«Вопросы синтаксиса научного стиля речи» (М., 1979) еңбегінен қарауға болады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік — сөз тек өзінің негізгі мағынасында ғана жұмсалуы.
Көркем- әдебиет, ауызекі сөйлеу публицистикалық стильдің кейбір жанрларымен салыстыра қарағанда жалпы ғылыми стильге атаулық сипат тән. Бұл етістікке қарағанда есімдердің (негізіне зат есім) ықпалының мол болуынан және етістіктің кеңінен қолданылуының сапалық мағынасынан және етістіктен жасалған сөз бен сөз тіркестерінің түрлілігінен көрінеді. Мысалы, етістіктен жасалған зат есімді (етістікті тіркес пен құрылымға синоним ретінде қолданылатын) тұрақты тіркестерді қолдану:… ықпал ету; талдау;
Мәтіндік деңгейде ғылыми функциональды стиль пікірлесу мен сипаттаманың кеңінен қолданылуы арқылы сипатталды, сонымен қатар, оның хабарлануының біркелкілігі еместігінен де көрінеді. Композициялы біртиптілік, бірақ та түрлі нұсқалы болып келеді. Мәтіндікіріспе, негізгі бөлім, қорытынды деп бөлумен қатар, ғылыми шығарма композициясына таным процесінің заңдылығы мен білім қалыптастыруды бейнелеу тән болып келеді. Сонымен, мәтіннің мағыналық құрылымы әдетте танымның кезең динамикасын білдіреді, соңғының ескі білімнен жаңаға қарай ауысудағы білім сабақтастығы, ойдың (шиырмалы) дамуына жылжуынан көрінеді. Ғылыми мәтін сонымен қатар түйсікті шешімдерді де көрсете алады.
Мәтіндік деңгейдегі ғылыми сөйлеудің өзіндік қасиеті мәтінге дейінгі, сонымен қатар мәтіндік бірліктерді пайдалану ерекшелігімен жасалады. Олар жалпы стильдік өзіндік қасиеті мен оның айтылу жүйелілігін қалыптастырады. Сонымен қатар ғылыми салада танымал мәтіндік категориялар арнайы қызмет атқарады.
Оларды тек арнайы әдебиеттің редакторлары ғана емес, сонымен қатар болашақ оқытушы-тілшілер мәтінді лингвистикалық талдау курсын оқығанда, курстық жұмыс, әсіресе, дипломдық жұмыс жасауда білуі әрі ескеруі қажет. Соңғысы ғылыми сөйлеуге тән негізгі белгілерге жауап беруі керек және ғылыми мәтін ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет. Оның бойында логикалық айтылым дәлдігі және т.б.сол сияқты белгілер жүзеге асуы маңызды және олар тек сипатталып емес, сонымен қатар түсіндіріліп, яғни пікір білдіру мәнерінде жазылуы қажет. Ғылыми мәтіннің ширығу заңдарын негізінен, ширықпалы вариативті қайталамаларда қолдана алу керек, сондай-ақ ғылыми шығарма композициясын өзіндік қасиетін білдіру қажет. Дипломдық жұмыстардағы кеңінен таралған ақаулықтарға адресатты ескермеу, басқаша айтқанда, диалогтіліктің жоқтығы, сонымен қатар акцентуаторларды ескермеушіліктен туады, бұның бәрі студенттік жұмыстардың стилистикалық-коммуникативті сипатын мейлінше төмендетеді. Байқағанымыздай, ғылыми мәтін мен оның стилистикасын қайталаудың жалпы ұстанымдарын білу мәтіндік құрылым іс-әрекеті дағдыларын жасау үшін үлкен практикалық мағынаға ие.
Стилистикалық норма мәселелері бір жағынан сөйлеу мәдениетінің өзінше бір ғылыми пән ретінде, екінші жағынан стилистикалық салыстырмалы қатынастары мәселелерімен тікелей байланысты. Өкінішке қарай бұл мәселелердің ешқайсысы тілтануда біржақты шешімін тапқан жоқ. Олардың екеуінің де ғылым мен тәжірибе жүзінде маңызы зор; тілді оқыту әдістемесі мен стилистикалық және т.б. сөйлеу қателіктерін анықтауға қажет.
Қазіргі заманға сай тілтануда тілдің функциялану үдерісін оқып-үйренуге деген қызығушылықтың өсуі арта түсуде. Стилистикалық нормалардың функционалды табиғатын В.В.Виноградов, коммуникативтік мақсатты ұстанымы В.Г.Костомаров пен А.А. Леонтьевтің мақаласындағы норманың анықтамасы негізінде атап көрсетілген және оның өзектілігі дәл бүгінге дейін сақталған. А.А.Леонтьевтің зерттеу еңбегінде :Әдеби айтылымның дәлдігі , дұрыстығы осы айтылымның коммуникативті-стилистикалық мақсатының,функциональды стильді жанрдың қызметі болып табылады.. Міне, осындай тіл бірліктерінің функционалды мақсаты… осы берілген бірліктің нормаға жатқызлуы жөніндегі ең маңызды белгісі болып танылуы тиіс… немесе тіл- сөйлесу құралы, ал барлық сөйлесу,тілдесудің мақсатты бағыты бар деп нақты тұжырымдалған. Осындай көзқарас Бодуэн де Куртенэ, Е.Д. Поливанов, Л.П. Якубинский көзқарастарымен үндесіп жатқаны байқалады. Тіл нормасының мәселелерін қарастыру және осы түсініктің анықтамасының зерттелуіне келсек, орыс тіл біліміндегі функционалды стилистикамен тікелей байланысты қарастыруға болады. Яғни стилистиканың нысаны әдеби тіл мен сәйкес тілдік құбылыстардың мәселелерінен тұрады.
Орыс тіл біліміндегі стилистика жөніндегі зерттеу еңбектерге сүйенсек, тілтануда нормалар төмендегідей анықталған: Әдеби нормалар — қоғам өз дамуының белгілі бір сатысындағы қабылдаған және оны өзі дұрыс деп тапқан тіл жүйелерінің ұжымдық таралуының кейбір жиынтығы».
Зерттеуші Л.И. Скворцов тілді таратудың потенциалды мүмкіндігінің белгілерін қамтитын динамикалық нормалардың түсінігін жасайды. Осыған қосымша , ол нормалардың шартты белгілерін нақты ерекшелену құбылысының қажет екенін көрсетеді. Динамикалық аспект деп түсінілетін тілдік норма —
Динамика табиғатының «тіл қызметінің әлеуметтік-тарихи нәтижелеріне негізделгенін, бір жағынан –жаңа тілдік фактілерді тіл жүйесінің потенциалды мүмкіндіктеріне байланыстылығын, екінші жағынан-белгілі, жарияланған үлгілердегі жүйенің дәстүрлі таратылуына бекітіледі»-деп тұжырымдайды.
Л.И.Скворцлвтың зерттеулерінеде стилистикалық норманың теориялық мәселелері жалпы алғанда, жан-жақты қамтылған. Жоғарыда көрсетілген стилистикалық норманың динамикалық табығатының түсінігі, оған стилистиканы (тіл бірліктерінің жүйесі) да, динамиканы да жатқызуға болатынын көрсетеді. Автордың стилистикалық норманы тіл қызметінің әдеби деңгейінде деп түсінуінің маңызы зор. Осыған байланысты «стилистикалық норма шегіндегі нұсқаулар», мәнді болып табылатын «коммуникативтік мақсаттылық ұстанымы», «жағдай нормалары мен тілдесу мақсатының сәйкестігі». Яғни нормалардың «әр түрлі міндеттілік дәрежесінде» атап өте келе, нормалар түсінігі «іске асырылыған бөлшекпен шектелмейді- ол потенциалдықты да қамтиды».
Мұның барлығы лингвистиканың функционалды аспектісіне негізделеді де, функционалды стилистикаға жуықтайды. Осыған орай, Л.И.Скворцов нормалар зерттеулерінің «теориялық және фактілік базасын» «функционалды грамматика және функционалды стилистика саласы» деп атауы орынды деп есептейміз.
Стилистикалық норма туралы мәселе жоғарыда көрсетілгендей, сөйлеу мәдениеті мен стилистика қатынасы мәселесімен тығыз байланысты. Алайда бұл салалардың шекарасы жеткілікті деңгейде анық емес. Мәселен, егер сөйлеу мәдениетінің пәнін дәлдік қана емес, сонымен бірге белгілі мағынадағы сөйлеу өнері деп санайтын болсақ, онда стилистика сөйлеу мәдениетіне енеді. Л.И. Скворцовтың пікірі бойынша сөйлеудің түпкілікті мәдениеті қазіргі заманғы әдеби тілде тілдесудің мақсаттары мен мәселелеріне ие болуын болжамдайды. Сөйлеу мәдениетін автор төмендегідей анықтайды; «Өзіндік лингвистикалық саладағы сөйлеу мәдениеті туралы ғылым стилистикалық тілде және стилистикалық сөйлеуде араласып жатады. Олардың ережелерін кеңейте түсіп, жасалған қорытыныдылары тілдік тәжірибеге қандай да бір сер ететінін, сонымен бірге «негізгі эстетикалық нормалар,формалар, әдеби сөйлеудің көркем әдебиет стилі қозғалысымен байланысты тенденциялары арқылы анықтау мақсатындағы теориялық және тәжірибелік пәндерінің көрінісі болып табылады».
Сонымен, жалпы сөйлеу мәдениеті сөйлеудің дұрыстылығы мәселелерімен шектеліп қана қоймай, өзінің жоғарғы деңгейінде стилистиканың мәселесімен, қиылысады, тіпті оның кейбір аспектісін қамти кетеді, бірақ онымен толық сәйкес келе бермейді. Аталған ғалымдардың әрқайсысының өзіндік арнайы мәселелері мен зерттеу нысанасы бар.Ғылыми стиль барлық стильдер секілді бізге ең қажетті стильдердің бірі болып қалады.