Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет2/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

 

 

  ӘОЖ 001  



 ҚБЖ 72 

 

   @ Алматы университеті, 2021 



 


 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ 



ПЕДАГОГИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР 

 

ОБРАЗОВАНИЕ И НАУЧНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В ОБЛАСТИ 

ДОШКОЛЬНОЙ ПЕДАГОГИКИ, ПЕДАГОГИКИ И ПСИХОЛОГИИ 

 

 

УДК 81-139  



 

ЭДВАРД ДЕ БОНОНЫҢ "6 ҚАЛПАҚ" ӘДІСІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ  

САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛЫ 

 

МАУИЛОВА Ә.Б.  

Шет тілі -119 тобының 2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: магистр оқытушы ЖУСУБАЛИНА Ж. М. 



 

 В данной статье расскрывается один из интереснейших на сегодняшний день методов 



–  "Метод  6  шляп"  британского  психолога  и  писателя    Эдварда  де  Боно.  Несмотря  на  тот 

факт, что этот метод больше используется в критическом мышлении и психологии, в статье 

предлагается использовать этот метод в педагогике, а именно на уроках английского языка. В 

статье  подробно  расписывается  весь  метод  и  его  особенности  и  в  дополнение  приводится 

способ его использования на примере конкретного учебника.  

 

Қай  мемлекеттің  де  негізгі  тірегі  -  зәулім  сарай,  алтынмен  апталып,  күміспен 

қапталған  күмбездер  де,  ғимараттар  да,  экономикалық  жағдайда  емес,  білімді  де, 

білікті,  белсенді  адамдар.  "Біздің  балаларымыз  білімі  жоғары  жұмысшылар  мен 

инженерлер, банкирлер, мұғалімдер мен дәрігерлер, өнер қайраткерлері, зауыттар мен 

алып  биржалардың  иесі  болады".  (Қазақстан-2030  бағдарламасы).  "Әрине  келешектің 

иесі жастар". Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманға сай көбірек өзгереді. Сондықтан 

заман, қоғам дамуына сай тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені сөзсіз. [1] 

Қазіргі  таңда  педагогика  саласы  осы  бағыт  бойынша  қарқынды  жұмыс  жасау 

үстінде.  Жалпы  білім  алушылар  үшін  білім  берудің  тәсілдері  көптеп  қарастырылуда. 

Сондықтанда педагогика саласында ең маңызды рөл ойнайтын тәсіл немесе жүйе бұл -

әдіс.  


Әдіс  дегеніміз  не?  Әдіс  (грек  тілінде  "methodos"  -  зерттеу)  -  көздеген  мақсатқа 

жетудің  амалдар  мен  тәсілдердің  жиынтығы,  таным  мен  істе  белгілі  бір  нәтижеге 

жетудің жолы. Жалпы айтқанда "әдіс" түсінігінің анықтамасы көп. Көптеген ғалымдар 

(Н.В.Басова,  И.П.Подласый,  В.И.Загвязинский  және  т.б)  әдісті  педагогикалық  іс-

әрекеттің  ең  басты  құралы  деп  есептейді.  Тек  сол  арқылы  оқытудың  өз  нәтижесі 

болады. Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жүзеге асады. [2]  

Оқыту  әдісін  ойлап  табуға  болмайды,  ол  біртіндеп  қолдану  арқылы  дамиды. 

Қолданыстағы  әдістердің  танымдық  бағытына  назар  аудара  отырып,  олардың  көмегі 

арқылы оқушылар оқытушының сүйемелдеуі арқылы білімсіздіктен білімге, толық емес 

және тура емес білімнен анағұрлым толық және неғұрлым тура білімге жететін тәсілдер 

ретінде анықтауға болады. [3] Сондай-ақ педагогика әрі нәзік, әрі күрделі салалардың 

бірі  болғандықтан  оқушылармен  арақатынасы  тығыз  байланыста  болады.  Білім 

алушылар  үшін  оқытудың  осал,  тиімсіз  тұстарын  емес,  барынша  жаңартылған  білім 

беру жүйесін пайдаланып, инновациялық технологияларды жетік меңгеру арқылы білім 

деңгейін жоғарылату.  

Қазақи  сөзбен  бейнелесек  "ит  үрер,  керуен  өтер".  Яғни  ескі  ағымдағы  сабақ  өту 

үлгісін жаңа заманауи үлгіге көшіру. Бұл үдеріс қазіргі таңның өзінде қолға алынып, өз 

нәтижесін  беруде.  Осыған  орай  әлемнің  қаншама  педагог,  доктор,  сарапшылар  мен 




 

психологтар  көздеген  мақсатқа  тез  әрі  сапалы  жетудің  түрлі  тәсілдерін  ұсынуда.  Сол 



сияқты тәсілдердің бірін ұсынған британдық Эдвард де Боно болды.  

Эдвард  де  Боно  деген  кім?  Эдвард  де  Боно  -  әлемде  креативтілік  және  ойлау 

дағдыларына  оқыту  саласындағы  танымал  сарапшы,  шығармашылық  жұмыста  және 

оқытуда  қолданылатын  "Ойлаудың  алты  қалпағы",  "Ойлаудың  алты  фигурасы",  

"Тамаша! Шығармашылық мәселелерді шешуге арналған құралдар", "Ой өнері. Жанама 

ойлау  -  күрделі  мәселелерді  шешу  жолдары",    "Жаңа  ойдың  тууы"  және    т.б.  әйгілі 

әдістемелердің  авторы,  британдық  психолог,  жазушы.  Ол  1933  жылы  19  мамырда 

Мальтада дүниеге келген. Әлемнің озық  - Оксфорд, Кэмбридж, Лондон және Гарвард 

университеттерінде  қызмет  атқарды.  1980  жылдардың  басында,  дәрігер  Э.  де  Боно 

"Ақылдың  алты  қалпағы"  әдісін  ойлап  тапты.  Бұл  еңбегі  ерекше  креативті  түрде 

сұрыпталған.  Яғни  бұл  әдіс  білім  берушілер  мен  білім  алушыларға  миды  одан  әрі 

жұмыс жасатуға, сондай-ақ алынған тақырыпты тереңірек ойлап, ойын ашық жеткізуге 

зор мүмкіндік береді.  

Әдістің  мақсаты:  ортаға  салынған  мәселені  барынша  мұқият  талқылап,  баланың 

жан-жақты ойлау қабілетін дамыту үшін ойдың не сананың  түрлі бөліктерін алты түске 

бөлу.  Бөлінген  алты  түсті  қалпақтардың  әрқайсысы  ойлаудың  түрлі  элементтерін 

білдіреді.  Оқушыларға  қалпақ  беріледі  (шынайы  немесе  жалған,  ой  арқылы),  сынып 

берілген  қалпақтар  арқылы  топқа  бөлінеді.  Мұғалім  сабақты  (әңгімені)  жүргізеді.  Ал 

оқушылар  арасында  сұрақ-жауап  барысында  сын  туса  мұғалім  талқылауды  басқара 

алады.  


Бұл  әдістің  ерекшеліктері:  "Ойлаудың  алты  қалпағы"  әдісі  өте  қызықты  әрі 

күрделі, және де білім алушылар мен ұстаздарға көп шығармашылықпен жұмыс істеуге 

бағыт  береді.  Себебі,  тақырып  бойынша  көп  іздену  керек.  Сол  арқылы  сөз  қорыда 

молаяды,  өз  ойын  еркін  әңгімелеп  жеткізе  алады.  Дегенмен  бұл  әдісті  пайдалану 

алдында  білім  алушыларға  маңызды,  кең  көлемде  ой  өрбіте  алатын,  тақырыпты 

тақырыпқа сай етіп таңдай білу керек. [1] 

Тағы  бір  айтыла  кететін  ескертпе,  бұл  алынып  отырған  әдіс  төменгі  сынып 

оқушыларына  сәйкес  келмеуі.  Себебі,  төменгі  сынып  оқушылары  өзара  пікірталас, 

өзіндік  ой  түю  сынды  дағдылары  толық  қалыптаспаған.  Сабақ  барысында  қойылатын 

сұрақтар мен тапсырмаларға оңтайлы жауап беріп, тығырықтан сытылып шығатындай 

дәрежеде  болуы  керек.  Сондықтан  бұл  әдісті  жоғарғы  сынып  оқушылары  және  ЖОО 

(жоғарғы оқу орындары) студенттеріне пайдалану тиімді тәсіл. 

Алты түрлі қалпақ түстерінің сипаттамалары:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет