Филологическая 91 Əож 81 342 КӨне түркі күл жазуындағы белгісіз еріндік



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі309,84 Kb.
#8744

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

91

ƏОЖ 81 342



КӨНЕ ТҮРКІ КҮЛ ЖАЗУЫНДАҒЫ БЕЛГІСІЗ ЕРІНДІК 

БУЫНДЫ ЕКІНШІ КІРІГІҢКІ ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ 

МАҒЫНАСЫ МЕН ТАҢБАСЫ

О.Д. Бекжан

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, 

Түркология ғылыми-зерттеу институты, Түркістан қ.

Қазақ тіліндегі ДЖ дыбысы және көне түркі күл (руна) жазба 

ескерткіштеріндегі белгісіз езулік буынды екінші кірігіңкі дауыссыздардың 

мағынасы мен таңбасы жайында еңбек [1] жазылып, жарияланды. Осы 

кірігіңкі дауыссыздардың еріндік нұсқасы да бар. Бұл нұсқа бүкіл әлемдік – 

әрі түркологиялық, әрі тарихи– жаңалықтың ашылуына себепкер болатын 

әріп таңбасы болып отыр. Өйткені бұл 

 О

ДЖ, ҰУДЖ , ДЖ О, ДЖ ҰУ 



таңбасы Күлтегін үлкен жазуының бірінші жолында жазылған, бұрынғы 

зерттеушілер қате оқыған, Көктүрік қағанатын құрушы ұлы Бумынның 

ескерткіште жазылған шын аты nm

b Б¹ОДЖ МаН¹ екенін дәлелдейтін 

таңба. Алғашқы зерттеушілер 

 таңбаның нақты айырмашылығына назар 

аудармай, өздеріне белгілі o О, Ұ, ҰУ дыбысының таңбасы ретінде оқыған. 

Бұл Боджман, қазіргі айтылуында БОЖБАН, Қоңырат тайпасының негізгі 

руларының бірінің аты. Біздің бұл Божбанның сол Көктүрік қағанатын 

құрушы Боджман қаған екеніне көптеген бұлтартпас дәлелдеріміз 

бар. Бірінші дәлеліміз: рулық шежіреде Божбан атаны дүние жүзіне 

әйгілі Алпамыс батырдың өзі деп көрсететін нұсқалар бар. Қазақ 

Совет Энциклопедиясында Божбан ата туралы дерек берілген. Онда 

былай дейді: «Божбан – Орта жүз, Қоңырат ішіндегі Көтенші руынан 

тараған ата. Шежіре бойынша Б-нан Ұржық, Жұмық, Қожағұл, Жәукім, 

Итемген, Құлым, Бекарыстан, Тоқпақ дейтін сегіз ата тарайды. Аңыз 

бойынша, Б. – Жиделі-Байсындағы Алпамыс батырдың ұрпағы, бала 

кезінде Көтеншіге келіп сіңген. Көтеншіден тараған Сары, Сапар, 

Маңғытай, Саңғыл елдерімен бірігіп, «Бес Божбан» атанған. Б. Окт. 

Революциясына дейін Шымкент уезінің оңт.-батысын, Сырдың екі 

жағын мекендеген. Таңбасы – Қоңыратқа ортақ босаға таңба (

)» [2]. 


Шежірелердің бірінде Божбан ата Алпамыс батырдың ұрпағы делінсе, 

екіншісінде Алпамыс батыр Божбан атаның ұрпағы болып айтылады. 

Ал үшіншісінде Алпамыс батыр мен Божбан ата екеуін бір кісіге телиді: 

«Бір деректе «Божбан» Жиделі Байсындағы Алпамыс батырдың ұрпағы, 



Вестник ПГУ №2, 2011

92 

бала кезінде Көтеншіге келіп сіңісіп кеткен десе, екіншіде Алпамыс батыр 

«Божбан еді» дейді» [3].

Бұл деректерден Алпамыс батыр мен Боджман қағанның арасында 

байланыс бар екені анық байқалады. Алпамыс батыр жырының «Одиссеямен» 

сәйкестігін қаперге алсақ [4] эпос кейіпкері б. д. д. ХІІІ ғасырдың тұлғасы 

саналар еді. Халықтық эпостар, онда жырланатын қаһармандық оқиғалар 

тізбегі ұрпақтарға жалғасып, ұзақ тізбек құратыны аян. Олай болса, сол 

тізбек Боджман қаған ерліктеріне де ұласып өз алдына дербес жырланған 

деп пайымдауға болады. Кейін эпостық қаһармандар тізбегі бір батырдың 

бойына жинақталып айтылуға жеткені эпостағы оқиғалардың әр түрлі 

дәуірлерде сипатталуынан көрінеді. Алпамыс атауының екі сөзден құралғаны 

«Қорқыт ата» кітабындағы Алып Бамсы батыр есімінен аңғарылады. 

«Алпамыс батыр» жырын академик В.М. Жирмунский V ғасырда туған деп 

пайымдаған. Сонымен бірге ол Алпамыс пен Манас есімдерінің ұқсастығы 

туралы пікір білдіреді. Яғни, Алпамыс есімімен орта ғасырларда хатқа түскен 

«Қорқыт ата кітабындағы» Байбөрі (Байбура) баласы Алып Бамсы мен алтай 

халқының «Алып Манаш» және қырғыздың «Манасы» сәйкес, оның себебі 

Алпамыс Алып Мамыш (немесе Манаш) тіркесінен туған [5] деп санайды. 

Боджман батыр алып бабаларына ұқсап Сары теңіз-Сары өзеннен бастап, 

Пұрұм – Ауропаға дейін жаулаған, Көктүрік қағанатын құрған алып қаған 

болғаны көне түркі жазба ескерткіштерінен белгілі. Осы ерлігін жыраулар 

жырлап ұлы эпос тудырғаны туралы ұлы М. Әуезов те өз пікірінде айтып 

кеткені мәлім. Алпамыс есімі Боджман қаған атынан туған. Оның шығу 

төркіні есім буындарын алмастырып айтудан пайда болған. Мысалы, қазақ 

есімдерінде Байбөрі – Бөрібай, Байсары – Сарыбай тәрізді буын-сөздерді 

ауыстырып айтудан Боджман – Манбодж болып өзгеріске түскен деуге 

болады. Алдыңғы ман буыны ман //бан //пан сәйкестіктеріне түрлене алады. 

Ал соңғы бодж буыны бодж //бош //бос сәйкестіктерімен өзгеріске түседі 

және алдыңғы Б дыбысы да б //м //н сәйкестіктеріне ауыса алады. Осыдан 

банбос >банмұс >банмыс >баммыс >бамсы өзгерісі туса, ал банбос >баннас 

>маннас >манас атауы осылай шығады. Бұдан басқа Мамыш есімі Манмыш 

>Маммыш >Мамыш өзгерісінен, Манаш >Маннаш -тан пайда болады. Ал 

Алпамыстағы Памыс панмыс >паммыс >памыс түрленісінен туғаны анық 

деп тұжырамыз.

Н.Я. Бичурин өз еңбегінде [6] түріктердің хуннан тарағанын, түп 

атасы Ашина болғандығы жайындағы деректерді келтіреді. Ашинаның 

қаншық қасқырдан туғаны туралы аңызға сәйкес, ғалымдар ол сөзді 

монғол тіліндегі чоно (қасқыр) сөзінен туындатады. Егер Алпамыс-

Боджман қағанның әкесінің аты Бай Бөрі екенін ескерсек, Ашинаның 

монғол тіліндегі А Чоноға сәйкес екенін сезуге болады. Чоно бөрі, қасқыр 

[7] мағынасындағы сөз болса, А дыбысы Бай (ұлы) сөзіне сай ах //их [7, 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

93

14] (аға, ұлы) сөзінен қытай тіліндегі дыбысталуымен өзгергенін көреміз. 

Бұдан басқа Ашина есімін «Алпамыс батыр» жырындағы [8] Алпамыстың 

әкесі Байбөрінің әкесінің бір туған ағайыны Шыныбаймен де сәйкестіруге 

болады. Шыныбай есімін Бай Шыны деп алмастырып айтсақ, жоғарыдағы 

талдаудай А Шоно есімі шығады. Бұдан Боджман-Божбан қағанның түп-

тек атауларының сәйкестігін аңғарамыз. Әбілғазы ханның жазбасындағы 

[9] монғолдың қырылуы мен одан аман қалған Қиян мен Нүкүз ұрпақтары 

Ергене Қоннан шыққандағы патшасының аты Бөрте чене аталады. Бұны 

да талдасақ Бөрте сөзі түркіше Бөрі сөзіне келсе, чене сөзі монғолша 

қасқыр мағынасын білдіреді. Бұл да Байбөрі мен Шыныбай аттарынан 

қосарласқан есімдер деуге келеді.

«Алпамыс батыр» жырының нұсқаларында Байбөрінің әкесі жиі 

көрінбейді. Тек Ә. Байтұрсынұлы нұсқасында ғана Ордабай аталатыны 

айтылады. Бұл нұсқада Байбөрі мен Құлтай, Шыныбайлар Ордабайдан 

туған ағайындылар саналады. Өзбек нұсқасы «Алпамыш» [10] жырында 

Алпамыстың атасының аты Алпын би, бабасының аты Дабан би аталады. 

Әбілғазы еңбегінде [10, 39, 40] Шыңғыс ханның да, қоңыраттың да бабасы 

Қиян аталатын еді дейді. Одан ары Шыңғыс ханның Қияннан бергі бабасы 

Добун баян еді деген мәліметті келтіреді. Біз бұл жерде Алун сұлудың 

нұрдан үш бала табу туралы қиялға көңіл аударуды жөн көрмейміз. 

Сондай-ақ Добун бай (баян – монғолша) есімі де шатыстырылып бергі 

дәуірге әкелінуі монғол тарихшыларының (Рашид ад-Диннің кезіндегі 

қидандардың) бұрмалауының әсерінен болған деп пайымдаймыз. Біздіңше 

жоғарыда айтылған Алпамыс батырдың бабалары Ордабай, Дабан би мен 

Шыңғыс ханның бабасы Добун бай – бәрі бір кісі, яғни, Гомер жырлаған 

Одиссей батырдың түркіше есімдері. Егер Ордабай есіміндегі Ор буынын 

бөлек сөзден қосылған бөлік десек, қалған Дабай бөлігі Дабан бай есімінен 

қысқарған деуге болады. Мысалы, Ор Дабанбай >Ордабамбай >Ордабай. 

Бұл жерде гаплология құбылысынан екі ба буынының бірі қысқарады. 

Бұл сөздің қысқаруының екінші нұсқасы Одиссей атауына жақын келеді. 

Мысалы, Ордабаббай >Ордаббай. Бұндағы Р дыбысы қысқарса, сөз 

Одаббай атауына өзгереді. Бұл Одиссей есіміне сәйкес келеді. Өйткені 

Добун есімін Досун, бай сөзін сай (Арпоксай, Липоксай, Колаксай) 

сәйкестіктеріне өзгертсек, Ор Досун сай >Ордосуссай >Ордуссай >Одуссай 

аты туады.

Бұндай салыстырулардан эпостың көптеген дәуірлер оқиғасын бір өзек-

арқауға жинауын түйсінеміз. Мысалы, Одиссей оқиғасы б. д. д. ХІІІ ғасырда 

өтсе, одан кейінгі батырлар мен жаугершілік баяндары да өз алдына жырланып 

цикл-тізбек құраған. Ондай тізбекті негізінен ата-бабадан ұрпақтан ұрпаққа 

берілетін тектік тәлім-тәрбие ұштастырып қалыптастырады. Батырлардың 

ұрпақтары да ата жолын қуып, батырлық дәстүрді сақтап жалғастырады. 



Вестник ПГУ №2, 2011

94 

Бұл салт қазақ батырлар жырынан мәлім. Осыған сәйкес О(р)дуббай~ О(р)

дуссайдан басталған жырлар тізбегі Алып Панбос >Алыппаммыс >Алпамыс 

батыр жырына ұласып ұзақ дәуірлер оқиғаларын бір жырдың өзегіне 

жинақтаған. Алпамыс жырының бір нұсқатүрі (вариант) Манас эпосын 

жырлаушылардың арасында Манастың бабаларын да жырлайтын жыршылар 

[11] болған: «1961 жылдан бастап Қытай оқымыстылары тарапынан «Манас» 

эпосына қызығушылық байқалып, Қызылсу қырғыз автономиялы облысында 

«Манасты» жинау мақсатында арнайы экспедиция жасақталды. Кейін елде 

«Манасты» зерттеу қоғамы құрылып, 90 манасшының аты белгілі болды. 

Олардың арасында Манастың ата-бабалары Төгейхан, Көбейхан, Жаңбыршы, 

Шаянхан, Шойхан, Бөнейхан батырларды жеке дастан етіп жырлайтын 52 

жастағы Сатыбалды Аалының атағы елге әйгілі еді».

Бұл аталардың ең басындағы Төгей ханды Төгөн //Тоғон //Ноғон 

нұсқаларына таратуға болады. Моңғол тіліндегі ноян осы Ноғаннан 

өрістегені белгілі. Мысалы, қазақ тіліндегі бай сөзі монғол тілінде баян 

аталады. Бұл бай сөзінің ежелгі дәуірдегі түпкі нұсқасы екені анық. Ал одан 

арғы дәуірдегі нұсқасы баған <бақанқ  болады. Бұл қаған <қақанқ сөзінің 

нұсқатүрі. Жоғарыдағы Тоған //Ноған нұсқасынан Ноғаннай атауын қалпына 

келтіре аламыз. Әрине, бұл Қоңырат шежіресінің бас кезіндегі Нағанай екені 

даусыз. Бұл Одуссай (Одиссей) //Одуббай //Онуннай сәйкестктерімен де 

көрінеді. Эпоста батырдың өзінен тараған ұрпақтары да тектік жалғастыққа 

сай батыр болып, тізбектеліп жырланады. Қазақ батырлық жырларындағы 

батыр ұрпақтар тізбегі өзімізге мәлім. Ал Манас ұрпақтары Семетей, Сейтек, 

Кененим, Сейіт, Асылбас, Сомбілек, Шигитейге [11] дейін жеті ұрпаққа 

ұласады. Академик Р. Бердібай да Алпамыс ұрпақтарының әрқайсысы 

да бөлек жырланғанын айтып ескертеді: «Салақтығымыз ба, жоқ әлде 

«Қаулыға ілінген» жыр болғандықтан ба, сол жыршылардың репертуары 

толық жазылмай қалыпты. Түркістан түбіндегі Шорнақ ауылында тұратын 

Әбдірайым Байтұрсынов жыршының да жыры жазылып алынбаған екен. Ол 

жыршының ерекшелігі Алпамыс батырдың өзінен кейінгі батыр ұрпақтарын 

да жырлаған. Алпамыс, оның ұлы Жәдігер, оның баласы Аманолла туралы 

жыршы Әбдірайымда ұзақ жырлар болған. Әлі де іздеп табу керек» [12].

Көктүріктердің құнқтардан (хұн //ғұн) тарайтыны мәлім. Олай болса, 

бұл этноним де көне түркі жазба ескерткіштерінде жазылуы күмәнсіз болуы 

тиіс. Бұл тайпа есімі Мойын Чор (Могойн Шинэ Ус) ескерткішінде жазылып 

қалған. Бірақ ол жазудың алдыңғы бөлігі бұзылып өшкен де, ғалымдар оны 

қыбчақ [13] деп оқыған.Мұндағы qc ЧаҚ буыны бұзылмай сақталса, оның 

алдындағы таңбаның сілемі қалған. Оның доға түріндегі n Н¹ таңбасын 

ғалымдар Б¹ таңбасының жұрнағы деп шешіп, «этноним – белгілі түркі 

тайпаларының бірі қыбчақ» деген асығыс та оңай қорытындыға келген. Бұл 

ескерткішті 1909 жылы Г.И. Рамстедт [14], [13, 55] тауып, оқыған және 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

95

жариялаған. Ондағы ұйғыр қағанатын құрған кісінің аты қытай жазбаларында 

Мойын Шор (Моян Чжо) болып жазылғандықтан ескерткіш атын осылай 

атаған. Кейін зерттеушілер ескерткішті табылған жер атауына сәйкес Могойн 

Шинэ Ус деп атады. Өйткені ескерткіш Могойн тал жазығы мен Шинэ ус 

көлінің маңайында орналасқан. Эстампаж және қағаз көшірмелердің өзі нашар 

көшіріліп, бұзылуға ұшырағандықтан Қ. Сартқожаұлы ескерткішті тікелей 

тұрған жерінде зерттеп, Г.И. Рамстедт оқуына біршама түзетулер жасаған. 

Біз Қ. Сартқожаұлының ұсынған фотосуретін пайдаланып өзімізге қажетті 

тұстарына зерттеу жүргіздік. С.Е. Малов өз еңбегінде qcbiqfrÇt түрк қыбчақ 

деп жазып, алғашқы қалыпты түзуге ниет білдірген. Қ. Сартқожаұлы qcbqfrÇt 

türk [qyb] čaq [13, 75, 176(ф19)] деп түпнұсқасын және транскрипциясын 

ұсынған. Мұнда таңбалар өшкені даусыз. Бірақ фотографияға зер салсақ, 

түрүк сөзі мен чақ буынының арасында үш таңбалық орын бар екені мәлім 

болды. Сондықтан n Н¹ таңбасының алдында oq ҚҰ дыбыс тіркестері 

жазылған деуге болады.

Сегізінші ғасырға дейінгі тарихи жағдайды бағамдасақ, қыпшақ 

тайпасының жетекшілігімен құрылған бір ірі мемлекет түркі халықтарының 

тарихында кездеспейді. Қыпшақ тайпасының негізгі орналасқан аймағы 

қазіргі Қазақстанның орталық және батыс, оңтүстік-батыс өңірлері 

саналатыны белгілі. Бұл аймақтың бәрі де Дунай өзеніне дейін бірінші Түрүк 

қағанатына енген сегіз оғыз (найман), тоғыз оғыз (керей), арғу (арғын), 

қырғыз тайпаларымен деңгейлес қыпшақ тайпасын түрүк атты жалпылық 

этнонимге қосып айтатындай жағдаят ол заманда әлі қалыптаса қоймаған еді. 

Ал бұған қарама-қарсы құншақ этнонимі жалпылық атауға толық ие болды 

деп айтуға толық мүмкіндік болды. Құншақ елесіміндегі құн сөзі құнқ (күн) /

хұн //ғұн/ сөзінен қысқарған түбір. Келесі шақ буыны қазақ тіліндегі кішірейту 

жұрнағын білдіруге ыңғайланған. Ол шақ (кіші) сөзі ретінде қазақ тілінде 

әлі де қолданылып келеді. Бұл сөз шағын (<шақ+ын), ұсақ, шағыр (құм және 

оның ұсақ бөлшектері), шақ (бұтақ) т. б. сөздерде тікелей және құрамдас бөлік 

ретінде қолданылады. Осы сөздердің бәрінде де шақ сөзі үлкен тұтастықтың 

бөлшегі деген мағынаны білдіреді. Олай болса, құншақ этнонимі құнқ 

тайпасының бөлігі деген ұғымды білдіретіні аян болады. Құнқтардың батысқа 

жорығы ежелгі заманнан бастау алады. Ал Алпамыс-Одиссей заманын еске 

алсақ, олар  б. д. д. ХІІІ ғасырдағы ежелгі Византия аймағындағы Троя 

қаласымен де байланысып жатыр. Қазіргі венгрлер өздерінің тарихын құнқ 

Аттиламен байланыстырады. Венгрлердің тілі фин-угор тілдеріне жатады, 

алайда Иштван Қоңыр Мандоки бұл тілде 1500-дей түркі сөздері бар [15] 

деп санаған. Венгр тілінде фин-угор және түркі тілдерінің қоспасы барлығына 

сәйкес Хунгар ел атауы хунқ-угор қос сөзінен тууы мүмкін деп санаймыз. 

Жалпы бұл тілдер орал-алтай тілдері тобына жататыны белгілі. Сондықтан 

ежелгі заманда құнқ, угор тайпалары өздерін туыстаспыз деп сезініп, қатар 



Вестник ПГУ №2, 2011

96 

қоныстанып қан араластыруы қазіргі кездегі хунгар елінің қалыптасуына 

негіз болғаны байқалады. Әрине, олардың құрамында өздерін құннан және 

фин-угордан тарататын топтардың болуы заңды. Сондықтан өздерін кунбыз, 

мадиярмыз және қыпшақпыз деп санайтын бөліктері кейінгі ғасырларға 

дейін өздерінің тілі мен тұрмыс-салттарын, дінін сақтап [15] келгені де 

анық. Олардың Надкуншак (басқұншақ), Кишкуншак (кіші куншак) деп 

аталатын жер атаулары құнқ бабаларымыздан қалған белгілер. Сондай-ақ ел 

сөзін оршақ деп айтқан орта ғасырлардағы Анонимус атты тарихшысының 

еңбегінде [16] Венгрияның өзін Мадияр оршақ десе, айналасындағы елдер 

Немет оршақ (неміс елі), Чех оршақ (чех елі), Орыс оршақ (орыс елі), Кун 

оршақ (қыпшақ елі) т. б. секілді елесімдерімен аталады. Біз бұл сөзді ұрық-

шақ қос сөзінен пайда болған деп санаймыз. Бұл қазіргі тіліміздегі үрім-бұтақ 

қос сөзіне сай келеді. Басқұншақ жер атауы Қазақстанда және Россияның 

Астрахань облысында [17] кездеседі. Ал Қоншақ, Құншақ тәрізді адам 

есімдері ерте дәуірде көп қолданылғаны аян. Алғашқы зерттеушілер аталған 

ескерткіштегі құнчақ сөзінен кейін еліг йыл олұрмыс тіркесі жазылған деп 

тұжырымдаған болатын. Қ. Сартқожаұлы көп жылғы ізденіс барысында 

ЙЫЛ сөзіндегі LNvi Ы мен Л¹ таңбаларының арасында ұсақ жазумен Nv 

ОН¹ сөзі жазылғанын байқағаны [13, 75, 176(ф15)] туралы айтады. Соған 

сәйкес ОН мен ЕЛУ санын көбейтіп, «Түріктер билік басында бес жүз жыл 

отырған» [13, 68] деген қорытынды жасаған. Қ. Сартқожаұлы ұсақ жазуды 

дұрыс байқаған, дегенмен, оны түпкілікті зерттеуде елеулі қателік жіберген. 

Біздің зерттеу тәжірибемізде жазу таңбаларының арасында ұсақ және әлсіз 

таңбалау арқылы қосымша сөздер жазудың болатыны анықталған болатын. 

Бұл күрделі графемалар арқылы жазу секілді аз орынға көп мәлімет сиғызу 

үшін жасалатын әдіс-тәсілдердің бірі. Қ. Сартқожаұлы ойлағандай «ұмытып 

кетіп, қатесін кейін түзету» емес. Ескерткіштің фотосуретін зерттеу арқылы 

жоғарыда айтылған, Қ. Сартқожаұлы Nv ОН¹ деп оқыған жазбалардың 

жіңішке сызықтар арқылы берілген қосымша ақпарат екені айқындалды. 

Бұл таңбалар Ü  аРТыНЧ болып оқылатын, бірігіңкі дауыссыздарды 

белгілейтін әріптер екені анықталды. Тек бұлар ғана емес, алдыңғы J Й¹ мен 

i Ы таңбаларының арасында 

 аНЧа аНЧа болып оқылатын екі еселенген 

НЧ таңбасы да жазылғаны мәлім болды. Қ. Сартқожаұлы N  НЧ таңбасының 

төменгі жағын ғана байқап, оны Н¹ таңбасы деп түсінген. Одан кейін 

қасындағы 

 РТ таңбасының v О, ҰУ таңбасына ұқсастығынан ОН¹ деп 

оқығаны айқын. Ары қарай қате бағыттағы болжам, жорамалға бой алдырған. 

Жолдың дұрыс оқылымын берейік:   

mRLv:LÜ i

Jgl:qcNvqfrõt  Транскрипциясы: Т²ҮР²ҮК4 ҚҰН¹ЧаҚ 

еЛ²іГ Й¹ЫЛ¹ аНЧа аНЧа аРТыНЧ Й¹Ы4Л¹ ОЛ¹ҰР¹МыС¹ (Әріптің төменгі 

тұсындағы 6 саны таңбаның қайталанып оқылатынын білдіреді).  Аудармасы: 

Түрүк-құншақ елу жыл, (тағы) анша, анша артық жыл отырған.


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

97

Бұл жолдағы мәлімет екінші Шығыс Түрік қағанатының дәурен сүрген 

уақытын білдіру үшін жазылған. Шындығында Ілтеріс-Құтлығ қағанның 

нығайған уақытын 682-684-ші жылдар арасы десек, 744-ші жылға дейін 

Шығыс Түрік қағанаты 60 жылдай уақыт билік құрғанын көреміз. Бұл 

жоғарыдағы елу және біршама артық жыл деген мәліметке сай келетінін 

байқауға болады. Осы жылдар аралығында Озмыш тегінге шабуыл жасап 

отырған ұйғыр бола ма, тоғыз оғыз бола ма және басқа да тайпалар Көктүрік 

қағанатының құрамында болғаны анық. Сондықтан олар әлсіреген Көктүрік 

қағанатының билік құрған уақытын дәл көрсетіп отыр дейміз. Сөйлемнің 

соңғы (19) таңбасы – күрделі графема. Онда жуан С¹ таңбасына қоса түрік 

елін асыра дәріптеген ӨР4 аР¹ аҚ деген теңеу-эпитет, мадақ-қасиет сөздері 

жазылған. Сондай-ақ одан кейінгі 24-ші таңба да күрделі графема, онда І 

таңбасына қоса ұлыс сөзін білдіретін екі таңба қосылып жазылған:   

:ahli

frõt:


mRLv  

І КГБ (күрделі графемалардың бөлшектенуі) (19) 

 (1) 

-С¹; (2) 



 - ӨР ; (3) R- Р¹; (4) å – Қ. ІІ КГБ (24) 

 (1) 


 - ҰЛ ; (2) 

- С¹; (3) i – І. 

Тіркестің ЖТТТ (жай таңбалы толық түпнұсқасы): 

:ahli


frõt:åR

:

mRLv Транскрипциясы: ОЛ¹ұР¹МыС¹ ӨР  аР¹ 



аҚ¹ Т²ҮР ҮК ҰЛ ұС¹ ІЛ²іҢЕ

Мәтіннен Шығыс Түрік қағанатын жеңген түркі тайпасының Көктүрік 

қағанатына ешқандай кегі, жаулығы болмағандығы, қайта оны өз 

қасиетіне сай құрмет тұтатыны анық байқалады. Сонымен бірге жазбада 

алғаш рет Шығыс Түрік қағанатын ұлыс деп атау ұшырасты. Бұның үлкен 

жаңалық екенін атап айтқымыз келеді. Бұл ЕЛ сөзіне қосымша мемлекеттік 

құрылымдық саяси анықтама. Оның үстіне ұлыс-іл ретінде қос сөз болып 

қолданылуы оның мәнін империя дәрежесіне дейін көтеретіні анық. Біз 

бұл жерде ауропалық ғалымдардың көпшілігінің (бәрі емес) ғылыми 

нысанды объективті түрде шынайы зерттегенімен Ұйғыр қағанатын 

соғды-иран тектес деп оған іштері бұратынын, сондықтан да ол екеуін 

қарама-қарсы мүлде бөлек топтар ретінде қарастыруға тырысатынын атап 

өтпекпіз. Шындығында VІІІ-ІХ ғасырлардағы ұйғыр тайпасы басқа түркі 

тайпалары сияқты, бөгде қанды қоспасы жоқ, таза түркі тайпасы болатын. 

Ал қазіргі ұйғыр атын алып жүрген түркі тілдес халық әр түрлі түркі 

тайпалары мен соғды-ирандық қан қоспасынан тұратын ұлт екені анық. 

Онда да соғды-ирандық қан басым болуы ғажап емес. Мәтіннен көрініп 

тұрғандай түркі тайпаларының қайсысы басым болса, сонысы жетекші 

тайпа болуға ұмтылатыны белгілі жайт. Сондықтан түркілік тайпалық 

жетекшілікке жетуді көздейтін шапқыншылықты ұлттық қарама-

қарсылық деп санамағанымыз жөн. Мәтіндегі ұйғыр қағаны өзіне дейінгі 

Көктүрік қағанатын өр, ар, ақ ұлыс-ел деп құрмет тұтатынын, өзінің сол 

деңгейге жетуге тырысатын үлгі санайтынын байқатып отыр. Кейінгі 


Вестник ПГУ №2, 2011

98 

Ұйғыр қағанатын жеңген Қырғыз қағанатын да жеке ұлттық мемлекет 

деп емес, жалпы түркілік тайпалық қоғамдастық деп түсінгеніміз абзал. 

Өйткені сол кездегі Қырғыз қағанатын құрған тек қырғыз тайпасы деуге, 

әрине, болмайды. Бұл қазіргі қырғыз ұлтының құрамындағы әр түрлі 

түркілік рулар құрамынан-ақ мәлім болады. Бұл одан кейінгі түркілік 

қият тайпасының ішіндегі түркілік (қидан-монғолдық емес) маңғұл 

тайпасының жетекшілігімен құрылған Шыңғыс хан империясынан да 

айқын көрінеді.

Жоғарыдағы қосымша жіңішке жазудың қателікті түзету емес, көп 

мәліметті сиғызу үшін қолданылатын әдіс-тәсіл екеніне дәлел ретінде МШУ-

дан (Могойн Шинэ ус) біз кездестірген тағы бір жіңішке таңбалар жазылған 

мысалды келтірейік. Алдымен Қ. Сартқожаұлының нұсқасын ұсынайық: 

Шығыс беті, 6- жол. Түпнұсқасы: i

i:iùB:ahiBarhõ:nmzõ:iDiRvJõs

Транскрипциясы: su jorydy.  özümin  öŋre byŋa basy yt(t)y. 

Орысша аудармасы: Пошел с войсками, меня самого он послал вперед 

тысячником.

Мәтінде 6, 7, 8- таңбалар қате оқылған. 6-шы таңба i Ы емес, J Й¹ 

таңбасы мен v ҰУ таңбасының қосындысынан тұратын күрделі графема. 

7-ші таңба да күрделі графема, ал 8-ші таңба f ӨК4 таңбасы екені әлсіз 

де болса байқалады. 20-шы таңба да a А болып қате оқылған. Бұл, әрине, 

С.Е. Малов және басқа да зерттеушілерден келе жатқан қателік. 20-шы 

таңба біздің анықтаған 

 ҰР Ұ болып оқылатын ерін буындық таңба. 

Осы таңбадан кейін жіңішке W НЧ таңбасы жазылған. Бұның жіңішке 

болып жазылуының себебі: ол ҰРҰ сөзі бөлек оқылып, содан соң   ҰР  

таңбасына қосылып өз алдына оқылуына орай жазылған деп білеміз. 

Сонда ҰРҰ ҰРАНЧЫ БАСЫ ЫТТЫ болып шығады. Бұған қарағанда 

ұраншы мыңдық арнайы жасақталатыны аңғарылады. Сондай-ақ өңре 

сөзінің арасында майда жіңішке екі таңба оқылмаған. Мәтіннің дұрыс 

оқылуын берейік.

Түпнұсқасы: i

iiùB W  hiB:ar

hØõnmzõ:f

Ü:

RvJõs



І КГБ (6) 

(1) v – Ұ; (2) J – Й¹. ІІ КГБ (8)  

 (1) 

 - АР³; (2) 



 – Ч; 

(3) 


 – Қ¹; (4) 

 - С¹.


ЖТТТ (Жай таңбалардың толық түпнұсқасы):

i

iiùBW



hiB:ar

hØõnmzõ:f

Ü:vJvRvJõs 

Т р а н с к р и п ц и я с ы :   С ² Ү   Й ¹ О Р ¹ Ұ Й ¹ Ұ 6   а Н Ч а   А Р ³ ы Ч Ч 5 ы Қ ¹ 

С¹АР³6ыЧ6Ч56ыҚ¹6 ӨК4 ӨЗүМіН² ӨҢР²Е аҒыТ¹а Б¹ЫҢ ҰР4Ұ ҰР46аНЧы 

Б¹аС¹Ы ЫТ¹Т5Ы (транскрипциядағы 5 саны дыбыс-таңбаның қабатталып 

оқылатынын білдіреді).


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

99

Аудармасы: Әскер жүргізе сонша арыған (-ақ), шаршаған (-ақ), 

сарсаң болған-ақ өзімді алға шабуылдата мың сайлауыт ұраншы басы етіп 

жіберді.


Міне, екі түрде оқылған мәтіннің айырмасын, маңызын, құндылығын 

оқырман қауым өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Қанша жаңа түсінік, ұғым, сөздер 

қайтадан дүниеге келді. Орыстардың ура, ура деген ұранының түп-тегі қайдан 

шыққаны да дәл анықталып бой көтерді. Бұл таза әдеби шығарманың бір 

үзігі, әрі бұл таза өмір шындығы ретінде рухани мәдениеттік тарихымызды 

байытатын байлық болып қосылып отыр.

Зерттеушілер Тэс [13, 25, 176 (ф4-6)], Терхин [13, 42, 176 (ф7-11)] 

ескерткіштерінде Йоллуғ [13, 25], Йолығ [13, 42] [18] атты кісі есімдері 

қолданылғаны туралы өз еңбектерінде келтіреді. С.Г. Кляшторный оны 

ескерткіште нұсқалған үш қағанның бірі деп санаса, Қ. Сартқожаұлы 

оны сонымен бірге Боджман қағанның түп-тектерінің [13, 38] бірі болуы 

керек деп санайды. Біздің ескерткіш фотосуретін зерттеуіміз ол екі есімнің 

екеуінің де қате оқылудан пайда болғанын анықтады. Сондықтан Йоллық 

қағанның тарихта болғандығы туралы пікірлерді тоқтатқан жөн. Алдымен Тэс 

ескерткішінің мәтінін сараптайық. Қ Сартқожаұлының оқуы: Түпнұсқасы, 

шығыс беті, 1-ші жол: :iTRLv:iùB:aJa:xLLvj

Транскрипциясы: (1) ... jolluγ  aja bašy olurty (1).

Орысша аудармасы: 1. ... с уважением посадили главою Йоллуга.

Біздің оқуымыз, КГТ (күрделі графемалы түпнұсқасы): W

RLvpù


xLLvq


І КГБ (7) 

(1) 


 - Л4; (2) 

 - М; (3) 

 - С¹. ІІ КГБ (9) 

 (1) 


 

-Р²; (2) t – Т². ІІІ КГБ (10) 

 (1) 

 - С¹; (2) B – Б¹; (3) 



 – Қ¹. ІV КГБ (11) 

 (1) 


 – С¹; (2) v – ҰУ; (3) ø – Ғ. V КГБ (17) 

 (1) 


 - М; (2) 

 - С¹; 


(3) (W)W – Д¹.

ЖТТТ: WW


RLvpùøv

B

tt



r

xLLvq


Транскрипциясы: Қ¹ҰУЛ¹Л¹ыҒ Б4ОЛ¹МыС¹ еР²іР²Т²Т5і С¹аБ¹ыҚ¹ 

аС¹ҰУҒ аС¹ыП ОЛ¹ұР¹МыС¹Д¹а

Аудармасы: ...Құлды болуды болдырды. Сабық асуынан асып 

отырғанда...

Алғашқы зерттеушілер өшуге айналған, немесе күрделі графема үшін 

жіңішке жазылған таңбалар мен таңбалық бөлшектерді аңғара алмаған. 

Сондай-ақ ол уақытта беймәлім таңбалардың мағынасын ашып оқудың 

мүмкіндігі жоқ еді. Мысалы, 

 ҰБ4 [19] таңбасының екінші диагональ 

сызығы өте әлсіз көрінеді. Оны a А таңбасы деп оқыған, ал келесі күрделі 

графеманы оқу көп жылдық зерттеу тәжірибесінсіз ешбір түркітанушының 

қолынан келмейді. Сонымен көп қағазды шатпақтауға және көпшілік 

қауымның санасын сансыратуға алып келген, «Тэс ескерткішінде Йоллуғ атты 


Вестник ПГУ №2, 2011

100 

кісінің есімі бар» деген қате пікірден арылатын кез туды. Тэс ескерткішінде 

Йоллуғ атты кісі есімі жазылмаған.

Екінші Йоллығ кісі есімі Терхин (Тариат) ескерткішінде жазылған деп 

саналып келді. Біздің зерттеуіміз бұның да қате оқылғанын анықтады. С.Г. 

Кляшторный мен Қ. Сартқожаұлының оқуы бірдей. Тек С.Г. Кляшторный 

олұрмыс сөзіндегі С-ны Ш деп транскрипцияласа, Қ. Сартқожаұлы С деп 

транскрипциялаған. Ескерткіште Боджман қаған есімі 

 ОДЖ4 таңбасымен, 

v О, Ұ, У таңбасынан ерекшеленіп, біршама анық берілген. Бұл жазудың 

құндылығы m М мен N Н¹ таңбаларының арасына a А таңбасы жазылған. 

Алайда оны зерттеушілер бұрынғы қалыппен i Ы деп оқыған. Ескерткіштің аса 

маңыздылығы зерттеушілер оқи алмаған, үш қағанның қалған екі қағанының 

есімдері жазылуында болып отыр. Бұл есімдер қытай жазбаларында сақталған 

Надулу қаған мен Тубу қағанның [20] аттары саналады. Қытай жазбасында 

бұларды Боджман қағанның әкесі мен атасы деп көрсеткен. Яғни, Тубу – әкесі 

де, Надулу – атасы. Қытай тілінде буынның соңындағы дауыссыз дыбысты 

түсіріп жеңілдеткенді қолай көреді. Сондықтан Тубу есімі түркілік Тобун 

атауынан өзгерген болуы ықтимал. Терхин ескерткішіндегі жазба жазылған 

тұстары қатты бүлінуге ұшыраған. Дегенмен N Н¹ таңбасының сілемдері 

байқалады. Надулу есімі жоғарғы сынықтың бірінші жолының соңында 

жазылған. Одан кейінгі қаған сөзі төменгі сынықтың басында жазылғаны 

сезіледі. Мәтіннің бұрынғы зерттеушілер ұсынған нұсқасын келтірейік. 

Шығыс беті, жоғарғы және төменгі бөліктердің 1-ші жолдары [13, 42, 176(ф9, 

11)], [18, 88]:

С.Г. Кляшторныйдың ұсынған түпнұсқасы:

þ

²Lv:LiJz³jiks



²LvNxqcÇNxqNi

vB NxqxÂvJ 16

Транскрипциясы: (16) ... (испорчено около 75 знаков) ..jolyγ qaγan ... 

(испорчено 10 знаков) ... bumyn qaγan üč qaγan olurmyš eki jüz jyl olurmyš

Орысша аудармасы: (16) .... Йолыг – каган ... Бумын – каган – (эти) три 

кагана на царстве сидели двести лет

Біздің зерттеуіміз бойынша жоғарыдағы екі қағанның есімінен басқа 

күрделі графемамен жазылған аС¹ыЗ ӨР  және Т¹аҚ¹ыТ¹Т¹А сөздерінің 

жазылғаны анықталды. Жолдың оқылымын берейік. КГТ: ik

RLvNx-


qcÇNxqNa

BNxqNBvTNxq v

DN....

a

q



RLvLiJÚÇj

І КГБ (34) 

 (1) 

 - С¹; (2) 



 - З; (3) 

 - ӨР4. ІІ КГБ (46) 

 

(1) 


 - С¹; (2) 

 - З. 


ЖТТТ:

RLvLiJÚÇj

ik

RLvNxqcÇNxqNa



BNx-

qNBv


Nxq v

DN....


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ__101'>ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

101

a

q



 

Транскрипциясы: .... Н¹аД¹ҰУЛ4ҰУ Қ¹аҒаН¹ Т¹ОБ¹ұуН¹ Қ¹аҒаН¹ 

Б¹ОДЖ4МАН¹ Қ¹аҒаН¹ ҮЧ Қ¹аҒаН¹ ОЛ¹ұуР¹МыС¹ еКІ аС¹ыЗ ӨР4 Й²ҮЗ 

Й¹ЫЛ¹ ОЛ¹ұуР¹МыС¹ аС¹6ыЗ Т¹аҚ¹ыТ¹Т¹А

Аудармасы: .... Надулу қаған, Тобун қаған, Боджман қаған – үш қаған 

отырған (тақта), екі асыл, өр жүз жыл отырған асыл тақытта. 

Ескерткіш жазбаның тағы бір құндылығы жүз жыл тіркесін асыл, 

өр деп дәріптеуі болып табылады. Бұдан еурокіндікшіл (евроцентрист) 

зерттеушілердің пайымдағанындай Ұйғыр қағанаты мен Көктүрік 

қағанатының жаулығын сезіне алмаймыз. Сондай-ақ жазбада тақыт сөзінің 

қолданылуы да Қ. Сартқожаұлының есір сөзін тақ деп түсіндіруіне мықты 

тосқауыл қояды. Тақыт сөзінің дұрыс оқылғанын бітікші 

  Т¹  таңбасын      

тақыт суретін бейнелей беруі анық дәлелдейді. Қытай бітікшілері Надулу 

қағанды Боджман қағанның бабасы деп жазады. Боджманның әкесі 

Тувуды Надулу қағанның немересі дейді. Олай болғанда Надулу мен Тобун 

қағанның арасында тағы бір ата болғаны белгілі болады. Сонымен бірге 

Тувудың лауазымы «да йеху» (ұлы жабғы) еді деп нақтылайды. Соған 

қарағанда Тобун қаған өзін қағанмын деп жариялағанымен, оның әлі де 

Жужан қағанатынан толық тәуелсіз болмағаны аңғарылады.

Боджман қаған есімі ең алғаш Күлтегін ескерткішінде (КТү 1) [21] 

келтіріледі. В.В. Радловтың жасаған жазба ескерткіш қалыптамасында 

  

ДЖ  таңбасы анық бейнеленген. Қалыптаманың үзіндісін келтірейік.



Әрине, ол уақыттағы түсінік-пайымға қарай бұл таңбаның дәл 

мағынасын ашу оңай болмаған еді. Сондықтан да таңба v ҰУ болып оқылды. 

Ескерткіштің бұрынғы оқылымын берейік.

В.В. Радловтың түпнұсқасы: :aDuOgiq:xk:ÚxJ:aRS:irht:kÇkaÚÇ: YmRL

oNxqimtsi:NxqNmvB:mapmÇc:aÚÇ:aOixo:isik:smNLiq:iLxo:isik:aRnik 

С.Е. Маловтың түзетуінде [22] 17, 18- ші таңбалар rj Й²еР², 21- ші 

таңба L Л¹ таңбаларына өзгертілген. Бұнда 17-18- ші таңбалардағы В.В. 

Радловтың қатесін дұрыс түзеткен. Ал 21- ші таңбаны Л- ға өзгертуі таза 

логикалық болжамға сай жасалған. Сонда ол таңбалар арқылы тіркес Й²еР² 


Вестник ПГУ №2, 2011

102 

ҚЫЛ¹ыНТҰУҚ4Д¹А болып түзетілген. Қалған таңбалар В.В. Радловтың 

түпнұсқасымен сәйкес келеді. С.Е. Маловтың транскрипциясы: ÿзä кöк тäңрі 

асра jағыз jір қылынтуқда, äкін ара кісі оғлы қылынмыс². Кісі оғлынта ÿзä 

äчÿм апам Бумын қаған Істäмі қаған олурмыш.

Түпнұсқадағы оғлы, олурмыш сөздеріндегі o О таңбасы мен Боджман 

есіміндегі 

 ОДЖ4 таңбасының айырмашылығы айқын көрінеді. Алайда 

С.Е. Малов оны да nmob Бумын деп өзгерткен. Мәтіндегі бұдан басқа 20-

21- ші, 29- шы таңбалар күрделі графемамен жазылған. Оларды бөлшектеп 

оқығанымызда мәтіндегі сөздердің мағынасы, әсіресе, Тәңірінің аспан 

мен жерді жаратуындағы іс-әрекеті анағұрлым анықтала, нақтылана 

түсті. Мәтіннің түзетілген күрделі графемалы түпнұсқасын ұсынайық: 

:rj:ÚxJ:aRS:irht:kÇkaÚÇ    

aOixo:isik:smNLiq:iLxo:isik:a

nik:aDuO


q

:YmRLoNxqimtsi:NxqNm

B: mapmÇc:aÚÇ:

І КГБ (20) 

 (1) i – Ы; (2) 

 - С¹; (3) 

 - РТ; (4) a – А; (5) 

 - Б¹. 


ІІ КГБ (28) 

 (1) 


 - Н²; (2) R - Р¹; (3) 

 - С¹; (4) N - Н¹; (5) 

 - Д¹ 



.



ЖТТТ: : aDN

R

nik:aDu



O

qrj:ÚxJ:aRS:irht:kÇkaÚÇ  

:YmRLoNxqimtsi:NxqNm

B: mapmÇc:aÚÇ:aOixo:isik:smNLiq:iLxo:

isik:  

Транскрипциясы: ҮЗЕ К²ӨК² Т²әҢіР²І аС¹Р¹А аЙ¹ҒыЗ Й²еР² 



Қ¹ЫС¹ЫРТТ¹/5АБ¹ЫНТТ¹/5ҰУҚ4Д¹А еК²ІН²іН² аР¹аС¹ыН¹Д¹А К²ІС²І 

ОҒЛ¹Ы Қ¹ЫЛ¹ыН¹МыС¹ К²ІС²І ОҒЛ¹ЫНТА ҮЗЕ еЧҮМ аПАМ Б¹ОДЖ4МАН¹ 

Қ¹аҒаН¹ ІС²Т²еМІ Қ¹аҒаН¹ ОЛ¹ұуР¹МыШ

Аудармасы: Үс(т)те Көк Тәңірі көк аспан-кеңістігі(н), ас(т)та айғыз 

[кір-жағал, қара-қошқыл, қара кер (топырақ немесе жер түстес)] жер(ді) 

жаратып табынтқанда екеуінің арасында адам баласы қылынған. Адам 

баласында (тақ) үстінде аталарымыз-ұлық билеушілеріміз Боджман қаған

Істемі қаған отырған.

Мәтіндегі жаңадан анықталған таңбалар мен олардың мағыналары 

арқылы түрік-құншақтардың діни сенімінің жаңа қатпарлары ашыла түсті. 

Жалпы Тәңіріге табыну, Тәңірінің шексіз құдіреттілігі М. Қашқаридың 

еңбегінде мол қамтылғаны мәлім. Біз бұрынғы еңбектерімізде Тәңірі 

дінінің ислам қағидаларына сәйкес, Нұқ а. саламнан бері келе жатқан 

ислами дін екені туралы айтып келеміз. Міне, Күлтегін ескерткішіндегі 

мәлімет арқылы Тәңірінің аспан мен жерді жаратуы, оны өзіне табынтуы 

тәрізді түркілік ежелгі діни сенімнің негізгі бір атрибутын аңғара алдық. 

Жалпы Тәңірі сөзінің екі мағынасы бар. Бірі – Ұлық Тәңірі тағаланың 

өзі де, екіншісі – көк аспан әлемі. Мәтінде бір Тәңірі сөзі арқылы біз 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

103

айтқан екі мағына да қатар меңзелген. Ал көк аспан мен жерді жаратып, 

табынтып тұрған Тәңірі тағала болса, онда екеуінің арасындағы адамды 

да Тәңірі жаратқаны «қылынған» сөзімен өзінен-өзі-ақ түсінікті болады. 

Жазбадағы қысырт үш морфемадан тұрады. Бұл бұрынғы еңбегімізде [20, 

78] талданып ашылған болатын. Яғни, қы (қы+с, қ+л) түбір, -С мен –Р, 

-Т – етістіктің етіс жұрнақтары. Бұрынғы зерттеушілер еК²ІН² аР¹а деп 

транскрипциялаған тіркес күрделі графема арқылы беріліп, онда қосымша 

таңбалар біріктірілгені айқындалды. Нәтижесінде бұрын жартыкеш 

оқылып жүрген сөздер толық оқылды.

Боджман қаған есімі жазылған жазба ескерткіш ретінде Онгин 

ескерткіші [14, 7], [21, 63] саналатыны белгілі. Алайда ондағы сөз i

ЙаМЫ болып оқылды. С.Е. Малов Nimj Й²аМЫН¹ деп жазып, Бумын деп 



транскрипциялады. Ескерткіштің түпнұсқасы қиратылған [23]. Қазір біз 

сүйеніп, йамы сөзінің мәнін ашуға жәрдемі тиетін еңбек – ескерткіштің 

қалыптама суреті берілген В.В. Радловтың «Атласы». Мұқият зер салып 

зерттеп, йамы сөзінің күрделі графема арқылы жазылғанын байқадық. Сөз 

жазылған таңбалардың ішінде 

 ОДЖ4  таңбасы жақсы аңғарылады. 

Сондай-ақ 

 М таңбасы Боджман, Істемі есімдеріне қатар оқылады. 

Зерттеушілер 

 Й¹ деп оқыған таңба Б¹ таңбасы. Осы таңбаның жоғарғы 

ұшы мен төменгі ұшын жіңішке сызықпен жалғап i І таңбасын бейнелеген. 

Оның төменгі тұсы созылып t Т² таңбасының екінші жағын, әрі N Н¹ 

таңбасын сипаттаған. Ал Йамы сөзінің соңындағы i Ы таңбасы Істемі 

есімінің соңындағы i І таңбасын білдіру үшін жазылған. Сөйтіп күрделі 

графема арқылы Боджман, Істемі қағандардың есімдері сыйыстырылып 

жазылған. Сөйлемнің күрделі графемалы түпнұсқасын келтірейік:   

:

B:

JJ:



xiJ:

É:xhLv


trÇt:Nxq

:zmap:zmÇc

І КГБ (9) 

 (1) B - Б¹; (2) 

 - ДЖ4; (3) 

 – М; (4) N - Н¹; (5) 

 

- Қ¹ ; (6) 



 - Ғ; (7) i – І; (8) s - С²; (9) 

 - Т²; (10) i – І. ІІ КГБ (17) 

 (1) 

 - С¹; (2) ú - З; (3) 



- С¹; (4) 

  - С¹; (5) 

 - С¹; (6) B - Б¹.

9-10- шы таңбалардың жай таңбаларға бөлініп оқылуы: imtsiNm

B

ЖТТТ: 


ú

ú

trÇt:Nxqi



ts:NxqN

B:z


ap:z

Çc

:



B:

JJ:


xiJ:

É:xhLvBú


ú  

Транскрипциясы: еЧҮМүЗ аПАМыЗ Б¹ОДЖ МаН¹ Қ¹аҒаН¹  ІС²Т²еМ І 

ҚаҒаН¹ Т²ӨР²Т² аС¹ыЗ аС¹ыЗ аС¹ыЗ аС¹ыЗ Б¹ҰЛ¹ұҢыҒ Қ¹ыС¹МыС¹ Й¹ыҒМыС¹ 

Й¹аЙ¹МыС¹ Б¹аС¹МыС¹



Вестник ПГУ №2, 2011

104 

Аудармасы: Бабаларымыз, ұлұқ билеушілеріміз Боджман қаған, Істемі 

қаған (дүниенің) төрт асыл, асыл, асыл, асыл бұрышын қысқан, жиған, жайған, 

басқан.


Қ. Сартқожаұлы қысмыс сөзін негізсіз ұқыс²мыс² (ұғысты) деп 

түсіндіреді, күрделі графеманы оқи алмай ямы деп оқыған. Сөйлемнің 

мәнін бұлыңғырлатып, түпкі мағынасынан ауытқытып, жайдақтатып 

жіберген. Оның аудармасын келтірейік: Ата бабамыз Ямы – қаған төрт 

бұрыштағылармен ұғысты (ынтымақтасты), жықты, таратты, басты. Ол 

тіпті көне түркі дәуіріндегі сөздің өз мәнін ұғына алмайды. Мысалы, 

йығмыс сөзін С.Е. Маловша (повалил) жықты деп аударған. Бұл 

өзіміздің жый (йығ >жығ >жый) деген сөзіміздің көне формасы емес пе. 

Ал шындығында қалай, қысқан деген «дүниенің төрт бұрышын «ашса, 

алақанында, жұмса, жұдырығында» ұстады» деген сөз. Жиғысы келсе, 

жиды, жайғысы келсе, малша өргізді дегенді білдіреді. Қысқаша айтқанда, 

дүниені тітіретіп ұстап тұрды деген мәнді ұқтырады. Транскрипциясында 

жуан 

  С¹ -ның ерекше түрін жіңішке s С² деп жаңсақ түсіндірген. 



Бітікші төрт бұлұң «төрт бұрыш» сөзіне қысқан, жиған, жайған, басқан 

тәрізді төрт сөзді бекер арнап отырған жоқ. Яғни, дүниенің бір бұрышын 

қысқан, екіншісін жиған, үшіншісін жайған, төртіншісін басқан, нақты 

айтқанда әрбір бұрыштағы елдің пиғыл-ниетіне сай әрекет қылғанын 

баса көрсетуді мақсат еткені көрініп тұр.

Тағы бір 

 ҰДЖ4 таңбасы [21, 24], [24] Күлтегін кіші жазуының 

10-шы жолында жазылған. Бұл таңба В.В. Радлов «Атласында» да, 

«Албүмде» де анық сақталған. Алайда зерттеушілер v О деп оқыған. 

Бұдан кейінгі таңба # ЙН таңбасы «Атласта» p П таңбасы түрінде түскен, 

ал «Албүмде» F ЙН таңбасы екені жақсы көрінеді. ДЖ4 таңбасының 

алдында u Қ4Ұ таңбасы, оның алдында m М таңбасы жазылған. Бірақ 

оны зерттеушілер оқи алмай ескерусіз қалдырған. Сөзді зерттеушілер p

u қоп деп оқыған. Сөйлемнің бұрынғы және жаңа, біздің оқуымызды 

салыстыра ұсынайық:

Бұрынғы оқылымы (С.Е. Малов [22, 20-35]): :mDÔRBou:pou:xNDoB:FxicuJ    

Транс.: Йоқ чыған будунығ қоп қобратдым

Орыс. ауд.: (став каганом) я вполне поднял (собрал?) погибший, неимущий 

народ, погибший, неимущий народ сделал богатым, немногочисленный народ 

сделал многочисленным.

Жаңа оқылымы, КГТ: mDÔRBo

umxNDoB:Fxic: 

 J

І КГБ (2) 



 (1) u - ОҚ4; (2) 

 - С¹. ІІ КГБ (3) 

 (1) ú - З; (2) ú - З; (3) 

ú - З.  ІІІ КГБ (16) 

 (1) F – ЙН; (2) 

 - Ч; (3) 

 - РТ; (4) 

 - РТ.


ЖТТТ: : mDÔRBou F Ô   F

uumxNDoB:Fxic:úúúu

uJ


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

105

Транс.: Й¹ОҚ4С¹ҰҚ4 аЗ аЗ аЗ ЧЫҒаЙН Б¹ҰД¹ұН¹ыҒ МҰҚ4 

Қ4/5ҰДЖ4ҰЙНыЧа аРТТ¹/5ыРТыЙН6Ч6а Қ4ОБ¹Р¹аТ¹Д¹ыМ

Ауд.: Жоққа тән, аз, аз, аз, кедей халықты шыбынның құжынағанындай 

арттырта қобыраттым, көбейттім.

Сөйлемнің жаңа оқылымында бұрын байқалмаған йоқсұқ, аз, мұқ, 

құджұйн, арттырт сөздері анықталып, сөздік қорға қосылды. Аз сөзін 

білдіретін З таңбасы шексіздік белгісіне сәйкес тізбектеле, үш еселенуді 

білдіре күрделі графема арқылы таңбаланған. Бұлардың ішіндегі бізге белгісіз 

сөз – МҰҚ сөзі. Бұл сөз орыс тілінде муха түрінде сақталған. Қазақшасы 

шыбын екені мәлім. Сондай-ақ орыс тіліндегі бука сөзі де хакас тіліндегі моох 

(поох) (бука (сказочный персонаж, которым пугают детей) [25] сөзімен сәйкес 

келеді. Қазақ тіліндегі бөге-лек, бөжек, түрік тіліндегі бөжек (қоңыз) сөздері 

де осы мұқ сөзімен сәйкесіп, бір түбірден тарағаны байқалады. Құджұйн 

сөзі көне түркі заманында зат есімі түрінде қолданылғанын сезуге болады. 

Ал қазіргі қазақ тілінде ол мағына ұмытылып, тек құжына түріндегі етістік 

қана айтылады. Мұндай үрдіс ойын→ ойна, қиын→ қина секілді сөздерде 

қазір де сақталған.

ҰУДЖ  таңбасы арқылы жазылған келесі сөз Т¹ҰУДЖ4 Терхин 

ескерткішінде [13, 43, 176(ф8)], [18, 89-90] ұшырасты. Онда толқу 

(грузный) болып оқылған сөздің екінші таңбасы 

 ҰУДЖ таңбасы екені 

анықталды. Сондай-ақ осы таңба күрделі графема арқылы жазылған. Оның 

оқылуының нәтижесінде тағы да жаңа төрт сөз дүниеге келді, ұстынның 

қалай орналасқанының егжей-тегжейлі баяндалғаны айқындалды. С.Г. 

Кляшторныйдың оқылымын ұсынайық. Түпнұсқасы, батыс жағы, 3- жол:

:

D

iu



aqy

vuLv


:

D

RJ:aqy



iyJ

Транс.: jasy tašqa jarat(yt)dym tolqu tašqa toqytdym.

Орыс. ауд.; (3) На плоском камне я повелел вырезать (букв. создать) на 

грузном камне я повелел воздвигнуть.

Біздің оқуымыз: :

D

iu



aqy

:v

:



D

RJ:aqy


iyJ

І КГБ (14) 

 (1) 

 - ҰДЖ4; (2) 



 - Л4; (3) B – Б¹;  (4) 

 - Л ; (5) 

 - ҰҢ4; (6) 

 - Л4 ; (7) 

   - ОЙ4; (8)   - РТ; (9) 

 - М4; (10) 

 – Ш; 

(11)   -  ҰҢ4; (12) 



 – Ғ; (13) 

 - Л . ІІ КГБ (15) 

 (1) 

 - ОЙ4; (2) u 



–ҰҚ4; (3) 

 - Л4.


ЖТТТ: 

:

D



RJ:aqy

iyJ


:

D

iu



aqy

:

u



B

Вестник ПГУ №2, 2011

106 

Транс.: Й¹аС¹Ы Т¹аС¹ҚА Й¹аР¹аТ¹Д¹ыМ Т¹ҰУДЖ4Л4Ұ Б¹ҰЛ4ҰУҢ4ЛҰ 

ОЙ4ҰРТМ4ҰШ ҰҢҒ¹ҰЛҰ ОЙҰҚ4ЛҰ Т¹аС¹ҚА Т¹ОҚ4ЫТ¹Д¹ыМ

Ауд.: (Жазуымды, белгімді осында) жазық тасқа жасаттым (жаздырдым, 

түсірдім), тұс-жақты, бұрышты ойдырған, ұңғұлы ойұқты тасқа орнаттым.

Ескерткіште тағы бір жаңа ерін буынды 

 ОЙ4 дауыссызының таңбасы 

қолданылған. Бұл таңба бізге бұдан бұрын белгілі болып, мағынасы ашылып 

қойған еді. Осы мәтінде қолданылып, алғаш рет жарияланып отыр. Алдыңғы 

уақытта арнайы зерттеу жұмысы жарияланады деген мақсатымыз бар. 

Сондай-ақ мәтінде Есік жазуында [26] қолданылған ҰҢ4, ҰЛ4 таңбалары 

да кездесті. 

Ерін буынды ДЖО, ДЖ4ҰУ таңбалары арқылы жазылған жазбалар 

Енесей ескерткіштерінде де жазылған. Кейбірі әлі де жете зерттеуді қажет 

етеді. Айқын жазылған екі ескерткіштің оқылымын клтірейік. С.Е. Малов өз 

еңбегінде Чакульден табылған 6- шы ескерткіш [27] деп атаған. Жазба толық 

оқылмаған. С.Е. Малов 5 жолды берсе, Д.Д. Васильев те солай көрсеткен [28], 

ол ескерткішті Е – 18 деп белгілеп, фотосуретін [28, 93-94] берген. Біз осы 

фотосурет бойынша мәтінді оқып шықтық. Мәтін біршама толық оқылды 

деуге болады. Бірақ біз қазір тек 

 ДЖ4О таңбасына қатысты бөлікті 

ғана ұсынамыз. Жазу ұзындығы 98 см, қалған тұстары 38х16 см өлшемде 

жасалған тас бағанның екі бетінде төңкеріліп, екінші бетіндегі бір жолы 

оңғарылып жазылған. 

Е-18 ескерткішінің төменгі 4-6- жолдары [28, 93]:

 

І КГБ (1) (



)

 (1) q – Қ¹; (2) 

 - НҚ. ІІ КГБ (3) 

 (1) û – З; (2) (

)

  - Л¹. ІІІ КГБ (4)  (



 (1) 


 - Ғ; (2) 

 - С¹; (3) 

 - ДЖ4.

ЖТТТ: mVmDLRDTX



LZm

R

Транс.: Қ¹аНҚыМ аЗаЛ¹ыҒ аС¹ы ДЖ4ОҒыТ¹а аД¹ыР¹ыЛ¹Д¹ыМ 



еШ²іМе 

Ауд.: Ханымның азалы асы джоғында (жоқтау рәсімі) айырылдым, 

досымнан.

Орқұн ескерткіштерінде йоғ (жерлеу, жоқтау рәсімі) аталатын салт-

дәстүр атауының Енесей бойындағы көне арғын-қырғыздарда джоғ болып 


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

107

қолданылғанын аңғарамыз. Джоғ сөзінің дұрыс оқылғанын азалы асы  сөз 

тіркесінің қатар қолданылуы айқын дәлелдеп тұр.

Енесей ескерткіштеріндегі 

 ДЖ4Ұ таңбасы анық жазылған 

жазба мұра Е-13 (Чаа-Холь) [28, 20, 61, 92] ескерткіші Чаа-Холь өзенінің 

бойынан табылған. С.Е. Малов Чакуль І [27, 35] және Е-13 деп белгілеген. 

Ескерткіштің көлемі 140х2 см өлшемдегі төрт жақты тас баған. Бір 

бетінде жоғарғы ұшында қалпақты адамның бет-бейнесі суреттелген. 

Төменнен жоғары қарай үш жол сызылған. Алайда жазу екі жолында ғана 

сақталған. Басқа екі жағындағы жазуды зерттеушілер көшіріп сақтаған, 

ал ескерткіштің өзінің осы екі жағы қазір бұзылып ажыратуға келмейтін 

күйге ұшыраған.

Ескерткіште ДЖ4 таңбасы анық жазылған сөзбен бірге анықтығы 

дүдәмалдау тағы бір сөз және езулік ДЖ³ арқылы жазылған үшінші сөз де 

бар. Бұл екі сөзді алғашқы зерттеушілер ЫЙУ деп оқыған. С.Е. Маловтың 

оқуын келтірейік:

vJi:mDLRD:mLxvzks:mDLRD:mJWvq:aDJvq:vJi:mDLRD:mVDq  (1) 

Транс.: (1) Қадашым адырылдым, ыйу қуйда қунчуйым адырылдым, 

секіз оғлым адырылдым ыйу.

Ауд.: От своих товарищей я отделился (т. е. умер). Увы! От своих 

принцесс в теремах я отделился (т. е. умер). От восьми своих сыновей я 

отделился (т. е. умер). Увы!

С.Е. Малов транскрипциясында «қадашым, қунчуйым, оғлым» деп 

атау септігіне қойып оқыған, бұл қате, дұрысы қадашыма, құнчұйыма, 

оғлыма болуы керек еді. А. Аманжолов [29] та солай транскрипциялаған. 

С.Е. Маловтың «оғлым» деп транскрипциялаған сөзін Д.Д. Васильев те, 

А. Аманжолов та ur¹m деп түзеткен. Шындығында бұл сөзде Л¹ емес, 

Р¹ дыбысы жазылған. Алайда ыйу сөздері де, ур(ы)м сөзі де дұрыс 

оқылмағаны анықталды. Сондай-ақ «құйда, құнчұйым, қадашым» сөздері 

де дұрыс оқылмаған, бірақ қазір бұған тоқталмаймыз. Ескерткіштің дұрыс 

оқылымын ұсынайық. КГТ (күрделі графемалы түпнұсқасы):

a:mDLRD:m

ßks:mDLRD:mJÕv4

DÊv

:

J



:mDLRD:mVDå

І КГБ (33) 

 (1) 

 - Р¹; (2) 



 - НҚ. ІІ КГБ (41) 

 (1) 


 -Й¹; (2) 

v – ҰУ. ІІІ КГБ (42) 

 (1) 

 - ДЖ³; (2) 



 - М; (3) a – А.

ЖТТТ::mJÕvð

DÊv 



 J



:mDLRD:mVDq(1)

a

vJamDLRD:m



ßës;mDLRD 

Вестник ПГУ №2, 2011

108 

Транс.: ҚаД¹аШыМа аД¹ыР¹ыЛ¹Д¹ыМ АЙ¹аҰУДЖ4ҰМа ҚҰЙ¹Д¹А 

ҚҰНЧҰЙ¹ыМа аД¹ыР¹ыЛ¹Д¹ыМ С²еКіЗ ДЖ4ҰР¹ыНҚыМа аД¹ыР¹ыЛД¹¹ыМ 

АЙ¹аҰУДЖ³ыМА

Ауд.: Туысымнан айырылдым, айаулымнан, үйде әйелімнен айырылдым, 

сегіз жұрынымнан (ұрпағымнан) айырылдым, айаулымнан.

Бұрынғы зерттеушілер ыйу деп қате оқылған сөзді қайран, шіркін 

(орысшасы – увы) тәрізді мағынаны білдіретін одағай сөз деп түсіндіріп 

келді. Жаңа ізденіс ДЖ³Ы, ДЖ4Ұ таңбалары арқылы тілімізде бар айаулы 

сөзінің көне нұсқасы айаудж формалы сөздің өмірге қайта келуіне ықпал 

етті. Ал джұрұнқ сөзінің ұрпақ мағыналы жұрұн нұсқасы қазақ тілінің 

түсіндірме сөздігінде келтірілмеген. Әйтсе де, қалдық мағынасына жақын 

жұрын сөзі [30] берілген. Сонымен бірге қалдық мағынасын білдіретін 

жұрқа, жұрнақ сөздері түсіндірілген. Бұл сөздердің джұрұнқ сөзімен 

төркіндестігі байқалады. Мысалы, жұрқа <жұрқан <жұранқ; жұрнақ 

<жұранқ. Сондай-ақ жұрағат сөзі де жұранқ+(а)т (көптік жалғауы) туынды 

түбірінен туғаны аңғарылады: жұранқат >жұраңқат >жұраңғат >жұрағат. 

Орыс тіліндегі шурин (балдыз-қайны; қайнаға) [31] сөзінің де түркілік 

жұрұнқ түбірімен тектестігі анық байқалып тұр. Яғни, орыс патша, 

князьдары түркілік асыл қанды бикештерге үйленіп, олардың туыстарын 

түркі тіліндегі атауынша «шурин» деп атағаны күмән тудырмайды. 

Жұрын сөзі қазақ тілінде кісі есімі ретінде қолданылады. Яғни, «жұрын-

жұрағаты бар ма», деген сөз «қалдырған ұрпағы бар ма» деген ұғымды 

білдіретіні даусыз. Сондықтан ұрпақ мағынасындағы жұрын сөзі өткен 

дәуірде жеке де және қос сөз арқылы да тілімізде қолданыста болғаны 

айқын деп білеміз. Іздестірсе, қазіргі кездегі жалпы халықтық тілдегі 

қолданысы да анықталуы ықтимал. 

Көктүрүк қағанатын құрушы, әлемде теңдесі жоқ «Алпамыс батыр», 

«Манас» атты жырларға өзек болған ҚОҢЫРАТ-ҚҰНШАҚтың даңқты 

ұланы БОДЖМАН ҚАҒАНның есімін жаһанның жалпағына жария етуге, 

оның жоғарыда келтірілген жаңалықтармен бірге ғылыми айналымға 

түсуіне ДЖ4О, ДЖ4ҰУ таңбасы мен мағынасының ашылуы өз септігін 

тигізді. Алдағы күндерде бұл таңба арқылы басқа да сөздер өз мәнін ашып, 

игілігімізге жарай беретіні айқын.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бекжан О. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі белгісіз екінші 

кірігіңкі езулік буынды дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы // А. 

Ясауи ат. ХҚТ университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 

20 жылдығына орай өткізілетін ІV Халықаралық Түркология Конгресінің 

материалдары (13-14 мамыр 2011 ж.). Түркістан, 2011, 83-87- бб.


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

109

2. Қазақ Совет энциклопедиясы. 2- т. Алматы, 1973, 371- б.

3. Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. Ташкент – Узбекистон – 1994, 103-б. 

4. Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский героический эпос. 

Ташкент, 1943.

5. Жирмунский В.М. Введение в изучение эпоса «Манас» // 

Энциклопедический феномен эпоса «Манас». Бишкек, 1995, С. 111.

6. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Среднй Азии 

в древние времена. І т. Алматы, ТОО «Жалын баспасы», 1998, 224-226- бб.

7. Базылхан Б. Қазақша-монғолша сөздік. Ұлан батыр – 1977, 180- б.

8. Алпамыс батыр. Батырлар жыры. 2-т. Алматы, «Жазушы», 1986, 

7, 189- бб.

9. Алпамыш. Ташкент, 1974, С. 7.

10. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, «Ана тілі», 1992, 45 - б.

11. Зәкенұлы Т. Қалтарыста қалған қазына // «Қазақ әдебиеті», 2005, 

№ 4, 28 қаңтар.

11. Камалқызы Ж. Академик Рахманқұл Бердібайдың дәрісі – «Алпамыс 

батыр» жырына арналды // «Евразия», 2009, № 10, 13 наурыз.

12. Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, 

С. 75, 83, 89.

13. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и 

Киргизии. М.-Л., 1959, С. 30.

14. Масалим Е. Одинокое дерево. Алматы, 2008, С. 36; Тіспен туған 

қоңыр бақсы. Алматы, 2008, 77- б.

15. Заханқызы Р. Көне дәуір: көшпенділер. // «Қазақ әдебиеті», 2003, 

№ 21, 23 мамыр.

16. Өнерлі өлке суретшілері. Алматы, «Эффект» ЖШС, 2008, 18- б.

17. Кляшторный С.Г. Терхинская надпись (предварительная публикация) 

// «Советская тюркология», 1980, № 3, С. 82-95.

18. Бекжан О.Д. Ашықтас бітігінің мағынасы // Бүгінгі түркітану және 

оның даму бағыттары. Алматы, 2006, 74- б.

19. Бекжан О. Көктүрік қағанаты // «Жалын», 1910, № 12, желтоқсан.

20. Радлов В.В. Атлас древностей Монголии. С. Петербург, 1892 // 

Moğolistan Tarihi Eserleri Atlası «TİKA», Ankara, 1995, 18- s.

21. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951, 

С. 21.


22. Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. 1- кітап. Астана, 2003, 128- б.

23. Moğolistandaki türk ANITLARI PROJESI ALBÜMÜ. Ankara, 

2001, 31- s.

24. Бутанаев В.Я. Хакасско-русский историко-этнографический словарь. 

Абакан, 1999, С. 63.


Вестник ПГУ №2, 2011

110 

25. Бекжан О. Есік жазуына 2009 жылғы түзетпе және ондағы жаңа ұсақ 

жазудың мағынасы // «Түркология», 2010, № 1-2, 3-35- бб.

26. Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 40.

27. Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 

1983, С. 22.

28. Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 

2003, С. 123.

29. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4- т., Алматы, 1979, 235-237- бб.

30. Русско-казахский словарь. Алматы, 2005, С. 1128.



  

Резюме

В статье рассказывается о губных аффрикативных согласных, 

прежде неизвестных в древнетюркских письменных памятниках. И 

дается подробное разъяснение к чтении, с помощью этих звуков, имени 

Боджман, которое раньше читалось ошибочно, как Бумын.

Resume

The article tells about labial africative consonants, previously un-

known in arcient Turkic written texts. And provides a detailed explanation 

of reading, using these sounds, the name of bodrhman, which was read 

before mistakonly as Bumyn.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет