ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН ДАҒДАРЫС
САМАРОВА А.Д., ДЖУМАГАЛИЕВА А.А.
Педагогика және психология мамандығының студенттері
Ғылыми жетекші: КАРИБАЕВ Ж.А. аға оқытушы
Алматы университеті
Жасөспірім өзге жастағыларға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерде көп
әңгімелес болып, жие көтеріледі. Себебі, бұл кезеңде оның психикалық даму
ерекшеліктері жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге
тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың
қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келеді.
Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдар мен қарым-
қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс,т.б.
жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатындығында.
Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен
қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе, енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға
икем келеді. Жасөспірім «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп
ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрселер келе
бермейді. Ересектер ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші
мектеп жасындағылардай.
Жасөспірімдердің осы сияқты қасиеті қазірде де және өткен дәуірлердің
жасөспірімдеріне де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен
адамдардың талабына оңайлықпен көне кетпейді. Себебі, біріншіден, қазіргі кезде
оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағының көбінесе оқудан
басқа айналысатын тапсырмасы жоқ. Ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай
алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Екіншіден, радио арқылы ересектерге арналған
хабарларды естіп, не фильмдерді көріп, соларға еліктейді. Үшіншіден, әсіресе қалалық
жерде жасөспірім өзімен қатар, не үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз
әдеттеріне еліктейді.
Ал жасөспірімнің бала кезеңінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан
жаңа сапа, бірақ осыған ауысудың себебі, сол болып келген психикалық дамудың
салдарынан: егер үлкендер жеткіншекті бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейдік деп
санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете
алады. Жасөспірім арасында радиотехникамен әуестенушілік көптеп кездеседі. Сабақтан
тыс уақытта олар радиотехника не электроника техникасымен танысып, едәуір білім
алады. Мұнымен қатар бұл жастағылардың бойынан әлі-де балалық кездесіп тұрады
(мысалы, ұлдар қыздардың шашын тартып мазалауы, т.с.с), бірақ сол жеткіншек таныс
емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға тырысады.
Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін
қасиеттің бірі. Қоғамдық ортаның жасөспірімді тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының
ерекшелігіне қарай жастарға қоятын талап үнемі өзгеріп отырады. Осы талапқа сай олар
бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы
әртүрлі фантастикалық іске ұмтылдырады.
Жасөспірімдік шақ – балалардың өздері үшін де, олардың тәрбиешілері үшін де
күрделі кезең. Бұл кезеңде баланың физиологиясы мен мінез-құлқында, іс-әрекеті мен
99
жүріс-тұрысында бірқатар өзгерістер болады. Сондықтан осы жастағы оқушылармен
тәрбие жұмысының мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері де өзгеше келеді.
Жасөспірімдер адамдарда әсіресе достыққа адалдықты, ұжымшылдықты,
батылдықты, ерлікті, принципшілдікті бағалайды. Ол өзін әсіресе осы қасиеттерге
тәрбиелегісі келеді, сол бойынша басқа адамдарды да бағалайды. Жасөспірімдер
үлкендерге ұқсауға тырыса отырып, кішкентай болып көрінуден қорқады, өзін танытудың
жолдарын іздейді. Олар бұл жолдың формаларын таңдайды. Соның бірі дербестік пен
батылдықты теріс түсіну арқылы өзін таныту. Жасөспірім өздерін мәдиниетсіз, алқа-салқа,
дөрекі,
кейде
тіпті
кісі
шамданғандай
жиі
ұстайды,
сөйтіп,
өздерінің
тәуелсіздігін,турашылдығын, принципшілдігін, батылдығын көрсете аламын деп санайды.
Сезімталдық, қайырымдылық, сыпайылық, әдептілікті сақтау сияқты сапаларға неғұрлым
аз назар аударады. Олар зейінділікті, сыпайылықты, елгезектікті, әсіресе, үлкендерге,
ересектер мен жетекшілерге қатысты ілтипатты жағыну, жарамсақтану деп ұғады.
Жасөспірімдердің мінез-құлқы көп жағдайда қоғамдық пікірлердің ықпалымен
қалыптасады.
Мектеп оқушылары бұл жаста ұжымның немесе құрдастарының олардың іс-
әрекетіне берген бағасына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан қоғамдық бағалау аясына
мектеп оқушыларының мінез-құлық ережелерін орындауына байланысты тәртібінің енуі
өте маңызды.
Жасөспірімдердің сынып жетекшісімен және басқа да тәрбиешілер мен
педагогтармен бірлесе отырып, ережелер құруы және соны орындау үшін қажетті әрі
міндетті саналатын мінез-құлықтың тиісті стилін істеуі қажет. Нәзік те бейнеті көп бұл
жұмыс мұғалімдерден үлкен әдептілікті талап етеді және бір жиналыста, жиында немесе
әңгіме кезінде бірден орнай қалмайды.
Бұл жұмыс біртіндеп және табанды жүргізіледі. Жасөспірімдерге өзінің және сондай-
ақ, басқалардың мінез-құлқын дұрыс талдау мен бағалауға көмектесу керек, олардың өмірі
мен қызметін өзара қарым-қатынастың дұрыс формаларынан моральдық қанағаттану мен
қуаныш сезімін алатындай етіп ұйымдастыруға көмектесу керек.
Белгілі - бір ережелерді жүйелі орындау нәтижесінде мәдени мінез-құлық дағдылары
мен әдеттері біртіндеп жасалады. Бұл әдеттер өзінің кейінгі дамуына жеке адамның
қасиеттеріне ( сапаларына) айналады.
Мінез-құлық мәдениеті тәрбиесі жөніндегі жұмыста сынып жетекшісінің алдында
өзара байланысты екі міндет тұрады:
1. жасөспірімдерге адамгершілік нормаларын түсіндіру;
2. адамгершілік санасын қалыптастыру және оларды мәдени мінез-құлық ережелерін
орындауға әдеттендіру;
Мектеп оқушыларымен адамды сүю, тілектестік, қарапайымдылық , әділдік туралы
адамгершілік түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру жөнінде жүйелі нормаларды
түсінуі мәдени мінез-құлықтың нақтылы ережелермен жүргізілетін жұмысты жеңілдетеді,
олардың көпшілігі осы нормалардың негізінен шығады және құрылады.
Жасөспірімдерді олардың күнделікті іс-әрекетіне енетін мәдени мінез-құлық
ережелерін орындауға әдеттендіру жүйелі жаттығулар процесінде өтеді. Бұл үшін сынып
және мектеп ұжымының өмірін, іс-әрекетінің мазмұны оның сыртқы көріну формасына
сай келетіндей, оқушылар дұрыс адамгершілік қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп
жинақтайтындай етіп, ұйымдастыру қажет.
Жасөспірімдерді тәрбиелеуде олардың мінез-құлық мәдениеті, әсіресе, үлкендердің
алдымен мұғалімдердің мінез-құлқына, мектептің бүкіл педагогикалық ұжымы, педагогтар
мен ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар бірлігіне көп байланысты.
100
Мектеп оқушыларын қалыптастыруда мұғалімнің мінез-құлқының, оның сыртқы
түрінің, басқа мұғалімдермен, ата-аналармен, жасөспірімдермен сөйлесу сарыны мен
стилінің орасан зор маңызы бар. Мұғалім балаларға нұсқау бергенде оқушы оның сөзінен
ерік-жігерді, мәдениетін, тіпті оның жеке басының қасиеттерін түсінетіндей дәрежеде
айтуға тиіс деп есептейді А.С.Макаренко. Мұғалім оқушы еліктегісі келетіндей мінез-
құлықтың үлгісі болуға тиіс. Мұғалімнің дөрекі айқайы, қатаң даусы, оқушылар іс-
әрекетін лайықты бағаламауы, сөзсіз, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді қиындатады.
Мектептегі жалпы жағдай да бұл істе басты роль атқарады. Егер мектеп үйі лас әрі
жайсыз болса, мектепте сыртқы киіммен жүруге рұқсат етілсе, оқушыларын өзін жөнге
келтіретін орын «тұрмыстық мүйіс» болмаса, онда мектеп оқушыларынан тазалықты,
ұқыптылықты, сыртқа түрдің жинақы болуын талап ету қиын.
Егер мектепте кез-келген жиналысты, жиынды, жорықты, серуенді дәл уақытында
бастайтын қатаң тәртіп орнатылса, үлкендер (мұғалім, ата-аналар комитеті)
жасөспірімдерге берген уәделерін міндетті түрде орындаса, жасөспірімдерді дәлдікке,
жауапкершілікке үйретуге болады.
Егер мектепте достықтың, бір-біріне ықыластың, жолдастық көмектің жылы
атмосферасы болса, сыпайылық ережелері, сөйлесу мәдениеті, дәлділік, міндеттілік
әлдеқайда ерте қалыптасады.
Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде көп қайталау арқылы қалыптасатын дағдылар
мен әдеттер маңызды орын алады. Сондықтан дұрыс мінез-құлықтың жаттығулар жүйесі
қажет. Жаттығулар сипаты жасөспірімдік кезеңде өзгереді. Бастауыш мектепке қарағанда
балалар әлде неше рет қайталай отырып үйренетін арнаулы жаттығулар, мысалы, қалай
амандасу, рақмет айту, өтініш ету, т.б. азая бастайды. Енді бұл жаттығулар
жасөспірімдердің жан-жақты қызыметіне енеді. Жасөспірімдерді мәдени мінез-құлық
ережелерін орындауға үйретудің негізгі құралы олардың өмірі мен қарым-қатынасын
тиісті бағытта жетілдіруде тұрақты жаттығулар жасауға болатындай етіп ұйымдастыру
болып табылады.
Жасөспірім төменгі сынып оқушыларына «үлкендер» позициясынан қарайды. Ол
сәбилерді мәдени мінез-құлық ережелерін орындауға (шефтік жұмыс ретінде) үйретеді,
олар үшін саналы түрде үлгі болуға тырысады. Мұнда жасөспірімдер өзіне талап қоюды
күшейтеді, өз мінез-құлқындағы кемшіліктерді жеңуді үйренеді.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа
қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі
байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектік операцияларды
меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін
неғұрлым орнықты және пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне
жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының
барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің
құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді.
Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер
балаларда еретерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің
мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі
және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары сынып
оқушысының мамандық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары сыныптарда
оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға
жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек
(факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер). Бірақ арнайы
101
қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипатын мен бағытына орасан зор дәрежеде
байланысты екенін есте ұстау қажет.
Жасөспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі.
Жыныстық толысуға байланысты өз организімі мен сырт қабілетіндегі үлкен өзгерістер,
жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болмағаны мен, әлі ересекте емес), өмірлік
іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез құлқын үйлестіруге тиісті адамдар
тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық -
бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді
меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-
құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген кретерийлер мен нормалар негізінде
құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Жасөспірім өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылуымен өзінің «мені» мен өз
қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем
жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта баланың жасөспірім шағында да сақталады.
Өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін жасөспірім жігіттер мен қыздар бұған
барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар үшін
әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымалдығын арттыратын қасиеттер
ерекше маңызды.
Жасөспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б.
қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші
жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп
қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге
білдірілмейді. Өз денесінің бейнесін жасөспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің
ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық
варианттарын білмеу көптеген жас- өспірімдер үшін нағыз «норма трагедиясына»
айналады.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Кішкентай балалардың өзіндік
санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден
алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы
бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін,
әсіресе батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық- психологиялық
қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері
қамтылады ( өз ақылын немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана
бағалауға болады) .
Жасөспірімдер өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша
білгісі келеді. Өзін -өзі бағалаудың екі тәсілі бар.
Кейбір психологтар жасөспірімдік рефлексияның өзін-өзі оқшаулау, шындық
болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар деп есептеп, оған теріс көз
қараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен
әжептәуір қалыптасқан және нәзік болады.
Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендегіден гөрі өзгеше. Кіші
шәкірттік жастағыларға қарағанда жасөспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы
дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонолизация және психикалық жатсыну
жағдайлары аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айырылу сезімі
ретінде, өз «менінің» бұлыңғырлығы, жалғыздық , өзін басқалар түсінбейтіндей көру т.с.
ретінде уайымдалады.
Жасөспірім өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, өзіне дербес азамат деп қарауды тек
өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, соларды жақсы білуден пайда болады. Өзін-өзі білігісі
102
келу жасөспірімдік шақта қажеттіліктің бір түрі. Қажеттіліктің бұл түрінің пайда болуы
үлкендердің не құрбалырының оларға қоятын талабы дұрыс па, бұрыс па соны білуге
арналады. Сонымен қатар, жеткіншектің өз қолынан бір нәрсенің келетінін, не
келмейтінін білуге ұмтылуы, өзін тек әлі келетін жұмыстарға жұмсауға ұмтылдырып, осы
жөнінде недәуір көмегін тигізеді.
Сонымен қатар, өзін-өзі бағалап, мүмкіншілігін сезе алу, жасөспірімдердің өзін
меңгере алуына көмегін тигізеді. Жасөспірім азамат қатарына көшуді талап еткендіктен,
осы мақсатқа жету үшін, мінезінің, не ісінің қолайсыз жақтарымен күресіп, қолайлы
жақтарын одан әрі дамытып, сөйтіп, өзгелердің алдында жақсы көрінгісі келеді. Егер
жасөспірімдерді азаматтық қасиетке ие болуға не итермелейді десек, осының бір себебі
өзінің кемшілік жақтарын сезе алуы. Өйткені өзінің жақсы жағын айтып, мақтану кім
болса соның қолынан келеді. Бірақ өзінің кемшілігін сезіп, соған біреудің қатысынсыз
обьективтік түрде талдау беру, кім болса соның қолынан келмейді. Жасөспірімдер өзінің
ісін, әсіресе, қателерін талдау үшін біраз уақытын жібереді. Жіберген қателігі үшін өзін-
өзі әшкерлеуі де ықтимал.
Жеке адамның қалыптасатын ерекше маңызды белгісі - өзін-өзі сыйлау, яғни
қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не қабылдамаудың
дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсудің не сын тұрғысынан қарамаудың синонимі
емес. Мұның мәнісі адам өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың
төмендігі үнемі көңіл толмау-шылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін-өзі сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейі жекелей өзін-өзі бағалаудан
өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті немесе сәтсіз жағдайлар
оны тиісінше арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-өзі сыйлаудың қалыптасуына
кішкене кезінен бастап-ақ, көптеген факторлар - ата-аналарының көзқарасы,
құрдастарының арасындағы жағдайы т.б. әсер етеді.
Жасөспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке
қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайта қаралады.
Жасөспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін,
ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне
ересектерді (құрдастарын да) мезі қылады, көптеген тартыстар мен түңілушіліктер
туғызады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен
қателесулерден кейін барып (әдетте кейінірек, мектептен кеткеннен кейін) біледі.
Жасөспірімнің өзіне деген сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен, психологиялық
тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіптірек. Мұндай адамдар сынағанды,
күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына
мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап
қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның
әлеуметтік талаптарының деңгейі біршама төмен болады, оны жарысу сипаты бар іс-
әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай дамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға
қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен
бағалауын нығайта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |