2.1 Бірінші беттің сол жақ жоғары бұрышында автор(лар) туралы мәліметтер: автор(лар)дың jpeg форматындағы фото суреті; тегі, аты, әкесінің аты (толық); ғылыми дәрежесі (бар болса); қызметтері; жұмыс орындары; телефон және e-mail.
3. Конференцияға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар: 3.1. Зерттеу тәжірибесінің бейнежазбасына (mp4) қойылатын талаптар:
мектептің атауы, аудан/қала;
зерттеудің тақырыбы, зерттеу сұрағы, деректерді жинау әдістері, деректердің талдауы және зерттеудің алдын ала нәтижелері;
жұмыс нәтижелері.
Зерттеу тәжірибесінің бейнежазбасы өткізілген зерттеудің мазмұны мен нәтижелерін аша отырып, 3-5 минуттан аспауы тиіс.
3.2 Постерлік таныстырылымға қойылатын талаптар: Постер слайдына кіреді:
мектептің атауы, аудан/қала;
зерттеудің тақырыбы, зерттеу сұрағы, деректерді жинау әдістері, деректердің талдауы және зерттеудің алдын ала нәтижелері;
жұмыс нәтижелері.
Постерлік таныстырылым өткізілген зерттеудің мазмұны мен нәтижелерін аша отырып, 1 (бір) слайдта көрініс табуы тиіс.
3.3 Баяндамаға қойылатын талаптар:
Авторы
Бірінші беттің сол жақ жоғары бұрышында автор(лар) туралы мәліметтер:
автор(лар)дың jpeg форматындағы фото суреті;
тегі, аты, әкесінің аты (толық);
ғылыми дәрежесі (бар болса); қызметтері; жұмыс орындары;
телефон және e-mail.
Авторлар саны
Бір мақаланың максималды авторлар саны – 3 адам
Мазмұны
автор(лар)дың өзіндік зерттеуіне негізделген;
автор(лар) шынайы тәжірибесінен алынған нақты мысалдарды кіріктірген;
Тақырыптан кейін түйінді сөздер орналасады. Түйінді сөздер мақаланы сипаттайтын сөздерден тұрады және үш тілде 5-8 сөзден тұрады (12 кегль).
Беттерді нөмірлеу
Нөмірленбейді
Жиектер
сол жақ – 3 см, қалғандары – 2 см;
Қаріп
TimesNewRoman, өлшемі (кегль) - 14;
түйінді сөздер, әдебиет тізімі, кестелер – 12 кегль, көлбеу, қызыл жол, мәтін тақырыбы бас әріптермен, жартылай қою қаріп.
Жоларалық интервал – бірлік 1.0
Мәтінді туралау – ені бойынша
Парақ өлшемі
А4(210x297 мм), орналасуы – кітап түрінде
Суреттер мен кестелер
Графикалық объектілер сурет немесе біріктірілген объектілер түрінде болуы тиіс. Графикалық объектілер бет жиектерінен шықпауы және бір беттен аспауы, анық болуы тиіс. Суреттердің атаулары және нөмірлері суреттік астында, кестелердің атаулары және нөмірлері – кестелердің үстінде (11 кегль).
Пайдаланған әдебиет тізімі және сілтемелер
Пайдаланған әдебиет мәтіннің соңында «Пайдаланған әдебиет» тақырыпшаның астында рәсімделеді (11 кегль). Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада дереккөздің тізімдегі реттік нөмірін және үтірден кейін бет нөмірін көрсете отырып белгіленеді, мысалы: [3, б.111] (11 кегль) (12 кегль).
1. Жинақтың редакциялық комиссиясы жоғарыда көрсетілген рәсімдеу ережелерін сақтамай жазылған мақала авторларына сол мақалаларды жарияламау құқығын өзіне қалдырады
2. Редакция авторлар ұсынған ақпараттың шынайылығына жауапты емес. Мақаланың түпнұсқалығы үшін авторлар жауапты