Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Қазіргі өркениеттің глобалдық мəселелері



бет91/103
Дата24.11.2023
өлшемі439,77 Kb.
#125721
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103
Байланысты:
1 тасыпма

38.Қазіргі өркениеттің глобалдық мəселелері
Жаһандану немесе глобализация (ағылш. Global - «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.
Адамзаттың жаһандық мәселелері - ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады (ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.)
39.Тарихи таным төңірегіндегі неопозитивистік көзқарастар.
Тарих ғылымындағы позитивтік жүктің біраз түскеніне қарамастан қоғамды- әлеуметтік организм ретінде ұғынуға, прогресс концепциясын, ұлы адамдардың әрекетіндегі оқиғалар мен үрдістердің заңдылығы мен себептілік байланыстарының таным идеалын түсініп, объективтілік пен субъективтілікті, материалдық және рухани факторларды қарсы қоюдың әлі ұзақ жолы тұр еді. Тарихшылардың көпшілігі әлі де тарих ғылымының фактологиялық негізінің объективтілігін жақтады. Практик- тарихшылардың бұл ұстанымы антипозитивистік концепциямен бір мезгілде қатарлас дамып отырған неопозитивистік концепцияны өмірге әкелді. Тарихтың неопозитивистік философиясы тарихтағы жалпы әлеуметтік және психологиялық фактролардың ролін мойындаумен сипатталады. Осыдан келіп,тарихи танымдағы түсіндірмелік процедуралардың –зерттелетін құбылыстарды әдеп стандарттары, ойлау, күнделікті қарым- қатынастың типтері мен құрылымдарымен салыстырудың маңыздылығын баса көрсетті. Бұл бағыттың белді өкілдері К.Поппер, экономикалық тарихтың зерттеушілері-Франсуа Симиан, Э.Лябрусс, ағылшындар Ричард Тоуни, Дж.Клепэм т.б. болды.
«Ғылыми тарихты» барынша теріске шығарған неміс тарихшысы және философы О.Шпенглер. «Закат Европы» атты еңбегінде ол, тарихи құбылыстар дүниесіндегі себептілікті жоққа шығарып, тағдыр идеясын көтерді. Оның ойынша тарихи танымның негізгі әдісі интуиция деп санады. О.Шпенглер тарих теориясындағы өркениеттік көзқарасқа негіз қалады. Бұл бағытты сондай ақ, ағылшын ғалымы А.Тойнби қолдады. Тарихи- мәдениеттану әдістемесінің аясында нидерландтық ғалым Йохан Хайзинги ментальдық тарихтың негізін салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет