Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет273/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   333
 

 

УДК 339.543.2 



 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ 

 

ТОКТАРБЕКОВА. М.Е.  

Халықаралық құқық мамандығының студенті 

Ғылыми жетекшісі: ЖУГРАЛИНА Б.М 

 Тұран Университетінің доценті 



 

Мақала  халықаралық  құқық  жүйесіндегі  экологиялық  қауіпсіздік  мәселесін  жан-

жақты қарастырады. Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық қауымдастықтың 

маңызына  тоқталады.  БҰҰ-ның  Қоршаған  орта  туралы  бағдарламасының  негізгі 

міндеттерін  айқындай  отырып,  экология  саласында  үлкен  жетістікке  жеткен 

мемлекеттер  тәжірибесін  әлемдегі  барлық  мемлекеттерде  жүзеге  асыру  қажет. 

Экологиялық  қауіпсіздік  әлемдегі  барлық  адамдар  үшін  маңызы  бірдей.  Зерттеу 


485 

 

барысында  әлемнің  экологиялық  дағдарысқа  ұшырамауының  бірден  бір  жолы  адам 



әрекетіне тікелей байланысты екеніне көз жеткіздік. 

 

    XXI  ғасырда  экологиялық  мәселелердің  халықаралық  деңгейде  қарастырылуының  екі 



негізгі себебі бар. Біріншісі: ластану мәселесін бір мемлекет қана шеше алмайды. Осыдан 

пайда  болатын  екінші  себеп:  мемлекеттер  өзара  шекара  арқылы  байланысты.  Бір 

мемлекетте  ластанған  ауа  немесе  су  шекаралас  мемлекеттке  де  әсерін  тигізеді. 

Атмосфераның  ластануы,  озон  қабатының  жұқаруы,  ядролық  қарудың  пайда  болуының 

нәтижесінде  әлем  экологиялық  дағдарыс  алдында  тұр.  Қоршаған  ортаның  ластануынан 

келтірілген зиянға халықаралық тұрғыда қарау қажет. Бұл салада халықаралық құқықтың 

алдынан  шығатын  тұжырымдық  кедергі  -  осы  проблемаға  мемлекеттің  көзқарасымен 

қарау.  Себебі  халықаралық  құқықта  мемлекеттің  заңсыз  әрекетінің  кесірінен  келтірілген 

зиян үшін мемлекет қана жауапты болады. Демек, экологиялық мәселелерді шешудің және 

жауапкершілікті 

дәлеледеуден 

бастап 


мемлекеттік 

емес 


құқықбұзушылардың 

жауапкершілігі  мәселелеріне  дейінгі  аралықта  дәлел  жинаудың  тиімді  жолы  әлі  де 

табылмады.  Нәтижесінде  мемлекеттік  қауымдастыққа  келтірген  зияны  үшін  мемлекеттің 

классикалық  жауапкершілігі  жөніндегі  халықаралық  қауымдастықтың  көзқарасы  өзгеріп 

келе  жатқанын  байқаймыз  [1].    Халықаралық  құқық  жүйесінің  басты  субъектісі  ретінде 

мемлекеттер  қоршаған  ортаға  байланысты  халықаралық  қауымдастықтың  принциптеріне 

сәйкес  әрекет  етуі  керек.  БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясы  экологиялық  мәселелерге 

байланысты  бірқатар  қарар  қабылдады.  1972  жылы  Стокгольм  конференциясының 

кепілдемесіне  сәйкес  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  жақсартуға  бағытталған  БҰҰ-ның 

Қоршаған  орта  жөніндегі  бағдарламасы  (ЮНЕП)  қабылданған.  Оның  негізгі  міндеті 

дүниежүзілік  экологиялық  жағдайды  бақылауда  ұстауға  бағытталған.  Бұл  міндет  барлық 

халықаралық  құқық  адамзат  игілігі  үшін  жасалғанның  көрінісі.  Әр  мемлекет  алдында 

үлкен  жауапкершілік  тұр.  Мемлекет  өзінің  территориясында  экологиялық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету қажет. 

 Экология  саласында  ең  үлкен  жетістікке  жеткен  мемлекет  Швейцария  Конфедерациясы. 

1965  жылы  Швейцарияда  14%  үй  шаруашылықтары  суды  тазартатын  жүйені  қостырта 

алған. 2005 жылы бұл көрсеткіш 97%-ға жеткен [2]. Швейцариялықтар суды тазартудағы 

өте тиімді әдістерді практикада қолдана алды. Суды тазартудағы бұл технологияны барлық 

мемлекеттер  жүзеге  асыруының  қажеттілігі  аса  жоғары.  Экологиялық  тұрақтылық 

қамтамасыз  еткен,  қоршаған  ортаны  тазартуда  жүзеге  асыратын  әрекеттерінің  тиімділігі 

жағынан  алғашқы  үштікке  кіретін  Швеция  мемлекеттінің  тәжірибесін  халықаралық 

заңнамаға  енгізу  қажеттігі  туындады.  Швеция  мемлекеті  99%  қоқысты  өңдеуге  жібереді. 

Тек  1%  тұрмыстық  қалдықтар  ғана  қалады.  2002  жылдан  бері  Швецияда  энергия  алуға 

болатын  кез  келген  затты  тастауға  тыйым  салынған  [3].  Экологиялық  проблемалар 

халықаралық  деңгейде  қаралғандықтан  дәл  осындай  тәжірибені  барлық  мемлекеттерге 

енгізуге болады.  

Әлемдік  экологиялық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  мақсатындағы  әрекеттер 

халықаралық  құқықтан  көрініс  табады.  Халықаралық  құқық  адмдарды  қоршаған  ортаны 

ластамауға және қоршаған ортаны қорғауға міндеттейді. БҰҰ-ның 1972 жылғы Қоршаған 

орта  туралы  Стокгольм  конференциясында  қабылданған  декларацияның  кіріспесінде 

қоршаған  орта  “адамның  негізгі  құқықтарын,  оның  ішінде  өмір  сүру  құқығын  жүзеге 

асыру  үшін  …  ең  басты  нәрсе”    деп  аталған.  Ал  1-принципке  сәйкес  “Адам  еркіндікке, 

теңдікке, лайықты және қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін қоршаған ортаға құқылы”. 

БҰҰ-ның  1992  жылғы  Қоршаған  орта  және  оны  дамыту  жөніндегі  конференцияда 

қабылданған Қоршаған орта және оны дамыту туралы Рио-де-Жанейро декларациясының 



486 

 

1-принципінде “Адамзат табиғатпен үндестікте және жақсы өмір сүруге құқылы” делінген 



[4].  Бұл  құжатта  баса  назар  адам  құқықтарына  емес,  мемлекет  пен  мемлекеттің 

егемендігіне аударылған. БұДегенмен, халықаралық құқықтың осы екі саласының арасын 

жақындатуға  бағытталған  шаралар  біртіндеп  қабылданып  жатыр.  Мемлекеттің  азамат 

алдында, азаматтың мемлекет алдында жауапкершілігі бар. Мемлекет экологиялық жүйені 

жақсартуға  арналған  арнайы  бағдарлама  қабылдаса,  ол  мемлекеттің  әр  азаматы,  әр 

тұрғыны  оны  жүзеге  асырған  жағдайда  ғана  үлкен  жетістіктерге  жетуге  болады. 

Бағдарламаны  қабылдайтын  да,  бағдарламаны  жүзеге  асыратын  да  -  адам.  Барша  адам 

қауіпсіз,  денсаулыққа  жайлы,  экологиялық  тұрғыдан  қолайлы  ортаға  құқылы.  Қоршаған 

ортаны қорғау мен экономикалық даму үшін қажеттілік мәселелерінің өзара байланысы - 

қоршаған орта құқығын дамытудағы тағы бір фактор. Даму мен қоршаған ортаны қорғау 

арасындағы  тепе-теңдік  -  қазіргі  кезде  халықаралық  қауымдастықтың  алдында  тұрған 

негізгі  мәселенің  бірі.  Бұл  мәселе,  мемлекеттің  егемендігі  принципі  мен  халықаралық 

ынтымақтастық  принципі  арасындағы  бәсекелестікті  көрсетті.  Халықаралық  құқықта 

экологиялық 

қауіпсіздікті 

қамтамасыз 

ету 

мақсатында 



бірқатар 

мән-жайлар 

қарастырылған.  Олар:  мемлекеттердің  негізгі  міндеттері  және  жауапкершілік 

тұжырымының  мәселелері,  тиісті  стандарттар,келтірілген  зиян,  жеке  тұлғалардың 

келтірген  зияны  үшін  жауапкершілігі,  қауіпті  әрекеттердің  кесірінен  болатын  зиянның 

алдын  алу,  халықаралық  ынтымақтастық  принциптері,  аумақты  пайдалану  принциптері. 

Халықарарлық  қауымдастық,  мемлекет  және  азамат  арасында  орнаған  баланс  арқылы 

экологиялық проблемаларды шешу көрсеткіші жоғары. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет