Ғылымның объекті


Педагогикалық психологияның пәніне



бет2/32
Дата16.05.2023
өлшемі119,66 Kb.
#93339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
J.B

Педагогикалық психологияның пәніне жан-жақты анықтама Бермес бұрын көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылатын (педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина, басқару теориясы, жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалык психология) білім беру, педагогикалык процесс курделі, көп қимылды, көп құрамдас бөлікті құбылыс екеніне назар аудару кажет. Оқыту процесінің күрделі, көп құрамдас бөлікті екенін кезінде ұлы дидакттар - Я.А. Коменский, И. Песталоцци, А. Дистервег атап өткен болатын. Мысалы, А. Дистервег «...оқытушылық іс-әрекетті анықтаушы әртүрлі кезеңдер мен пәндерді назарға алу қажет. Атап айтқанда: 1) оқытылатын адам, окушы субъект; 2) оқу және - оқыту пәні - оқу пәні - объект; 3) окушының оқу сәтінде қоршайтын сыртқы шарттар уақыт, орын және т.б.; 4) оқытатын мұғалім» [26, 221 б.] дейді. (XIX ғ. ортасында окушы окыту объекті емес, окыту субъекті ретінде қарастырылғаны маңызды болған). Педагогикалык психологияда білім беру процесінің көп құрамдас бөлікті құрамы функционалдық тұрғыдан факторлардың өзара әрекеті деп қарастырылады. Оқытудың тиімділігі осы факторлардын әрекеттерінің өзара келісімділігіне байланысты, ягни «не нәрсеге окытады, кім және қалай оқытады, және кімді оқытады» [16, 152 б.]. Бұл жерде, білім беру процесін зерттеушілер оның құрамдас бөліктерін кұрастырушылардың барлығының бірдей маңыздылығын атап етеді. Жалпы білім беру процесінің, окушылардың әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру және осы меңгеруді ұйымдастыру күрделілігі педагогикалык көпжоспарлы екенін анықтайды.
Педагогикалык психологиянын зерттеу пәні болып адамның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері және осы процестін білім беру процесінің әртүрлі жагдайларында педагогтын ұйымдастырып және басқаратын оқу қызметінің субьекті ретінде қарастырылатын адамның (баланын) интеллектуалдык және тұлғалық даму денгейінде өзгеруді меңгеруін туғызуы болып табылады. Жекелеп айтқанда, педагогикалық психология «білімді, икемділік пен дагдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді, осы процестердегі жеке айырмашылықтарды зерттейді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді» [16, 7б.], яғни, жанадан пайда болған психикалык өзгерістерді калыптастыру. Ал, кеңінен алғанда, Ғылымнын зерттеу пәні табылады. Келтіріліп ол объектте нені зерттесе сол болып отырган анықтама педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің күрделігі, көп аспектілігі мен біртекті еместігін дәлелдейді.
Педагогикалык психологияның қазіргі уақытта даму аукымы одан сайын кеңейіп отыр. Мысалы, отандык педагогикалык психология оқытуды басқарудын психологиялық механизмдерін зерттейді (Н.Ф. Талызина, Л.Н. Ланда және т.б.) және білім беру процесін жалпы зерттейді (В.С. Лазарев және т.б.); іс-әрекеттердін жинақтап қорытылған тәсілдерін меңгеру процесін басқару (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов және т.б.); оку мотивациясы (А.К. Маркова, Ю.М. Орлов және т.б.); осы процестің табыстылығына әсер етуші жеке психологиялық факторлар, мысалы ынтымақтастық (Г.А. Цукерман және т.б.), окушылар мен мұғалімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері (В.С. Мерлин, Н.С. Лейтес, А.А. Леонтьев, В.А. Кан- Калик және т.б.). Жалпы, педагогикалық психология оку процесін басқарудын психологиялық мәселелерімен, танымдык процестерді қалыптастыруды (ең алдымен, теоретикалык ойлау) зерттейді, окушы тұлғасын калыптастырудың жалпы контекстінде «оқыту процесінде ой еңбегі дамуының неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ой еңбегі дамуының сенімді өлшемдерін іздейді, педагог пен оқушының өзара арақатынас мәселелерін, сонымен қатар оқушылар арақатынасын қарастырады» [13, 5 б.].

1. Педагогикалык зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері


Педагогикалык зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты-студенттердің логикалык ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу- тәрбие процесіндегі дағдысын, ғылыми- зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып, қалыптастыру.


Педагогикалык зерттеу жұмыстарынын міндеттері:
-студенттін немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды менгеруін;
-олардың ғылымилық, жүйелік, теориялык практикада тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилык, дидактикалық қарама- қайшылык, сан мен сапанын бірлігі сиякты категорияларды менгеруін;
-студенттердін зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудын жана технологиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын камтамасыз ету.
Ғылыми жұмыстарды, оның ішінде дипломдық және магистрлік жұмыстарды орындау туралы көптеген әдебиеттерде берілген үлгілерге, ерекшеліктерін келе, беру" мамандыгы бойынша болашақ педагогтар, магистерлер, аспиранттар (кәсіптік пәнді оқытушы өндірістік оқыту шебері) ұстаздардың орындайтын дипломдық жұмыстарын талдау жасай отырып, негізіне 4 топқа жіктеді:
-теориялык-логикалық сипаттагы дипломдық жұмыс;
-озық тәжірибелерді оқып -үйрету негізінде орындалатын дипломдық жұмыс;
-эксперименттік сипаттагы дипломдық жұмыс;
Тарихи логикалык сипаттагы дипломдық жұмыс. Әдіснама, әдіс пен бір-бірімен Тығыз байланысты. Теория педагогикалык, құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және әдістеменін, көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория процесінін, нәтижесі, әдіснама болса танымга жету тәсілі болып табылады. Бұл теориялық және практикалық ғылыми- танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен бұл осы жүйені тану жолы. Таным теориясы таным процесін оның шынайы практикалық түрде білімге жетудің әдістері жолдарына көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалык мәселелерді шешу белгілі гносеологиялык принциптер негізінде құрылған бастапкы әдіснамалық жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің заңдылықтарын, даму зандарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. философиялық аксиологиялық философияға тан және ғылыми білім туралы тусініктердің, қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің,. Әдіснамалык тұжырымына жалғыз.философия мен оныц гносеологиялык негіздері етпейд. Зерттеушінің, әдіснамалық концепциясы, көбінесе, ғылыми құру психологиялық-педагогикалық ғылымға оның бағытталады. Осыған орай,, әрбір әдіснамалык, концепция психологиялык- педагогикалык теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, тұжырымға жақын және оның ең басты болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялык негіздері мен педагогикалык ғылымның зерттелетін саласынын жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялык- педагогикалык тұжырымдар әсер етеді. Жана әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болган әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл аныктауга мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, онын еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылданған тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жокк.а шығарудын пайдасы көп болады. сондай-ак., әртүрлі тұжырымдарға, олардан шыгатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудың да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялык материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен кортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жана жүйелік тұтастық білімдері алуға көмектеседі. Эмпирикалык денгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялык қорытындылар мен нақтыландырулардың негізін құрастыру .кажет. Теориялық білім, сөздің жалпы мағынасында, дегеніміз белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалық iс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің баска элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шыгармашылык пен кайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалык тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен катар, ол-осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жок, бірақ теориялық- әдіснамалык білімдерге сүйеніп жүзеге асыруга болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі гылыми білімдердін, жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез- келген теорияның ақиқаттылығының белгісі-болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кен және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялық болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеев химикасы практикаға белгісіз жана химиялык элементтердін ашылуын болжаған. Осылайша Нептун планетасынын ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болган кезде гана оны көре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннін әдістемесімен өзара тыгыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.
Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды негіздері уақыт өте келе қорытындыланып, шығармашылықпен кайта кұрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырган және Ғылыми білімнін зерттелінетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалык-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.
Қазіргі замандағы ғылымының әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты- ғылыми деңгейлері тендестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика гана аныктай алады. К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында, Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, И. Лакатостың гылыми-зерттеу бағдарламаларынын концепциясына көп көңіл бөлінуде, олар ғылым тарихымен тығыз байланыста болып, Ғылымның неопозитивистік мақсатын сынға алады. Ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасында ғылыми теориялар құрылысына талдау жене олардын кызметтері, Ғылыми зандылык ұғымы, тексеру тәртібі, Ғылыми теорияларды зерттеудің заңдары мен жорамалдарын растау мен жоққа шығару, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері, ғылыми-педагогикалык білімнің калыптасуы мен дамуы, оның қайта құрылуы, теория мен әдістер арасындағы қатынас сипаты, танымдағы практиканың рөлі мен зерттеу объектісінін өзгеруі сияқты мәселелер алдынғы қатарға шығып отыр.
Казіргі ғылыми-педагогикалық және әдіснамалык зерттеулер гылыми білімнін жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зерттеулер әртурлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер, ретте, зерттеушінің кеп философиялык бағыттылығына байланысты болмайды, олардың жалпы Ғылыми құндылығы болып, педагогика ғылыми әдістемесінің дамуына өз үлестерін косулары кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет