Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет62/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
Байланысты:
������ ������ ��� ������������� ���

Шпенглер Освальд (1880-1936) (spengier) - немісфилософы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі. 
Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы "Еуропаның іңірі" атты кітабында тұжырымдалды (1920). Циклдік тұжырымға: 
1. тарихтың үздіксіздігі ретінде қоғамдық прогресті жоққа шығару;
2. мәдениет пен өркениеттің қарсы тұруы;
өркениеттік прогресті қалыпқа сай түсінуден бас тарту және Батыстың кері кетіп, азғындағанын мойындау. Шпенглер бойынша, мәдениет деп ағзаға ұқсас (онда да сол өмірлік кезеңдерді өткереді: балалық, жастық, ақыл тоқтату, қарттық) тарихи-мәдени тұтастық түсініледі. Мәдениеттердің әрқайсысының әр нәрседен - тілден, өнерден, мемлекеттен, ғылымнан және т.б. көрініс табатын өз жаны болады. Шпенглер 8 дамыған, гүлденудің шегіне жеткен мәдениетті анықтады: антикалық (аполлондық), арабтық (сиқырлы), египеттік, вавилондық, үнді, қытай, мексикалық және еуропалық (фаусттық). Мәдениеттен өркениетке өту ежелгі дәуірде б.д.д. IV ғ. болды, ал оның құлдырап, жойылуы Рим дәуіріне сәйкес келеді. Еуропаөркениет сатысына XIX ғ. өтті, Шпенглердің пікірінше, оның құлдырауы 2000 ж. шамасына сай келеді. Шпенглердің идеялары қазіргі жаһандану процестерін зерттеуде ерекше өзекті болып отыр.
Бұл теориялардың ішіндегі ең белгілісінің бірі Освальд Шпенглердің (1880-1936) «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегіндегі тарихи-морфологиялық концепциясы еді. Ол дүниежүзілік тарихты эволюциялық процесс ретінде қарастырып, (Ежелгі дүние, Орта ғасыр, Жаңа уақыт) оны, белгілі-бір ландшафтта айқын көрінетін өзіне тән меншікті түрі, ойы бар, сонымен қатар, өзіндік өлімі бар көптеген қуатты мәдениеттердің спектаклі — деп есептеді.
Әрбір мәдениет өзіндік жанға ие болады, олардың негізі әйтеуір бір материалды емес және мәдениеттің прасимволы болып табылады, бірақ, ондағы кескіндеме, музыка, сәулет, поэзия, ғылыми ойлау ерекшеліктері арқылы көршетш жан — символ. Осыған байланысты әрбір мәдениеттің табиғат, сандар, уақыт туралы өзіне тән меншікті түсініктері бар болады. Шпенглер айтқандай олардың әрбірінің «өзіне тән меншікті психологиясы, адамдар білімінің өзіндік стильі, тіршілік тәжірибесі болады». (О.Шпенглер Закат Европы. Очерки морфологии мировой истории В 2 т. Т. 1. М, 1993. С. 483.)
Оларды талдап әрбір мәдениетті түсінудің кілті осы символ болып табылады, ол оның мәнін және басқа мәдениеттен айырмашылығын тануға мүмкіндік береді. Символдар ретінде әртүрлі артефактілер алынады мысалы, ортағасырда пайда болған механикалық сағаттар, алысқа ататын қүрал-саймандар, қытай әкімшілік жүйесі, египеттік пирамида, және т.б. Символдардың жиынтығы заман бейнесін тудырады, және де, мәдениеттің бейнесі түсінілсе, онда оның түпкі мәні түсініледі.
Олардың әрқайсысының өзіндік ішкі құрылымы берік қалыптасқан, тұйықталған, абсолютті түрде қайталанбайтын денелерге ұқсайды. Тарихта 1200 — 1500 жыл өмір сүріп басқа мәдениет түрлері пайдаланатын артына қыруар ескерткіш пен іздер қалдырып жоқ болып кетеді. Жалпы, Шпенглер, мәдениетке тән сабақтастықты, адамзат мәдениетінің біртұтастығын, керек болса өткен дәуірдің мәдениеттерін бір шама түсіну мүмкіндігін де жоққа шығарады. Ол мәдениеттің жеті түрін айтады: египед, үнді, вавилон, қытай, грек-рим, аполлондық-мая, византия-араб.
Мәдениеттің уақыт тарапынан қанат жаю барысы, Шпенглердің айтуынша, оның иілгіш денелерінің қатайып жансыздануымен, ыдыраған құрылымның жеңілдетумен, әртектілікпен, үлкен біртектілікке өтумен, сонымен қатар, әр алуан органикалық біртұтастықты, қиратушы күрестермен кездесе отырып, механикалық біртұтастыққа өтумен тікелей байланысты. Сайып келгенде, мәдениет өзгере-өзгере өркениеттілікке айналады.
Шпенглер үшін біртұтас әлемдік мәдениет болуы мүмкін емес. Әр мәдениеттің өз тағдыры бар: «Адамзаттың ешқандай да жоспары, идеясы жоқ!». (Шпенглер О. Закат Европы. т.І. М., 1993. С, 151.) Оның ойынша әрбір халық өз мәдениетін жасауына қабілетті емес.
Бүкіл адамзат тарихында өз мәдениетінің үлгісін аяқтаған тек сегізі болды: вавилондық, египеттік, қытайлық, үнділік, антикалық (грециялық-римдік), арабтық, батыс еуропалық және Майя халықтарының мәдениеті. Осы тұрғылардан шықсақ мәдениеттің бір түрлері ретінде қазақ мәдениеті өзінің пайда болу сатысында қалыптасып келеді.
Шпенглер өз зерттеулерін мынадай оймен аяқтайды: Еуропалық мәдениеттің гүлденуі аяқталды. Ол өркениет фазасына енді және рух әлеміне және өнер саласына енді өзіндік ештеңе бере алмайды. Әрбір мәдениеттің рухани сөнуінің өзіне тэн ерекше тәсілі бар. Европалық мәдениеттердің артында не эвристикалыққа, не көркем өнер өнімдеріне жатпайтын тек қана таза экспансиялық қызмет қалды. Бірақ, мәдениеттердің бұл кезеңінің барлығына ортақ белгілері және ең айқындары жатсыну, практицизм, мейірімсіздік, рационалшылдық. Өмірдің тірі сезімінің орнына бұл жерде оны рационалды негізде түсіндірумен алмастыруға тырысады, сол үшін де көптеген теориялар жасалуда. Барлық өркениеттерде рухтанған жанды болмыс интеллектуалдықпен ауыстырылады, ақшалар қоғамдық өмірдің негізіне айналады, мәдениет эклектикалыққа, ал өнер жаңалықтары сенсациялық немесе жанжал түрімен ығыстырылады. Шпенглерше еуропалық әлемнің барлығын өзінің жаңа идеяларымен таң қалдыр рған Еуропаның құлдырауының апокалиптік бейнесі осылайша аяқталмақ
59 .Концепция және оны дәлелдеудің негізгі тұжырымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет