ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңы, Егемен Қазақстан
12/УП-00 (10.07.2003 ж. N 483-П; 10.03.2004 ж. N532-П толықтырулармен).
2.
www.lising.kz
3.Газман В.Д. «Лизинг: теория, практика, комментарии», М. 2004
4.Қазақстанның қор биржасы ресми сайты -
www.kase.kz
5.
www.businesspress.ru
УДК 343.9(67.51)
ЭКСТРАДИЦИЯ ИНСТИТУТЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ
ҚҰЗІРЕТТІЛІК
КЕНЕСХАН Е.К. – 2 курс «Құқық» мамандығының магистранты
Алматы Университеті
Экстрадиция мемлекетаралық тәжірибеде қолданылатын заңдық процедура ретінде
қылмыстық юридикция сияқты фундаменталды құқықтық санамен тығыз байланысты.
Мұндай өзара байланыс ең алдымен заңдық құзіреттілік аспектілерінсіз ұстап беруді
жүзеге асыру мүлдем мүмкін еместігі жағдайынан туындайды. Біріншіден,
экстрадициялауға ұшыраған тұлға өзі тұрып жатқан және шетелдік мемлекеттің
сұранысын қанағаттандыру үшін шешім қабылдайтын мемлекеттің заңдық құзіреттілігі
субъектісі болып табылады. Екіншіден, индивид тұратын мемлекеттің өзі егер қылмыс
өзінің жеке мүддесіне және азаматтарының мүддесіне тиетін болса, сұрау салынған
тұлғаға қылмыстық заңдық құзіреттілігін жүзеге асыра алады. Екінші жағынан, сұрау
салынған мемлекеттің мүдделеріне зиян тимей, айыпталушыны ұстап бермеген жағдайда
да ол халықаралық қауымдастықтың мүддесіне қайшы келген қылмыстары үшін, атап
айтқанда, геноцид, адамға қарсы қылмысы, әскери қылмыстары үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартыла алады. Үшіншіден, сұрау салынған мемлекеттің ұстап беруге
негіз бола алатын және өз аумағында жасалған қылмыстарға өз қылмыстық
юрисдикциясын қолдануы экстрадициялаудан бас тартуға негіз болады. Төртіншіден,
экстрадициялауға бірнеше ел үміткер болған жағдайда түрлі мемлекеттердің заңдық
құзіреттіліктерінің бетпе-бет келуі жағдайында бұл мәселе кімнің қылмыстық заңдық
құзіреттілігі басымдыққа ие тарапқа тұлғаны беру арқылы шешіледі. Осыған байланысты,
экстрадициялық құқықта юридикцияның практикалық проблемаларына аударылатын осы
маңызды көзқарас экстрадициялық процестің қиын мәселелерін реттеуге қызмет етеді [1,
112-116 б.].
Заңдық және қылмыстық юридикцияда заңдық құзіреттілік мәселесі заң ғылымында
жеткілікті түрде нақты әзірленген, осыған байланысты біз оған арнайы назар аудармаймыз.
Біз тек экстрадиция проблемаларына қатысты өзімізді қызықтыратын қылмыстық
юридикцияның жекеленген аспектілерін қараймыз.
507
Құқықтық ғылымда халықаралық қылмыстық құқықта және қолданыстағы ұлттық
заңнамаларда қолданылып жүрген қылмыстық юрисдикцияның бес түрін бөліп қарайды:
- аумақтық юрисдикция, мұның негізінде қылмыс жасалған орын (locus delicti
commissi) критериі жатады;
- айыпталушының азаматтығы принципімен негізделетін активті жекешілдік
немесе азаматтық;
- мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына зардап шегушінің азаматтығы үлкен
мәнге ие болатын пассивті жекешілдік проблемасы;
- қылмыс мемлекеттің заңдық құзіреттілігіне тиетін мүдделеріне қатысты болған
жағдайда қолданылатын протективтілік немесе қорғаушылық;
- ең алдымен жасалған іс-әрекеттің сипатына көңіл аударатын әмбебап
юрисдикция.
Іс жүзінде жүзеге асырылуы қылмыстық жазаланатын іс-әрекетпен тікелей
байланысты болатын экстрадиция қылмыстық юридикцияның әр түрлі нысандарымен
өзара әрекеттілікте болады және осы әрекеттілік әр нақты жағдайда өз спецификасына ие.
Юрисдикцияның қолданыстағы түрлеріне талдау жасаудан олардың көпшілігі
эксаумақтық (экстрааумақтық) сипатта болатынын көреміз. Мұндай жағдай халықаралық
және ұлттық қылмыстық құқықта құқық қолданушы мемлекеттің ұлттық аумағының
сыртында орын алған іс-әрекетті қудалаудың дұрыстығын танудан шығады. Заң ғылымы
мен құқықтық тәжірибеде юридиуцияның эксаумақтық принциптері бірыңғай қолдауға ие
деп айтуға болмайды, дегенмен, бұл оларды көптеген мемлекеттер тарапынан қолдануға
үлкен әсер етпейді [2, 128-140 б.].
Қазақстан суверинетінің мызғымастығына негізделген аумақтық принципке сәйкес
Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған барлық
тұлғалар ҚР ҚК бойынша жауапкершілікке тартылады (7-бап, 1-тармақ). Францияның
қылмыстық заңнамаларында қылмыстық юридикцияға анықтама беру негізіне аумақтық
принцип салынған, яғни, осы мемлекеттің аумағында жасалған барлық қылмыстар оның
сотының заңдық құзіретіне кіреді және ішкі заңнамалар негізінде қаралады. Франция
Қылмыстық кодекінің 113-2 бабына сәйкес, француз қылмыстық заңнамалары Республика
аумағында жасалған қылмыстық іс-әрекеттерге қатысты қолданылады. Мұндай
нормаларды көптеген мемлекеттердің қылмыстық кодекстерінен кездестіруге болады [3,
28 б.].
Халықаралық құқық теориясында белгілі бір мемлекеттің суверинетінің астындағы,
яғни, сол шектерде өзінің аумақтық билігін жүзеге асыратын аумақ мемлекеттік деп
танылады. Остров-Пальмас ісінде айтылғандай, Жер үсті бөліктеріне қатысты суверенитет
осындай бөліктердің кез келген жекеленген мемлекет аумағы құрамына қосылуға қажетті
құқықтық талапты білдіреді.
Жекеленген мемлекеттердің сот тәжірибесінде «аумақ» түсінігі мемлекеттің тиімді
юрисдикциясы шегіндегі барлық нәрселердің басын біріктіреді. Я. Броулнидің әділ
айтқанындай, соттар «аумақ» түсінігін юридикцияны нақты және тиімді жүзеге асырумен,
тіпті заңдық құзіреттілікті жүзеге асырып отырған мемлекеттің мұны қандай да бір дұрыс
немесе ақырғы құқығынан айыру актісінің негізінде жүзеге асырып отырмағаны белгілі
болған жағдайда да ұқсастыруға дайын тұрады.
Аумақтық принципке сәйкес, яғни, қылмыс жасалған орынның заңдары бойынша
қылмыс жасалған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да жауапқа тартылады.
Иммунитетке ие шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің қылмыстық
жауапкершіліктеріне келетін болсақ, бұл тұлғалар жасаған қылмыс мәселелері
дипломатиялық жолмен шешіледі. Дипломатиялық мәртебесі бар тұлғалардың
508
жауапкершілігін реттеу оларды тұрып жатқан мемлекеттің юридикциясынан алу
принципіне негізделеді. А. Фердросс дипломатиялық өкілдер негізінен тұрып жатқан
мемлекеттің жалпы нормаларына (заңдары мен қаулыларына) бағынады деп жазды.
Алайда олар сол мемлекеттің заңдық құзіреттілігінен алынып, еркінен тыс әсер ету
шараларын қолданудан босатылады [4, 266 б.].
Дипломаттардың дербес қол сұғылмаушылығы және олардың қылмыстық
юридикциядан иммунитеті императивті сипаттағы халықаралық құқық нормаларымен
реттеледі. 1961 жылғы 18 сәуірдегі Вена дипломатиялық араласу туралы конвенциясы,
1963 жылғы 8 сәуірдегі Вена консульдік араласу туралы конвенциясы сияқты
фундаменталды сипаттағы бір қатар халықаралық инструменттер иммунитеттің
фундаменталды сипатын растайтын құқықтық нормалар жүйесін қарастырады [5,36-37 б.].
Азаматтық мемлекетке тиесілігі және суверенитет аспектісі ретінде эксаумақтық іс-
әрекеттерге қатысты заңдық құзіреттілікті жүзеге асыру негізінде танылады. Азаматтық
принципі мемлекеттің өз азаматтары үстінен жоғары юридикцияға ие болатынын білдіреді,
ал бұл, сәйкесінше, юридикция қатысқан адамның азаматтығына емес, іс-әрекеттің
жасалған жеріне көбірек негізделетінін білдіретін аумақтылық принципіне қайшы келеді.
Азаматтық принципті ұстанатын елдер өз азаматтарын өзге елде соттау жағдайларына
жақсы қарамайды. Осы принципті, атап айтсақ, Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамалары да ұстанады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 8-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының
шегiнен тысқары жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан
Республикасының азаматтары, егер олар жасаған іс-әрекет аумағында сол іс-әрекет
жасалған мемлекетте қылмыстық жазаланады деп танылса және егер осы адамдар басқа
мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Аталған адамдарды соттаған кезде жазаны аумағында қылмыстық құқық бұзушылық
жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық
жауаптылыққа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке беруге болмайтын
жағдайларда, олар да осы негіздерде жауаптылықта болады [6].
Азаматтық принципке сәйкес тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту
экстрадициялау туралы сұрау салынғанда қосымша түсінік беруді қажет ететін кейбір
сұрақтарды туындатады.
Шетелде қылмыс жасаған азамат, негзінде ұстап беруге жатпайды, алайда, бұл
оның жазасыз қалатынын білдірмейді, өйткені оны азаматтық принципке сәйкес
қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі бар. Мұндай жауапкершілікке елде
азаматтығы болмаса да тұрақты тұрып жатқан тұлға да тартыла алады, алайда оны ұстап
беруді немесе экстрадициялаудан бас тарту және жауапкершілікке тартуды тұрып жатқан
мемлекет шешеді. Халықаралық құқықта да, ұлттық заңнамаларда да азаматтарға қатысты
мұндай талаптар болса да, оларды ұстап беруге қатаң тыйым салынбаған. Алайда
экстрадициялаудың барлық жағдайларында азаматығына байланыссыз осы салада
қолданылатын жалпы шектеулер қолданылады.
Осылайша, шетелде қылмыс жасаған өз азаматтарын ұстап беруден бас тарту кінәлі
адамдардың жазаланбауын қолдауды білдірмейді, өйткені оларды азаматтығы бар
мемлекеттің қылмыстық заңнамаларымен жазалау мүмкіндіктері бар. Бұлар туралы
маңызды халықаралық заңдық инструментерінің тікелей тапсырмалары бар. Еуропалық
экстрадициялау туралы конвенцияның 6-бабына сәйкес, егер сұрау салынған тарап өз
азаматын бермесе, ол сұрау берген тараптың өтінішімен істі өздерінің құзіретті
509
органдарына беріліп, қажет болған жағдай да тергеу жүргізіледі. БҰҰ-ның
Экстрадициялау туралы типтік шарты 4 («а») бабына сәйкес, ұстап беруден сұрау
салынған мемлекеттің азаматы болуы негізінде бас тартылған жағдайда, егер бұл туралы
сұрау берген мемлекет өтінсе, ұстап беру туралы өтініш түскен тұлғаға қатысты тиісті іс-
шаралар алу мақсатымен істі өзінің құзіретті органдарына тапсырады [7].
Жекеленген мемлекеттер қылмыстық жауапкершілік мәселелерінде жоғарыда
қаралған аумақтық және азаматтық принциптерден басқа протективтік және пассивті
дербестік принциптеріне жүгінеді.
Протективтік (немесе қауіпсідік) принципіне сәйкес мемлекеттің заңдық
құзіреттілігі тұлға іс-әрекетін өз аумағынан тысқары жерде жасаған, алайда, бұл
мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірген деп есептелетін жағдайларда
қолданылады.
Протективтік принцип тұлғаның іс-әрекеттеріне мемлекеттік юридикцияны анықтау
үшін қосалқы базис ретінде қарастырылады және аумақтық және азаматтық принциптер
сияқты үлкен мәнге ие емес. Ол зардап шеккен мемлекеттің сыртында жасалған іс-әрекет
оның суверинетіне қарсы жасалған қылмыс болып есептелген жағдайда қолданыла алады.
Мұндай қылмыстарға жарылғыш заттар салу, сатқындық, шпионаж және т.б. жатады.
Сонымен қатар, осы принципке сәйкес, түрлі экономикалық қылмыстар жасаған
тұлғалардың көші-қон ережелерін бұзғаны үшін жазалау жоққа шығарылмайды.
Тәжірибеде протективтік принципті қолдану бір қатар істерде, соның ішінде
атышулы United States v. Pizzarusso ісінде қолданылды [8, 299 б.].
Бұл іс бойынша кінәлі тұлға АҚШ-та көші-қон визасын алу үшін Канададағы
Америка Құрама штаттарының консулдығында жалған мәлімдеме жасайды. Алайда бұл
қылмыстың бір де бір элементі АҚШ-та білінбеді. Дегенмен, округтік сот жалған
мәлімдеме Құрама штаттарға кері әсерін тигізді деп анықтап, сәйкесінше оны өз заңдық
құзіреттіліктеріне жатады деп шешті.
Қаралып отырған принцип пен әмбебап юрисдикцияның принципінің ортасындағы
айырмашылығы мынадан тұрады: соңғы аталған принцип халықаралық сипаттағы
қылмыстың тек белгілен санатына ғана тарайды, ал біріншісі жекеленген мемлекеттердің
мүддесіне келтірілетін залалдың кез келген іс- әрекетіне әсер етеді. Егер тұлға жасаған
қылмысы салдарынан мүддесі жапа шеккен мемлекеттің аумағынан тыс жерде болса, сол
тұлғаны протективті принципі негізінде қудалауда оның сот алдында жауап беруі үшін
экстрадициялық механизмдерді пайдалану керек. Егер ұстап беруден бас тарту себептері
болмаған және ол сұраныс берген мемлекетке экстрадицияланған жағдайда ғана тұлғаның
жазалануы мен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қамтамасыз етіледі [9, 261 б.].
Белгілі бір категорияға жататын қылмыстық істерге қатысты халықаралық құқықта
мойындалған *aut dedere aut judicare* қағидасы қылмыстық әрекеттердің кейбір
түрлерімен күрес бойынша кейбір халықаралық келісімдерде, әлемге және адамзаттың
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар Кодексінің жобасында, сонымен қатар, ұлттық құқықтық
актілерде өз орнын тапты. Мәселен, терроризмді қаржыландырумен күрес туралы
Конвенцияда территориясында қылмыс жасаған немесе жасаған деп күдіктелген адам
жүрген мүше мемлекеттің егер қылмыскерді қандай да бір ерекшеліктерге және қылмыс
оның территориясында жасалған-жасалмағанына қарамастан бермесе, онда артық
шығынсыз істі өзінің құзырлы органдарына осы мемлекеттің заңнамаларына сәйкес
тексерулер жүргізу арқылы сот қуғындауы үшін тапсыруы қарастырылған. Осындай
нормалар терроризмнің көптеген актілерімен күрес бойынша басқа да конвенцияларында
қарастырылады.
510
Швейцария елінің қылмыстық заңнамалығында төмендегі жайттар да қарастырған,
айталық, халықаралық келісімдерге байланысты қудалануы керек тұлға шетелге ұстап
берілмесе және елдің өзінде болса, жауапкершілікке тартылады. Басқаша айтсақ,
швейцариялық заңнамаларға сәйкес, in absentia әмбебап заңнамалығы қолданылмайды [10,
7 б.].
Осылайша, ұлттық заңнамаға сәйкес, әмбебап юрисдикция қолдану үшін
айыпталушының қатысу қажеттілігі туралы шарт керек емес. Әрине, егер айыпталушы
құқыққорғаушы мемлекеттің аумағында болса, онда бұл жағдай оның қылмыстық
қудалауын жеңілдетеді. Егер ол тұлға шекара аумағынан тыс жерде болса, әмбебаптық
принциптің негізінде жауапқа тартылса, онда оның жеткізілуі эктрадицияның көмегімен
жүзеге асады және осыған байланысты тұлғаны қылмыстық қудалауға алдын ала жіберуді
жүзеге асыру үшін аталған юрисдикция түрімен тығыз өзара байланыс орнатылады.
Экстрадициялық механизмдердің жұмыс істемеуінен мүдделі мемлекеттің (тұлғаны
қылмыстық қудалаудағы) шекара аумағынан тыс жерде жүрген тұлғаға қатысты әмбебап
юрисдикцияны қолдануы тіптен қиын. Әмбебап юрисдикцияны халықаралық аса қауіпті
қылмыстар қатарына қатысты қолдану төтенше маңызды болып табылатынын және өте
қажет екенін ескере отырып және халықаралық қылмыстық әділет соттарының жүйесіне
кедергі келтірмей, көрсетілген актке қудалау бойынша қылмыстық әділеттің ұлттық
органдары дербес әрекет жасауға мүмкіндігі бар, сонымен қатар, осының барлығы
қаралатын юрисдикция түрінің нақты механизмнің қажеттіліктерін жоймайтынын да
ескеру қажет.
Әмбебап
юрисдикцияны
жүзеге
асыруды
мемлекеттердің
халықаралық
міндеттемелерінен бөлініп қарауға болмайды, өздері арқылы жүзеге асқан халықаралық
келісімдерге сәйкес, ешқандайда лимиттелінбеген ешқандайда құқықтық кедергілермен
жекеленген мемлекеттерде юрисдикцияны қолдану жүздеген жылдар бойы жинақталған
халықаралық қатынастар жүйесіне салмақты сынақ келтіруі мүмкін. Атап айтқанда, бұл
Congo v. Belgium ісінде ең өткір пікірталасқа айналған иммунитет мәселесіне қатысты.
Басқа жағынан алып қарағанда, ұлттық заңнама шекара аумағынан тыс жасалған
қылмысқа әмбебап юрисдикцияны жариялауға толық емес, өз бетінше қабылдауға
негізделген шешімдерге тосқауыл қоятын икемді заңдық механизмдерін қарауы тиіс.
Үлкен көлемдегі өзге де түсініктер бірқатар мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген.
Көп ұзамай Конгадағы сыртқы істер министрі азамат Ндомбасидың ісі бойынша процестен
кейін Бельгия ұлттық заңнамалық актілеріне мемлекет басшылары мен сыртқы істер
министрлерінің иммунитет мызғымастығын растаған салмақты өзгерістер енгізгені
кездейсоқтық емес. Соның ішінде, 2003 жылғы 5 тамыздағы Заңға сәйкес, Бельгияның
Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 1 енгізілген бөлігіне 1-bis бабы қосылды, 1
параграфында халықаралық құқыққа сәйкес, қудалауға мынадай жағдайлар жатпайтыны
қаралған:
мемлекет басшылары, үкімет басшылары және өзге елде өзінің қызметтерін атқару
кезіндегі сыртқы істер министрлері, тағы да басқалар;
халықаралық құқық негізінде иммунитетті пайдаланатын тұлға;
Бельгияның халықаралық келісімшарттары беретін иммунинеттерге ие тұлға (толық
немесе ішінара).
Қылмыстық юридикция мен экстрадициялаудың өзара әрекеттестігінің түрлі
мәселелерін
қарауды
жиынтықтай
келе,
көрсетілген
құқықтық
институттар
қылмыстылықпен күрестің халықаралық тәжірибесі үшін «бір-біріне қажетті» деуге де
болатындай, бір-бірін толықтыратын және қылмыстық-құқықтық салада халықаралық
511
ынтымақтастық режимінің тиімді қызметін қамтамасыз етуге арналған инструменттер
екендігін сеніммен атап өтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |