Целинный ауылдық округі Орынбай ауылында 2011 жылы жеке кәсіпкер Қ.Ахметовтың
пайдалануға берілді. 2013 жылдың 10 сәуірі күні Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының №281 бұйрығымен
Орынбай ауылдық мешітіне молда болып тағайындалдым. Қызметіме кіріскен соң,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 43 бабына, «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, Орынбай ауылдық мешітін Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасы Республикалық ислам діни бірлестігінің филиалы ретінде Қарағанды
облыстық Әділет департаментінен есептік тіркеуден өткізіп, Ережесін бекіттірдім. Қазіргі
уақытта мешіт қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Әрбір жұма күндері жұма намазы
өздері қаржы жинап, 2013 жылы мешіттің сырты керамикалық шарбақпен қоршалды.
Жылуы, суы қалыпты жағдайда беріліп тұрады. Орынбай ауылдық мешітінде ауыл
халқымен, жастармен әртүрлі тәрбие тақырыптарына байланысты кездесулер өткізіліп
Мысалы 2014 жылдың маусым айының 6 күні «Лаңкестікке жол жоқ» тақырыбына
байланысты кездесу өтті. Ислам дінінің негізгі мақсаты адамзатты бүкіл
жамандықтардан тазартып, көркем мінезділікке, кешірімділікке, мейірімділікке,
жанашырлық пен қамқорлыққа тәрбиелеу екені туралы әңгімелер айтылды. Ал, 2014
жылдың 23-24 шілде күндері Қадір түнінің қарсаңында шаруа қожалықтарының бас-
шылары Қ.Жүнісов, Қ.Ахметов мырзалар бір-бір қой малдарын, Аллаһдан жаңбыр тілеу
мақсатымен нәзірқұрбан шалды. Сол күні бесін намазынан кейін мешітте жамағатпен
Өрт тілсіз жау! Қазіргі таңда, өрттің көптеген шығу жолдары туындауда, атап айтсақ:
Өртке қарсы ережелерді қатаң сақтауға күнде назар аударуға тура келеді. Әрбір түсініп
оқылған ереже, әрбір жеке тұлғаға «жақсылық» әкеледі, яғни сақтықта қорлық жоқ. Негізі-
нен электр тоғынан болатын өрттердің себебі электр жүйесіне нормадан көп жүктеме беру.
Бұл электрөткізгіштердің қызуына, олардың тұйықтау қабатының балқып жануына әкеледі.
Әрбір үйде электр тоғын есептеуші құрал бар, ал онда сақтандырғыш қондырғы немесе ав-
томат орнатылған. Жүктемені нормадан асыра көбейткенде, бұл құралдар өзі сөніп немесе
жанып кетеді. Несін жасырайық, көбіміз жанып кеткен сақтандырғыш құралға қолдан сым
жалғап пайдаланамыз. Бұл жоғарыда айтылғандай электрөткізгіштердің қызып өртенуіне
әкеледі.
2014 жылдың сәуір айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне толықтырулармен
өзгерістер енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексің 312 баптың 1 бөлігіне сәйкес
өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы құрал-сайманды, жабдықтау, өрттi табу мен сөндірудің
автоматты құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау қағидаларын
- жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын, орта кәсiпкерлiк
жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есеп-
тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егерде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
- жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік
субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу,
ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Өрт сөндіру бөліміне жалған ақпарат
-механик-жүргізуші МТ ЛБ, механик-жүргізуші Т-72, ВС категориялы жүргізуші, ныса-
нашы-оператор, санитар-нұсқаушы, байланысшы, техник, барлаушы-пулеметші, старшина,
барлаушы-гранатаметчик, барлаушы-снайпер, баулаушы-сапер, сапер.
Үміткерлер 20-25 жас аралығындағы бойдақ, білімі орта мамандандырылғаннан төмен
емес және Атырау, Ақтау гарнизондарында әскери борышын атқарғандар болуы тиіс. Жы-
лына 40 күн демалыс 1 күнтізбелік айлық қызмет бір жарым ай болып есептеледі. Солдаттар
мен сержанттар құрамын жасақтауға жауаптылар: п/п-к А. Сәкенов, байланыс телефоны-
87025075705, к-н Н. Байкеев, байланыс телефоны-87761201134.
бойынша әскери қызмет бөлімшесіне, мына мекен-жайда хабарласуға болады: Транспорт
орамы, №9 үй, хабарласу телефоны:2-71-66.
20 қыркүйек 2014 жыл
6
Жаңаарқа елінің, жерінің тарихын жан-жақты зерттеп, елдің
тіршілігіне байланысты қол өнер істерін, түрлі заттарды
жинап сақтау, болашақ ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсету,
ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиет пен мәдениетте
қалдырған іздерін, жанқиярлық ерліктерін, бүгінгі күнге жет-
кен рухани мұрасын, жұртқа жария ету үшін Сәкен Сейфул-
лин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы ел ішіндегі және
сырттан келуші зиялылар бас қосатын орталыққа айналды.
Жаңаарқа ауданы тарихынан жәдігерлер 1960 жылдан жинала
бастады. Алайда мұражай 1984 жылдан бастап ресми
ашылды. Мұнда М.Қасенова, Б.Көшмағанбетов, Х.Дәрібаев
басшылық етті. 2007 жылдың 17 қаңтарынан бастап мұражай
меңгерушісі болып, аудандық мәслихаттың депутаты
Зәмзәм Аманов ауысты.
Мұражайда қор меңгерушісі Гүлғайша Жангелдина айтулы
даталарға байланысты баяндамалар, бұрыштар, көрмелер,
әңгіме, кездесулер ұйымдастырып тұрады.
Мұражайға келушілердің дені-ғалымдар, студенттер, оқушы
жастар. Олардың әр нәрсеге зерттей қарауы қуантады. Мұнда
жұрт үшін қызықты тарихи жәдігерлер, әрқайсысында адам
сыры, тағдыры жатыр. Мұражайдың кіре берісінде
Қазақстан Республикасының Рәміздері –еліміздің Көк
байрағы, Елтаңбасы, Әнұраны, Республика Президенті
Н.Назарбаевтың суреті қойылған. Екінші қабатқа көтерілген
бетте С.Сейфуллиннің кілемге тоқылған бейнесі көрінеді.
Мұны 1964 жылы Сәкеннің туғанына 70 жыл толған мерей-
тойына Алматы тоқыма фабрикасы жасаған.
Мұражай төрт бөлімнен тұрады.Үстіңгі қабаттағы оң жақ
зал «Даланың дара тұлғалары» бөлімі, оған қарсы
С.Сейфулиннің өмірі мен шығармалығына арналған және
«Аудан тарихы». Төменгі қабатта «Өлкетану» залдары бар.
«Даланың дара тұлғалары» залының қақ ортасында
С.Сейфуллиннің асқақ бейнесі тұр. Оны мұражайға
облыстық мәслихаттың депутаты Ғазым Жарылғапов
тапсырған. Жаңаарқа жерінен ел бастаған шешендер, қол
бастаған көсемдер, атақты өнер иелері шыққан.
С.Сейфуллиннен бергі Ж.Смақов, І.Жарылғапов, Х.Жама-
нов, А. Сейдімбеков, мемлекеттік сыйлықтың иегері А.Смай-
лов, «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Ғ.Жайлыбай,
мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Қ.Байбосынов, Б.Ті-
леуханов, «Дарын» сыйлығының лауреаты А.Әлтай,
қобызшы С.Үмбетбаев туралы деректер бар.
Даңқты жерлестеріміз Социалистік Еңбек ерлері О.
Әлібаев, С.Ысқақов, Ы.Жұмабеков, Ш. Ынтықбаев ауыл
шаруашылығында елеулі еңбегімен көрінсе, Ж.Рүстемов пен
Е.Зәпиев Қарағанды шахталарында жер астын ақтарып, көмір
кенін қопарған.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С.Қирабаев, «Ғасыр
адамы» Т.Көкетаев, ғалымдар Ғ.Құлқыбаев, Ғ.Мұсылманбеков
және басқалары туралы деректер жинақталған. Ақын-
жазушылардың, ғалымдардың, үш қосарлы жаймада шыны
астына қойылған. Қол өнер шеберлерінің бейнелеріне де
арнайы стенд жасалған.
Олардың ішінде суретші О. Әбішева, қолөнер шебері Ғ.
Оспанов және басқа талант иелерінің аттары жазылған.
Бұл залдағы елдің бір үлкен бөлім Жаңаарқа спортына
арналған. Мұнда республика спортына сүбелі үлес қосқан,
жастарды спортқа бейімдеуде ұйымдастырушылық
қабілетімен жарқырап көрінген, бокстан Жаңаарқа тұңғыш
спорт шебері Ғ.Жарылғапов, спорт жұлдыздары ағайындылар
Қанат, Талғат, Жанат Байшолақовтар, Д.Бөкенаев, Д. Биткөзов,
Р.Қыдырбеков, М.Ибрагимов және Қазақстан Республикасы
чемпиондарының, спорт шеберлерінің бейнелері, құжаттары,
кубоктары тұр. Жаңаарқа елін алпауыт күштерімен талай таң
қалдырған Мұқаметжан, Исатай, Битабар, Өзаман, Асқар
сияқты түйе палуандардың бейнелері де осында.
«Сәкен Сейфулиннің –өмірі мен шығармашылығы» залында
«Зұлмат жылдары», «Сәкен- ел есінде», «Сәкеннің арғы тегі,
туыстары», «Сәкен және әдебиет», «Сәкен-қоғам қайраткері»
бөлімдері бар. «Зұлмат жылдары» бөлімінде Сәкеннің
түрмедег ең соңғы суреті, ұрып соққаннан кейінгі
қалжыраған бейнесі сақталып қалған екен. С.Сейфулиннің
әкесі Сейфолла да қатыгез саясаттың құрбаны болған.
Сейфекең ұлынан кейін ұсталған еді. Жанайдардың әкесі
де хабарсыз кеткен еді. Мәліктің тағдыры да беймәлім.
Сәкеннің ең жақын жолдасы Әлкей Өтекин 1937 жылы
Балқашта қызметте жүргенінде ең алғашқылардың бірі
болып ұсталған. Жанайдар Сәдуақасов да оққа ұшты. Жа-
зушы Сайділда Талжанов жиырма бес жыл айдауда болды.
Әрине, зерттейтін білетін жайлар көп. Әрбір
айтылғандардың өз тағдыры, тарихы бар. Сәкеннің досы
Әлкей Өтекиннің, Жанайдар Сәдуақасовтың ақынның әкесі
Сейфолланың туыстары Мұқажан Сарбиевтің, Иса
Рүстембековтың, Әлмұса Бармұхамбетовтың, Кәрібай
Салықовтың бейнелері тұр. Сәкенге байланысты хаттама,
тінту, үкім құжаттары да қойылған. «Сәкеннің арғы тегі туы-
стары» бөлімінде Сәкеннің әкесі Сейфолланың, апасы
Жамалдың бейнелері бар.
Сондай-ақ, Сәкеннің ру шежіресі жасалған. Гүлбаһрамның
қызы Лаурамен және 1960 жылы жеке түскен суреттері,
Мәжит Сейфулиннің, Айнабековтар отбасының, Абдолла
Асылбековтың, Мәжиттің күйеу баласы Қарпық Құсайынов
пен Өспенде оқыған мектеп үйінің суреті сақталған. Омбыда
оқыған үйі, ұстазы Александр Седельников суреттері тұр.
«Төңкеріліс
жылдары»
бөлімінде
Н.Нұрмақовтың,
З.Катченконың бейнелері бар. Әуелгісі Сәкенмен Омбыда
бірге оқыса, кейінгісі ақын революционердің Ақмолада Сов-
деп құрысқан жолдасы. Мұнда Мұқан мен Бәтима
Әйтпеновтардың Омбыдағы үйінің суреттері ілінген. 1919
жылы наурыз айында Омбы түрмесінен қашып шыққанда
Сәкен осы үйде жасырынған. Бұл залдың төрінде Бейім-
бет Майлиннің суреті тұр. Сәкен Сейфуллин иығына ілді
деген ала шәйі шапаны, ақынның өзі ұстаған қамшысы,
аққұман мен екі кесесі қойылған. Сәкеннің әр жылдарда
шыққан «Тар жол, тайғақ кешу» кітабы, «Айша» әңгімесі
бойынша жасалған диограммада кешкілік Сәкенге Айша
әңгіме айтып, ән салуда. Жас әйел қазан көтеріп, ас дайын-
дауда , киіз үй, жатқан тазы көрінеді.
«Жаңаарқа тарихы» залында Әлкей Марғұлан әр жыл-
дары зерттеген Ақтау өңіріндегі тас ескерткіштердің
көріністері, 1722 жылғы жазба, қашалған тас, әулие
жартастағы тоғызқұмалақ ұялары, біздің жыл санауымызға
дейінгі қорымдар, Қараағаштан табылған құмыра
сынықтары, тас дәуіріндегі адамдар диограмма арқылы бе-
рілген. Олардың бәрін жасаған Ғазиз Жұмабеков.
Кезінде Шоқан Уәлиханов жазбасы бойынша ІХ-ХІ
ғасырларда жасалды деп шамалаған. «Жұбан ана» ескерт-
кіші өткен ғасырдың 80 жылдары қайта өңделген бола-
тын.
Мұражайда сондай-ақ белгілі адамдар мазарларының
архитектуралық өзгешелігі бар бейттердің суреттері бар.
Оның ішінде атақты Шоң би, Бәйеш батыр, Құтжан қажы,
Балабақсы басындағы ескерткіштердің көріністері беріл-
ген.Ықылас қобызшыға Түгіскенде қойылған ескерткіштің
суретін де көруге болады. Жаңаарқа тарихындағы теміржол
1936 жылы жайдақ жермен тартылады.Көтерме жол 1937
жылы салынған. Мұндағы стендіде 1925 жылы Түркісіб
құрылысына қатысқан Ленин және Қызыл Ту орденді Әбіл
Байбосынов және басқа ардагер теміржолшылардың бей-
нелері бейнеленген «Теміржол», «Тыңды игеру»
тақырыптарына арналған диаграммалар жасалған. Бұл залда
сондай-ақ, ауданды басқарған азаматтардың, Жаңаарқаның
қазіргі қалпының суреттері бар. Біраз альбомдар әр сала
еңбектерінің суреттеріне арналған.
Ортадағы үлкен жаймадағы Ақтау бекінісінің
көрінісі.Атасу кентіне күншығысқа қарай 55 шақырымдай
жерде 1832 жылы салынған бекіністің орны, шашылған
үйіндісі, айнала қазылған орлары, шегенделген құдығы
негізінде жасалған.
Бұл бекіністе 500 ден қазақ ұстаған Ресей үкіметі
Ұлытаудан Ақмола, Аягөзге дейін қазақ жеріне өктемдік
жүргізбек болған. Бұл қорған ХІХ ғасырдың 70 жылдарына
дейін тұрған сияқты.1937-47 жылдары көтеріліс кезінде
Кенесары Хан сарбаздары бекіністі екі рет шапқан. Бекініс
ішіндегі казармалар , офицерлер үйі, асхана, атқоралар, біт-
пей қалған шіркеулер, зеңбіректер , биік қарауыл орындары
суретші өрнегімен өрілген. Ақтау бекінісіне қатысты
құжаттар, бекініс кірпіш шыны астына қойылған.
Дәстүрлі бұйымдар және туған жер табиғаты залында киіз
үйдің жартылай бөлшегі –шаңырақ, уықтар, керегелер
қойылған. Айнала түскиіздер ілінген. С.Сейфулиннің 110
жылдық мерейтойына Ақтоғай ауданы сыйға тарту еткен
домбыра, ақ киізден жасалған қоржын, кесекқап, аяққаптар,
жастықсалғыш, көрпешелер, әбдіре, дөңгелек үстел бар.
Жаймаларда қайық табақтар ХІХ ғасырда Тула зауытынан
шыққан самаурын тұр.Ұзын сөздің қысқасы, күміспен
күптелген оттың ері,
Бибіша Халилақызының 1970 жылы Канада көрмесінде
болып келген түскиізі, Ақтауда жайылып жүретін арқардың
мүйізі, бәрі-бәрі ауданның тарихи- өлкетану мұражайында
кездеседі.
БАҒИЛА ЫСҚАҚОВА
МҰРАТЫ КЕМЕЛ МҰРАЖАЙ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 «Профилактикалық
екпелер жасалатын аурулар тізбесін бекіту, оларды өткізу ережесі және жоспарлы егілуге тиісті
халық тобы туралы» Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе жасау
күнтізбесін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы
№33 Қаулысымен бекітілген «Инфекциялық ауруларды алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалардың (бұдан әрі - №33 СҚ)
талаптарын орындау мақсатында 2014-2015 оқу жылында 1-сынып оқушыларын туберкулезге
қарсы ревакцинациялау кампаниясын өткізу туралы Қазақстан Республикасы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау депар-
таменті, Қарағанды облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы, Қарағанды облысы бо-
йынша білім беру басқармасының бірлескен бұйрықтары шықты.
Осы бұйрыққа сәйкес аудан көлеміндегі барлық мектептердің 2014-2015 оқу жылындағы 1-
сынып оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациялау кампаниясын өткізу 2014 жылғы
қыркүйектің 8-нен 26-сіне дейін жүргізіледі және 2014 жылғы желтоқсанның 8-нен 26-на дейін
(Манту сынамасының күмәнді нәтижесімен 1-сынып оқушылары үшін).
Барлық 1-сынып оқушылары денсаулық паспортымен қамтамасыз етіледі; БЦЖ ревакцинациясы
мен туберкулин диагностикасын жүргізу жөнінде 1-сынып оқушыларының ата-аналары мен
заңды өкілдері міндетті жазбаша келісіммен немесе (бас тартумен) міндетті түрде
ақпараттандырылады. №33 СҚ-ның 114 тармағына сәйкес, екпе жүргізуден бас тарту денсаулық
паспортына ана-анасы мен заңды өкілдерінің, сонымен қатар медициналық қызметкердің қол
қойылуымен ресімделеді.
Туберкулез – жұқпалы дерт, оны емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек. Алғашқы вакцинациялау
сәби туылғаннан кейін 1-4 тәулік аралықтарында перзентхана жағдайында жүргізіледі. БЦЖ
егуден кейін пайда болған иммунитет, орта есеппен 5 жыл сақталады.
Сондықтан қайталап вакцинациялау (ревакцинация) 6-7 жаста ,1-сынып оқушыларына
жүргізіледі. Бұл жас мөлшерінде балалар туберкулез жұқтыруға осал болады. Құрметті ата-ана-
лар! Балаларыңыздың туберкулезге қарсы ревакцинациялау кампаниясына 100% қатысуына ат
салысыңыздар!
Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУ
КАМПАНИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ДЕНСАУЛЫҚ-ЗОР БАЙЛЫҚ
2014 жылдың 4-9 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты
бойынша Х-шы мерейтойлық әлем чемпионаты өтті. Жарыста әлемнің 20 елінен 600-ге
жуық спортшылары қатысып, бақтарын сынады. 2013 жылдың қазан айында Чанджу
қаласында өткен Әлем чемпионатын өткізудің эстафетасын 9-шы біріншілікті Қазақстан
алған. Әйелдер құрама командасын қатыстырған елдердің алғашқысы Қазақстан болған.
Алматыға жарысқа 5 елдің әйелдер құрама командасы келді.
9-шы өрт сөндіру – құтқару спорты әлем чемпионатының қорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасы жалпы командалық есеп бойынша 5 орынды иеленді. Жабылу сал-
танаты рәсімінде Халықаралық өрт сөндіруші және құтқарушылар федерациясының
атқарушы директоры А.Калинин Халықаралық өрт сөндіруші және құтқарушылар спорт
федерациясының туын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі
Ж.Смайыловқа табыстады. Өрт сөндіру-құтқару спортының әлем чемпионаты Қазақстан
Республикасы Алматы қаласында өтетіні шешіліп қойған болатын.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өте қызықты және есте қаларлық
халықаралық оқиға болмақ.
Өрт сөндіру-құтқару спорты құтқарушылардың машықтарын жоғарлатып, араларындағы
мықтыны анықтап қана қоймай, аталмыш жарыстар өрт сөндірушінің ерлігін дәріптеп,
адамдарға өрт сөндірушінің күнделікті құтқару жұмыстарын көрсетіп, өрт кезінде өзін-өзі
дұрыс ұстау фактілері маңызды болып табылады.
Алматы Орталық стадионында өтіп жатқан өрт сөндіру-құтқару спортына Ұлттық команда
өздерінің білімі мен дағдыларына ғана сеніп қоймай, қазақстандық жанкүйерлерге сенім-
дерін артып, лайықты өнер көрсетуде.
Әлем чемпионатының дайындық щеңберінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұлттық
біріншілік өткізілді, оқушылар арасында жарыстар, журналистердің оқу полигондарына
және өрт сөндіру бөлімдерінде кезекшіліктері ұйымдастырылды.
Қосымша мәлімет бойынша чемпионаттың баспасөз қызметіне хабарласыңыздар:
http://firesport-almaty2014.com/ https://www.facebook.com/pages/Чемпионат мира по по-
жарно спасательному спорту/1445329029059664?fref=ts
https://vk.com/club73678555
Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №50 өрт сөндіру бөлімі
Қазақстан өрт сөндіру-құтқару спорты
бойынша Х-шы Әлем чемпионатын өткізуде