Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байла-нысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.

Гректердің жаратылыстануы абстрактылы — түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.
Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің ау-мағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.
Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушыльщ орта ғасырда антикальщ уақытпен салы-стырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Қүдайдың жаратуы екендігін уағыздады.
Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жара-туы туралы догма антикалық уақыттың дүниетанымына қарама-қайшы келді.
Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты. Бүдан келіп ортағасырлық ғылымның негізгі бір сипаты -моральдық символизм пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми қортындылар арқылы түсіндірілмей, олар моральдық және діни нәрселердің символы ретінде қарастырылды. Ай — шіркеудің символы, жел — рухтың, аруақтың об-разы тағы басқалар.
Орта ғасырлық символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. Барлық заттар бір-біріне бағынышты деп қарастырылды.