Ғылыми стиль


Дискурста «ғаламның тілдік бейнесі немесе дүниенің тілдік суреті»



бет3/4
Дата28.09.2022
өлшемі36,18 Kb.
#40705
түріОқулық
1   2   3   4
Байланысты:
Ғылыми стиль

Дискурста «ғаламның тілдік бейнесі немесе дүниенің тілдік суреті» деп те аталатын құрылым, жүйе, ой көрінеді. Яғни Ғаламның тілдік бейнесі – индивидтің танымдық көзқарасын көрсететін тілдік бірлік, яғни эмпирикалық тәжірибелердің жиынтығы, аралас жүйедегі білім.
Осыдан кейін зеріттеуші ақырғы этапқа көшті. Бұл этапта ол Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік және прагматикалық деңгейін жан жақты қарастырып өз еңбегінің мазмұнын одан әрі кеңейте түсті. Бұл деңгейде қарастырылған мәселелер: 1.Ұлтжандылық концептісі; 2. Ислам діні концептісі; 3. Әйел теңдігінің концептісі 4.Надандық концептісі 5.Оқу,білім,өнер концептісі 6. Қазақ тілі концептісі .Мұның барлығы арнайы мысалдармен дәлелденіп, анықталып отырды. Мысалы:
Ұлтжандылық концептісі Махамбет, Абай жырларынан бастау алып ағартушылар шығармаларынан жалғасын тапқан. Жалпы ұлтжандылық – ұлтына жаны ашу болып саналады. Мұндай қасиет қазақ зиялыларының барлығының бойында бар. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,- деп толғауынанда ұлы ақынның халқына деген сүйіспеншілігі бірден байқалады.
«Прагматика» грек тілінен аударғанда–іс-әрекет, семиотика мен лингвистиканың саласы, яғни тілдегі белгілі бір қызметті зерттейді. Прагматиканың басты мақсаты – сөздің қолданыс ерекшелігіндегі өзіндік ережелерді ұғындыру.
Ғылыми сөйлеуге тән лингвистикалық белгілерге, көбінесе ерекше «сілтемелі» тіркестер жатады: одан әрі сөзінің қыстырма сөз қыметінде айтылым бөліктері арасындағы қатынасты білдіру мағынасында қолданылуы; қалып етістіктерімен қатар заттың қасиеті мен сапасын білдіру мағынада өзге де айтылымдарды қолдану; есімдікті сөздің сілтеу қызметінде және байланыс құралы ретінде қолданылуы; ілік септігін қолдану жиілігімен байланысты.
Сондай-ақ ғылыми сөйлеудің синтаксисінде жоғарыда көрсетілген құбылыстардан өзге құрмалас сөйлемнің басқа стильдерге қарағанда кеңінен қолданылуы байқалады; жай сөйлем қолдану; құрмалас сөйлемнің арнаулы түрлері шақ формасы бойынша (осы кезде, жалғаулық сөз арқылы) және шарттық (егер, онда, олар шақ пен шарттылықты білдіру үшін емес, сөйлем мүшелерін салыстыру үшін қолданылады); жалғаулар жүйесі мен көмекші сөз (әсіресе бағыныңқы қатысты айтылым үшін) синтаксистік байланыстың жалпы анықтылығын білдіруде (осыған байланысты, сонымен осының салдарынан, т.с.с.) қолданылуы; көсемшелі және есімшелі тіркестердің ырықсыз етіс құрылымдары кеңінен қолданылуы. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Мұндағы негізгі ерекшелік — ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаға негізделуінде
Негізінен, ғылыми сөйлеу синтаксисі туралы толық мәліметті Н.М. Лариохинаның 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет