Ғылыми этиканы бұзғаны үшін бірлескен жауапкершілік. 1. Бірлескен жауапкершілік нәтижесі келесі жағдайларда болуы мүмкін:
а) басқа адамдардың ғылыми этиканы бұзуына бірлесе белсенді қатысу;
б) басқалармен жасалған бұрмалау жұмыстары туралы хабардар болу;
в) жалған жарияланымдардағы авторлық;
г) бақылау міндеттерін айқын елемеу және т.б.
15. Басылымдарды дайындаған кезде ғылыми этика нормаларын біліңіз. Жарияланымдарды дайындау кезіндегі ғылыми этика нормалары Басылымдарды дайындау кезінде этикалық мәселелермен шектесетін сұрақтар туындайды, олар:
- жарияланымның авторлығын анықтау;
- жариялау орнын таңдау;
- зерттелетін мәселе бойынша барлық ғылыми фактілер мен ұсынымдарды жариялаудың толықтығы;
- жұмысты қаржыландыруды жүзеге асырған әріптестер мен ұйымдарға алғыс білдіру;
- зерттеу міндеттері мен нақты материалдарға талдау және интерпретациялау әдістерінің барабарлығы;
- мәтіндік және иллюстрациялық деректерді ұсыну стилі мен нысаны, олардың жеткіліктілігі;
- жарияланымның көмекші аппаратын рәсімдеудің дұрыстығы мен толықтығы.
Жарияланымдарға авторлық ету. Ғылыми этикада «құрметті» авторлыққа және авторлар тізімін қалыптастыру кезінде жарияланымды жасауға қосқан нақты үлесінен басқа, олардың қандай да бір басқа дәлелдерін назарға алуға жол берілмейді. Этикалық нормаларға сәйкес авторлар тізімінде бірінші орынды, әдетте, жарияланымның нағыз көшбасшысы – идея авторы немесе жұмыстың көп бөлігін орындаған қызметкер алады. Бұдан әрі авторлардың тізімі жарияланымға қосқан үлесінің азаю тәртібімен жүргізіле береді. Әдетте, соңғы болып осы ғылыми жұмысқа жетекшілік еткен және зерттеулер жүргізу үшін «қаражат көзін» тапқан топ жетекшісінің аты-жөні тұрады. Авторлардың атыжөні алфавиттік ретпен орналастыру дұрыс емес, өйткені бұл осы жұмысқа өз үлестерін қосқан бірлескен авторлардың әрқайсысының үлесін дұрыс бағаламау болып табылады. Авторлардың кезектілігін анықтауда әрбір автордың үлесі мен жауапкершілігі аясын (идея, бастапқы деректер, математикалық өңдеу, қолжазбаны дайындау және т.б.) ескерген абзал. Авторлардың мұндай үлесі мақаланың әр бөлімінде (кіріспе мәтінінде, зерттеу материалдары мен әдістерін сипаттайтын бөлімдерде) болуы мүмкін. Барлық тең құқылы авторлар міндетті түрде мақаланың жариялануына өз келісімдерін беруі тиіс. Мысалы, журнал редакциясына жіберілетін мақаланың соңғы бетіне барлық авторлар қол қоюы керек.