«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет17/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

ə) қайта категориялау (басқа категория белгілерімен, басқа категория мен оның ара-қатынасы арқылы сөзді жəне өзге концептіні қайтадан ой елегінен өткізу);
б) поликатегориялау (бір мезгілде бірнеше концептуалдық сипаттарды немесе əртүрлі концептілер белгілерін іске асыру, яғни, сөздің екі түрлі категория арқылы ара-қатынасын белгілеу).
Тілдік категориялардың қалыптасу негізінде концептілердің мазмұны жəне құрылымы туралы жəне де осы категориялардың құрылысын ұйымдастыру қағидаттары туралы тілдік білімді толыққанды түсінудегі прототиптік семантиканы анықтаудың маңызы зор. Сонымен қатар прототиптік семантиканы анықтау ойды қалыптастырып, оны репрезентациялау үдерісіндегі тілдік жəне когнитивтік өзара əрекетестіктің əсер ету тетігі туралы ауқымды ұғыну мүмкіндігін береді.
Ғалым Р.А. Берндт когнитивтік факторлардың қолданылуына былай деп тұжырым жасайды: «Сөздегі семантикалық үдерістерді сараптау аясында когнитивтік факторлардың əсері зор. Когнитивтік лингвистиканың аппараты мен іске асыру түрлері сөз мағынасының өзгеру үдерісін сипаттауда қолданыс табады. Яғни, сөз мағынасының өзгертілуінде семантикалық жаңару болады, ол пікір алмасуда, нақтылауда, кескінді қолдануда көрініс табады. Ауыстыру жəне семантикалық өзгеріс іске асады» [7; 76]. Семантикалық өзгеріс таным үдерісінің барысын айқындайды, берілген лингвомəдени фактілердің ортақтығын, айналадағы нысандар мен үдерістерді игереді. Осылайша, сөздің семантикалық құрылымындағы жоғарыда көрсетілген үдерістердің ағымы ұлттық мəдениетке тəн нақтылық пен айқындылықтың куəсі ретінде табылады. Олар тілдік бірліктер арқылы көрініс береді.


  1. Зерттеу жоспарын құрудың мəні мен негізгі принциптері.

Зерттеуді бастамас бұрын зерттеу сұрағын жақсылап, анықтап алу аса маңызды. Кей жағдайда кейбір студенттердің жақсы зерттеу идеясы немесе қызықты тақырыбы болуы мүмкін, бірақ зерттеу сұрағы болмауы мүмкін. Бұның нәтижесі аса ауыр болады. Өйткені жұмысыңыз жай бір энциклопедия сияқты, нақты бір сұраққа жауа бермейтін ғылыми емес еңбек болып шыға келеді. Яғни еңбегіңіздің ешқандай сенім тудыра алатын қабілеті болмай қалады. Бұл дегеніміз сіздің еңбегіңіздің ғылым саласы үшін, тексерушілер үшін еш құны жоқ дегенді білідреді. Мысалы, сізді қызықтыратын тақырып теледидардың жасөспірімге ықпалы деген тақырып болуы мүмкін. Бұл қызықты тақырып, бірақ бұл жерде сұрақ жоқ. Оны зерттегеннен не аламыз, ол онсыз да белгілі жайт емес пе? Ал егер теледидардан порнографиялық немесе қатігездік элементтерімен болатын контентті көрудің баланың психикасына және болашағына қандай ықпал етеді және оны болдырмау үшін қандай әрекеттер жасалуы керек десеңіз, бұл зерттеу сұрағына айналады. Енді осыған сай оңай-ақ зерттеу мақсаттары мен міндеттерін анықтап шыға аласыз. Ал жай теледидардың ықпалы деп алсаңыз, сұрақтың мақсатын анықтауда қатты қиналасыз. Өйткені мақсаттар сұраққа жауап беру үшін құралады. Сұрағыңыз мейлінше анық болған сайын, әдістерді де құрастыру оңай болады. Мысалы бала дегеніміз кім? Ол қай жас аралығындағы балалар, ол отбасында тәрбиеленіп жатырған бала ма, жоқ жетімдер үйінде тәрбиленетін бала ма, ол тек үйде теледидар алдында өсіп жатқан бала ма, әлде балабақша ға барып жүрген бала ма, ол қыз бала ма әлде ұл бала ма? Осы сұрақтарды анықтап алуыңызға қарай, сіз сұхбат аласыз ба, сауалнама жүргізесіз бе, жоқ бақылау жүргізу әдісін қолданасыз ба, сұрақтардың этикалық жағына қалай шеше аласыз, кімнен рұқсат сұрау керек болады деген келесі сатыдағы сұрақтардың жауабын таба аласыз. Сондай-ақ, бұл зерттеу шекерасын анықтайды. Егер жаңа ғана айтып өткен балаларға қатысты айтатын болсақ, онда сіз жоғарыдағы сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеуіңіздің ауқымын, яғни шекарасын бірден айқындап аласыз. Әйтпесе, жай балаларға ықпалы деп алсаңыз, түрлі-түрлі балаларға қатысты ақпарттарды жинаумен-ақ уақытыңызды жоғалтып аласыз, оның үстіне бұл сіздің еңбегіңіздің сенім тудыру қабілетін күрт төмендетеді, өйткені жұмысыңызда әртүрлі жас категорияларына тән ерекшеліктер ескерілмеген, немесе толық емес отбасылардағы онсыз да болатын психикалық күйзелістер ескерілмеген деген сияқты сынның астында қалуыңыз мүмкін. Зерттеу сұрағы бағдар береді және сұрағыңызға қарай жұмысыңызды бағалаудың негізгі критерийіне айналады. Яғни сұрағыңыз әуел бастан дұрыс құрастырылмаған болса, бірден түрлі-түрлі сынның астында қалуға дайын болыңыз.
Зерттеу сұрағының пайда болуына алып келетін тағы бір фактор – шабыт. Адам шабыттанған кезде бұрын өз ойламаған жаңа идеяға келуі мүмкін. Яғни шабыт шақыра алу керек деген сөз. Шабытты ояту үшін жеке түйсік пен тәжірибеңізге сүйеніңіз, бақылаумен айналысыңыз, заманауи мәселелермен таныс бола жүріңіз, мүдделі тараптардың мұқтаждығын анықтаңыз. Осылай сіз бұрын байқамаған мәселелерді көре алуыңыз мүмкін. Тағы бір ескеретін жайт тақырып аясын тарылту. Тақырып аясы тар болған сайын, зерттеуді жүргізу де оңай болады, әрі тексерушілерге де зерттеуді бағалау жеңілірек болады. Зерттеуіңіздің сенім тудыра алу қабілеті де жоғарылайды. Зерттеу сұрағын анықтауда мынандай төрт сатылы сұрақтарды қолдансаңыз болады? Сұрақтардың жауабы біреу не екеу ғана болуы керек: а) Тақырыбыңыз қандай? Жауаптардың мысалы: арқа ауруы, қалдықтарды өңдеу, тәуелсіз білім алу т.б. ә) Зерттеу жүргізілетін орта қандай? Жауаптардың мысалы: мектеп, жергілікті билік, аурухана, қоғамдастық т.б. б) Көздеген мақсатыңыз не? Жауаптардың мысалы: жаңалық ашу, сипаттау, өзгерту, барлау, түсіндіру, дамыту, түсіну т.б. в) Қандай сұрақ қоясыз? Жауаптардың мысалы: не, кім, қайда, қалай, қашан немесе неліктен? г) Қандай да бір потенциалды қарым-қатынасты зерттегіңіз келе ме? Жауаптардың мысалы: әсер ету, арттыру, азайту, қарым-қатынас, өзара байланыс, себептер.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет