Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет70/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   333
ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

КЕНЖЕХАНОВА Ж., ТУРМАХАНБЕТОВА Г. - магистранттар,  

МЕДЕТБЕКОВА З.С. – магистр -оқытушы 

Шымкент университеті 



 

Бұл  мақала  отбасылық  өмір  туралы  жастардың  дұрыс  пікірін  қалыптастыруға, 

білімдерін тексеруге, өмірлік дұрыс шешімдерін зерттеуге бағытталған. 

Қазақстанның  бүгінгі  өзгермелі,  даму  үстіндегі  дайындау  әлеуметтік  жағдайында 

отбасының  даму  үрдісін  бақылап  отыру  және  жас  ұрпақты  отбасы-некелік  өмірге 

даярлауды  осы  үрдісті  ескере  отырып  жүзеге  асыру  өте  маңызды.  Отбасының  не  екенін, 

отбасының қандай түрлері барлығын, отбасының қандай әлеуметтік қызмет атқаратынын, 

ол  қызмет  тарихи  процесте  қалай  өзгеріп  отыратынын  және  отбасы  мәселелерінің 

болашағы  қандай  екенін  білмей,  келешек  отбасы  иесін  даярлауға  тиімді  ықпал  етуге 

болмайды. 

Білім  беру  жүйесінің  жаңа  ережесі  әлеуметтенудің  басқа,  жаңа  үлгілері  бар  екенін 

болжайды.  Мысалы,  Қазақстан  халқының  мұнан  былайғы  экономикалық  негізде  болып 

жатқан әлеуметтік және мәдени ерекшелігі – қазіргі білім беретін Жоғары оқу  орындарын 

қиын  жағдайдан  құтқарудың  бір  жолы  болып  отыр.  Одан  басқа  мемлекеттік  емес 

мекемелердің арасындағы қарым-қатынастың өзгерісі – Жоғары оқу орындары мен басқа 

мекемелердің арасындағы қарым-қатынасқа айқын қарауды талап етеді. 

Қазіргі  таңда   қоғамның  отбасы  мен  некеге  деген  ықыласы  бұрынғыдан    да  маңызды 

болып  отыр.  Бұл  ықылас  отбасының  адами  тіршілік  әрекетінің  барлық  аясымен 

байланысқан.  Қоғамның  орнықтылығы  және  оның  ішкі  байланыстарның  басымдылығы 

отбасы институтының жағдайына тәуелді болады. 

Отбасы  қазір  қандай  болса,  бұрын  да  сондай  маңызды  болған  және  әр  уақытқа 

әлеуметтік қоғамда субъект те, объект те болып, өзінің табиғатын үнемі өзгертіп, адамзат 

тарихында  әлеуметтік  міндеттерді  шешудің  әрқашанда  алдында  жүрді.  Отбасы  мен 

некенің  институты  осы  өзгерістерде  қаншалықты  өз  сапасының  жаңасын  тауып,  ескісін  

жоғалтатыны қоғам мен мемлекеттің өзара қатынасына байланысты. Отбасы  мемлекеттің 

орнықсыздық жағдайында өз табиғатының белгілі бір тұрақтылығын жоғалтты. 




133 

 

Жаңа  шарттар  отбасына  ұтымды,  дұрыс  көзқараста  қарауды  мәжбүр  етеді.  Ф.Теннис 



есептегендей  отбасы  аграрлық  қоғамда,  әлеуметтіліктің    қауымдық  типіне  негізделген, 

онда  мәндік  ерік,  түйсіктік  әуестік,  әдет,  жад  формасында  болды.  Отбасы  ақпаратты 

қоғамда  ерікті  жүріс-тұрыс  формасындағы    әлеуметтіліктің  қоғамдық  типіне  негізделеді, 

онда отбасы мүшелері тең,  ұтымды, талғап алатын қарым-қатынас пайда болады. Осының 

негізінде  отбасына  қоғам  тарапынан  қатынас  та  өзгеруі  тиіс.  Қазіргі  отбасына  деген 

көзқарас  қандай?  Сәбидің  дүниеге  келуінің  төмендеуі,  ажырасу  санының  көбеюі  және 

осыған байланысты баланың панасыз да қараусыз қалу санының  өсуімен  қатар отбасына 

әлеуметтік  құлдырау  қаупі  барынша  төнуде.  Некеге  тұру  мерзімі  28-30  жасқа  дейін 

созылды.  18  жасқа  дейінгі  балалардың  тек  төрттен  бір  бөлігін  ғана  сау  деп  есептеуге 

болады.  Ата-аналардың  көбі  балаларын  жатсынуынан  дарашылдық  пиғылдыңетек  алуы, 

балалардың  бетімен  кетуі  және  т.б.байқалған  дағдарыстан  шығудың    жолын  қарастыру 

туралы түсінігі жоқ. Одан басқа ақыл-ой және мүше дамуында кемшілігі бар балалар саны 

өсті.  Елде  нашақорлық  өсіп  барады,  балалар  маскүнемдігі  азаймай  отыр,АҚТҚ  ауруы 

қатты қауіп-қатер төндіріп  тұр. 

Бұл  жағдайдың  негізгі  себебі  -  әлеуметтік  экономикалық  жағдайдың  тұрақсыздығы. 

Алайда  қоғам  отбасына  әсерін  тигізбейді,  отбасы  да  қоғамға  өз  тарапынан  ықпалын 

тигізеді.  Сондықтан  студент  жастарды  отбасы  некелік  өмірге  дайындаудағы  басты 

педагогикалық  іс-әрекет  –  отбасы  туралы  көзқарастарын  қалыптастыру,  отбасы  туралы 

толық білім беру және отбасындағы үлгілі іс-әрекеттерге тәрбиелеу болып табылады. 

Отбасы  мен  неке  туралы  ғылыми  әдебиеттерде  жыныстық  қызметті  көбірек,  толық 

қарастырсақ,  ол  биологиялық  қана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік  қызмет  екенін,  бұл 

отбасындағы  басқа  әлеуметтік  қызметтермен  қатар  қоюға  құқық  береді  деген 

қорытындыға келуге болады. 

Әлемде  отбасынан  маңызды  құндылық  жоқ.  Ұзақ  уақыт  бойы  біздің  елімізде  отбасы 

тікелей  мемлекет  қамқорлығына  тәуелді  болып  келді.  Оны  нығайтудың  жолы  таза, 

сырттай  қамқорлық  жасаудан,  басқаша  айтқанда,  жеңілдікпен,  жәрдем  ақшамен 

қамтамасыз  етуден,  гүлденген  отбасын  жасау  үшін  балалар  мекемелерінің  салынуынан 

көрінеді [45]. 

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптай  келе, отбасының  мынадай  типтері мен 

түрлері анықталды: 

Құрамы  бойынша:  нуклеарлық  (қарапайым,  орта,  толық  нуклеарлық  отбасы);  күрделі 

отбасы; үлкен отбасы. 

Отбасының  стажы  бойынша  мынадай  отбасының  типтері  бар:  жас  жұбайлар;  жас 

отбасы; баладан үміткер отбасы; балалары бар жас отбасы; орта жастағы жұбайлар отбасы; 

егде жұбайлар жұбы. 

Географиялық белгісі бойынша: қалалық; ауылдық. 

Отбасындағы басшылық типі бойынша: өктем отбасы; эгалитарлық отбасы. 

Балалар  саны  бойынша:  баласыз  отбасы;  бір  балалы  отбасы;  аз  балалы  отбасы;  көп 

балалы отбасы.  

Отбасындағы қарым-қатынас сапасы және тәртіп бойынша:  шаруашылық-тұрмыс ұясы 

үлгілі отбасы; жұбайлық отбасы; патриархалды отбасы; пікірталас клубы немесе спорттық  

типтегі отбасы; отбасы - «жұбаныш». 

Әлеуметтік құрамның біркелкілігі бойынша: әлеуметтік гомогендік отбасы; әлеуметтік-

гетерогендік отбасы. 

Отбасы өмірінің ерекше жағдайы бойынша: дистанттық отбасы;  студенттік отбасы [7]. 



134 

 

Әлеуметтік,  ғылыми,  педагогикалық  еңбектерді  талдау  отбасының  әлеуметтік-



педагогикалық  қызметінің  мынадай  бағыттарға  негізделетінін  көрсетті:  жыныстық; 

репродуктивтік; тәрбиелік, экономикалық; реттеушілік; бос уақыт фелицитологиялық.  

Философиялық,  тарихи,  әлеуметтік,  педагогикалық,  психологиялық  ғылыми-

әдебиеттерді саралай келе «отбасы», «неке», «отбасы-некелік өмірге даярлау» ұғымдарына 

анықтама беруге ықпал етілді: 

Отбасы  дегеніміз  -  әр  түрлі  жыныстағы  адамдардың  өзара  көзқарастары  мен  іс-

әрекеттері үйлескен, тығыз қарым-қатынаста болатын әлеуметтік  топ. 

Неке  дегеніміз  –  еркек  пен  әйел  арасындағы  табиғи  қажеттіліктен    туындаған,  ерікті 

негізде  құрылатын,  өзара  құқықтары  мен  міндеттері  белгіленген,  адамның  табиғи, 

әлеуметтік,биологиялық,  психологиялық және рухани  өмірінің  қажеттілігі. 

Отбасы-некелік  өмірге  даярлау  дегеніміз  –  жастардың  отбасы-некелік  білімдерін 

жетілдіріп, олардың отбасы-некелік өмір туралы дұрыс көзқарастарын және жағымды  іс-

әрекет  дағдыларын  қалыптастыру. 

Студент жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудағы  педагогикалық шарт білім беру, 

көзқарастарын  қалыптастыру,  жағымды  іс-әрекет  үлгілеріне  дағдыландыру  болып  

табылады [7]. 

Отбасы-некелік  өмір  -  философиялық,  әлеуметтік,  педагогикалық,  психологиялық, 

физиологиялық,  жыныстық  мәселелерді  қамтитын  құбылыс.  Сондықтан  мәселенің  ішкі  

және  сыртқы  қайшылықтарын  педагогикалық  проблемамен  байланыстырып    шешумен 

сипатталады. 

Адам  үшін  отбасы  не  нәрсе,  неліктен  ол  соншалықты  қажет?  Отбасы  адамға  өз 

болмысының  жекеленушілік  сезімін  жеңуге  және  әлеммен  келісу,  бірлесу,  ортақтық 

сезімін  иемденуге  көмектеседі.  Бұған  қол  жеткізу  адамда  қанағаттандырушылық  сезім 

тудырады,  оны  бақытты  етеді.  Э.Фромм  жазғандай,  адамды  жалғыздық  азабынан 

құтқарады,  үйлесімділікке  апарады,  өзін  әлемде  үйдегідей  сезіндіреді,  әлеммен  бірлік 

сезіміне  жетуге  мүмкіндік береді. 

Бізге отбасы бақытының табиғаты басқаша сияқты.Бақытты отбасының феномені адам 

табиғатының дуализміне негізделген: қатынасқа ұмтылу, әлеуметке көңіл бөлу, өзімен-өзі 

болу,  жалғыздықтан  құтылу  деп  қарайды.  Өйткені  бір  жағынан,  жеке  адам  әлеуметтік 

қоғам  алдында  жауапты  болса,  екінші  жағынан,  ол  жеке  дара,  өзін-өзі  іске  асыруға 

ұмтылады,  өзінің  «менін»  қорғап  қалу  болып  табылады.  Бақытты  отбасы  осы 

қажеттіліктерді  қанағаттандыра алатын орта болып табылады.  

Студент  жастарды  отбасылық  өмірге  дайындаудың  теориялық  негіздерін  жүйелеумен  

жалпылаудың  мақсаты  –  оның  психологиялық  педагогикалық  әдебиеттердегі  ролі  мен 

жастарды  отбасылық  өмірге  дайындаудың  қай  жағынан  әсер  етуді  талдау  болып  

табылады.  

Әр  қилы  әдебиеттермен  танысу  –  педагогикалық  ойлар  мен  олардың  ежелгі 

туындылрындағы көрінісінің оқшауланбағаны және түрлі  мәдениеттерде орын алғандығы 

байқатты. 

Архиепискап Климент Александрийский былай жазды: «Әйелдеріңді көңілдестеріңдей 

көрмеңдер;  некенің  мақсатына  сезімдік  қанағатты  қоймаңдар!  Өміріңнің  соңына  дейін 

көмекші  болатындарға үйленіңдер. 

Неке – бұл еркек пен  әйелдің бала  әкелетін  заңды  одағы». 

Жастардың 

отбасылық 

қатынасқа 

дайындығы 

жөніндегі 

проблемаларды 

қарастырғандардың  бірі  -  әулие  Исанн  Зла-Тауста  болған.  Оның  еңбектерін  зерттеген 

М.Григоровский автордың отбасы және неке  проблемаларын  жан-жақты  қарастырғанын 

айтады. Негізінде ол әулиелер тарапынан неке құрушылырға қойылатын талаптарды: өзара 




135 

 

келісім,  ата-аналардың  келісімі,  әлеуметік  жағдайының  теңдігі  мен  мүліктік  жағдайы 



(алайда әйелдікке орташа жанұядан алу ескерілген).  

Жоғарыдағы  дәстүрлерді  жалғастыра  келе,  протонерей  Е.Папов  өз  еңбегінде: 

«Нравственное  богословие  для  мирян»  бойдақтық  өмір  мен  жұбайлық  қатынастардың 

туындауы  жайлы  проблемаларды  толық  жазып  кеткен.  Заңды  неке  құруға  асықпайтын 

азаматтар  жайында  былай  жазға  «Некеге  дейін  арам  өмір  сүретін  және  өз  еркімен  жүру 

үшін үйленуін  кейінге қалдыратындарға үміт артуға болмайды. Бұл адам үйленгенге дейін 

өзіне  қайшылықты  әрекеттерді  көп  жинап,  балаларына  қамқор  әке  бола  алмайды.  Ал  ең  

бастысы бұндай адам өзінде заңды некеге деген икемін мүлде  жоғалтады» [5]. 

Ежелгі  ойшылдармен  қатар,  классикалық  шетел  педагогтары  Я.А.Каменскй, 

Ж.Ж.Руссо,  Дж.Локк және  И.Т.Песталоцци  еңбектерінде  де  жастарды отбасылық өмірге 

дайындау мен  отбасылық  тәрбиенің  қажеттілігі  көрсетілген. Бұл  проблемалар авторлар  

мен  жеке адамның  мінез-құлқының  қалыптасуымен  қарастырылады. Дегенмен олардың 

еңбектерінде жастарды отбасылық өмірге даярлау жайлы  басқа да тұжырымдар берілген. 

Мысалы,  Дж.Локк  отбасылық  өмірді  құрудың  экономикалық  жағынан  дайындығына  

үлкен мән берген. Жұбайлардың өз кірістері мен шығыстарын жүргізе білуін айтып  өткен. 

Отбасының  қоғамда  басты  роль  атқаратындығын  ағылшын  философы,  эвалюциялық 

психологияның  негізін  салушы  Т.Спенсер  айтқан.  Ол  былай  жазған:  «Жанұя  уақыт 

жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған, сол үшін де балаларды тәрбиелеу мен оқыту да 

мемлекет  пайда  болғанға  дейін  қалыптасқан  және  ол  жоқ  болғанға  дейін  сақталады. 

Мемлекет  тек  балаларды  тәрбие  мен  білім  беруінде  ғана  болады.  Сондықтан  да,  ата-

аналық міндеттемелерге азаматтықтан көп мән беріледі.» Т.Спенсер наразылықпен қазіргі 

қағамда  жастардың  ата-аналық  рөлге  дайындығына  ештеңе  жасалмайтынын  атап  өтті. 

Сондай-ақ,  көптеген  ата-аналардың  тәрбиелеудің  барлық  саласында  көргенсіздік 

жасайтынын  белгіледі.  «Тәрбие  –  физикалық,  құлықтық  және  ақыл-ойлық  –  тіпті  дұрыс 

жүргізілмеуде,  бұл  ата-аналардың  бұл  белгімен  қаруланбағанымен  бейнеленеді,  сондай 

тәрбиені дұрыс жүргізу кез-келгенінің қолынан келе бермейді». 

Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердің  талдамасы,  жастарды  отбасылық  өмірге 

даярлаудың  проблемалары  орыс  педагогтары  мен  психологотары  Н.И.Пирогов; 

К.Д.Ушинский, 

П.Ф.Лессафт, 

Н.К.Крупская, 

А.В.Луначарский, 

П.П.Блонский, 

А.С.Макаренко  және т.б. еңбектерінде  де  кездесетінін  анықтады. 

Белгілі  орыс  педагогы  К.Д.Ушинский  шаруалар  ақша  табу  үшін  отбасынан  кеткенде, 

ерікті өмірмен жүрген. Бірақ үйіне оралған соң, патриархалды дәстүрлерді қатаң ұстанған. 

«Оны  бүкіл  терең  түпкі  жан-дүниесі  отбасына  байланған:  ол  оларды  тек  ескереді  және 

мойындайды,  әрі  отбасылық  өміріне  енгізеді  де  үкіметті  де  осы  түсінікпен 

қабылдайды».Ушинский: шаруа – бұл  «өзін  қоғамда әдепті  ұстай білетін адам ғана емес, 

сондай-ақ,  жақсы  отағасы» деді. 

Физикалық  білім  беру  мен  тәрбиенің  негізін  салушылардың  бірі,  П.Ф.Леслафт 

отбасының  жеке   тұлғалық  дамуында  шешуші  орын алатынын айтқан.Ол былай  жазған: 

«Отбасында  баланың  қалыптасу  кезеңінде  оның  кейпі  кескінделеді,  оған  сол  аймақтағы 

және отбасындағы ғұрып пен  әдеттер жиналады, сол үшін бұл кезең адам өміріне елеулі 

әсер етіп, болашақта өшпес із қалдырады». Оның  құрған  бағдарламасында әйелдің  бала  

тууында  басты орын ана мен баланың гигиенасы, физикалық жаттығулар мен  балалармен 

ойынға көп көңіл бөлінген. 

Кеңес дәуірінде педагогика тарихына Н.К.Крупская берік отбасын құру туралы сұраққа 

көп  тоқталған.  «Берік  кеңес  отбасы»  деген  еңбегінде:  «...  отбасының  жаңа  формалары 

көптен-көп  орнығуда,  олар:  терең  ішкі  сенімге  негізделген,  махаббатқа  идеялық 

жақындасдыққа,  табиғи  құштарлыққа  негізделген».  «Камсомол  отбасы  туралы» 



136 

 

мақаласында  ол  теңсіздікпен  күресті  сөз  етеді,  әйелдің  үй  жұмыстарынан  босатылуы 



жайлы жазады, біріккен қоғамдық және кәсіби ер мен әйелдің іс-әрекетін қолдайды. Осы 

жерде отағасының жұбайына  үй  шаруашылығында  көмектесуін  де айтқан. 

Жас адамның тұлғалық қасиетінің қалыптасуында отбасының елеулі әсерін педагог, әрі 

психолог  П.П.Бланский    ескерткен.  Оның    ойынша,  «оның    өзін  ұстауы  мен  құлқынан 

оның  отбасының  мінезін  елестетуге  болады».  Бланский  жастардың  жыныстық 

тәрбиесіндегі  проблемларға  үлкен  мән  берген.  Ол  «жыныстық  ұстамсыздық  немесе 

әдепсіздік қоршаған ортаның  кері  әсері  мен  жалпы  әдепсіздіктен», - деген. «Құрметтпен  

жанашырлыққа  негіздлген махаббат – жыныстық  қарым-қатынастағы үлкен ұстаушы күш 

болып  табылады». 

Белгілі кеңес педагогы, әрі жазушысы А.С.Макаренко «Ата-аналарға  кітап» дайындық 

материалдарында отбасына болашақ азаматтардың жаттығуы ретінде қараған. «Жыныстық 

тәрбие – ең бірінші тұлғада әлеуметтік мәдениеттің тәрбиеленуі», - деп көрсеткен. 

Жастарды 

отбасылық 

өмірге 

даярлаудың 

мақсатты 

түрде 


жүргізілуін 

В.А.Сухамлинский «Ұлыма хаттар» еңбегінде білдірген. Автор «әйел  мен еркектің некеге 

дейінгі  қатынасының  мінездемесі  –  бұл  қарым-  қатынастарды  рухани  психологиялық 

әдепті эстетикалық элеметтерде болуы бүкіл өмірінің өнегелі таза көрінісі». Сәтті некенің 

негізгі шарты деп Сухомлинский болашақ жұбайлардың тең білімді болуында деп білген. 

Болашақ  ата-аналардың  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген.  Ол  «өз  балаларыңызды  

тәрбиелей  білуге  уйрету  –  бұл  адамилыққа  баулу.  Мені  таң  қалдыратыны  сол, 

жасөспірімді,  бозбалаға  көп  нәрсе  үйретеді  –  ,  бірақ  өз  балаларын  тәрбиелеуді  үйрету 

ешкімнің ойына келмейді. Адамның өз балалары бар кезде ғана үйретеді сонымен де, бұл 

ең бастысы». Сухамлинский достыққа көп мән берген және  былай есептеген  «Махаббат 

достықсыз ұсақ. Егер бозбала бойжеткенді біріншіден адам ретінде  құрметтесе, оны адам 

ретінде сүйсе, онда бұл жоғары ізгі достық өз кезегінде  махаббаттай  ғажап...» [3]. 

Жастарды  отбасын  құруға  дайындау  мәселесі  бойынша  зерттеушілер  бұл  салада 

жастардың неке  қарым-қатынасына дайын болмауының  түрлі  аспектілерін  қарастырады: 

өзіне    ата-аналық  жауапкершілік  жүктеуге,  неке  одағын  нығайтуға  дайын  еместігі 

(К.К.Баздырев); ана және әке болудан моралдық  тұрғыдан да дайын болмау. Орыс  тілінің  

сөздігінде  «дайындау» деген сөзінің бірнеше мағынасы бар:  

а) бір  нәрсені құрастыру, ұйымдастыру үшін алдын-ала бірдеңе жасау; 

б) бірдеңе үшін үйрету, қажетті білімді бер және  т.б.  

Яғни  адам  өз  бетінше  бірдеңені  ұйымдастыры,  жасай  білуі  үшін  (нақты  жағдайда  – 

отбасы)  дайындық  процесін  маңызды  ету  керек.  Бұл  мәселеге  қатысты  ғалымдардың 

пікрлері де әртүрлі. 

Бірнеше  мысал  келтірейік.  Ата-ана  педагогикасы  мен  отбасылық  тәрбие  теориясын 

әзірлеуде  көп  еңбек  еткен  А.С.Макаренко  жыныстық  тәрбие  берудің  қажеттілігіне  назар 

аударған еді, бұл тәрбие, оның  ойынша  махаббат сезіміне, әйелді қадірлеуге негізделеді. 

Қазіргі  зерттеушілер бұл ойды әрі қарай дамыта отырып, әлеуметтік есею жыныстық 

өмірге деген белгілі бір психологиялық нұсқама  болатын жыныстық есеюді білдіреді деп 

санайды.  Бұл  отбасылық  өмірге  дайындау  аспектілерінің  бірі  жыныстық  қарым-қатынас 

мәселелері бойынша ізгіліктілік мәдениетті қалыптастыру дегенді білдіреді. 

Студенттік кезең – отбасын құруға қолайлы мерзімнің бірі болып  табылады. Жоғары 

оқу  орнындағы  студенттердің  жұп  таңдауда  үлкен  мүмкіндіктері  бар,  себебі  көпшілік 

жоғары  оқу  орын  дарда  студенттердің    жыныстық  құрылымы  толық.  Сондай-ақ 

студенттердің  өмірлік  мақсаттарының  ортақтылығы  және  құндылық  бағдары  да  ұқсас 

болады. Студенттік кезең бала тууға да оңтайлы жастық кезең. 




137 

 

Отбасының  ізгіліктілігі  мен  жоғары  білімі  болуының  қиылысатын  жері:  білім  өмірлік 



құндылық болып табылады, білім этикалық білімді меңгеруге септігін тигізеді, бұл отбасы 

ішіндегі  қарым-қатынастарға  әсерін  тигізеді,  білім  ізгіліктік  қасиеттер  мен  өмірлік 

мақсаттың  қалыптасуына әсер етеді. 

Неке  –  ер  мен  әйел  арасындағы    қатынастардың    тарихи  өзгеру  формасы,  қоғамның 

жыныстық өмірін ретке келтіріп, бақылап, олардың жұбайлық және ата-аналық құқықтары 

мен міндеттерін құрады. Басқаша айтқанда, неке өз жағынан үш жақпен келісім түзеді, ер 

азамат,  әйел  заты  мен  мемлекет  тарапынан.  Кез-келген    қоғамда  ежелгі  немесе  қазіргі 

отбасы неке арқылы қалыптасады. Некелік одақта туылған балалар заңды туылған  болып 

саналады, себебі қоғам әр одақ мүшесіне анасы мен әкесіне әлеуметік ролін  жазған, оларға 

тәрбиелеу,  қорғау  және  өз  ұрпақтарына  қарау  міндеттерін    жүктеген.  Некесіз    туылған 

балалар заңсыз туылғандар болады. 

Тікелей айтқанда, неке – отбасы өмірінің қақпасы. Отбасы-тура жақындық қатынаспен 

байланысқан  адамдар  тобы,  ондағы  ересектер  балаларға  қарауды  өзіне  міндет  етеді. 

Жақындық  –  бұл    қатынас  неке  құрылғанда  пайда  болатын  немесе  адамдар  арасында 

қандық байланыстың белгісі. 

Отбасы  мен  туыстық  қатынастар  кез-келген  адам  өмірінің  ажырамас  бөлігі 

болғандықтан, отбасылық өмір адамның эмоциялық тәжірибесін анықтайды. 

Қоғамның  дамуына  байланысты  талаптар  да  өзгереді  –  отбасын  әлеуметтік  институт 

жағынан  қарағанда,  соңғы  жылдары  отбасының  әлеуметтік  қызметтерінде  өзгерулер 

болды. Қазіргі отбасы – ең бірінші әлеуметтік-экономикалық ұяшық, өз кезегінде екі ата-

ана  мен  бір  баладан    тұрады.  Оны  нуклеарлы  деп  атайды.  Қазіргі  отбасы  келесі 

қызметтерді  атқарады:  репродуктивті,  тәрбиелік,  шаруашылық-экномикалық,  рекративті 

(өзара  көмек,  денсаулығын  сақтау,  бос  уақыт  пен  демалыстың  ұйымдастырылуы), 

коммуникациялық және ригулятивті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет