ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Көбесов А. "Математика тарихы" Алматы."Қазақ университеті" 1993-240бет
2 Пичурин П.Ф. "За страницами учебника алгебры"
3 Гутер Р .С., Полунов Ю. П., Джироламо Кардано М Знание 1980-750c
4 Ысқақов М.О., Назаров С.Н. “Математика мен математиктер жайындағы
әңгімелер” Екінші кітап Алматы Мектеп баспасы 1970-364бет
5 Винберг Э.Б. Алгебра многочленов. М.Просвещение,1980-645с
ӘОЖ 51(075)
МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ДЖАВЛАНОВА Г. А. -магистрант
САРЫБАЕВ М. - ф.м.ғ.к., доцент
Шымкент университеті
Ұғым - нақты заттың не құбылыстың жалпы, маңызды және өзiне ғана тән арнайы
белгiлерi мен ерекшелiктерiн бейнелейтiн ойлаудың түрi болып табылады [1]. “Ұғым –
зерттелiнетiн объектiнiң жалпы, сонымен бiрге маңызды белгiлерi, негiзгi ой түйiнi
болатын барлық айрықша сипаттары туралы түсiнiк, мәлiметтердiң тұтастай жиынтығы
туралы пайымдар”, - деп келтiрілген Әбілқасымова А., Д.Рахымбек және басқалардың
еңбегiнде.
Педагогика ғылыми ұғымдарды олардың таным процесіндегі гносеологиялық және
психологиялық маңызына сүйене отырып, білім мазмұнының басты құрылымдық бірлігі
ретінде анықтайды. Оқушыларға ғылыми ұғымдарды игерту мәселесiн зерттеу
Л.С.Выготскийдiң жетекшiлiгiмен басталды. Қазiргi кезде де Л.С.Выготскийдiң анықтаған
ұғымды игеру процесiндегi оқушының ақыл-ой iс-әрекеттерiнiң өзгеру параметрлерiн
пайдалану өзектi мәселе. Ол параметрлерге ұғым өлшемi, ұғымның дерексiздендiрiлуі
және оның қандай да бiр жүйеге ену дәрежелерi жатады. Бұл мәселелердi шешуге көптеген
психолог
ғалымдар:
В.В.Давыдов,
Е.Н.Кабанова-Меллер,
Н.Ф.Талызина,
Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская және т.б. өз үлестерiн қосты.
Н.Ф.Талызина ұғым қалыптасу үшiн оқушы бiрiншiден, нақты облыстағы ұғымдардың
қажеттi және жеткiлiктi белгiлерiн тағайындау операцияларын меңгеру, екiншiден,
обьектiнi ұғымға келтiру, обьектiнiң белгілі бір класқа тиiстiлiк салдарын шығарып алу
және т.б. жалпылогикалық операциялар жүйесiн меңгеру керек деп анықтайды.
Н.Ф.Талызина бойынша ұғымды қалыптастырудың психологиялық механизмiн осы
операциялар жүйесi құрайды.
234
В.В.Давыдов “Мектеп математикасын оқытудағы негiзгi мақсаттардың бiрi
оқушыларға ұғымды және бiлiмдi жалпылай алуды игерту болып табылады”, - дейді.
Математикалық ұғымды игерудегi танымдық iс-әрекеттер құрылымына жалпы және
пәннiң өзiне тән спецификалық ақыл-ой әрекеттерi кiредi.
А.И.Раев бойынша, жалпы ақыл-ой әрекеттерiне: талдау, жинақтау, салыстыру,
дерексiздендiру және нақтылау, жалпылау және арнайыландыру, ұқсастықты тағайындау
және қолдану, жiктеу және оларды жүйелеу жатады. Бұлар жалпыланған ұғымдар мен
пәндiк ұғымдар жүйесiн қалыптастырады, әрi нақты обьектiнiң қажеттi және жеткiлiктi
белгiлерiн тағайындауды қамтамасыз етедi. Пәннiң өзiне тән спецификалық ақыл-ой
әрекеттерiне ұғымға келтiру әрекеттерi және керiсiнше, одан салдар шығару әрекеттерi
жатады, яғни обьектiнiң ұғымға қатыстылық дәйегiнен обьектiнiң қасиеттер жүйесiне
өтемiз.
Кез келген ұғым, әсіресе математикалық ұғым табиғатта бар заттардың елеулі
белгілерін абстракциялау арқылы пайда болады. Математиканың жаратылыстану
ғылымдарынан ерекшелігі – оның ұғымдарының көп сатылы абстракциялау нәтижесінде
пайда болатындығы.
Ж.Икрамов оқушылар математикалық ұғымдарды саналы игеруі үшін ойлау
қызметінің логикалық-генетикалық құрылысын ашудың қажеттігін айта келіп,
математикалық ұғым мен математикалық терминнің байланысын ашып көрсетеді.
Г.И.Саранцев орта мектепте математикалық ұғымдарды қалыптастыру мәселесiн
зерттей келе, оның әдiстемесiнiң педагогика мен психологияның заңдылықтарын
пайдаланып қана қоймайтынын, өзiндiк әдiстемелiк концепцияларының бар екендiгiн
ашып көрсетедi.
Бiз, алдымен, ұғымды қалыптастыру процесiн сипаттайтын логикалық теорияларға
сүйене отырып математиканы оқыту әдiстемесiнiң Г.И.Саранцев еңбектерiнде келтiрiлген
3 негiзгi концепциясына тоқталып, оны анализ бастамалары ұғымдарын қалыптастыруға
пайдаландық.
Достарыңызбен бөлісу: |