Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


ХХІ ғасырдағы ғылымның өзекті мәселелері



бет73/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Байланысты:
������ ������ ��� ������������� ���

14. ХХІ ғасырдағы ғылымның өзекті мәселелері.
Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Бүгінгі күні Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 383 ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда. Осыған орай қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін кеңейту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Аталған бес жылдықта бағдарламаны іске асыру үшін 11,5 млрд теңге қаржы бөлу көзделді.
Еліміз етек-жеңін жинап, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемдік рейтингте бәсекеге қабілетті болуға ұдайы ұмтылуда. Қазақта ғылым кейін ғана пайда болған жоқ. Қазақ ғылымы сонау ғасырлар қойнауынан өріс алады. Өнертапқыштар халқымызда бұрыннан болған. Әйтпесе, бірнеше таспа қайыстан көмкеріп қамшы өріп, ішек пен ағаштан түрлі аспаптар жасап, бүгінгі күнге ұмтылмас мұра қалдырмаған болар еді. Қанша ғасыр бұрын зәулім-зәулім кесенелер мен күмбездер орнатып, күннің түсу бағыты негізінде жылынуды қамтамасыз ететін сәулет өнерінің ірі жетістіктері – моншалар құрылысын ойлап, іске асырғаны тарихтан белгілі.Ал, ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған дәуірі. Адамзаттың өмір сүру дағдысы ауырдан жеңілге ойысқан сайын, адам бір ғана түймешік арқылы бүкіл әлемді басқарғысы келеді. Адам армандайды. Адамның қолынан бәрі келеді. Ұшатын кілем болса, айшылық жерден жылдам хабар алсам дейді. Ақырында, ұшақтың да, ұялы байланыстың да сан түрін ойлап табады. Жарықты қосасыз ба, теледидарды басқа арнаға бұрасыз ба, қиындығы жоқ. Тіпті, орныңызда отырып басқара беріңіз. Пультті өзіңізбен алуды ұмытпасаңыз болғаны.Бұның бәрі ғылым мен білімнің дамығандығының нәтижесі. Отандық ғылым мен өндірісті сөз ететін болсақ, салыстырмалы түрде даму деңгейіміз төмен. Үйіңіздегі теледидарыңыз атақты LG компаниясыныкі болса, компания Оңтүстік Кореяға тиесілі. Қолыңыздағы смартфоныңыздың сыртында тістелген алманың суреті бейнеленсе, ол АҚШ-қа тиесілі. Көлігіңіздің құжатында «Hyundai» деген жазу болса, ол да кәрістердің өнертабысы.
Отандық ғылымның қазіргі деңгейі өркениетті елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Себеп – қаржыландыру жүйесі мен ғылымды басқару мәселелері. Маңыздысы – ғылымның елге, өнеркәсіптің дамуына қосатын үлесі, әкелер пайдасы. Бұл ретте біз әлемде 61-орындамыз. Бұл көрсеткіш дамыған елдер деңгейінен 24 есе төмен дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым дамуының әлсіз тұстарының бірі – ғылым, білім және өндірістің нашар байланысы деп көрсетілген.
Ғұлама ғалым әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деген болатын. Мемлекет басшысы айтпақшы, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуына білек түріп белсене кірісетін кезең.
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары қойылған мақсаттар мен міндеттердің 93,4%-ға орындалғанын көрсетеді. Ендігі кезекте бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша орындалған міндеттердің пайыздық үлесі жоғары болатындығына сенім мо


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет