Ғылыми-практикалық конференциясын дайындау және өткізу бойынша АҚпараттық хат конференцияның ұйымдастырушысы



бет1/6
Дата28.03.2023
өлшемі57,31 Kb.
#76684
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Обл.конф-я СЗ ақпараттық хат 2021




«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық
ғылыми-практикалық конференциясын дайындау және өткізу бойынша
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 


Конференцияның ұйымдастырушысы: 
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Тараз қ. филиалы; 


Конференцияны өткізудің өзектілігі: 
«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу педагог кадрлардың тәжірибесіндегі зерттеудің тиімді үлгілерін таратып насихаттауды және Сабақты зерттеуді жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді талқылауды болжап отыр. Облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде педагогтердің барлық санатын біріктіру келешекте облыс мектептерінің мұғалімдерінің зерттеу тәжірибесін жүзеге асыру үдерісінің біртұтастығын қамтамасыз етеді. 
Конференцияның мақсаты:

  • Қазақстандағы Сабақты зерттеуді енгізу жобасы аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін көрсету және тарату;

  • Өңірдегі сабақты зерттеу тәсілінің тұрақтылығын қалыптастыру және oнлайн форматтағы зерттеу қадамдарын қарастыру;

  • ЖОО орындары мен колледжде сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.



Конференцияның күтілетін нәтижелері: 

  • Сабақты зерттеу тақырыбы аясында облыс педагогтерінің тәжірибе алмасуы; 

  • Сабақты зерттеу тақырыбына арналған баяндамалар мен постерлер жинағын әзірлеу; 

  • Білім беру ұйымдарындағы Сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру үдерісі бойынша жариялымдарды Жетекші мектептердің сайтына орналастыру. 

Конференцияның өтетін уақыты мен орны: 
«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы 2021 жылдың қазан айының 22-ші жұлдызында онлайн форматта өтеді. Конференция ақылы негізде өткізіледі. Тіркелу жарнасы 3 000 теңгені құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет