Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу


Дереккөздерді іздеу мен зерттеуді біліңіз



бет19/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
дифз начка

16. Дереккөздерді іздеу мен зерттеуді біліңіз
Ақпарат көздерін зерделеу интернет көздердің тізімін (картотекасын), оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, журнал және газет мақалаларын, биотехнологиялық кәсіпорындардың технологиялық регламенттерін іріктеуден және құрастырудан басталады. Кітапханаларда жүйелі, алфавиттік және пәндік каталогтарды, диссертациялар авторефераттарының, журнал және газет мақалаларының каталогтарын қарау қажет.
Алфавиттік каталогта кітаптар (карточкалар) атаулары алфавиттік тәртіппен орналасқан, ол басылымның библиографиялық сипаттамасының бірінші сөзі бойынша анықталады (автордың тегі немесе авторы көрсетілмеген басылым жағдайында).
Карточкалардың жүйелі каталогында білімнің жекелеген салалары бойынша библиографиялық жіктеме белгіленген тәртіппен орналасқан. Мұндай каталогтың бір түрі соңғы ай ішінде кітапханаға келіп түскен кітаптардың атаулары бар жаңа түсімдердің каталогы болып табылады.
Пәндік каталогта кітап атаулары айдарларда көрсетілген белгілі бір зерттеу пәндері (тақырыптары) бойынша орналастырылған. Осы каталогтағы кітаптардың айдарлары мен атауларының өздері бір-бірінен соң әліпбилік ретпен жүреді.
Әдебиетті таңдау үшін библиография және реферативтік басылымдарды пайдаланған жөн. Биотехнологиялық журналдарды, атап айтқанда осы жылы журналда жарияланған материалдардың көрсеткіштері берілген осы немесе басқа жылдағы соңғы нөмірлерді қарау қажет. Монографияда, оқу құралдары мен журнал мақалаларында пайдаланылған әдебиетке бет сілтемелерін көруге болады.
Кітапты оқудың екі жолы бар: оның мазмұнын жылдам көріп шығу немесе оның мәтінін мұқият пысықтау. Мазмұнын жылдам көру арқылы кітаптің жалпы сипаттарымен танысуға болады. Мұндай «іздеу» жолы арқылы осы кітапты әрменқарай оқу және оны мұқият зерделеу қажет болуы мүмкін. Мәтінді мұқият пысықтау тек оны толық оқу ғана емес, сонымен қатар оқылғанды меңгеру, түсіну, егжей-тегжейлі талдау. Арнайы әдебиетті оқу кезінде бір немесе бірнеше мәнді түсіндірілуі мүмкін барлық ұғымдар мен терминдерді нақтылау маңызды. Ол үшін оларды түсіндіруге берілген сөздіктер мен анықтамаларға жүгіну қажет. Сонымен қатар, мәтінде автордың негізгі ережелері мен тұжырымдарын және оларды негіздейтін дәлелдемелерді атап көрсету керек. Егер қажетті, қызықты жарияланым зерделенсе және мәтінді мұқият пысықтау қажет болса, онда оны көшіру мүмкіндігі болмаған жағдайда конспект құрастырылады. Конспект – автордың маңызды ережелері мен тұжырымдарының толық мазмұндамасы. Жарияланым авторының көзқарасы бойынша анықтамалар, жаңа мәліметтер, қандай да бір мәселелер және оларға келтірілген дәлелдер, сандық деректер, сондай-ақ ғылыми жұмыс үшін пайдаланылуы мүмкін барлық нәрселер қысқаша және дәл жазылады. Сонымен қатар, конспектіде курстық және дипломдық жұмысты, баяндаманы немесе мақалаларды жазу кезінде пайдаланылған дереккөзге сілтеме жасау үшін сізге қажетті ақпарат қамтылған басылым беттерінің нөмірлерін көрсету ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет