– Балыққа шығып тұратын боларсыз? Аңшылық жайы қалай?
– Әрине... Оның үстіне қазір сонау Жамбыл тауына барып қайту оңай емес. Сол жақын
жердегі көлдерді айналдыратын болдық қой.
Қасқыр ауладым. Қырғауыл мен қоян аулайтынмын. Ал саны азайып бара жатқан
аңдарға мылтық кезеп күнәкәр болған кезім жоқ... Құдай сақтасын!.. Қазақта «Бір мерген
бір ауылды асырапты» деген сөз бар...
– Мысалы, «Қамбар батыр» жырында Қамбар мерген...
– Болса болар... Бұдан басқалар мылтық ата алмадым деген қорытынды. Мылтықты нашар
ататын, аңын жарақаттап жіберетін аңшыны қазақтар сыйламайтын. Қазіргідей аңды
мәшинемен, тікұшақ қуалайтын, түнге қарай прожектор жарығы арқылы аң аулайтын
аңшыдан құдай сақтасын...
Бұдан ондаған жыл бұрын В.Бианки:
«Сіз Максим Дмитриевич, сирек ұшырасатын бақылаушысыз. Аңдар мен құстардың
өзіңізге дейінгі мыңдаған оқымыстылар көзбен қарағандай болғаныңызбен ешкімнің
назары түспегендей, түсінбегендей, түсіндірмегендей боласыз. Міне, нағыз жанр. Бұл
тұста сіз хас шеберсіз және қажетті қарапайымдылық пен ықшамдылыққа, демек,
сұлулыққа қол жеткіздіңіз» деп жазғаны естен кетпейді. Ол бірнәрсені аңғарған болар.
Әйтпесе, кім болса, соған оның емешегі езіле бермейді.
- Сіз еңбек еткен жанрға өзіңізге дейін Э.Сетон-Томсон, Б.Гржимек, Д.Даррелл,
Д.Адамсоа, Жан Кусто және басқалар қалам тартты. Айтыңызшы, жан-жануарлар мен
өсімдіктердің тілін түсіну қиын ба?
- Бірінші тырнақ алды туындыларым 1918 жылдан жарық көре бастапты. Арада
сексен жылдай уақыт жатыр. Міне, содан бері 150-ден астам әртүрлі тақырыптағы
шығармаларым жарияланып келеді. Олардың таралымы қазірдің өзінде 16-17 миллион
данадан асады. Мұның өзі де біраз жайды сипаттайтын шығар. Қолтума кітаптарыңды
оқырмандар іздеп жүріп оқығанға не жетсін! Әйтпегенде бұл күндері рухани жадаулыққа
ұшыраған адамдарды аямасқа шара жоқ. Әлімсақтан жан-жануарлар мен өсімдіктер
жаратылыстың жаны мен төлі. Адамзат баласы да сондай. Егер олай болмаса табиғат
туыстырған ежелгі дүниедегі құстар мен жан-жануарлар тілін білетін Сүлеймен патша
бейнесі тумаған болар еді.
- Максим Дмитриевич, Сізге қандай жазушылар тонның ішкі бауындай қымбат?
- Әуелі өз есімінен бастайын. Ата-анам саяси қуғыннан кейін төменгі Новгородқа
келіп паналапты. Сонда тұрғанда дүниеге келген екенмін. Ныспымды Максим Горький
құрметіне қойыпты. Содан бері көп қаламгермен кездесіп, сырлас, сұхбаттас болдым.
Қайсы бірін айта берейін. М.Пришвин, В.Бианки,Соколов-Никитов және басқалармен хат
алысып тұрдым. Классикалық орыс әдебиетінде жан-жануарлар туралы жазу бір үлкен
мәртебедей Л.Толстой, И.Тургенов, А.Чеховтың кейбір әйгілі әңгімелері аңдар мен
159
адамдардың нәзік ара-қатынасын ашып көрсетеді. Ұлы Мұхтар Әуезовтың «Көксерегі»
ше? Ол Дж.Лондонның «Ақазуын» көзге елестететкенмен ешкімге ұқсамайтын өзге бітімді
даланың өзінше қайталанбас ғажап хикаясы. Мен өнеге тұтқан үздік үлгілер аз емес
екендігі дау туғызбайды. Сондықтан бұдан ширек ғасыр бұрын шыққан екі томдық
шығармалар жинағым «Табиғатқа терезе», «Қазыналар қоймасы» деп бекерден-бекер
айтылмаған.
Мен не жазсам да адамдарды табиғатпен етене, туыстай жақындастырып, жан
бітіруді мақсат еттім. Сірә, туған өлкемізде мен барып, араламаған пұшпақ қалды ма екен?
Егде жас иыққа ауыртпалық артпағанда, әлі де қолыма таяқ алып, жиһангез болып кетер
едім.
Енді қалған-құтқан шығармашылық жоспарларыңыз қандай?
- Әсте өмір базары тарқамай тұрмайды. Адам ұзақ жасай беретін қарға-құзғын емес.
Жастар жағы тіршіліктің қызу дамуына келе жатса, біз одан қайтып бара жатырмыз. Бүкіл
саналы өмірдің сексен жылдай жаратылыс жұмбағын зерттеп, толғақты тақырыптарды
тереңнен толғауға арналыпты. Бұл жолда қаншама көл-көсір қуаныш сезінсем, қасірет те
болмай қалған жоқ. Сонда да өткеніме өкінбеймін. Қазір туындыларымды қайтадан
топтап, жинақтап аяқтап қалдым. Енді солар бір жүйемен баспа жүзін көрсе игі болар еді.
Біз табиғаттың әбден жұтап, тіпті жер бетінен мүлде құрып кету алдында тұрмыз. Бұны
дәл осылай өз бетімен жүгенсіз жібере беруге болмайды. Артта шегінер жер жоқ. Ертеден
адамзатты алаңдатып келе жатқан ақырзаман, топансу деген түсініктер жайдан-жай туған
жоқ. Алда сауатты экологтар заманы туып келедІ.
Достарыңызбен бөлісу: |