Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесіқатынасқА


Дәйектер орынды әрі сәйкес пе?



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.11.2022
өлшемі0,85 Mb.
#53239
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
524628574258 1 lecture

4. Дәйектер орынды әрі сәйкес пе?
Позитивистер бір зерттеуден алынған нәтижелерді жалпылауға бола ма, соған қарайды. Яғни бір 
зерттеуден алынған нәтижені үлкенірек популяцияға қолдануға бола ма? Егер қолдануға болатын болса, 
онда жұмысыңызға сенім артуға болады. Мысалы, сіз мектепте жаңадан ендірілген пәннің тиімділігін 
зерттеу керек болсаңыз, онда сіз зерттеген мектептер бойынша алынған нәтижеге сүйеніп, жалпы мемлекет 
бойынша ахуал туралы жалпылама қорытынды жасауға бола ма? Егер олай болса, онда сіздің зерттеуіңіз 
сенімге лайық. Ал постпозитивистер бойынша, егер бір зерттеуден алынған нәтижені басқа жағдайға 
тасымалдауға болатын болса, онда ол зерттеу сенімге лайық. Мысалы, егер сіз бір отбасындағы жағдайды 
зерттеген болсаңыз, ол зерттеудің нәтижелерін басқа отбасыларға қатысты жапылауға келмейді. Өйткені 
әр отбасы әртүрлі болады. Бір отбасындағы жағдай екінші отбасында дәл сондай етіп қайталанбайды. 
Бірақ сіз зерттеген жағдайға ұқсас тағы бір жағдай қайталанған жағдайда сіздің зерттеуіңіздің нәтижелері 
ол жағдайды зерттеуге көмегі тиюі мүмкін. Постпозитивистер осы жағына мән береді.
5. Зерттеу нәтижесін тексеруге бола ма?
Позитивистер егер белгілі бір зерттеуде қолданылған әдісті тура сол контекстегі басқа жағдайға 
қолдануға бола ма деген сұраққа жауап тапқысы келеді. Мысалы, егер сіз бірнеше мектептегі жағдайды 
зерттеп, оның нәтижелеріне қол жеткізген болсаңыз, тура сіз қолданған әдістерді қолдана отырып, 
басқа мектепті зерттесеңіз, осындай нәтиже тура сондай бола ма? Егер нәтиже сондай болатын болса, 
онда зерттеуіңіз сенімді дегенді білдіреді. Ал постпозитивистер зерттеудің аудиттілігіне мән береді. 
Яғни зерттеуде қолданылған әдістерді тексеріп көруге бола ма? Зерттеушілер өздерінің нәтижелеріне 
қалай келді, және неге осындай қорытындыларға келді деген сұраққа аса мән беріледі. Ендеше, зерттеу 
нәтижесіне қалай келгеніңізді тексеруге болатын болса, онда зерттеуіңізді сенімді деуге болады.
Сонымен, бұл аталған 5 көрсеткіш позитивистік және постпозитивистік тұрғыдан алғанда зерттеу қай 
уақытта сенім тудыруға қабілетті болатынын анықтап береді. Егер сіздің жұмысыңыз осы бес талаптың 


5
Кітап:
Дәріс:
Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесі
Кіріспе
бәріне сәйкес келетін болса, онда жұмысыңыздың сапасы шынымен-ақ жақсы деген сөз. Сондай-ақ, 
өз зерттеуіңізге қажет дереккөздерді жинақтауда да қарайтын ғылыми мақалаларды немесе ғылыми 
еңбектердің дұрысын қолданғыңыз келсе, онда оларды ды осы талаптар бойынша сүзгілеп көрсеңіз 
болады. Бұл сізге шын мәнісінде сапалы жазылған еңбектерді табуға жақсы көмек бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет