Филологическая серия



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата03.03.2017
өлшемі3,45 Mb.
#6080
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

86
87
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Карагандинский государственный 
медицинский Университет, г. Караганда.
Материал поступил в редакцию 29.08.14.
Ш. С. Жакупова, Д. В. Сизов
Француз тілінен енген сөздердің ассимиляциясы
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды қ.
Материал 29.08.14 редакцияға түсті.
S. S. Zhakupova, D. N. Sizov
Assimilation of French borrowings
Karaganda State Medical University, Karaganda.
Material received on 29.08.14.
Бұл мақалада француз тілінен енген сөздердің ассимиляциясының 
мәселесі қаралуда. Француз және ағылшын сөздерінің салыстырмалы 
анализі жүргізілді.
In  the  article  the  problem  of  French  borrowings  assimilation  is 
considered. The comparative analysis of French and English words is 
conducted.
ӘОЖ 810
Р. Қ. Жұмағазина
БАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК 
ЖАҒДАЙЛАР
Мақалада  БАҚ  тілінің  дамуына  әсер  ететін  қоғамдық-
әлеуметтік факторлар қарастырылады.
Әдеби  тілдің  дамуы,  оның  нормаларының,  емле  заңдылықтарының 
қалыптасуы халық пен қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей байланысты. 
Мәселен, қазақ әдеби тілінің дамуына өте-мөте көп әсер еткен тарихи 
факторлар аз емес. Оларға хандық кезең, ұлттық дәуір, ұлт тілінің қалыптасуы, 
мемлекеттік жүйе, қоғамдық формациялардың ауысуы, экономика мен оқу-
ағартудың, ғылым мен өнердің, баспасөздің дамуы, өркениеттің өрістеуі, 
т.б. жатқызуға болады. 
Ал қазақ әдеби тілінің тарихын жүйелеу мен әдеби тіл нормаларын 
қалыптастырудағы  баспасөздің  орны  ерекше  екені  ғалымдар  тарапынан 
бұрыннан айтылып жүр және өте жақсы деңгейде бағаланып келеді.
Әдеби  тіл  –  тарихи  құбылыс,  тарихпен  бірге  дамиды,  сондықтан 
соғыс жылдарындағы газеттер жарық көрген кезеңдегі ел өмірінде болған 
әлеуметтік-тарихи жағдайлар туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Өйткені 
әдеби тіл тарихындағы кез келген кезең қоғамның жағдайымен, ұлттың 
тарихымен, тарихи кезеңдердегі ірі оқиғалармен, өзгерістермен байланысты, 
олармен жарыса өмір сүретіндіктен, әдеби тілді тарихтан бөліп алып, одан 
тыс, жеке-дара зерттеу де, қарастыру да дұрыс болмас еді. Әрі газеттердегі 
тілдегі біраз өзгерістердің, тілдік бірліктердің қолданысындағы кемшіліктер 
мен  ауытқулардың  сырын,  тілді  дамытатын  ұтымды  үлгілердің  пайда 
болу себептерін әлеуметтік себептерді анықтап алмайынша, түсіндірудің 
қиындыққа түсетіні белгілі. Сол себепті дамылсыз даму үстіндегі тіл мен 
үнемі өзгеріп отыратын қоғамды өзара байланыста, сабақтастықта алып, 
зерттеп, қарастыру қажет. Әдеби тілдің қай бір кезеңін болмасын, алдыңғы 
және кейінгі уақытпен байланыстыра, салыстыра отырып зерттеу де сондай 
қажеттіліктің біріне жатады.
Әдеби тілдің тарихындағы «1920-1930 жылдар аралығында қазақ тілі:
– мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқу-оқыту тілі;
– мекемелер мен ұйымдарда іс жүргізу тілі;
– мерзімді баспасөздің, радиохабарларының тілі;
– көркем әдебиет пен саяси-қоғамдық, ғылыми әдебиеттердің тілі бола» 
бастаған еді [1, 12 б.]. Осындай қарқынмен қоғамдық-әлеуметтік қызметі 
дараланып, дамып келе жатқан қазақ тілі соғыс жылдарында қандай күй 
кешуге мәжбүр болды, тілдік нормалардың қалыптасуы қалай жүзеге асты, 
жазба тілдің мерзімді басылымдардағы күйі қандай болды деген сан сауалға 
газеттер арқылы, атап айтқанда, соғыс жылдарындағы газеттер арқылы жауап 
алуға, танып, зерделеуге болады. 
Ақпарат құралының қай түрі болмасын, кез келген ақпарат құралының 
тілі, оның ішінде газет материалдары да, қай жанрда жазылмасын, қандай 
көлемде болмасын, оқырман қауымға түсінікті болу керек. 
Газет тіліне тән сөйлем түрлері, сөздік қор осы түсініктілікті қамтамасыз 
етуді көздеп, осы мақсаттың жүзеге асуына көмектеседі. Сондықтан газетті 
газет етіп тұратын «мәтіндердегі жиілікпен қолданылатын сөздерді іштей 
екі топқа бөлуге болады:
1. Жалпыгазеттік сөздер. Бұл сөздер белгілі бір тақырып немесе жанрмен 
байланыста қарастырылмайды. Бұл сөздер, тарихи оқиға, қоғамдағы өзекті 
әрі ірі проблемаларға байланысты қалыптасады.
2. Белгілі тақырып, белгілі бір жанр түрімен байланысты қарастырылатын 
сөздердің тобы. Бұл сөздерді мәтіндегі ойды жеткізу мақсатында қолданысқа 

88
89
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
түсетін оңтайлы атаулар түзеді. Газет лексикасының аталған тобына ауызекі 
сөйлеу тілі элементтері, диалектизмдер, әлеуметтік диалект элементтері 
кіреді.  Бұл  сөздер  тобының  ерекшеліктері  бір  ғана  мәтін  бойынша 
статистикалық әдіспен, жай ғана санау жолымен бүкіл газет атаулыға тән 
жиі қолданылатын сөздердің қатарын анықтаудың мүмкін еместігін, ондай 
әрекеттердің біржақтылыққа ұрындыратынын көрсетеді» [2, 83 б.]. 
Газет лексикасы саласындағы көрсетілген сөздер тобы газеттің мақсат-
мүддесі мен міндетін орындаушы басты құралға айналады. Газет осындай 
тілдік құралдарды тиімді пайдаланып, публицистикалық стильдің тұрақты 
қызмет  істейтін  бір  тармағы  ретінде  өзінің  бірнеше  баптардан  тұратын 
функциясын  іске  асырады.  Газет  лексикасын  арнайы  зерттеген  ғалым  
Б. Қ. Момынова бұл жөніндегі өз ойын: «Газеттің қоғамдық, әлеуметтік 
қызметін қоғамдық-саяси лексика элементтері танытса, автордың оқиғаға, 
ситуацияға деген көзқарасын бағалауыштық лексика қатары білдіреді», – 
деп санайды [2, 83 б.]. 
Сонымен бірге ғалым газет тіліне тән сөздердің үшінші тобы, бейтарап 
мағыналы сөздер болатынын атап көрсетіп, өз еңбегінде бейтарап лексика 
элементтеріне де талдау жасайды. 
Газет жанрлары басқа стиль түрлерінің материалдарына ұқсамайды, 
сондықтан  оларға  қойылатын  талап  та  бөлек  болып  келеді.  Газет 
материалдарында  қозғалатын  ой  негізінен  нақты  бір  күн,  жыл,  ай,  бір 
уақыт үшін маңызды. Оның себебін зерттеуші ғалым Қ. Есенова былай деп 
түсіндіреді: «Газетте жарияланатын материалдарға қойылатын ең негізгі 
талаптардың бірі – онда баяндалатын ойдың бүгінгі күн үшін аса өзектілігі. 
Яғни бір-екі жыл бұрын немесе өткен айда орын алған оқиға, яки саяси 
жағдаят я болмаса бүгін таңертең болған оқиғамен салыстырғанда жаңалық 
сипатын жоғалтатыны сөзсіз» [3, 59 б.]. 
1941 жылы дүние жүзілік екінші соғыстың басталуына байланысты 
Кеңес  мемлекетінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жұмысын 
ұйымдастыру ісінде елеулі өзгерістер орын алды. Ең алдымен, күш пен 
қаржыны үнемдеу арқылы әскери газеттердің жүйесін өрістету үшін партия 
салалық газеттер мен журналдардың шығарылуын уақытша тоқтатып, бар 
қайрат-жігерді саяси басылымдар айналасына топтастырып, оларды тұрақты 
шығарып тұруға барлық күш жұмылдырылды. 
Қазақстанда 1941 жылдың шілде айынан бастап, «Ленинская смена», 
«Пионер Казахстана», «Октябрь балалары», «Коммунист», «Жас большевик», 
«Пионер», «Сталин жолы», «Народное хозяйство Казахстана», «Литература 
и искусство Казахстана», «Халық мұғалымы», «Әдебиет және искусство» 
сияқты газет, журналдардың шығарылуы соғыс кезіндегі талапқа, әскери-
соғыс  уақытындағы  жағдайға  сай  тоқтатылды.  Сондықтан  бұл  газеттер 
мен журналдардың міндеттерін республикалық «Социалистік Қазақстан», 
«Казахстанская правда» газеттері атқаруға тиісті болды. Бірақ «Социалистік 
Қазақстан» газеті 1945 жылы да ҚК(б)П Орталық Комитеті мен Алматы 
облысының газеті болып жарық көріп тұрды. 
Бір  кездердегі  тарихы  1919  жылдары  жарық  көрген  «Ұшқыннан» 
басталатын «Еңбекші қазақ» газеті қазақ еңбекшілері арасында партиялық 
және  саяси  жұмыстарды  күшейту,  оларды  шаруашылық  құрылысқа 
жұмылдыру бағытында қызмет атқарды, баспа мен мамандар тапшылығынан 
бұл  газеттің  дәрежесі  төмен  болумен  бірге  уақытымен,  шығу  мерзімін 
сақтап жарыққа шығаруға мүмкіндік аз болған. «Мысалы, 1920 жылдың 
мамыр-маусым айларында екі аптада бір рет шыққан, 1920 жылғы қазанда 
Советтердің құрылтай съезі шақырылуына байланысты біраз уақыт аптасына 
екі рет шығарылған» [4, 240 б.]. Соңғы саны 1920 жылдың қараша, желтоқсан 
айларында  бар-жоғы  үш  саны  ғана  жарық  көрген,  ал  4,  5,  6  –  сандары  
1921 жылы ғана жарыққа шығады. 
«Еңбекшіл қазақ» – 1921 жылы «Еңбекші қазақ», кейін «Социалды 
Қазақстан», 1932 жылы – «Социалистік Қазақстан» болып атауы өзгерген 
газет 1941 жылдары «Социалистік Қазақстан» атауын сақтағаны баспасөз 
тарихынан белгілі.
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  тылда  басылым  көрген  газеттерден 
бөлек, бірнеше майдан басылымдары жарыққа шығып тұрды. Ұлы Отан 
соғысының қиын-қыстау жылдарындағы «Социалистік Қазақстан» газеті 
– ҚК(б)П Орталық Комитеті мен Алматы облысының газеті болып саналса 
да, майдан жылдары жарыққа шыққан газеттердің ішіндегі ең үлкені әрі 
орталықтан  шыққан  іргелі  басылым  болды.  Сондықтан  «Социалистік 
Қазақстан» газетінің тілін талдау, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, 
синтаксистік  тұрғыдан  тілдік  сипаттамасын  жасау  қазақ  әдеби  тілінің 
тарихы үшін және жекелей алғанда публицистикалық стиль үшін нәтижелі 
болмақ. Соғыс жылдарындағы публицистикалық стиль туралы мәліметпен 
қаруландыра алатын тарихи жазба нұсқалардың бірден-бір көрнекті үлгісі 
де – «Социалистік Қазақстан» газеті екені белгілі.
«Социалистік Қазақстан» газетінің соғыс жылдарындағы елге сіңірген 
қызметін белгілі ғалым Б. Кенжебаев былайша көрсетеді: «Ұлы Отан соғысы 
күндерінде неміс-фашист басқыншылары мен жапон империалистеріне қарсы 
күреске республика еңбекшілерін жұмылдыру ісінде «Социалистік Қазақстан» 
газеті Қазақстан партия ұйымдарына белсене көмектесті, қазақ халқын еңбекте 
және ұрыс майдандарында батырлыққа, жанаямай қызмет етуге шақырып 
отырды» [5, 41 б.]. Ал белгілі журналист Х. Бекхожинның «Қазақ баспасөзінің 
даму жолдары» деген еңбегінде ол келтірген мәліметтердің хронологиялық 
шегінің 1929 жылдарымен шектелуіне байланысты «Социалистік Қазақстан», 
«Лениншіл жас» және т.б. соғыс жылдарындағы газеттер туралы еш мәлімет 
кездеспейтінін ескерте кеткен дұрыс [4, 261 б.]. 

90
91
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
«Лениншіл  жас»  газетінің  соғыс  басталған  жылдың  аяғына  дейін 
бірнеше саны жарық көрген. Сондықтан соғыстың алғашқы жылындағы 
«Лениншіл  жас»  газетінің  жекелеген  нөмірлеріне  тілдік  талдау  жасау 
қоғам өмірінің газет тіліне ықпалын айғақтары сөзсіз. Соғыс жылдарында 
жоғарыда  аталған  «Социалистік  Қазақстан»,  «Лениншіл  жас»  сияқты 
қазақ  тілді  басылымдардан  өзге  тікелей  майдан  шебінде  қазақ  тілінде 
шыққан газеттер болды. Олар өз алдына жеке зерттеу нысаны етіп алуға 
лайық, арнайы қарастыруға тұратын, тілдің әр түрлі деңгейлеріне қарай 
қалыптасқан айырым-ерекшеліктер орын алған мерзімді басылымдардың 
үлгілері болып табылады. Сондықтан мерзімді басылымдар тілін талдауда 
соғыс жылдарындағы орталық басылымдардың тіліне ерекше көңіл бөлінеді. 
Соғыс  басталысымен  Кеңестер  Одағындағы,  яғни  оның  құрамына 
енген  Қазақ  ССР-індегі  баспасөздің  бүкіл  мазмұны  уақыт  талабына  сай 
«Барлығы  майдан  үшін!  Барлығы  жеңіс  үшін!»  деген  айбынды  ұранға 
бағындырылды. Мәселен, 1941 жылғы 22-маусымдағы газеттердің нөмірлері 
әдеттегідей бейбітшілік сарынмен шыққанмен, келесі нөмірлері бүтіндей 
неміс-фашист басқыншыларының Совет үкіметіне зұлымдықпен жасалған 
шабуылын қаралауға, олардың әділетсіз соғыс ашқанын түсіндіруге, Герман 
басқыншылары  әрекетінің  халықтың  ашу-ызасын  тудырып  отырғанына 
арналды. Сөйтіп, соғыстың алғашқы күнінен бастап Кеңестер Одағындағы 
газет атаулы өз жұмысын майдан жағдайына, сол кезеңнің талабына сай 
бейімдеп, қайта құрды. Бас мақалалардан бастап, газет хабарлары, газеттік 
очерктері, мерзімді басылымдардағы фельетондары т.б. барлығы да соғыс 
тақырыбына, соғыс жағдайындағы мемлекет мүддесіне байланыстырылып, 
соғыс тақырыбы мен партия идеологиясына сай қайта құрылып, шығарылды. 
1942 жылдың шілде айынан бастап 1946 жылға дейін КСРО Қызыл Армия 
Саяси Бас Басқармасы майдандардың, армиялардың саяси органдары қазақ 
жауынгерлерін кеңестік патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеу 
үшін бірнеше газеттерді қазақ тілінде шығарды. Солардың бірқатары, атап 
айтқанда, «Дабыл», «Қызыл әскерлер ақиқаты», «Майдан ақиқаты», «Совет 
жауынгері», «Отан намысы үшін», «Отан үшін майданға», «Қызыл әскерлер 
туы» т.б. республикалық мұрағаттық мекемелер мен Ұлттық кітапхана және ҒА 
кітапханасының сирек кітаптар қорларында кездеспейді. Сақталған газеттердің 
бар тігінділері толық емес. Кейбір газеттерден, оның ішінде, «Суворовшы - 1», 
«Суворовша қыспақ» сияқты газеттердің 5-6 нөмірлері ғана сақталып қалған. 
Соғыс жылдарында қазақ тілінде жарық көріп тұрған бұл газеттер қазақ 
тарихының  шежіресі  ғана  емес,  ұлттық  тіліміздің  тарихын  толықтырып 
тұрған қазына екені рас. Уақыт өткен сайын ел тарихы мен тіл тарихындағы 
бұл басылымдардың орны ерекше бола береді. Өйткені, «ол газеттердің 
беттерінде сан мыңдаған боздақтардың тағдыры, өмірі, ерлігі баяндалған. 
Олардан қазіргі жастар түгілі, аға ұрпақтың көпшілігі де хабарсыз» [6]. 
Бұл жылдары бас мақалалар, хабар, есеп, үндеу, ресми құжаттардың 
газеттерде  басылуымен  бірге  сықақ,  мысал,  эпиграмма,  памфлет 
жанрларымен қатар саяси сатира белгілі мөлшерде жетекші рөл атқарды. 
Сықақ,  мысал,  саяси  сатиралар  суретпен,  каррикатуралармен  бірге 
жарияланып, газеттік жанрлардың экспрессиялық күшін арттырды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап «Социалистік Қазақстан» газеті 
бастаған  облыстық  және  аудандық  газеттердің  бетінде  халықтың  асыл 
қазынасы ұлттық тіл байлығымен әрленген сатира көріне бастады. Мысалы,  
А. Тоқмағамбетовтың «Арыстанға еліктеген мысық», «Есек дәмелі есектер», 
«Ауқат пен сауқат» деген атпен бірнеше фельетоны, өлеңдері жарияланды. 
Бұл шығармаларында ақын неміс әскерінің жексұрын кейпін, хайуандық 
әрекеттерін әшкереледі. 
Бірақ газеттің барлық сандары тек осындай жанрлармен жарық көрді 
деуге болмайды, бұл жылдардағы мерзімді басылымдарда газетке тән басқа 
жанрлардың бәрі де болды, бәрін де кездестіруге болады. 
Қазақ әдеби тілінің тарихы ел тарихымен сабақтастықта дамиды, соған 
орай қоғам тарихы, әлеуметтік жағдайлар тілдік саясатты жүргізуге әсер 
етеді. Тарихи оқиғалар мен саясаттың, саяси жағдайлардың тілге ықпалы 
соғыс жылдарындағы газеттерде өте анық көрініс тапқан. Соғыс жылдарынан 
басталып, кейін өріс алған орыс тілінің ықпалы кейіннен кеңестік ғалымдар 
барынша дәріптеген қостілділіктің дамуына негіз болды. Қостілділік – бір 
ғана қазақ тілі емес, Кеңестер Одағын құраған он бес советтік социалистік 
республикалардың  бәріне  ортақ  құбылыс  болды.  Бұл  мәселеге  соғыс 
жылдарындағы кірме сөздердің сөз таптарындағы үлесін талдау барысында 
анық көз жеткізуге болады. 
Соғыс жылдарындағы газет тілі сол кездегі әдеби тілде үстемдік құрған 
стильдік тармақтың көрінісі бола алды. Тіл тарихындағы қалыптасқан қағида 
бойынша, тіл дамуында кезең-кезеңде бір функционалды стильдік тармақ 
басым болып, әдеби тілдің дамуы бағытын белгілеп, оның дамуына ерекше 
әсер етіп, белсенді тілдік үдерістердің туындап отыруына, олардың өмір 
сүруіне ықпал етіп отырады. Осы қағиданың қаншалықты дұрыс айтылып 
жүргені сол бір сұрапыл жылдары әдеби тілдің тазалығы мен тіл мәдениеті, 
тіл заңдылықтарының қалай сақталғаны халыққа кең таралған газеттердің 
тілін талдау барысында айқын бола түседі, соғыс жылдарындағы газеттердің 
тілі айтылған пікірді дәлелдей алады деуге болады.
Ұзақ даму тарихы бар әдеби тіл үшін қысқа ғана болып есептелетін 
уақыт  үзігіндегі  мерзімді  басылымдардың  тілдік  ерекшеліктерінің 
жинақтала келе белгілі бір функционалды стильге тән тілдік сипаттарды 
қалыптастыратынын, ерекшеліктерді дүниеге әкелетінін дәлелдеу қиындық 
тудырмайды  және  оларды  кейінгі  кезеңнің  тілдік  үлгілерімен,  тілдік 
тәжірибелерімен  салыстыра  отырып,  бір  түйінге  келуге  әбден  болады. 

92
93
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Ол үшін соғыс жылдарындағы газеттерге тән фонетикалық, лексикалық, 
грамматикалық ерекшеліктерге тоқталып, ерекшеліктер мен аталған кезең 
туралы  пікір-тұжырымдарды  дәлелдеу  үшін  мысалдар,  тілдік  фактілер 
жинақталып,  іріктелуі  қажет.  Соғыс  жылдарындағы  газеттердің  тілін 
жан-жақты сараптамаға салу лексика-семантикалық және грамматикалық 
талдауларсыз жүзеге асырылмақ емес. 
Ал қалыптасу тарихы бір ғасыр емес, сан ғасырмен есептелетін қазақ 
жазба әдеби тілінің тарихы мен нормасының қалыптасуы мен тұрақтануының 
қалай және қандай жағдайларда жүріп-өткенін түсіну үшін Ұлы Отан соғысы 
жылдарындағы мерзімді басылымдардың тілін зерттеу маңызды, ешқандай 
дау тудырмайды әрі бұл мәселе мәнін де жоймайды. Норма жоқ жерде әдеби 
тіл болмайтыны жөніндегі қағидаға сәйкес соғыс жылдарындағы қазақ жазба 
әдеби тілінің нормасы, нормалануы тұрғысынан бұл ерекше кезең болды. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Аралбаева, Б. «Еңбекші қазақ» газетінің әдеби тілді дамытудағы 
қызметі: филол. ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 2009. – 49 б.
Момынова, Б. Газет лексикасы. Жүйесі мен құрылымы. – Алматы : 
Арыс, 1999. – 220 б.
Есенова, Қ. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы. – Алматы, 
2007. – 448 б.
Бекхожин, Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы : Мектеп, 
1981. – 261 б.
Кенжебаев, Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер. – Алматы : 
Қазақ мемлекеттік Баспасы. – 1956. – 47 б. 
Ижанов, З. Майдандық басылымдары // Ана тілі, 2005. – 15 мамыр.
Т. Рысқұлов атындағы 
Қазақ экономикалық университеті, Алматы қ.
Материал 01.08.14 редакцияға түсті.
Р. К. Жумагазина
Общественно-социальные условия в языке СМИ
Казахский Экономический Университет 
имени Т. Рыскулова, г. Алматы. 
Материал поступил в редакцию 01.08.14.
R. K. Zhumagazina
Public-social conditions in the mass media language
T. Ryskulov Kazakh Economic University, Almaty.
Material received on 01.08.14.
В  статье  рассмотрено  влияние  общественно-социальных 
условий на язык СМИ.
The article considers the influence of public-social conditions on the 
mass media language.
ӘОЖ 821.512.141.09
С. Б. Жұмағұлов*, Н. Б. Ағалиева**
ШӘҢГЕРЕЙ БӨКЕЕВ
Мақалада қазақ әдебиетінің айтулы тұлғасы Шәңгерей Бөкеев 
шығармашылығы,  ақындық  әлемі  қарастырылады.  Ақын  өмірінің 
даралығы  екшеліп,  Алаш  қайраткерлерімен  саяси  және  рухани 
арнадағы байланысы қамтылады. Қазақ сөз өнерінде айрықша із 
қалдырған поэзиясының көркемдік-эстетикалық сипаты талданған. 
Ақын  Шәңгерей  Сейіткерейұлы  Бөкеев  атақты  Жәңгір  ханның 
немересі.  Алаш  ардақтысы  Ғұмар  Қараш  «Жиһангер  ханның  немересі 
Сұлтан Шаһангерей Сәйдігерейұлына» мадақ жырында «Сұлтандардың 
сұлтаным! Сұлтандардың ішінде Алғыр қыран сұңқарым! Ойласа ойшыл 
көсемім, Сөйлесе тілді шешенім, Сырласпай сырды білгенім, Тереңнен хабар 
бергенім,  Әл-Шыңғыста  асылым»  дей  келе,  тектілік  тініндегі  ұрпақтар 
сабақтастығын «Түпкі бабаң белгілі, Баһадүр Шыңғыс хан екен. Арғы атаң 
атақты, Абылхайыр, Нұралы, Кіші жүздің елінде, Жарық бір жанған шам 
екен, Бабаң Бөкей бас болып, Көлденең жатқан Жайықтан, Көктей өтіп 
ен тастап, Қоныс алған хан екен» деп толғайды.
Мағжан «Ақанның өмірі - ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, 
жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір» деп жазады. Сал-серілік поэзия сүлейінің 
жарқын өміріне сәуле түсірер толғамды Шәңгерей ақын өміріне де қатысты 
айтуға  болады.  Бабадан  қалған  құтты  мекен  Көлборсыда  аң  аулап,  құс 
салуды ермек етіп қоймай, өзіне қарасты ата қонысында егін ектіріп, бау-
бақша өсіруі, асыл тұқымды мал ұстауы далалық өмір үйлесіміндегі қазақы 
көзқарасқа тосындау көрінетін жайттар еді. Сондай-ақ меншігіндегі жерін 
жалға беру арқылы атадан қалған бай-бағылан дәулетті еселеп отыруы заман 
ағысын дөп басқан бекзат болмысты Шәңгерей тұлғасына тән даралық қасиет 

94
95
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
болатын. Бұған қатысты М. Әуезов «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы 
қазақ әдебиеті» (1933) кітабында «...Самар губерниясындағы орыс дворян-
ақсүйектерінің тізіміне жазылып, қазақтан шыққан бірінші дворян боп өмір 
кешеді. Алған жеріне 30-40 үйлі қазақ қоңсы әкеліп, ортасына алмалы тоғай, 
бау-бақшалар орнатып, көліне құс шүйгітіп, тоғайына тазы жүгіртіп - әрі 
қазақша бай-сері, әрі орысша дворян-ақсүйек боп, өз бетінше кең сайран-
тіршілік етеді» [1; 387] деп жазады. Құнарлы ойды «Тәуелсіз өмір кешіп, 
еңбекке, өнерге негізделген жаңаша тұрмыс құрып, шаруа кәсібінің жүйесін 
жасамақ болған. Сол кездегі орыс помешиктерінің имениесі, хуторлары оған 
үлгі болса керек. Әсіресе, Л. Н.Толстойдың Ясная Полянадағы меншікті 
шаруашылығының  үлгісін  қатты  ескереді.  Сол  әйгілі  жазушының  зор 
гуманистік бағытын қолдап, қолынан келгенінше қазақ жағдайына лайықты 
істер жүргізген» деген Х. Сүйіншілиев пікірімен сабақтастырсақ жаңашыл 
шайыр өмірінің жарқын беттеріне қаныға түсеміз [1; 236]. 
Шәңгерей Сейіткерейұлының даңқты бабасы Жәңгір хан дүстүрінің 
желісін  үзбей  қазақ  топырағында  білім  мектебін  жаңғыртуы  ерекше 
бағалауды қажет етеді. Алғашқыда шәкірттерге өзі дәріс берсе, кейіннен 
кемел іске білімі мен білігі үйлескен зиялыларды жұмылдырады. Ұлттық 
мәдениет пен өнер құдыретін ерекше эстетикалық талғаммен таразылаған 
Шәңгерей төңірегіне әнші, домбырашы өнерпаз жандарды жинап, ақыл-
кеңесімен шапағат нұрын төгіп әрі қаржылай демеушілік жасайды. Мысалға 
Ғұмар Қараштың білімін тереңдетуіне, ақындық мәдениет биігіне көтерілуіне 
Шәңгерейдің ағалық қамқорлығы ерекше болған.
«Шәңгерей Ғұмарға орыс тілін үйретеді, орыс, еуропа елдерінің көрнекті 
шығармаларымен таныстырады, басты-басты роман, повестерді әңгімелеп 
береді. Ғұмар сол естігендерін ауыл адамдарына айтып, таратады» деген  
Қ.  Сыдиқов  пікіріне  ден  қойсақ,  Шәңгерей  ұлағаты  Абайдың  ақындық 
мектебіне тән дәстүр үрдісін танытады [3; 7].
Шынайы достықтан туындаған кіршіксіз сыйластық пен қамқорлық 
қадірін  бағалай  білген  Ғұмар  Қараш  1910-1912  жылдары  Орынборда 
басылған «Шайыр», «Көкселдір» атты әдеби мұра жинақтарында ақынның 
бірер  өлеңін  енгізеді.  «Шәңгерей  өлеңдерін  оқығанда»  өлеңінде  ақын 
поэзиясының  көркемдік-эстетикалық  қуатын  «Көріп  ғажап  бұ  ғазалны 
қалдым  қайран,  Мафһумы  неше  түрлі  алуан  -  алуан.  Тіріліп  Пушкин, 
Лермонд қылса баян, Айта алмас жүз мыңнан бірін ғаян» деген кіршіксіз 
сүйіспеншілікпен бағалайды.
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің қаржылай демеушілігімен 1911-
1913 жылдар аралығында ұлттық рух жаршысы болған «Қазақстан» газеті 
жарық көрді. Басылым халық санасына оқу-білім, ғылым жарығын түсіруде, 
жатқа кеткен қасиетті жерімізге ие болып қалудағы отырықшылық тұрмыс 
игіліктерінің маңызын насихаттауда ауқымды істер атқарды. Газет атауында 
терең мән-мағына бар. Бұл «қырғыз-қайсақ», «моңғол» деп тұқыртылып, 
ұлттың тарихи атауын шовинистік астамшылықпен бұрмалаған отаршылдар 
өктемдігіне  деген  ақын  наразылығын  көрсетеді.  Басылымдағы  «Баку» 
очеркінен «Қазақстан» газетін шығаруда Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, 
Елеусін Бұйрин сынды Алаш зиялыларының қайтпас қайсарлық танытқан 
сом тұлғаларын танимыз. 
Ұлт керегі дегеннен бас кетсе де тартынуды білмеген текті Шәңгерей 
газетке қаржылай көмек берді, демеушілік жасады. Бүгінгі ұғымға жанастыра 
айтсақ ел игілігі үшін қазақ топырағында Есенқұл Маманов, Ахмет ишан 
Оразаев қатарында меценанттықтың негізін қалады. Қаржы мәселесі тіптен 
тығырыққа тірелген кезде түбі бір, тілегі бір әзірбайжан халқының жадитшіл 
азаматы генерал, қажы Зейнел-Ғабиден Тағиевке Шәңгерей Ғ. Қараш пен  
Е. Бұйринді жіберіп, көмек қолын ұсынуды өтініп хат жолдайды.
Ғұмар Қараштың аталған «Баку» очеркінде осы сапар туралы жазылған. 
Бұл мәселені кеңінен қарастырған Мақсат Тәжімұрат «Шәңгерей. Жасампаздық 
өмірі» зерттеуінде «Жолаушылар қажы шарапатындағы орыс - мұсылман 
қыздар училищесінде болады, училище жанындағы мешіт, жатақхана, театр 
үйін аралап көреді. Сонсоң қажы қабылдауына кіреді. Бұл ретте, жай - күйді 
түсіндіруге әзірбайжан түркілерінің белгілі қоғам қайраткері, «Мұсылман 
- иттифағын» бастап құрушы, Думаның неше қабат ағзасы, Тағиев шәкірті, 
«Каспий», «Хаят» газеттерінің шығарушысы Ғалимардан бек Топшыбасовтың 
көмегі тиген. Нәтижеде генерал «Қазақстанға» жәрдем ретінде мың сом 
береді (Нұғыман Манайұлы «1300 сом болса керек» дейді, бірақ бұл өсіңкіреп 
айтатын ел ішінің әңгімесі сияқты). «Хажы...аталық сифатынан ағып шыққан 
сөздерін айтты, - дейді Ғұмар. - Барлық қазақ атағына...құран шариф ғадие 
қылды. Амандасып айрылысар жерде «Қазақ баласына менен сәлем - дәулет 
менікі емес, милләттікі» деген сөзін айтып көзіне жас алды ...». Әне, ол заманға 
милләт, ұлт желімі сондай болған!» деп жазады. 
Шәңгерей  Астрахань  гимназиясында,  Орынбор  кадет  корпусында 
жан-жақты  зайырлы  білім  алған  санаткер  ақын.  Шайыр  өмірі  мен 
шығармашылығын зерттеуші Мақсат Тәжімұрат Жәңгір хан кітапханасында 
шет тілдеріндегі 212 кітап болғанын зерделесе, Аслан Жақсылықов ақынның 
орыс  тілімен  қатар  француз  тілін  жетік  меңгергенін  жазады.  Бұл  жерде 
Шәңгерейдің бірнеше тілдерді білуі таңқаларлық жағдай емес. «Жәңгір хан. 
Даңқ пен дақпырт» (Жаңаша көзқарас) еңбегінің авторлары М. Құлкенов,  
Р. Отарбаев Жәңгір ханның Қазан университетінің құрметті мүшесі болғанын, 
татар, неміс, парсы, араб тілдерін білгенін нақты деректермен дәлелдей 
көрсетеді [4]. 
Ақынның  шығармашылық  әлемін  бағалаудағы  ғылыми  ізденістер 
тоталитарлық  жүйе  қысымына  алынғандықтан,  таптық  танымдағы  таяз 
көзқараспен еш үйлеспейтін өзгеше бітімдегі жойқын мұрасын зерттеу үнемі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет