ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚР-дағы ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫНА
СИПАТТАМА
БЕКТҰРСЫН Д. -2 курс студенті
Ғылыми жетекші:«Экономика, қызмет көрсету және құқық»
кафедрасының аға оқытушысы МАКСУТХАН Ш.М.
«Алматы» Университеті
В этой статье необходимо создать благоприятную макроэкономическую и
нормативную среду для развития лизинга. С точки зрения экономических отношений
лизинг был одним из финансовых услуг банка, связанным с инвестированием в капитал,
учитывая некоторые важные случаи правовой эффективности, основанные на научно
обоснованных мерах, направленных на реализацию заявки.
Қазіргі уақытта елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа
технологияларды игеру, республикамыздың өнеркәсіп және ғылыми-техникадағы әлеуетін
дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. ҚР индустриалы-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының қабылданғаны белгілі. Осы
стратегияның негізгі мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика
салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді
жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
503
Еліміздегі лизингтік нарықтың жоғарылаудағы басты күші ретінде «Даму» қоры
арқылы жүргізілген бағдарламарды көрсетуге болады. Мұндай мәмілені компания өкілдері
де бір ауыздан мақұлдаған болатын. Себебі осы бағдарламалар аясында шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қаржылай көмектесіп қана қоймай, өнеркәсіпті дамытуда
да үлкен маңыздылыққа ие болып отыр. Солардың ішінде «Лизинг Групп» АҚ компаниясы
да бар. Бұл компания 14 жобаның іске қосылуына және қаржыландыруына 505 млн.теңге
жұмсаған. Сонымен қатар жүз шақты қызмет көрсету орындарын ашып берді. Он ай
мерзіміндегі компанияның қатынасы 22%-ға өскен. Экономика саласындағы полиграфия,
құрылыс материалдарын өндіру, металл бұйымдары, пластмасса, тамақтану өнеркәсібі
сияқты бөліктері белсенді қызмет жасап келді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 46 лизингтік
компания тіркелген. Олардың ішінде белсенді қызмет жасап келе жатқан – Лизинг БРК,
Қазагрофинанс, Халық Лизинг, Лизинг СК, Лизинг Групп және басқалары [1].
Елімізде 2011-2012 жылдар аралығында жаңа лизингтік келісімдер көлемі орта
жылдық есеппен 400 млн. АҚШ долларын құрады. Сарапшылардың пайымдауынша, жуық
арада жаңа жобалар сомасы лизинг нарығында екі есе өсіп, 700 млн. АҚШ долларын
құрайды. Жаңа жобалардың 30 пайызы «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында іске
асырылады деп қарастырылған.
«Өнімділік -2020» бағдарламасы 250-ден астам қызметкері және 3 млрд теңгеден
астам несиесі бар орта және ірі кәсіпорындарды қайта құруға және сауықтыруға
бағытталған. Оны ағымдағы жылы жүзеге асыруға мемлекеттен 19,9 млрд теңге бөлінген
[2].
«Өнімділік-2020» бағдарламасы қолданыстағы «Бизнестің жол картасы»,
экспортерлерді қолдау, инвесторлар тарту, дағдарыстан кейінгі кәсіпорындарды
сауықтыру бағдарламаларын толықтырып, тамамдауға арналған. Тұтас алғанда, мемлекет
жаңа индустриялық саясат аясында бизнесті қолдаудың 100-ге тарта құралын ұсынуға
қазіргі уақытта әзір.
«Өнімділік-2020» жұмыс істейтін кәсіпорындарды модернизациялау бағдарламасы
инновациялық грант беруді, кәсібилігі жоғары шетелдік мамандарды, жобалау және
инжинирингтік мекемелерді тартуды, лицензия сатып алуды, сондай-ақ ұзақ мерзімді
өнеркәсіп құрал-жабдығы лизингіне кеткен шығынның орнын толтыруды қарастырады.
«Өнімділік- 2020» бағдарламасына ықтимал қатысушылардың 65 пайызы құрал-
жабдық сатып алғысы келеді. Қалғандары инженер жалдауды, қызметкерлерді оқытуды,
грант алуды көздейді. Бірақ бәрінен де лизинг тартымды болып тұр.
Кәсіпорынның ескірген құрал-жабдықтың орнына жаңасын қойғысы келетіні
түсінікті. Сондықтан ҚИДИ сарапшы ретінде кәсіпкерлерге заманауи құрал-жабдық сатып
алуға кеңес береді. Қытай мен Ресейде немесе Еуропада құрастырылып, әкелінгені емес,
ең жоғарғы әлемдік деңгейдегісін жеткізген абзал. Өйткені артта қалған технологияны
әкелсек, тағы бір жылға кенжелеп қалуға болады.
Сондықтан «Өнімділік -2020» бағдарламасы шеңберінде қолдаудың бірнеше жүйесі
қарастырылған. Олардың ішінде:
- қатысушыға инвестициялық жобаның кешенді жоспары мен сараптамасын
әзірлеуге жұмсаған шығынының 50 пайызын төлеу 7,5 млн теңгеден аспауы қажет;
- ұзақ мерзімді лизинг қаржыландыруы –150 млн теңгеден жоғары лизингтің
сыйақы мөлшерлемесі 7,5 пайыздан аспауы тиіс;
- кәсіби жобалау және инжинирингтік мекемелерді тартуға ынталандыру;
- инновациялық гранттарды ұсыну, кәсібилігі жоғары шетелдік мамандарды тарту
жобаны орындау фактісі бойынша шығынды жабуды қарастырады және 50 пайыз көлемді
құрайды, бірақ ол жылына бір маманға 9 млн теңгеден аспауы тиіс;
504
- заманауи басқару және өндірістік технологияларды енгізу.
Қазір ҚИДИ отандық кәсіпорындарды модернизациялауға арналған мамандарды
даярлау және қайта даярлау тұжырымдамасын әзірлеуде. Ол БҰҰ-ның UNIDO ұйымымен
және Халықаралық бизнес академиясымен бірігіп, маман даярлау жобасын жүзеге
асырмақ. Өйткені ертеңгі күні құрал-жабдығын жаңартқан кәсіпорынның алдынан
инженер мамандарды даярлау және қайта даярлау мұқтаждығы шығады [3].
«Өнімділік – 2020» бағдарламасына 113 компания қазіргі уақытта қызығушылық
танытып отыр. Қаржы соның 50 шақтысына жетеді.
«Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында қазақстандық компаниялардың лизинг
портфелінде өңдеу өндірісі үлесінің өсуін болашақта күтеміз. Шетелдік инженерлік-
техникалық мамандарды тарту және кәсіпорынның модернизациялау жобасының
сараптамасын дайындауға жұмсалатын шығынның тең жартысын өтеу, кұрал-жабдықты
7,5 жеңілдетілген пайызбен лизинг арқылы қолданысқа беру – осындай нақты қолдау
тетіктері Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен іске асырылып
жатқан бағдарламада қарастырылған.
Лизинг - өндірістік өнеркәсіптерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді
қаржыландырудың ең нәтижелі үлгілерінің бірі болып есептеледі және жекеменшікке
сатып алу мүмкіндігі қарастырылған ұзақ мерзімді жалға берудің қаржылық құралы болып
табылады. Халықаралық лизинг нарығының көшбасшылары болып табылатын АҚШ,
Германия, Жапония, Франция және Қытай мемлекеттері соңғы жылдары қарқынды өсу
динамикасын көрсетуде. Сондықтан, қазақстандық лизинг нарығының дамуы дүниежүзілік
лизинг нарығындағы негізгі үрдістерге сай қалыптасады.
Дегенменде бүгінде Қазақстанның аумағында лизингтің дамуы бастапқы сатыда
тұр. Лизингке берілетін техникалар мен құралдардың көп бөлігі шетелдік өндірушілерден
сатып алынады, себебі Қазақстанда мұндай өндірістер жоқ. Бірақ Салық кодексіне 2004
жылы сәуірде үкіметпен бекітілген тізім бойынша 2012 жылдан бастап құралдарды
импорттауда ҚҚС босатылады деген норманың күші жою бойынша норма енгізілді.
Лизингтік компаниялардың клиенттері үшін бұл айқын сезіледі, себебі екінші деңгейлі
банктер немесе қаржылық лизинг несиелерін таңдауда құралдарды импорттауда ҚҚС
босату туралы лизингтің негізгі басымдығынан босату туралы қарастырылған. Бірақ,
заңнамалық актілермен бұл жағдай түзетілуі мүмкін [4].
Соған қарамастан лизинг тартымды құрал болып қала бермек. Біріншіден, бұл
үлкен ақша, екіншіден, айналымдық қаражаттан үлкен сомаларды ала алмайсың, 15-20%
аванстан басқа. Қазір көпшілік түсіне бермейді, лизинг несиеге қарағанда аса тиімді құрал.
Сонымен қатар, көптеген кәсіпкерлерді техникалық құрал жабдықтарды кең таңдауды,
бірқатар кәсіпкерлерді өздерінің бизнесіне терең қарауына, дамудың жаңа жолын табу
алдында көптеген мәселелер тұр. Көптеген кәсіпкерлерге ақша алып, техниканы сатып алу
жеңілірек.
Өткен он жылдық ішінде Қазақстанның лизингтік компанияларының жиынтық
портфелі $1,4 млрд. дейін өсті, оның ұлғаюының орташа жылдық динамикасы (60%)
экономикалық өсімнің қарқынын артта қалдырып отырды (10% жуық). Мұндай
мәліметтерді «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі «Қазақстанның лизингінің
нарығы: жас, бірақ болашағы зор» зерттеуінде келтірді [5].
Ал сарапшылар отандық лизинг нарығының потенциалына жақын және алыстағы
болашақта жоғары баға беріп отыр. Қазақстандағы лизинг нарығы негізгі қорларды
жаңарту және үкіметтік бағдарламалардың көмегімен экономиканы демеу қажеттіліктері
орындалған жағдайда, өсуге бейім болып табылады. «Дегенмен, елдегі іскерлік
белсенділіктің төмендігі себебінен, біз ағымдағы жылдың соңына дейін лизингтік
505
заемдардың портфелі айтарлықтай өседі деп күтпейміз. Біз отандық лизинг нарығының өсу
қарқыны жалпы экономиканың сауыға бастауымен қалыптасады деген ойдамыз, ал бұл
үшін кем дегенде бірнеше жыл қажет», – дейді «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік
агенттігінің сарапшылары.
Лизингтің ең басты және бір ғана кемшілігі заңнамалық талаптарды орындаудың
қажеттілігінде болып табылады, қаржылық лизинг шартын 3 жылдан бұрын бұзған
жағдайда, оның ішінде лизинг алушы дефолтқа ұшыраған жағдайда, бұл көптеген
қосымша шығындардың көзі болып отыр (лизинг бойынша есептелген сыйақыға ҚҚС пен
КТС төлеу). «Өкінішке орай, лизинг алушыдан дефолт шарты бойынша алынған лизинг
затын екінші рет лизингтеуді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру өте қиын, себебі көптеген
заңнамалық шектеулер көп».
Қазақстандағы лизингтік нарықтың даму негізі 2000 жылы «Қаржы лизингі туралы»
заңның қабылдануымен байланысты болды. Лизинг нарығы қаржы нарығының ең бір тез
дамып отырған нарығының біріне жатады.
Лизингтік нарықтың мұндай қарқынмен дамуы өндірістің негізгі құралдарының
жоғары дәрежеде тозуы, жаңа өндірістің дамуы, алдыңғы жылдардағы қарқынды
құрылыстың дамуымен, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен тікелей байланысты.
Бірақта, Қазақстанда біршама лизингтік операциялардың көлемі өскенімен, лизинг
негізгі құралдардың жаңаруын қаржыландырудың толық қанды құралына айнала алмай
отырғандығы жасырын емес.
Ендігі жерде лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың
ерекшеліктеріне тоқталайық.
Бүгінгі таңда еліміздегі отандық лизингтік компаниялардың сырттан қаражаттар
тарту мүмкіндігі жылдан-жылға ұлғайып келеді деуге болады. Оны екінші деңгейлі
банктерден экономика салаларына бөлінген лизингтік операцияларды қаржыландыруға
арналған сомалар көлемінен көруге болады
Қазіргі уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп отырған орта және
ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағының жоғарлауы еліміздің экономикалық өсуіне
әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, лизингтік операциялардың
ұзақ мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, онда бүгінгі танда лизингтік
компаниялардың коммерциялық қызметінде және отандық лизингтік нарықтың
стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда банктік несиелердің маңыздылығы артуда.
Мұндай жағдай лизингтік компанияның банк алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз
уақытында орындауын және өтімділік деңгейін қамтамасыз етуін талап етеді.
Екінші деңгейлі банктер лизингтік фирмалармен несиелік қатынастарды
ұйымдастыру кезінде несиелеудің банкте қабылданған жалпы тәртіптерін пайдалану
арқылы жүзеге асырады. Сондықтан да мұндай несиелік операцияларды клиенттерге несие
беру бойынша қарапайым активті операциялар ретінде де қарастыруы мүмкін. Бірақ кейбір
жағдайларда лизингтік компаниялар үшін несиені беру және оны өтеудің ерекше
механизмін жасауды да қарастырады. Яғни, лизингтік компанияларға берілетін несиелер
бойынша баға белгілеудің және олардың төлем қабілеттілігін анықтаудың ерекше
қағидалары көрсетілуі мүмкін.
Бірақ, екінші деңгейлі банктер лизингтік мәмілелерді қаржыландыруда әлі де болса,
ынталанушылық байқалтпай отыр, мұны бірнеше жағдайлармен түсіндіруге болады.
Біріншіден, банктер өзінің несиелік саясатын ескеретін көп жоспарлы қызметін атқарып
отыр, оның құрамына қаржылық лизинг мәселелері әрқашан кіре бермейді.
Екіншіден, банктердің белгілі бір бөлігі бұрынғыдай өндірістік қызметпен
байланысты емес операциялардан кіріс алуды қалайды. Ал өндірістің түрлі салаларындағы
506
лизингті ұйымдастырудың және жүргізудің айқын процедуралары болмағандықтан,
банктерге оған қызмет көрсетудің сәйкес стандарттарын жасауға және оларда өзінің
қатысуының тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |