Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет90/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   333
 

 

 

 

ЖАСӨСПІРІМЕРДІ АУЫР АТЛЕТИКАҒА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ 

ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕРІ 

 

МАХАТОВА С.Д, ШОПАНОВ Д.Е. 

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау мамандығының студенттері 

Ғылыми жетекшісі: ҮСЕН Б. 

 Алматы университетінің магистрі, аға оқытушы 



 

Әлемдік  аренадағы  жоғары  бәсекелестік,  жаттығуда  күш  түсудің  үнемі  арта  түсуі, 

жарыстағы белдесулердің динамикалығының арта түсуі  спорттық  жаттықтыру  саласында 

жұмыс  істейтін  мамандардың  алдына  оның  тәсілдері  мен  әдістерін  одан  әрі  жетілдіру 

міндетін қойып отыр.  

Спортшыларды, оның ішінде жас атлеттердың дайындығын үлгілеу проблемасы дене 

қасиеттерін тәрбиелеудің, спорттық жаттықтырудың және бейімділік дене шынықтырудың 

теориясы  мен  әдістемесіндегі  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  ретте 

ұлттық жеке жарысқа түсу жүйесіндегі (самбо күресі, каратэ, ауыр атлетика, кикбоксинг, 

грек-рим  күресі  және  т.б.)  бастапқы  даярлықтың  ғылыми  негізделген  әдістемесі  жас 

спортшылардың тактикалық даярлығын және жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігінің 

аса  маңызды  шарты  болып  табылады.  Жас  спортшыны  жаңадан  келушіден  әлеуметтік 

маңызы  бар  жарыстарды  жеңіп  шығуға  қабілетті  спорт  шеберіне  дейін  даярлау  – 

көпжылдық, еңбектеніп тер төгуді қажет ететін үрдіс. Өсіп келе жатқан бәсекелестік ең аз 

материалдық  шығындар  мен  мейлінше  аз  уақыт  кезінде  біліктілігі  жоғары  спортшыны 

даярлауға ықпал ететін, жаттығудың жаңа және прогрессивті әдістемелерін талап етуде.  

Мәселе  көпжылдық  тактикалық  даярлықтың  кезеңдерінде  спорттық  шеберлікті 

қалыптастырудың  жалпы  заңдылықтары  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жастарды 

жеке  жарысқа  түсуге  спорттық  даярлау  процесін  басқарудың  оптималды  жолдарын 

іздестіруден тұрады. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жасалған талдау, тәжірибе мен 

бақылаулар  көрсетіп  отырғанындай,  бүгінгі  күні  айтарлықтай  көп  жағдайларда 

жаттықтырушының  қызметі,  ескіріп  кеткен  ұсыныстарды  қолдана  отырып,  олар  жүргізіп 

отырған  жаттықтыру  процесінің  анық  критерийлерінсіз  және  спорттық  жаттықтыруды 

табысты  жүзеге  асырудың  көбіне  көп  шұғылданушылардың  даярлығына  дұрыс  бақылау 

жасауға  байланысты  екендігін  ескерусіз,  субъективтік  категориялар  шеңберінде  өрбіп 

отыр.  


Осындай  жұмыстың  нәтижесі  болып  облыс,  аймақ  және  т.б.  құрама  командалары 

үшін толыққанды емес резервтерін қалыптастыру болып табылады. Жасауыр атлетшілерді 

дайындығын  үлгілеу  әдістемесін  оны  қазіргі  техникалық-тактикалық  әрекеттерді 



170 

 

меңгеруге  бағыттайтындай  етіп  қайта  құру  керектігін    зерттеген  болатын.  Атлеттер  өнер 



көрсетуі  оларға  жоғарғы  дәрежедегі  жарыстарда  толық  көлемде  басымдылық  танытуға 

кедергі  келтіріп  отырған  бірқатар  ұйымдық  және  әдістемелік  мәселелерді  анықтап, 

көрсетіп берді.  

Жас  атлетшілердің    дайындығын  үлгілеу  ерекшелігінің  ғылыми  негізделуі  қазіргі 

спорттың қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді. Ауыр талетикадағы күш салуды, олардың 

организмге  әсерін  әсерін  зерттеу  жөніндегі,  сонымен  қатар  жаттығу  әдістемесі  жөніндегі 

зерттеулердің көпшілігі ересек спортшыларда жүргізілді. Практикалық ұсыныстар, әсіресе 

жас  атлеттердің  дайындығын  үлгілеуге  қатысты  ұсыныстар  өте  жеткіліксіз  жасап 

шығарылған.  Көптеген  зерттеушілер  дене  жаттығуларының  жастарды  рухани 

тәрбиелеудің,  Отанды  қорғауға  және  еңбекке  даярлықтың  маңызды  құралы  болып 

табылатындығын да атап көрсетеді. 

 Біздің  жұмысымызда  жастардың  дене  қасиеттерін  тәрбиелеуде  маңызды  орынды 

жеке  жарысқа  түсудің  алуан  түрлі  жүйелері  алып  отыр.    ҚР-сы    халықтарының  игілігі 

болып  келген  тәсілдер  –  жұдырықтасу,  қолмен  ұрысу  және  т.б.  белгілі  болса  да,  көп 

жағдайда  бұл  жеке  сайыстар  шығыс  пен  батыстың  әр  түрлі  елдерінен  келген.  Отандық 

жекпе-жекке  шығу  өнері  мүлдем  болмаған  немесе  олар  шамалы  ғана  дамып,  шеберлік 

деңгейі  бойынша  шығыс  пен  батыс  жүйелерімен  теңдесе  алмайды  дегендей  әсер  аласыз. 

Оқпен  ататын  қаруды  қолданусыз,  әскери  әрекеттерді  жүргізу  тәжірибесі  өзгені  айтады: 

славян  жауынгерлерінің  даярлық  деңгейінің  жоғары  болғаны  соншалықты,  араб 

халифтерінің,  қытай  және  рим  императорларының,  түрік  сұлтандарының  жеке  күзеті 

негізінен  славян  жауынгерлерден  тұрған  екен.  Сірә,  біздің  ата-бабаларымыздың  дене 

қасиеттерін  даярлаудағы  тарихи  жүйесі  шығыс  пен  батыстың  осыған  ұқсас  жүйелерінің 

деңгейінде  болып  қана  қоймай,  оларды  айтарлықтай  басып  озған.  Жастарды  қарулы 

күштер қатарында әскери борышын өтеуге және еңбек қызметіне даярлау үшін тек шығыс 

пен  батыстың  жеке  сайысқа  түсу  жүйелерін  ғана  емес,  отандық  жүйелерді  де  зерттеу 

керек.  


Бізде  де  жеке  алысқа  түсуге  даярлау  бойынша  әдеби  еңбектердің  болғанын  атай 

кетуіміз  керек.  Соңғы  жылдары  осы  мәселелер  спорттың  әр  алуан  түрлері,  оның  ішінде 

спорттық ауыр атлетика бойынша ғылыми әдебиеттерде қарастырылса да, аталған мәселе 

әлі  толық  дәрежеде  шешіле  қойған  жоқ.  Жас  атлеттердың  дайындығын  үлгілеу  процесін 

дене  шынықтыру  теориясында,  әсіресе  практикасында  әлі  де  болса  дәлдеп  тексеруді, 

қосымшалар  енгізудуі  және  одан  әрі  қалыптастыруды  қажет  етеді.  Осыдан  бүгінгі  таңда  

атлеттерды  даярлау  тәжірибесі  көрсетіп  отырғанындай,  аз  зерттелген  бағыттардың  бірі 

зерттеулердің жаңа қол жетерлік және ақпараттық әдістемелерін, оның ішінде: а) жаттығу 

процестеріндегі әрекеттерді бағалау; ә) қазіргі заманғы бағдарламаларды қолдана отырып, 

зерттеу  материалдарын  оперативті  өңдеу  және  оларды  жас  атлеттерды  үлгілеудің  оқу-

жаттықтыру  процесіне  енгізу  әдістемелері    жасалып  пайдаланылмауы  белгілі  дәрежеде 

қарама-қайшылықтың бар екендігін байқатады.  

Аталған  қарама-қайшылықты  шешу  зерттеу  проблемасын  айқындайды.  Ол  бүгінгі 

күн  тәжірибесінде  дайындықты  үлгілеу  әдістемесіне  қатысты  тиімділігін  анықтап 

қолдануға  болады  және  оның  зерттеуге  алынған  феноменді  жетілдіруге  ықпалы  қандай 

дегенді  айқындау  қажеттілігін  туғызады.  Ғылыми  –  педагогикалық  әдебиеттерде  бұл 

проблеменың  өз  дәрежесінде  зерттелмеуі  үлгілеудің  тиімді  әдістемесінің  жоқтығы  оның 

бүгінгі  таңда  өзекті  мәселе  екендігін  дәлелдеп  жұмысымыздың  тақырыбын    ТСТ-де 

спортшылардың дайындығының сипаттамасы  деп алуға мүмкіндік берді. 

 Зерттеуде  жас  спортшы-атлеттер  арасындағы  айтарлықтай  жас-жыныстық  және 

дербес-типологиялық  айырмашылықтардың  бар  болуы  мен  оқу-жаттықтыру  процесінде 



171 

 

жас  атлеттерды  спорттық  даярлауды  басқарудың  теориялық  және  практикалық 



мәселелерінің  жеткіліксіз  жасап  шығарылғандығы  арасындағы  айтарлықтай  қарама-

қайшылық  тұжырымдалған.  Жасөспірім  атлеттердың  дене  дайындғын  жетілдірудің 

педагогикалық  негіздері  Техникалық  қозғалыстың  қиындығы  және  нұсқасы  техника 

көмегімен,  көбейтіледі,  сонымен  қатар  физикалық  сапа  әртүрлі,  осыларды  жетілдіру 

зерттеу мүмкіндігі. 

 Сонымен  бірге  жаттығудың  құралдарымен  әдістерін  қолдану.  Осылардың  ең 

белсендісі жаттығу, даму бағытын күшейту, спорт қозғалысының техникасын жақсартуды 

бағдарлау.  Жылдамдық-күш  қабілеттігінің  дамуы  барлық  деңгейде  қарсылық  білдіреді, 

атлеттердің  өзіне  лайық  әрекеті,  бірқалыпта  өсіп  көтеріледі  максималды  күш  және 

жылдамдық  мөлшері  спорт  дайындығын  жаңа  бастаған  спортшылар  үшін  тиімді 

шеңберлік  деңгейінің  көтерілуі  барысында  байқалатын  жағдай  қарқындылық  пен 

мамандық ықпалын пайдалану.  

Күш  және  жылдамдықтың  үйлесуі  жоғары  квалификациялық  спортшылардың 

максималды күш салуы өсу көрсеткішінің артықшылығы болып табылады. Ғалымдардың 

айтуынша  ең үздік құрал арнаулы жылдамдық-күш дайындығына өзіндік жарыс жаттығуы 

болады. Негізі жас спортшыларды әу бастан мектептен бастап спортқа үйрете бастаған өте 

дұрыс деп ойлам. Жас өспірімдерді оқу жаттығу бағдарламасына мектептен бастап үйрете 

бастасақ өзінің икем келетін спорт түріне онда сол жас спортшы үлкен биікттіке жетет деп 

ойлам.  

Ол  бүгінгі  күн  тәжірибесінде  дайындықты  үлгілеу  әдістемесіне  қатысты  тиімділігін 

анықтап  қолдануға  болады  және  оның  зерттеуге  алынған  феноменді  жетілдіруге  ықпалы 

қандай  дегенді  айқындау  қажеттілігін  туғызады.  Ғылыми  –  педагогикалық  әдебиеттерде 

бұл  проблеменың  өз  дәрежесінде  зерттелмеуі  үлгілеудің  тиімді  әдістемесінің  жоқтығы 

оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін дәлелдеп жатыр. [3] Қайраттылық қасиеттерге 

жаттатындар:  табандылық,  қайсарлық,  мақсатына  жету  үшін  өз  дегенінен  қайтпау, 

қиыншылықты  жеңу  кезіңдегі  ұстамдылық  пен  шыдамдылық,  батылдық,  шешімділік, 

тәртіптілік,  ерік  жігердің  мықтылығы  жене  т.б.  спорттың  қай  түрінде  болса  да,  оның 

ішінде  ауыр  атлетикада,  дұрыс  ұймдастырлған  спорттық  машықтандыру  және  жарысқа 

қатысу қайраттылық қасиеттерді тәрбиелеудің пәрменді құралы қызметін атқарады. 

Кез келеген жас спортшы өзінің алдына қандай да бір айқын мақсат қояды. Олардың 

қайсысына болсын жетуі түрлі қиындықтарды жеңіп шығуына байланысты болады. 

Жаттықтырушы  мен  спортшы  қойған  мақсатарына  жетудің  нақты  мерзімін 

белгілеуге болады. Мысалы: классикалық жаттығулардың техникасын зерттеп үйренуге 6 

ай  бөледі.  Осы  уақыттан  кейін  атлет  III  және    II  разрядиардың,  сосын  I  разрядтың 

нормативін  3-5  жылдан  кейін  орындауды  жоспарлауға  болады.  Машықтандырудың 

алғашқы  кезеңдерінде  жаңадан  келген  жас  спортшы  жаттығулардың  техникасын  игеруге 

байланысты  елеулі  қиындықтарға  тап  болуы  мүнкін.  Ауыр  атлеттердің  қайраттылық 

қасиеттерін тәрбтелеу құралдары неше түрлі. Солардың бірі шектеулі салмақты көтеру. 

Арнайы  жаттығулармен  айналысу  процесінде  батылдық,  шешімділік  тәрбиеленеді. 

Бұл  жаттығулардың  сипаты  (мысалы,  кедергілердің  үстінен  қарғу:  барьер,  қоршау, 

гимнастикалық  «теке»  немесе  «ат»;  «текеге»  қарғып  міну,  басқа  да  биіктіктерге; 

мұнарадан  суға  секіру  жэне  т.б.)  спортшының  қайрат-жігерін  шыңдауга  жетелуге 

болады.Қайраттылық  қасиеттерді  тэрбиелейтін  тағы  бір  құралсубмаксимальды  салмақты 

зілтемірді бірнеше рет көтеру және машықтандырудың соңында атлеттің шаршауы.  

Үлкен  салмақтармен  машықтандыруды  жалғастыру  (шаршағанға  қарамай)  - 

еңбексүйгіштік,  өзі  дегенінен  қайтпау  қасиеттерін  шыңдайды,  ал    бұл    спорттағы  табыс 

кепілі.  Жарыс  кезінде  атлеттің  дұрыс  ұйықтамағанын,  басының  ауырғанын,  енжарлықты 



172 

 

және  т.б.  сезінуін  ойлауына  болмайды.  Бұл  кездегі  басты  назар  тек  алда  тұрған 



жаттығуларда ғана болуы керек. 

 Спортшы  тәрбиесіндегі  басты  көмекшінің  бірі  ұжым.  Тату-тәтті,  салауатты  ұжым 

қиын  минуттарда  спортшыға  көмекке  келеді.Спортшының  моральдық  ерік-жігері  мен 

қайраттылық  тәрбиесі  көбіне-көп  жаттықтырушының  беделіне,  оның  білімі  мен 

біліктілігіне,  талабына  және  т.б.  байланысты.  Жаттықтырушының  жұмысыпда  сендіру, 

түсіндіру,  мадақтау,  ескерту  секілді  әр  түрлі  педагогпкалық  әдістер  пайдалануға 

болаы.Жарыс алдында және оның өту барысында атлеттің толқу үстінде жүретіні шындық. 

Жаттықтырушы өзін-өзі жақсы ұстауы керек және осыған спортшыны да тарту керек, оны 

жеңіске жұмылдырумен бірге күдіктер мен толқуларды аулаққа ысырып тастағаны дұрыс.  

Спортшының  қайраттылык  ерік-жігері  оның  тәртіптілігінен  және  езін-өзі  тәртіпке 

шақыра  білуінен,  машықтандыруда  белпленген  талаптарды  және  жарыс  ережелерін 

сақтауынан,  жаттықтырушы  нұсқауларын  бұлжытпай  орындауынан,  режимді  қатаң 

ұстауынан  (спортпен  айналысу,  биік  нәтижелерге  жетуге  ұмтылыс  режимді  бұзумен 

ешқашан бірлеспейді) айқын көрініп тұрад 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет