Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесіқатынасқА


Субъективтілік мойындалды ма және басқарылды ма?



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата28.11.2022
өлшемі0,85 Mb.
#53239
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
524628574258 1 lecture

1. Субъективтілік мойындалды ма және басқарылды ма?
Субъективтілік дегеніміз ол зерттеуде мәселені жеке жаңсақ пікірлеріңізден асатындай етіп зерттей 
алдыңыз ба соны қарастырады. Мәселен, егер сізден баланы қалай тәрбиелеген дұрыс деп сұраса, сіз 
жауап бергеніңізде өз түсініктеріңізге, жеке тәжірибелеріңізге, діни, ұлттық дүниетанымыңызға сүйеніп, 
сол жағдайлар бойынша дұрыс болып есептелетін жауапты айтасыз. Және соның ең дұрыс екеніне сенімді 
боласыз. Бірақ егер діні, ұлты немесе тәрбиесі басқаша өскен адам жауап берсе, ол сіздің пікіріңізбен 
келіспеуі мүмкін. Бұл орайда сіздердің әрқайсыңыздың жеке пікірлеріңіз сіздердің субъективті ойларыңыз 
болып есептеледі. Ал ізденушінің қарапайым адамнан ерекшелігі ол қойылған сұраққа жауап бергенде тек 
өзінің жеке тәжірибесі мен дүниетанымына сүйенбей, шын мәнісінде қайсысы дұрыс, маған ұнамаса да, 
немесе менің пікірлеріме қарама-қайшы болса да, бірақ ғылыми тұрғыда, ақылға салғанда қандай жауап 
ең дұрыс болар еді деген объективті пікірге жүгінеді. Енді позитивистік зерттеу парадигмасындағылар 
субъективистік пікірге толығымен қарсы және қандай да бір субъективті пікір араласқан зерттеуге 
ешқандай сенім артуға тұрмайды деп есептейді. Сондықтан, позитивистік шабуылға қарсы тұра алуы 
үшін мен зерттеуде субъективті пікірлерге жол беріп қойған жоқпын ба, мынау ақылдың салмағымен 
айтылған мәлімдеме ме әлде менің бұрыннан ойлап жүрген өздігінен солай болуы керек деп білетін 
менің сенімім бе деген сұрақтарды ойлана жүріңіз. Ал, постпозитивизмді жақтаушылар бұл сұраққа 
келгенде, бейтараптықты ұстануға кеңес береді. Постпозитивистердің ойынша бір құбылысты немесе 
жеке жағдайларды зерттегенде сол жағдайға қатысты жайтты тек соны басынан өткерген адам ғана біле 
алады, сондықтан да ондай жағдайларда субъективистік пікірден аса құнды. Мысалы, қандай да бір 
емханадағы қызмет көрсетудің сапасын бағалап, зерттеп жүргізу керек болғанда ем қабылдаушылардың 
субективті пікірі ғана қанық ақпарат бере алады. Өйткені тек солар ғана емханада жатқанда дәрігерлердің 
қалай қызмет көрсететінін өз басынан өткізгендер. Дәл солар сияқты ешкім де қызметтің сапасы туралы 
толық білуі мүмкін емес. Сондықтан да постпозитивистердің пікірінше субъективті пікір аса құнды 
және субъективтілікті ескерген еңбектерге сенуге болады. Дегенмен, субъективтілік зерттеу нәтижелерін 


Кітап:
Дәріс:
Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесі
Кіріспе
4
бұрмаламайтынына көз жеткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет