мақсатқа бағыныңқы таным, оның нәтижелері түсініктер, заңдар мен теориялар түрінде көрінеді
Ғылыми зерттеудің өзіне тән белгілері
-бұл - міндетті түрде алға қойылған мақсаты мен нақты анықталған міндеттері бар мақсатқа бағытталған үрдіс;
-айрықша идеялар мен қарастырылған сұрақтарды жаңаша қарастыруды көздейтін, белгісізді анықтауға, шығармашылыққа бағытталған үрдіс;
-ол жүйелілігімен, тәртіптілігімен сипатталады, зерттеу үрдісі ғана емес оның нәтижелері де бір жүйге келтірілген;
-оған қатаң дәлел, тұжырымдар мен қорытындыларды ретімен негіздеу тәрізді қасиеттер тән
Ғылыми білім және ғылымды тану
эмпирикалық
теориялық
Эмпирикалық деңгей
табиғат жайлы ілімді зеттеуде сезімдік тәжірибені бірден – бір ілім көзі ретінде қолданушы теория
зерттеуші нысандар туралы мәлімет әртүрлі өлшеулер жүргізумен, эксперимент қоюмен іске асырылады
Ғылыми зерттеудің теориялық деңгейі
танымның рационалдық (логикалық) деңгейінде іске асырылады
нысандар мен құбылысқа тән неғұрлым тереңінен байланыстарды ашу жүргізіледі
Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
эмпирикалық
гипотетикалық
теориялық
Зерттеудің эмпирикалық сатысы
зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады
шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді
ғылыми проблема өрнектеледі
Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық саты
ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу
содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау
Теориялық саты
назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады
Зерттеу мақсаты
қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу
табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықты анықтау
жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау
тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Зерттеу міндеті
Эмпирикалық зерттеу,деректерді талдау: ұсынылған гипотезаны немесе зерттеу мақсаттарын тексеру үшін қажетті деректерді,ақпаратты жинау және талдау.
Нәтижелерді түсіндіру: алынған нәтижелерді бағалау,оларды алдыңғы зерттеулермен және теориялық түсініктермен салыстыру,деректерді талдау негізінде қорытынды жасау.