Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ



Pdf көрінісі
бет244/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ 

МЕН  ӘДІСТЕРІ 

 

Қаржы мамандығының 3 курс студенті БЕКСҰЛТАН Ж.А. 

Ғылыми жетекшісі: БУЛАМБАЕВ А.Б. 

 «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының э.ғ.м МВА, аға оқытушы 

Алматы университеті 

 

Қаржылық  ресурстарды  пайдалану  тиімділігі  активтер  айналымдылығы  мен 

рентабельділік  көрсеткіштерімен  сипатталады.  Демек,  айналымдылық  мерзімін  және 

шығыстарды  төмендету  және  түсімді  жоғарылату  есебінен  рентабельділікті  көтере 

отырып, пайдалану тиімділігін арттыруға болады. 

Баумоль  моделі.  Кәсіпорын  ақшалай  қаражаттардың  максималды  деңгейіне  ие  бола 

отырып,  жұмыс  жасай  бастайды  деп  болжанады  және  кейін  белгілі  уақыт  кезеңі  ішінде 

оларды  әрқашан  шығындайды.  Кәсіпорын  тауарлар  мен  қызметтерден  түсетін  барлық 

қаражаттарды  қысқа  мерзімді  бағалы  қағаздарға  салады.  Ақшалай  қаражаттар  қоры  біте 

бастағанда,  яғни  нөлге  тең  болғанда  немесе  қауіпсіздіктің  белгілі  бір  деңгейіне  жеткен 

кезде,  кәсіпорын  бағалы  қағаздардың  белгілі  бір  бөлігін  сатады  және  осылай  ақшалай 

қаражаттар  қорын  алғашқы  мөлшеріне  дейін  толықтырады.  Сонымен,  есептесу  шотында 

қаражаттар қалдығының динамикасы өзімен бірге келесі графикті ұсынады (сурет 1.). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Баумоль моделі бойынша  

 

 

 



r

(2xVxC)


Q

,                                                                    (1) 



 

мұндағы,  V  –  ақшалай  қаражаттарға  болжамды  қажеттілік;  C  –  бағалы  қағаздарға 

ақшалай  қаражаттарды  конвертациялау  бойынша  шығындар;  r  –  кәсіпорын  үшін  мүмкін 

қысқа мерзімді қаржылық салымдар бойынша %-дық табыс көлемі

графиктегі Q/2 – ақшалай қаражаттардың орташа қоры. 

Баумоль  моделі  ақшалай  шығындары  тұрақты  және  болжамды  кәсіпорындар  үшін 

қарапайым  және  жеткілікті  деңгейде  қолданбалы  болып  табылады.  Іс  жүзінде  мұндай 

жағдай  сирек  кездеседі;  есептесу  шотындағы  қаражаттар  қалдығы  кездейсоқ  бейнеде 

өзгереді. 

Уақыт 


Есептесу 

шотында 


қаражаттар 

қалдығы 


Q/2 


 

Сурет 1. Есептесу шотында қаражаттар қалдығы өзгерісінің  

графигі  (Баумоль моделі

  




431 

 

Миллер-Орр  моделі  өзімен  бірге  қарапайымдылық  пен  нақтылық  арасындағы 

компромиссті  ұсынады.  Ол  келесі  сұраққа  жауап  беруге  тырысады:  ақшалай 

қаражаттардың  кірісі  мен  шығысын  алдын-ала  білу  мүмкін  болмаған  жағдайда  ақшалай 

қаражаттарды қалай басқару қажет. 

Есептесу шотындағы қаражаттар қалдығын басқару бойынша қызметтердің логикасы 

1 суретте көрсетілген.   

Есептесу  шотындағы  қаражаттар  қалдығы  жоғарғы  шекке  жеткенше  өзгереді.  Бұл 

жүзеге  асқаннан  кейін  кәсіпорын  ақшалай  қаражаттар  қорын  қалыпты  қайтару  нүктесіне 

жеткізу  мақсатында  бағалы  қағаздардың  жеткілікті  мөлшерге  сатып  ала  бастайды.  Егер 

ақшалай  қаражаттар  қоры  төменгі  шекке  жетсе,  онда  бұл  жағдайда  кәсіпорын  өз  бағалы 

қағаздардарын сатады және осылай олар ақшалай қаражаттар қорын қалыпты шекке дейін 

толықтырады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Вариация  қадамы  (жоғарғы  және  төменгі  шектер  арасындағы  айырмашылық)  туралы 

сұрақты  шешуде  келесі  саясатқа  негізделу  ұсынылады:  ақшалай  қаражаттар  ағымының 

күнделікті  өзгерісі  жоғары  және  бағалы  қағаздарды  сату  мен  сатып  алумен  байланысты 

тұрақты шығындар жоғары болса, онда вариация қадамын арттыру қажет. Сонымен қатар 

егер бағалы қағаздар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелерге байланысты табыс алу 

мүмкіндігі бар болса, вариация қадамын төмендету ұсынылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет