Ғылымның объекті



бет26/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
J.B

3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап корыту және жекелеп бөлу. Талдап ѳорыту көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардын жалпы бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу - бір затты немесе кұбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге кажетті бір касиетін беліп алу процесі.
Дәріптеушілік -: дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде карастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттын барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, онын мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жана түсінік пен белгі береді. Дәріптелген обьектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе, материалдык объектілерді зерттеумен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4. Тұжырым жасаудын индуктивті және дедуктивті аәдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалык деректер қорытындыланып, жекеден жалпыга карай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5.Ұқсастыру әдісі заттар мен кұбылыстардың жалпылығын айқындау үшін колданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жагдайдын, кұбылыстың немесе заттын моделін жасау әдісі. Модельдеу -зерттеу объектісі өзімен ұқсастық катынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнуска болады да, екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу киын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу улкен каражат шыгынын талап еткен жагдайда колданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың талдау мен синтездін әртурлј формалары колданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек. Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы кажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта кұру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін колданылады.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін тандау таным зерттеу объектісінін күрделілігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет