Ғылыми-зерттеу жұмыстарында акт-ны пайдалану. Интернеттің ғылыми ақпаратты алудағы маңызы


Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы



бет5/5
Дата10.10.2022
өлшемі29,85 Kb.
#42263
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылыми зерттеу жұмыстарында АКТны пайдалану

Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымы
27. Диплом жұмысы өзінің мазмұны бойынша бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады;
28.Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша тәжірибелік бағыттағы мамандықтар үшін 25-40 беттен, теориялық бағыттағы мамандықтар үшін 50-60 беттен тұруы тиіс. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді.
29.Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтері:
- Мұқаба (сыртқы беті);
- титул беті;
- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
30.Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі;
- диплом жұмысының (жобаның) орындалған ұйымның атауы;
- студенттің тегі және аты-жөні;
- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы;
- жұмыс түрі – диплом жұмысы (жоба);
- мамандықтың атауы мен шифры;
- қаласы, жылы келтіріледі
31. Титул беті диплом жұмысының (жобаның) бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеуге және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі болып табылады;
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы;
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедра атауы;
- шектейтін гриф (қажет болғанда)
- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы;
- жұмыстың түрі- диплом жұмысы (жоба);
- «Тақырыбы:»-деп көрсетілген дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы;
- мамандықтың атауы мен шифры;
- сол жағында «орындаған» сөзі мен қарама-қарсы оң жағында студенттің атыжөні;
- бір жол төмен – «Ғылыми жетекші» сөзі мен жетекшінің аты-жөні, ғылымидәрежесі мен атағы;
- қаласы, жылы көрсетіледі.
Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті (А – В) қосымшаларында көрсетілген.
32.Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды;
33. Кіріспеде дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының өзектілігінің негіздемесі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, шешілетін ғылыми проблеманың қазіргі жайкүйін бағалау қамтылуға, сондай-ақ мақсаты, міндеттері мен объектісі мен пәні, дипломдық зерттеу гипотезасы, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен практикалық базасы келтірілуге тиіс.
34. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін деректер келтіріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігі, әдетте, бөлімдер мен бөлімшелерге (тараулар мен параграфтарға) бөлінеді. Негізгі бөлімде зерттеудің мақсаты мен құрылымына байланысты үш кіші бөлімнің екі бөлімі де, екі кіші бөлімнің үш бөлімі де болуы мүмкін. Әр тараудың соңында қорытынды болуы керек.
35.Қорытындыда (нәтиже) барлық дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша тұжырымдар, мақсаттарға қол жеткізудің толықтығын бағалау, қойылған міндеттерді шешу, гипотезаны растау немесе теріске шығару, зерделенген зерттеу объектісі бойынша нақты ұсынымдар болуға тиіс.
36. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді (қосымша Е) .
37.Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
38.Диплом жұмысындағы (жобаға) қабылданған шешімнің дәлдігі мен шынайылығына дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы – студент жауапты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет