Дүйсенов Жолкен

Әлмағанбетұлының жарқын бейнесін есте қалдыру үшін өзі қазыған қағып, өзі аяғына тік тұрғызған, аудан,

тіпті облыс көлемінде бір кездерде алдыңғы қатарлы шаруашылықтың біріне айналған «Ақтау» елді мекені

қарайтын ауылдық округке есімін беру жұмыстары 2008 жылы қолға алынды. Жергілікті тұрғындардан,

Ш.Ынтықбаев сияқты Еңбек ардагерлерінен қолдау тауып, ауылдық округке әкеміздің  есімін беру туралы

ұсыныс аудан әкімі жанындағы онамастикалық комиссияға жолданды. 

Ұсынысты барша аудан жұртшылығы да қолдады. Ол түсінікті де еді. Бүгінгі «Ақтау» елді мекені әкеміздің

қажыр-қайратының, зор еңбегінің арқасында  салынғаны белгілі. Үлкен қолтаңбасы қалған төл туындысы

екенін әсіресе ақтаулықтар жақсы біледі. 

Сондықтан да болар жоғарыдағыдай ұсыныс 2008 жылы аудан әкіміне аудандық ардагерлер кеңесі тара-

пынан да түсірілді. Мәселенің шешілуіне тек сол кездегі  мораторий тосқауыл болды. Биыл моратории алы-

нып тасталғаны белгілі. Соған байланысты аудандық онамастикаға әулетіміздің атынан  қайта өтініш беріп,

әкей атын «Ақтау» ауылдық округіне беру мәселесін қайта көтердік. Өтініш қабыл алынып, ауылдағы ел

пікірін білуге барғанда ауыл ақсақалдарынан жаңаша ұсыныс түсті.

«Ақтау» тарихи атауын сақтау туралы пікір айтылды. Басқа азаматтардың да  атын беру туралы өтініш

түсіп жатқанын айтты.   М. Әбдіғалымов , Ұ.Оспанов  сияқты ауыл ақсақалдарының ұсыныс-пікірлерін

қабыл алып, аудан басшылығымен кеңесе келе біз өз өтінішімізден бас тарттық. Тарихы тереңде жатқан

киелі аймақ орталығы «Ақтаудың» тарихи атауы қашанда сақталуы керектігін түсініп, «Ақтаудың» бар аза-

маттарын соған шақырып отырмыз. Тарихи атауларды сақтайық дегіміз келеді!



Ж.ӘЛМАҒАНБЕТҰЛЫ ӘУЛЕТІ 

ТАРИХИ  АТАУЛАРДЫ САҚТАЙЫҚ!

Құттықтаймыз!

Ынтымақ ауылының тұрғыны, асқар таудай әкеміз Әлмағанбетов Жанар

Оразбекұлын 60  жасқа  толатын  мерейлі  туған  күнімен  шын  жүректен

құттықтаймыз. Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда

күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ

жасай беріңіз.

Асыл әке, ардағы ұл-қызының,

Бәрін болжап жүретін алдағының.

Қамқорымыз сіз келіп 60 жасқа,

Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін!

Анам сізбен әдемі біздің үйде,

Әдемі әнді ұластырар сәнді күй де.

Отбасының ұйытқысы, берекесі

100 жасаңыз анамызбен мәңгі бірге!



Құттықтаушылар:  балалары-Ақбөпе-Батырбай,  Шынар-Нұрбол,

Ақжарқын-Қуат, Айгерім-Ғабит, Жансая-Бауыржан, Нұртас, Гүлімай

және жиендері 

ОБЬЯВЛЕНИЕ!

БЮРО ДОБРЫХ УСЛУГ!

-уборка квартир, офисов (генеральная, простая)

-домработница, няня, сиделка, побелка, покраска, клейка обоев

-такси межгород, видеосъемка, прокат свадебных кортежей

-евроремонт, ремонт квартир, мытье окон, сантехники

-тамада, проведение торжества и поминок

-репетиторство, медсестра на дом, трудоустройство (копия уд. личности, адресная справка)

Торговый центр “Сат”, обращаться по телефонам: 5-22-50, 87754072918

Құттықтаймыз!

Жаңаарқа ауданының тұрғыны, асыл жар, аяулы анамыз Әбдібекова Орын-

тай Әбдірахманқызын мерейлі 50 жасқа толар туған күнімен құттықтаймыз.

Ардақты да аяулы анамызға жарқын да мағыналы өмір,

көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, көпшіліктің ықыласы мен

құрметіне бөленіп жүре беруіңізге тілектеспіз. 

Құтты болсын, 50  деген жасыңыз,

Асуларға талмай жетіп, асыңыз.

Талмас бақыт, зор денсаулық тілейміз, 

Ақ бұлақтай арындап бір тасыңыз.

Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғассын ақ таңдарың нұрын шашқан.



Құттықтаушылар: жұбайы-Қапият, балалары-Жанат-Күмісай, Айдос-

Айдана, Әлібек, немерелері-Жансая, Манас, Томирис.

Жарамсыз деп танылсын



Шойынғапов Айтмұхамбеттің атына 02.04.2007 жылы берілген №5923, №5924 комиссия ше-

шімдері,  №365  әкімшілік  қаулысы,  06.03.2007  жылы  берілген  қабылдау  актісі,  техникалық

төлқұжат және жердің мемлекеттік тіркеу актісі жоғалуына байланысты жарамсыз деп таныл-

сын.


****** ******  ******   ******

Альмусин Ерлан Төлеубайұлының атына 1999 жылы берілген "Volkswagen Jetta" автокөлігінің

техникалық пасторты, сақтандыру полисі, техникалық байқаудан өткенін растайтын құжат және

сенім хат жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

****** ******  ******   ******



Байжанова Элмира Тілеуғабинқызының атына 1995 жылы О. Жұмабеков атындағы орта мек-

тебін бітіргендігі туралы берілген АО-11-№0257922 білім аттестаты жоғалуына байланысты жа-

рамсыз деп танылсын.

****** ******  ******   ******

Апендина Индира Тұрымтайқызының атына 2000 жылы Бидайық орта мектебін бітіргендігі

туралы берілген ОБ-№0235714 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

****** ******  ******   ******

Аманова Ақтолқын Алдиярқызының атына 2004 жылы Бидайық орта мектебін бітіргендігі

туралы берілген №1177624 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

****** ******  ******   ******

Белгібекова Назгүл Жомартқызының атына 2004 жылы Бидайық орта мектебін бітіргендігі

туралы  берілген №1177626 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

****** ******  ******   ******

Жұмабекова Жанботаның атына 2002 жылы Н.Крупская атындағы орта мектепті бітіргендігі

туралы берілген ОБ-№0699548 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

****** ******  ******   ******

Қалмағанбетова Жанардың атына 10.04.2007 жылы берілген №2257, №2258 мүлікті жария ету

туралы комиссия шешімдері, №383 әкімнің қаулысы, 29.03.2007 жылы берілген қабылдау актісі,

21.02.2007  жылы  берілген  №4-128  жер  теліміне  жеке  меншік  құқығын  растайтын  актісі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

****** ******  ******   ******

Бисимбаева Камиля Әбдірахманқызы мен Сүлейменов Бауыржан Мүбәракұлының ара-

сында 2006 жылы  жасалған тұруға жарамсыз ғимарат пен  жер учаскесінің  сатып алу келісім

шарты реестрде тіркелген № 834  жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын

Жаңаарқа ауданы бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің Қазақстан

Республикасының  мемлекеттік  қызметшілерінің  Ар-намыс  кодексінің,  сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасының нормаларын бұзған фактілері жөнінде ха-

барлау үшін Қарағанды облысының ТЖД-нің «Сенім телефоны»: 8(7212) 518937, 8(7212)

411750 жұмыс атқаратындығынан  хабардар етеді.



Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

******   ******   ******   ******

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді

қызметтік Ар-намыс Кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ту-

ралы заңдылықтарды, бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 2-71-80 нөмірлі сенім телефоны

орнатылғандығын хабарлайды. 



Жаңаарқа  аудандық  жұмыспен қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі

Мен  «Жаңаарқа» газеті арқылы алғысымды білдіргім келеді. Өзім  зейнеткермін, еңбек ардагерімін. Жас

ұлғайған  сайын   адам  баласының  денсаулығы  сыр  бере  бастайды. Менің  де  жүрегім  ауырады.  Көбіне

ақ  халатты  жандардың  көмегіне  сүйеніп,  солардан  қолдау  тауып  отырамын.   

Денсаулығым  сыр  бере  бастағанда  шақыра  қойсам, жедел  жететін  жас мамандар, дәрігерлер  Медет

Шайжан, жедел жәрдем фельдшерлерімен дәрігерлер  Бақыт Алшынбаева, Ләззат Диханбаева  жылдам

көмекке келіп, ем-домын жасап кетеді. Осы шипалы қолдардың арқасында өмір сүріп жатырмын. Шын

жүрегімнен алғыс білдіремін. Әр отбасына тілейтінім зор денсаулық, ұзақ ғұмыр. Еңбектері жемісті болып,

биіктен көріне берсін.

З.ЗАМИРОВА,

зейнеткер  

Алғыс хат



ПРОДАЕТСЯ

Продается 2-х комнатная квартира по адресу Транспортный

квартал №14 кв. 5. В доме имеется ремонт, пластиковые окна,

деревянные двери, застекленный балкон, также имеется гараж,

сарай и подвальное помещение. Контактные телефоны: 6-45-

05, 87055863864

*******   *******   *******   *******

Продается новый 2-х этажный (3-х уровневый) благоустроен-

ный дом, имеется подвал, гаражи, хозпостройка двухэтажная,

летняя кухня, индивидуальный водопровод (артезианская сква-

жина) и земельный участок-0,15 га. По адресу г.Караганда, р-н

Старый аэропорт, 50 м от "Авторынка". Цена 390 тыс. у.е. Об-

ращаться по телефону: 87014526420, 87003048873.        

НА КИРПИЧНЫЙ ЗАВОД

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған)

балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген сәтінен

бастап – 30 минут; 2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тап-

сыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті

берушінің немесе ХҚКО-тың қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан

аспайды. Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі сұрату берілген

кезден бастап 30 минутты құрайды. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінген кезде мем-

лекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

- Белгіленген үлгідегі өтініш, ата-аналарының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке басын

куәландыратын құжат , баланың туу туралы куәлігі, жеңілдікті растайтын құжат (бар болған кезде

мектепке дейінгі балалар ұйымына бірінші кезекте жіберіледі), мекен-жай анықтамасы немесе

қызметті алушының тұратын жерін растайтын өзге құжат.

ХҚКО-ға өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі,

мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді

ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның электронды

цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды құжаттар нысанында алады. Мемлекеттік қызмет

көрсетудің нәтижесі кезекке қою болып табылады, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға



кезектілік нөмірі көрсетілген жауапхат беріледі.

«ХХКО» РМК Қарағанды облысы бойынша  

Жаңаарқа ауданының филиалы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНА ЖІБЕРУ

ҮШІН  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ (7 ЖАСҚА

ТОЛМАҒАН) БАЛАЛАРДЫ КЕЗЕККЕ ҚОЮ

МАМАН КЕҢЕСІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет