МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕР АРҚЫЛЫ
ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
САЙЛЫБАЕВ А.А.- п.ғ.к., аға оқытушы
КУЛЬБАЕВА Ф. Т.- п.ғ.к., аға оқытушы
СӘРСЕНБАЙ Ұ. Н.- магистр-оқытушы
Шымкент университеті
Бұл мақалада мектепке дейінгі балаларды оқыту және дамыту үшін
көрнекіліктердің ролі. Соңғы уақытта оқыту кезінде көрнекілікті пайдалана оқыту
қайта өзекті мәселелерге айналып келеді. Балабақшаларда сабақ барысында көрнекілікті
қолдану тәсілі жақсы нәтижесін беріп, оқыту процесінде білімді меңгеруге көмектеседі.
Көрнекілік – психикалық бейнелердің обьективті танымы, танысатын субьектіге осы
бейнелердің түсініктілігі және қолжетімді деңгейі, оқытудың принциптерінің бірі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасымен
барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы
Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге
асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың
тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезде математика
негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы
туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған.
Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып
отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық
оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес
108
ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы
білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу[1].
Мектепке дейінгі балаларды оқыту және дамыту үшін көрнекіліктердің ролі. Соңғы
уақытта оқыту кезінде көрнекілікті пайдалана оқыту қайта өзекті мәселелерге айналып
келеді. Балабақшаларда сабақ барысында көрнекілікті қолдану тәсілі жақсы нәтижесін
беріп, оқыту процесінде білімді меңгеруге көмектеседі.
Көрнекілік – бұл мектепке дейінгі баланы оқытудағы компонент, зерттейтін
материалды сапалы меңгеруге көмек болып табылады.
Көрнекілік баланың ойлау операциясын дамытуға ықпалын тигізеді және
нақтының абстрактіге көшуін қамтамасыз етіп, математикалық көріністі қалыптастырады.
Сабақ барысында көрнекілікті жүйелі түрде қолдану пәнге деген жағымды жағынан
қалыптастырып, белсенділігін арттыра түседі.
Бұның бәрі баланың жеке дамуында маңызды болып табылады.
Көрнекілік құралдар мектепке дейінгілердің материалдық әлемді тануын
қалыптастыруға көмегін тигізеді. Сандарды санау, арифметикалық әркеттерді орындау –
бұл мектепке дейінгілердің ой өрісін дамытады. Сабақ барысында көрнекілік құралдарды
қолдану оқу материалын жеңіл түрде түсінуге көмектеседі. Балалардың қызығушылығын
оятады.
Көрнекілік оқыту жүйесіндегі компонеттердің бірі, мектепке дейінгі балаға жоғары
деңгейде зерттеу материалын сапалы меңгеруге көмектеседі.
Көрнекілікпен ұсынылған материал барлық қатысушылардың ойлау және ойлау
операцияларының дамуына көмектесіп, математикалық көріністі қалыптастыру процесінде
нақтыдан абстрактіге көшуге септігін тигізеді.
Білім беру жүйесіндегі тапсырмалардың шешімі түрлі көрнекілік құралдарды
қолдану, тек таныстыру барысында ғана емес, білімді қорыту тұсында да қолдануға
болады.
Оқыту практикасы көрсеткендей, көрнекілік құралдарын жүйелі түрде қолдану
оқытушылардың
белсенділігін
арттырып,
пәнге
деген
жағымды
қатынасын
қалыптастырады. Аталған жағдай оқыту процесінде жеке тұлғаның дамуында маңызды
болып табылады.
Көрнеікілік құралды қолдануда ең басты тапсырмалардың бірі, бастауыш оқыту
математикасында – тәрбиелік болып табылады. Әртүрлі пәндерді қабылдай, олардың
элементтерін санай, мұндай математикалық түсініктер, сан, арифметикалық әркеттер,
геометриялық фигуралардың қоршаған ортадан алынғандығын оқушылар түсінеді.
Мектептегі жұмыс тәжірбиесі көрсеткендей, егер мұғалім сабақты зерделеу барысында
түрлі көрнекі құралдарды пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта
түседі.
Көрнекі материал, баланы ауыр математикалық түсініктерді, оларды
қалыптастыруға, сан мен цифрдың қатынынасын, мөлшер мен цифр сияқтыларды тез
меңгеруге, нәтиже шығаруға дамытады.
Көрнекі құралдарды қолданудың өзекті мәселесі, жоғары топтағы балалардың саны
туралы түсінікті қалыптастыруда, көрнекіліктің принципі зеттереу материалының
балаларға қолжетімді және қызық болуымен тұжырымдалады. Көрнекілік материалдар
арқылы сабақ барысы айқын және нәтижелі бола түседі. Көрнекілік материалдарды
қолдану арқылы меңгерген материалды сапалы түрде тексеруге, балалардың белсенділігін
арттыруға, шығармашылық даму және баланың ойлауын қалыптастыруға, пәнге деген
қызығушылығын тәрбиелейді.
109
Мектепке дейінгі балаларды оқыту барысында көрнекілік маңызды рол ойнайды,
себебі мектепке дейінгі баланың ойлау қабілеті көрнекі әрекеттік және көрнекі-бейнелі
мінезді болады.
Оқытушының педагогикалық шеберлігі, материалды жақсы түсіндіре білуі негізгі
дидактикалық принциптердің процестеріндегі заңдылықтарға сәйкес, оқыту процесін құра
білуге негізделген. Осындай принциптердің бірі көрнекілік болып табылады. Көрнекілік
принципі мектепке дейінгі баланың ойлау формасына сәйкестеледі. Көрнекілік жадыда
жақсы сақталуды қамтамасыз етеді. Балаларды математикаға оқыту методикасында
көрнекілік принципі баланың белсенділігімен тығыз байланысты. Түрлі көрнекіліктерді
қолдану – тірі обьектілерді бақылау, сурет, заттарды зерделеу, сызбаларды қолдану –
үлкендердің балаға таныстыруы арқылы саналы түрде заттар мен құбылыстарды
қабылдайды. Я.А.Коменский оны дидактиканың алтын ережесі деп санады.
Көрнекілік құралдарын қолдану, балаларға образды ұсыну және түсінікті
қалыптастыру – диалектикалық матерализм әдіснамасына негізделген, дидактиканың ең
маңызды құбылыстарының бірі. Сезіну және түсіну – сана процесінің әртүрлі бірліктері.
Ян Амос Каменский пікірінше, оқытудағы көрнекілік принципі, ең алдымен
оқушылардың меңгеруі құбылысты немесе пәнді қабылдауы, олардың сезімталдығы
арқылы жүзеге асады. Көрнекіліктерді Коменский оқытудың алтын ережесі деп санайды.
Оқыту процесінде көрнекілікті қолдану туралы әлі мектеп пен жазба жұмыстары болмаған
тұстың өзінде сұраныс болды. Ежелгі мемлекеттердің мектептерінде ол кеңінен
таратылды. Орта ғасыр тұсында, догматизм және схоластика кезеңдерінде педагогикалық
практикада көрнекілік идеясына тыйым салынды. Коменский бірінші болып
көрнекіліктерді қолдануды орта педагогикалық принциптердің бірі ретінде енгізді.
Коменскидің көрнекілікті оқыту туралы негізінде сенсуалистік-материалистік
гносеология жатыр. Корнекіліктің орнығуы үшін Коменский әрдайым мына фразаны
айтады: «Санада ешнәрсе болмайды, егер де ол алдын ала сезілмесе».
Коменский көрнекілікті анықтайды және оның мағынасын былай көрсетеді:
1.Егер де біз оқушыларға мықты білім бергіміз келсе, барлығын жеке бақылау және
сезінуді дәлелдеу арқылы оқыту керек.
2.Сондықтан мектептер оқушылардың барлығын сезінуі үшін, олардың көруін,
естуін, құшақтау және тамақтану сияқты олар бәрін көруін қамтамасыз ету керек.
3. Заттар туралы білу үшін, сол заттардың өзі сабақ беру керек, яғни мүмкіндігінше
сол затты немесе оны алмастыратын бейнені көру, есту керек.
4. Кімде кім адам денесінің анатомиясын мұқият бақыласа, сол түсінеді және есінде
сақтайды, ал өз көзімен көрмеген соң, оқылған түсініктеме есте қалмайды.
Қорытындылай, Коменский көрнекілікті тек оқытудың принципі ғана емес,
сонымен қатар оқутыды жеңілдету деп санайды. Көрнекілікті жүзеге асыру үшін
Коменский төмендегілерді қолдану қажет деп санады:
1. нақты заттар және оларды үздіксіз бақылау
2. егер мүмкін болса, моделдер мен олардың көшірмесі
3. заттың бейнеленген суреті немесе зат
Оқытудағы бақылау процесі оқушыға біз қаншалықты сендіре білдік, не және нені
бақылау керектігін, бүткіл оқыту процесінде оның назарын сақтап қалу. Дұрыс бақылауды
іске асыру үшін Коменский талап етеді: «Оқушылар үшін алтын ереже болсын, көрінетін –
көзбен көру үшін, есту – құлақпен, сезу – түйсіну арқылы. Егер қандай да бір затты
бірнеше сезіммен қабылдауға болса, онда олар бірнеше сезіммен ұсталсын».
Көрнекілік принципі Иоганна Генрих Песталоцци еңбектерінде жазылған.
110
Песталоцци оқытудағы көрнекілік мағынасына зор мән берді, қоршаған әлемді
сезіммен қабылдау - бастапқы негіз танымы. Белгілі чех педагогі Я.А.Коменский секілді,
Песталоцци да мүмкіндігінше қабылдауына қарай, баланы жастайынан шынайы әлем
құбылыстарымен таныстыру қажет. Бірақ Песталоцци көрнекі оқыту туралы сұрақтарды
өңдеу мәселесі бойынша Коменскиден ары зерттей, балалардың логикалық ойлауын
дамытуда көрнекіліктің ролін анықтады.
«Қалай Гертруда өзінің балаларын оқытады» деген жұмыста және әдістерге
арналған өзге де шығармаларда, қоршаған ортаға және пәндерге қатысты баланы бақылау,
оқытуды дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Ол өзінің жұмыстарында баланың
бақылауын дамыту үшін тәрбиелеу мәдениетін жасауға болатындығын, кемелдену сезімін
қамтамасыз ету сияқтыларды анықтады. Балаларды оқыту процесінде пәнді нақты түсіну,
олардың оны қысқа сөзбен жеткізу, осы пәндерді бала түсінігіне қолжетімді түсіндіру
қалыптастыруды қарастырады.
Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру
арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білімді меңгеру осы
жүйенің сатысында дами түседі.
Песталоцциге сәйкес, дұрыс орнықтырылған оқыту - ұйымдастырылған,
педагогикалық, ойластырылған балаларды бақылау басшылығынан шығу керек. Оның
мақсаты оқушыларды пәнді нақты түсінуі үшін, балалардың ойын белсенді түрде ояту,
тану мүмкіндіктерін дамыту, олардың логикалық ойлауын қалыптастыру болып табылады.
Песталоцци әділ талап етті, педагог баланың бақылау обьектісін таңдап және қатал
жүйелікпен балалардың бақылауын дамыта, олардың бақылау процесінде пәндерді
салыстыруды дағдыландыру, туысқан пәндерді біріктіре, олардың қатынасын анықтау.
Басқа сөзбен айтқанда, баланың ойлау операцияларына, анализ, синтез, конкретизация,
ескі және қабылданған жаңа білімнің байланысын орнықтырып, қабілеттілігін дамыту
қажет.
Посталоцци Коменский секілді шектеу қоймайды, оқытудағы көрнекілікті балалар
сезіну тәжірбиесі негізінде білімді қабылдап, логикалық ойлауын дамытатын фактор
ретінде көреді. Ол құнды бағыттар береді, қоршаған заттар мен құбылыстар туралы
түсінікті және оқушыларға дұрыс таныстыруды педагогикалық басшылықпен
қалыптастыру процесін ұйымдастыруды үйретеді. Нәтижеге жеткен осындай оқыту
балалардың рухани күшін көтеріп, жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайды.
Біз өзіміз байқанағандай, Песталоцци басқаларға қарағанда көрнекілік принципінің
мәнін ашып көрсетеді. Ол оны жаңа мазмұнымен ашып, көрнекілікті баланың жан-жақты
дамуын жүзеге асыратын фундамент деп қарайды.
Константин Дмитриевич Ушинский баланың жас ерекшеліктеріне қарай
психологиялық тұрғыдан көрнекілік принципіне көп мән береді. «Балалар жалпы сезіну,
дыбыстар, бояулар, қалыптармен ойлайды», осыдан балаларға көрнекілікті оқыту
қажеттілігі туындайды, «сөздер мен көріністерден құрылмай, баланың тікелей
қабылдауымен, нақты образдарға», деп жазады ол. Гносеологиялық қырынан
көрнекілікпен оқыту принципін негіздей, Ушинский нұсқады, біздің біліміміздің жалғыз
қайнар көзі, «сыртқы сезім арқылы хабарланатын, тәжірбие» болуы мүмкін деп көрсетеді.
«Тікелей бізбен қабылданған сыртқы әлемнің образдары, нәтижесінде, жалғыз материал,
осымен біздің ойлау қабілеттілігіміз жұмыс жасайды».
Ушинский сөзі бойынша, «бұл оқыту жолы, нақтыдан абстрактіге, анық
психологиялық заңдылықтарға негізделіп, оның қажеттілігін теріске тек, кімде кім мүлдем
баланың және жалпы адам табиғатының талаптарымен оқытудағы қажеттілігін теріске
шығарғанда ғана».
111
Теориялық өңдеуде және көрнекілік принциптерін қолдану туралы Ушинский
көптеген құндылықтар енгізді: ол көрнекілік принципіне материалдық негіз берді.
Ушинскидің көрнекілікті түсінуінде, Коменский мінездемесіне тән көрнекілікті кейбір
фетишизациялау мен артық бағалау болса, Песталоцциге тән балаларды қоршаған ортамен
таныстыруда формализм мен педантизм жоқ. Ушинский көрнекілікті оқыту процесіндегі
тиесілі өз орнына қойды: ол онда шарттардың бірін, оқушылардың толыққанды білім
алуын, олардың логикалық ойлауын дамыту жағын қамтамасыз ететін шартты көрді.
Оқыту жүйесінде Ушинский екі деңгейді анықтайды. Бірінші деңгейде мұғалімнің
бақылауымен балалар затты немесе құбылысты және ол туралы жалпы түсінікті құрайды.
Бұл деңгейдің үш баспалдағы бар: бірінші баспалдақта балалар мұғалімнің басшылығымен
зат немесе құбылысты қабылдайды. Екінші баспалдақта мұғалімнің басшылығымен
анықтайды және бөледі, салыстырады және зерттелетін зат немесе құбылыс туралы
алынған түсінікті қарастыра, ол туралы түсінікті қалыптастырады. Үшінші баспалдақта
мұғалім өзінің түсіндіруімен балалардың алған түсініктерін толықтырады. Үшінші
деңгейде талдау жүргізіліп, алған білімді бекітеді.
Жалпы, оқытудағы көрнеікілік әдістерді қолдану жүйесінде шартты түрде оларды
екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Иллюстрациялық (суретті) әдістер
2. Демонстративтік (көрсету) әдістері
Иллюстрациялық әдіс оқушыларға иллюстративті құралдарды көрсетеді: плакаттар,
тақта бетіндегі кескіндер, суреттер, ғалым я атақты тұлғалардың порттері, т.б.
Көрсету әдістеріне әдетте, көрсету құрал-жабдықтарымен, тәжірбиелік, техникалық
орнықтырулар, түрлі жолдағы құралдарды жатқызамыз.
Сонымен қатар, көрсету әдістеріне көркемдік фильмдер мен диафильмдер көрсетуді
жатқызамыз. Көрнекіліктерді бұлай иллюстративті және көрсету деп бөлу тарихи сабақ
барысында қалыптасып кетті. Өзге де көрнекі құралдардың мүмкіндіктерін қолдануда оны
иллюстративті топқа да немесе көрсету тобына да жатқызуымыз мүмкін. Мұндай құбылыс,
мысалы, эпидиаскоп немесе кодоскоп арқылы иллюстративті көрсету болып табылады.
Көрнекілік әдістерді қолдану барысында мынадай тәсілдер қолданылады: көрсету,
көрсетуді жоғары деңгейлі түрде қамтамасыз ету (экран, бояу, жарық түсіру, т.б.),
өткізілген бақылаудың нәтижесін талқылау, демонстрация және т.б.
Соңғы уақытта практикада көрнекі құралдардың жаңаланған түрлері біршама
көбейді. Жаңа, желімен қамтамасыз етілген пластмаспен жабдықталған бояулы
географиялық карталар, тарих пәні бойынша иллюстративті альбомдар, фото суреттерімен
географиялық атластар құрылды. Сонымен бірге практикаға ЛЭТИ аппараттары енді,
кодоскоптар, мұғаліммен дайындалған түссіз пленкамен сызбалар, суреттер, кескіндерді
сыныпқа қараңғылаусыз күндізгі уақытта көрсетуге болады. Сабақ барысында кеңейтілген
фломастер көмегімен ватман парақшаларына суреттер салынады, барлық деңгеймен
қамтамасыз етілетін бірінің артынан бірі иллюстрация жасала, зерттеу құбылысының
динамикасын бояуға мүмкіндік береді. Көптеген мектептерде кино жабдығы
лабораториялық бөлмеде орнатылып, сынып тақтасына орнықтырылған шыны арқылы
көрсетіліп, күндізгі кино экранымен қамтамасыз етілген. Бұл құралдардың барлығы
кабинетте оқыту жүйесі кеңінен қолданыла бастады.
Заманауи дидактика үлкен білімге және тәрбиелік нәтиже беру үшін, көрнекі
құралдарды қолданудың көптеген нұсқаларын қажет етеді. Оқытуда көрнекі әдістерді
қолдануда педагогтар сонымен бірге оқушының абстракті ойлауын және дамыту
мүмкіндіктерін қолданады.
112
Достарыңызбен бөлісу: |