Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы және ғылыми стиль. Библиография



бет2/4
Дата15.10.2022
өлшемі32,47 Kb.
#43229
1   2   3   4
Байланысты:
Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы

Экстрополяция – кішігірім пән саласындағы білімдерді әлі ғылым игермеген шын болмыстың кең аясына таратады.
Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады. Олар: эмприкалық, теориялық , құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды және сапалы болып табылады.
Эмприка заңдары тәжірибе мен бақылауларға негізделеді. Бұл заңдарды теориямен салыстырғанда аса терең деп айтуға қиын, бірақ олардың негізінде жасалған болжамдардың нақтылық дәрежесі өте биік.
Теориялық заңдар, эмприка заңдарына қарағанда, табиғаттың шын заңдылықтарын терең де толығырақ айқындайды. Сондықтан, бұл заңдардың үлкен болжамдық күші бар. Мұндай болжамның мысалы ретінде
А. Эйнштейннің қатынастық теориясындағы ірі аспан денесінің жанынан өткен сәуленің ауытқу құбылысын атауға болады.
Ғылымның әрбір саласында динамикалық және статистикалық заңдарына негізделген болжамдардың орны бөлек. Динамикалық заңдары объектінің алғашқы қалпы мен сыртқы жағдайын біле отырып, кез келген уақытта оның өзгеруін болжай алатындай мүмкіндік береді. Статистика заңдылықтары объектілер жиынтығының, яғни элементтерінің бір текті объектілер көптігіне қатысты болады. Бұл жиынтықта жеке элементтің іс- қимылы кездейсоқ болғандықтан, ықтималдау түрінде сипатталады. Статистика болжамының басты міндеті жеке элементтердің құбылмалы сипаттарына аса назар аудармай, бір текті объектілері көпшілігінің өзгеруі туралы тұспалдау.
Ықтималдық сипатына қарамастан статистика болжамы өз құндылығын төмендетпейді. Бұл болжамдардың толықтылығы немесе шынайылығы динамика заңдары негізінде жасалған болжамдардан кем емес. Статистика заңдары негізінде жасалған болжамдарды астрономия, әлеуметтану, медицина, биология тағы басқа ғылымдарда қолданады.
Сапалы түрде тұжырымдалған заңдылықтар, көріністердің жалпы даму бағытын анықтайды. Бұл заңдарды математика тілінде сипаттау мүмкін болмағандақтан, оларды нақты цифрлар келтірмей – ақ жалпы түрде қорытындылайды.Санды заңдар, математикалық формула мен теңдіктер тілінде тұжырымдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет