Ғылымның тарихы мен философиясының пәні



бет1/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103

  1. Ғылымның тарихы мен философиясының пәні.

Философия өзінің бойына адам мен әлемнің барлық қыры мен сыры туралы көптеген білімдерді сіңіре алмайды. Өйткені, әлем - шексіз, шетсіз және тұңғиық. Ол туралы білімдер де өте мол және көп мағыналы. Оны философияда, жеке ғылымдар да зерттейді.Адамзат тарихында өзін философ деп атаған бірден-бір ғалым көне грек ойшылы, математигі Пифагор болатын. «Философия» сөзін дәлме-дәл қазақшаға аударсақ «даналыққа құштарлық» дегенмағынаны білдіреді. Демек, даналық философиядан жоғары бағаланды, ал философия – оған апаратын жол, сүрлеу.Ғылым адамның – өзін-өзі тануындағы маңызды құбылыс. Оған философиялық талдау жасау оңай емес.
Ғылымның ең негізгі анықтамасы – адам-әлем қарым-қатынасындағы көпжақты, көпмәнді білімдердің салыстырмалы жүйеленген түрі. Яғни, ғылым дегеніміз- белгілі бір сипатта, түрде жүйеленген білім.
Ғылым тарихы – ғылымның қалыптасып, жүріп өткен жолын жан-жақтызерттейді.Ғылымның қалыптасуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Зерттеуші Н.Ш.Кузнецова негізінен 5 түрлі пікірді атап көрсетеді:
1) ғылым адамзат қоғамымен бірге туындайды, өйткені ғылыми білімге ұмтылыс адамға о бастан-ақ тән болған.
2) ғылыми білім көне Грекияда пайда болды, өйткені мұнда ғылыми білім бірінші болып негізделді.
3) ХІІ-ХҮІ ғасырларда Батыс Европада пайда болды, себебі мұнда математика мен тәжірибелі ғылымға қызығушылық пісіп-жетілді.
4) ғылым ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қалыстасып, Г.Галилей, И.Кеплер, Х.Гюйгенс, И.Ньютон еңбектерінің арқасында алғашқы математика тіліндегі физикалық теория пайда болды.
5) ғылым ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде жоғары білім мен зерттеу жұмыстары біріктірілген уақытта пайда болды.
Ғылым философиясы ғылыми танымның жалпы заңдылықтарын және заман ағымына байланысты онда болып жатқан өзгерістердің табиғатын жан-жақты зерттейді, сараптайды. Ғылым философиясы - ғылымның өзін-өзі тануы. Ғылым тек философия арқылы ғана өзін-өзі тани алады.Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің ерекшелігін, қалыптасу заңдылықтарын арнайы зерттеген ғалымдардың қатарына В.С.Степинді, В.П.Кохановскийді, Т.Г.Лешкевичті жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет