Филологическая



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі78,49 Kb.
#9119

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

151

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Голядкин Н. Творческая телереклама. - М.: 1998. - 5б.

2. Фостер Н. Найди свой путь в реальном деле. - М.: 1998. - 4б.

3. Голядкин Н. Творческая телерекламы. - М.: 1998. - 36б.

4. Дели Д, Линда Т. Учебник по рекламе: как стать известным не тратья 

денег на рекламу. М.: 1997ж. - 7б.

5. Гринберг Политическая реклама: портрет лидера. - М.: 1996.



Резюме

В статье рассматриваются особенности рекламы в средствах 

массовой информации.

Resume

The article views the peculiarities of advertisement in the Mass 

Media.

ƏОЖ 882.151.212.2-31



ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ РОМАН ЖАНРЫ

Ж. Камалқызы

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ.

Роман табиғатын тануда М.М. Бахтин концепциясы негізге алынып жүргені 

белгілі. Бұл концепцияны қазақ ғұламалары А. Байтұрсынов, М. Әуезов өз 

еңбектерінде анық танытқаны да қазіргі ғылымда сөз болып жүр. Тек бұл екеінде 

ғана емес, ғылымның ақиқатын таныған кейінгі толқын қазақ ғалымдарында да 

бұл идеялар көрініс беріп отырады. Бірақ, әртүрлі қаулылар мен анықтамалар 

тасасында ұлттық әдебиеттің терең танымын тұқыртуға бағытталған кеңестік 

саясаттың нәтижесінде ғалымдар өз ойларын терең ашып бере алмағаны 

байқалады. Академик М. Қаратаев «Шынында  да әдебиет  бейнебір дария 

сықылды – оның да арнасы бар, ағысы бар, ағысының белгілі заңдылығы 

бар. Оның да шығар тегі, қайнар бұлақ көзі, тұс-тұстан қосылар талай –талай 

тарауы, құяр сағасы, телегей теңізі бар. Қазақ әдебиеті де сондай. Революциядан  

бұрын қазақтың  ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп, өскен, дамыған бай 

фольклоры болды да, бірте-бірте құралып, қосылып, жалғасып, үлкен арнаға 

құйылған жазба әдебиеті  болды дейміз. Бірақ бұл жалаң процесс емес, күрделі 

процесс. Бірыңғай таза ауыз әдебиеті, бірыңғай таза жазба әдебиеті  дейтін 

құбылыс жоқ. Бұл екеуі бір-бірінен  нәр алып, өзара бір-біріне әсер етіп, әрі 

араласып, әрі қаз-қатар өмір сүріп келе жатқан құбылыс» [1;103.],- дегенінде, 



Вестник ПГУ № 3, 2010

152 

А. Байтұрсынұлының сөз өнерін «Асыл сөз» деп, бір атаумен атағанын құптап 

тұрғаны көрінеді. Қазақ фольклорындағы романдық ойлауды да жақсы түсінген. 

«Қазақтың көркем сөз өнері көп заман ауыз әдебиеті арнасында  дамыды. 

Өйткені жазба әдебиеттің дамуына  тиісті жағдай  кейінгі кезге дейін болған 

жоқ. Сондықтан халық  өзінің барлық ой- сезімін, жүрек отын, жан жігерін ауыз 

әдебиетіне салып, фольклордың барлық жанрларын  жан-жақты жетілдірді» 

[1;95.].  Өз ойларынан саяси астар іздеттірмес үшін маркстік философияға 

сілтеме жасайды.Романның негізі қазақ ауыз әдебиетінде нық қаланғанын 

ашық айтады. «Қазақ әдебиетінің ұлттық дәстүріне байланысты революциядан 

бұрын белгілі тарихи себептермен қазақтың жазба әдебиеті, әсіресе, оның 

проза саласы мен роман жанры өріс алып өркендей алмады дейміз. Бірақ оның 

есесіне халықтық фольклор мол дамып өсті. Әсіресе, қазақтың эпосы, ертегілері, 

тарихи поэмалары туындап, бай қазына жасады. Оның кесек, сом туындылары 

тарихи оқиғаларды кең эпикалық айдында баяндап, халықтық қаһармандардың 

ірі монументтік образдарын жасады. Бұл жағдай жазба әдебиетте эпикалық 

жанрлардың, оның ішінде, әсіресе, роман секілді монументтік форманың 

дамуына, сөз жоқ, себін тигізуі тиіс еді. Солай болды да» [1;233-234.]. Ғалым 

Қ. Жұмалиев: «Көп жырлардың қоғамдық, халықтық, идеялық мазмұны бүгінгі 

күндердің тілек-мақсаттарымен үндес [2;22.],-деп А. Байтұрсынов пен М. Әуезов 

ойларымен үндеседі. Белгілі ғалым Т. Кәкішев  те осы пікірді қолдайды. «Көркем 

образ жасау амалдарына зер салсақ, батырлар жырындағы қаһармандардан 

Еуропа әдебиетіндегі рыцарлық романның келбетін көрер едік. Осының сәтті 

тәжірибесін Ә. Нұршайықов пен А. Сейдімбековтің батырлық жырларды 

қара сөзге айналдырғанынан-ақ қазақы романның ерте заманнан-ақ болғанын 

аңдағанбыз» [3;321.].

Дәл осы таным роман зерттеушісі болып қалыптасқан Р. Бердібай 

еңбектерінен де анық көрінеді. Және оның зерттеулерін романды зерттеуші 

өз тұстастарынан анағұрлым бөлектеп, бүгінгі роман зерттеушілеріне жол 

көрсетіп тұрарлық сонылығы да осында деуге болады. Қазақ эпосы мен 

романын қатар зерттеген ғалымның  тарихи жырлар туралы зерттеулерінде 

бұл жырлардың жанрлық ерекшелігіне мән берген. Әсіресе, олардағы 

романдану үдерісін байқап, олардың романдық құрылымы жайлы құнды 

танымы көрінеді. Мысалы, Қабанбай батыр туралы мың жолдан артық жырға 

қатысты былай дейді: «Жыр ауыз әдебиеті дәстүрінен тым алыстап кете 

алмаған, сонымен қатар бірыңғай эпос ізіне де түспеген. Соның нәтижесінде 

әлеуметтік-тұрмыс романы секілді  қызғылықты шығарма туған» [4;116.]. 

Бұл қорытынды ғалымдардың қазақ роман жанрының ауыз әдебиетінде 

қалыптасып, жетіліп, жазба романға ұласқанына сілтеме жасаған ғылыми 

концепцияны толығымен қуаттайтынын көрсетеді. Осы жырдың ауызша 

баяндалған роман екенін дәлелдеуге әбден болады. Р. Бердібай айтқан 

қорытындыны жырдан талдап түсіндіріп көруді өз жұмысымызда мақсат 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

153

еттік. Қабанбай батыр туралы жырдың романдық құрылымын сөз ету үшін 

«Қисса ер Қабанбай» деп аталатын жырдың көркемдігіне тоқталайық. Бұл 

жырда Қабанбай өмірінің соңғы кезеңіндегі оқиға таратылып айтылған. 

Қисса осылай Қабанбай батырдың қалың  қазақ үшін ерекше қымбат 

жан болғанын түсіндіруден басталады. Айтушы тыңдарманымен сырласып 

алады. «Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным» деп Қабанбайды бірінші 

жақтан өзіне иемденіп алады да, енді тыңдарманын да оған ортақтастырады: 

«...арысыңды, қорғайтын қан майданда намысыңды». Жырда Қабанбайдың 

тарихтан белгілі ірі соғыстары туралы сөз қозғалмайды. Қабанбайдың бар 

мінезін танытуға оның өмірінің соңғы кезеңіндегі бірнеше оқиғаны ғана 

алады.  Мұндағы оқиғаның бастауы: 

        «Қас батыр Қабанбайдың бір інісін 

        Қырғыз шауып батырдың сағы сынды» »[5;76.]. Қабанбай 

батырды қатты қайғыртқан осы оқиғадан бастау алған жыр Қабанбай 

батырдың нағыз азаматтық келбетін танытатын көркем шежіре болып 

шыққан. Қабанбайдың жан дүниесі, қиналысы түгел берілген.  

        «Қан құсты қайғылы боп ер Қабанбай,

        Жауымнан қалам ба деп кек ала алмай».

 Қабанбайдың бүкіл қазақ ұлтына ортақ ірі тұлға екенін баяндап 

жатпайды. Оны танытатын шағын детальдар келтіреді. 

        «Қабекең қайғыланды дегенді есітіп

        Келіпті өзі батыр хан Абылай».

        «Намысын Қабекеңнің әперем деп,

        Келіпті қанжығалы ер Бөгенбай».

        «Намысын Қабанбайдың әперем деп,

        Керейден іздеп кепті ер Жәнібек».

        «Бас қосты барлық батыр дегеннен соң,

        Керейден өзі жәдік Жантай кепті».

        «Бас қосты барлық батыр дегеннен соң,

    Келіпті 

көкжарлыдан 

Көкжалбарақ».

        «Бас қосты барлық батыр дегеннен соң,

        Келіпті мұрынтайдан би Мұрынбай».

        «Намысын Қабанбайдың әперем деп,

    Келіпті 

шаншықұлдан 

Бердіқожа».

        «Бас қосты сонша батыр дегеннен соң,

        Келіпті бағанадан батыр Шүрек».

        «Бас қосты сонша батыр дегеннен соң,

        Тоқпақтан іздеп кепті ер Қасабай».

        «Бас қосты барлық батыр дегеннен соң,

        Келіпті Тоғас-Қосай ер Дәулетбай».

        ...Келіпті Қаз дауысты ер Қазыбек.



Вестник ПГУ № 3, 2010

154 

        ...Үйсіннен іздеп кепті Райымбек.

        «Бас қосты сонша батыр дегеннен соң,

    Келіпті 

қаптағайдан 

Қарашоқай».

        «Бас қосты сонша батыр дегеннен соң,

        Келіпті төрт қос атпен тентек Матай».

        «Бас қосты сонша батыр дегеннен соң,

        Келіпті терістаңбалыдан  Жалғыз қарақ» [5;77-78.]. Сол 

кездегі Қабанбаймен қатар  өмір сүрген, қазақ ұлтының тәуелсіздігі мен 

намысы үшін батырмен бірге жауға аттанған ірі батырлар, ел сөзін ұстаған 

билер, елді бастаған атақты хан Абылайдың  Қабанбайдың намысына ара 

түсуге жиналғаны - елдің тұтастығын, ұлттық сананың жоғары деңгейде 

болғанын танытатын бүгінгі күн үшін маңызды  деректер. Сонымен бірге, 

бұлардың Қабанбай аулына шақыртусыз келуі - батыр мінезін даралап тұрған 

оқиғалар. Қабанбай батырдың қазақ ұлты тарихындағы орнын танытатын  

жайт. «Кейбір жырлар оқиғасының күрделілігі, кейіпкерлерінің молдығы, 

әлеуметтік қайшылықтарын ашу дәрежесі жағынан роман құрылысына 

жақындайды» [4;118.],- дейді академик Р. Бердібай. Қабанбай батыр туралы 

жырдағы жоғарыдағы суреттеулерден  осыны көреміз. Сол уақыттағы тұрмыс 

анық суреттелген. Қабанбайдың бойындағы батырлықты, қолбасылық қасиет 

пен шешендік өнер, билік, алысты болжайтын ақылдылық, сабырлылық 

пен мейірімділік сияқты қасиеттерді автор өте дәл суреттеулермен танытып 

отырады. Қазақ батырлары жатқан маңға олардың іздеп келген қырғыз 

манабы Әтеке аулымен өзі көшіп келеді. Бұл да Қабанбай бастаған жорықтың 

әділеттілігіне ишарат етіледі. 

        «Қырғыздың өз ішінен бүлік шығып,

        Бір тайпа ел сол араға келіп қапты» [5;80.]. 

Іздеген жауы өзі іздеп келген соң екі жақ ұрысқа кіріседі. Жасы келген 

батыр  Қабанбайдан бұрын бірнеше атақты батырлар  Әтекемен жекпе-жекке 

шығады.     «Алдымен  оған шықты ер  Дәулетбай, 

      Қырғызды қайтпаймын деп жерге аунатпай.

      Найзамен Әтекені ілемін деп,

      Жығылды аттан ауып ер аумақтай»,- дейді автор.

       «Бөгенбай жекпе-жекке кез келгенде, 

      Бөгемді қолға ілмеді түйіп тастап», - деген жолдар ер 

Бөгенбайды кемсіту емес. Атақты Қабанбайдың қарсыласының ешуақытта 

осал болмағанын таныту үшін айтылған. Қабанбай бейнесін ашатын жекпе-

жек суреттеледі. Гипербола емес, нақты соғыс  суреті беріледі. 

      «Қабекең айбаттана айғай салды,

      Ақ найза алты қырлы  қолына алды.

      Ашумен кәрін төгіп ер Қабанбай,

      Жекпе-жек Әтекеге өзі барды.



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

155

          Тіресіп екі батыр айқасады,

     Қағысып 

найзаменен 

шайқасады.

          Ала алмай бірін-бірі ары-бері,

     Аңдысып, 

арбасады, 

байқасады.

      Найзалар қағысады, шарқылдайды,

      Тебінгі бір-біріне сартылдайды.

      Қаһарлы ер Қабанбай қайраттанып,

      Кекті ашу кеуде кернеп алқымдайды.

          Қабекең Қубас атты жанып алды,

          Күпәрді бұғанадан періп қалды.

     Құлатып 

Әтекені 

құрыстырып,

          Қаңбақтай үш көтеріп жерге салды»[5;81.].

Қабанбайдың  күші мен қайратын  автор осылай  қарапайым  және шынайы  

бейнелейді. Романда қаһарман басынан өткен бірнеше оқиға суреттелуге тиіс 

екені белгілі. Осы оқиға аяқталар жерде екінші оқиға басталып кетеді. Әтекенің 

жалғыз қызы әкесінің өлі денесін алып кетуге Қабанбайдың алдына келеді. 

Жырда қыздың  әкесін жоқтауы  берілген. Р. Бердібай: «Қабанбай батыр» 

жырының өзгешелігі - мұнда халықтың тұрмыс-салт өлеңдері: жоқтау, арнау, 

көңіл айту, қоштасу, арыздасу кең орын алған» [4;117.]. Яғни тек айтушы тілі 

емес, бар кейіпкерлердің өз тілі, дәстүр бойынша салт, ғұрып тұтас көрінеді. 

Сонымен бірге Қабанбай батырдың күшінің үстемдігі де сол қыздың аузымен 

беріледі. Қабанбайдың әділдігі мен жомарттығы осы қыздың тағдырын шешер 

тұста көрінеді. Жауымның қызы демей, оның зарына құлақ салып, оған қамқор 

болады. Астына ат мінгізіп, әкесінің өлігін беріп, жігіттерінен арашалап жүріп 

еліне қайтарады. Қаһарман мінезін таныту үшін оның психологиясын тереңірек 

ашу керек болған жағдайда, автор батырдың  монологын  пайдаланған. Батыр 

әлсізге қамқор, елге қорған бола алса ғана батыр,  күшіне сеніп, көз жасына 

қарамаған жанды ұлттық эпостардың барлығында  батырлар қатарына қоспайды. 

Қабанбай батыр еліне жорық жасаған Әтекені аямай, өз қылғанын алдына 

келтіруде қолы қалтырамайды, ал оның зарлы қызының көзжасына қалуды 

болашаққа артып кетер қиянат деп түсінеді. Бір монологқа жүктелген қанша  

салмақ барын осыдан түсінуге боолады.

Әрбір оқиға тұсында батырдың жаңа мінезі ашылып, толысып, толығып 

отырады. Роман жанрының талабына сәйкес, біртіндеп «жан диалектикасы» 

ашылып отырады. «Жырда Қабанбай ел кегін қуушы, жауын жекпе-жекте, 

адал айқас үстінде түсіруші болып көрінеді. оның адамшылық  парасаты 

бірте-бірте ашылады» [4;108.],- дейді ғалым Б. Әбілқасымов. 

Батырға сауға сұрай келген қайғылы қыз ерекше тайлақ жетелеп келеді де, 

Қабанбайға тарту етеді. Сол тайлақ батырдың інісі Дәулетбаймен араздасуына 

себеп болады. Автор сол бір тайлақтың ерекшелігін әдемі суреттейді. Бірақ 

қазіргі оқырман оның қасиетін онша бағалай алмайды ғой деп ойлаймыз. Атақты 



Вестник ПГУ № 3, 2010

156 

батырдың сол бір қыз берген тайлақ үшін жорықтарға бірге шығып жүрген 

інісін өкпелеткеніне немесе інісінің тайлақты бермедідің деп батырдан кетіп, 

ауа көшкеніне онша түсіне қоймайды-ау. Бұл бұдан екі жарым ғасыр бұрынғы 

оқиға екенін естен шығаруға болмайды. Әтекенің қызы бір елдің аяулы аруы 

жетектеп, ұлы батырға тарту еткен тайлақ сол кез үшін құны өзгеше бағалы 

болғандығында сөз жоқ. Мал арасында өсіп, оның сынынан қасиетін танитын 

өткен ғасырдың  оқырмандарына анық бұл таластың сыры қазіргі оқырманға 

өте бір мәнсіз нәрседей болып көрінуі мүмкін. Одан кейінгі оқиға - Қабанбай 

батырдың науқасқа ұшырауы.  Ешбір жауға дес бермеген қайран батыр аурудың, 

одан кейін келе жатқан ажалдың алдында тізе бүгеді. Бұл да романның өмірдің 

бар қабаттарын тінти суреттеу мүмкіндігі бар жанр екенін дәлелдейді. Дауасыз 

дерт Қабанбайдың өз шаңырағына ғана емес, түгел қазақ еліне ауыр  тиеді. 

Дәстүр бойынша, еліміздің елдігін танытатын қасиет көрінеді. Басы хан Абылай 

болып ел жақсылары қасиетті батырдың көңілін сұрап келеді. Жырда осы бір 

ірі қасиеттер етрекше назар аудартады.     

        «Қабанбай қатты науқас дегенді естіп,

        Келіпті көңілін сұрай хан Абылай».

        «Қабекең науқас болды дегенді естіп,

        Батырдың  өзі тұстас бәрі келді».

        «Сексеннің сегізінде Бұқар келді,        

 

        Көңілін Қабанбайдың сұрай келді.



        Болса да жасы жеткен үлкен адам,

        Солқылдап жас баладай жылай келді»[5;88.].

Қазақ ұлтының қамын ойлап, «көмекей әулие» атанған қарт жыраудың  

батырды қимай жылауы - елдің тірегі болған батырға деген құрмет пен елдің 

келешегін ойлаған қайғы екені жырдан анық көрінеді. Бұқар айтқан толғауда 

Қабанбай батырдың бар мінезі толық ашылған. Оның тарихи орны мен ұлт 

үшін істеген адал қызметі өлшеусіз, баға жетпес құнды екенін жыраудың тарихи 

толғауы растап тұр. Жырдың романдық сипатын да ашып бере алады.  Романның 

басқа эпикалық жанрлардан негізгі ерекшелігі - оның тілінің көп қабаттылығы  

деп көрсетеді ғалымдар. Біз сөз етіп отырған жырда әр кейіпкер өз тілімен ғана 

сөйлейді. Әкесінен қапыда айрылып, қайғыда отырған бұла ару, ел дәстүрімен 

жоқтай келеді. Ағасына арқа сүйеп, өзінің де ағасының алдында қадірлі екенін 

білетін Дәулетбай еркелей келеді. Ал тоқсанға келіп қалған, алдынан адам шықпас 

қарт жырау батырына төніп келген қауіпті ойлап, жар астында бұғып жатқан жау 

барын да ескеріп, ел қамымен жылай толғап келеді. Міне, үш кейіпкердің тілі 

де, ойы да бір-біріне мүлдем жақындамайтындай қабат-қабат. Сол тіл арқылы 

тұтас өмір шындығы беріліп тұр. Қабанбай характерін даралап та, типтендіріп 

те көрсеткен Бұқар толғауына қараңыз.

     «Айналайын 

Қабанбай,

     Жау 

келгенде 

жарағым,


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

157

          Алыстан асып дау келсе,

     Түрулі 

тұрған 


құлағым.

          Жақыннан жарым жау шықса,

     Белдеудегі 

пырағым.


     Мың 

жылқыны 


суарған,

     Төскейден 

аққан 

бұлағым.


          Кеше түсте естідім, Қабанбай ауру дегенде,

     Жетімсіреп 

жыладым.

     Бір 

құдайдан 

сұрадым:


          Арғыннан айттым жүз кісі,

          Найманнан айттым жүз кісі,

          Үйсіннен айттым жүз кісі,

          Үш жүз кісі болар ма, Айналайын Қабанбай,

     Қара 

мойын 


лағың»[5;90.].

Қабанбайды аман қалдыр деп, құдайға қара мойын лақ емес, үш рудан үш 

жүз кісі құрбандық айтқан жырауды кім кінәлайды? Бұл бүкіл ел аман қалу 

үшін Қабанбайдай батырлар сау жүруі керек екенін танытатын әлеуметтік, 

тарихи шындық. Бүкіл елдің бірлігін танытатын аса құнды сөз. Бұқар  мен 

Қабанбай  бір рудың ғана адамы емес, бүкіл қазақ қоғамының ірі тұлғасы. 

Жыраудың өз сөзінде үш жүз адамды ойланбай бір батырға құрбандық етуін 

осылай түсінген дұрыс деп есептейміз. Сонымен бірге Бұқар жырау ағайын 

арасының да татулығын қолдаған кәдімгі таза қазақы ойдың иесі. «Ағайынды 

адамның  өкпесі бар, кегі жоқ»,- деп өкпелеп кеткен Дәулетбайға «ептеп 

айтып алып келіңдер»,- деп кісі жібереді. 

Қабанбайдың тағы бір дара мінезі осы жерде көрінеді. Бауырына ұлттық 

дара қасиет бойынша аманат тапсырады. Артындағы ұрпағының  «мұңлық», 

зарлық», «қорлық» күйін кешпесін деп інісіне тапсырады да, сол сөздердің 

мәнәсән ашады. Қабанбай данышпан қарияға айналады. 

«Мұңлықтың жайын айтайын:

Ерде ақыл болар ма, қонысынан ауған соң?

Әйелде ас болар ма, біреуден сауын сауған соң?

Бұдан мұңлық өтер ме?

Қорлықтың жайын айтайын:

Жақыныңнан жау шықса, айғырың қалар арқырап,

Құлының қалар шырқырап, бұдан қорлық өтер ме?

Зарлықтың жайын айтайын:

Қозысы өлсе саулық қой - артында қалар маңырап.

Ботасы өлген түйенің, Түгемес зары аңырап,

Бұдан зарлық өтер ме?»[5;95.].

Р. Бердібайдың сөзімен айтар болсақ: «Мұнда Қабанбай соғыс кезінде 

қорған болса, бейбітшілік кезде ел қамқоры сипатында берілген» [36;118.].



Вестник ПГУ № 3, 2010

158 

Қабанбайдай аруақты батыр жай ғана төсекте жатып аурудан өлсе, 

мүмкін, арманда кетер ме еді, құлын сүйгіш Алла қасиетті жанның өлімін де 

тек өзіне лайық етіп бұйырыпты. Келесі оқиға - Әтекенің ұлы Садырдың кек 

алмақ болып ауырып жатқан Қабанбай аулына келуі. Бұл хабарды батырдың 

жан жолдасы, атқосшысы Шағалақ жеткізеді. Алдыменен жайсыз хабарды 

батырдың аты сезеді дейтін эпостық жырлардағы сарын көрініс береді. Бұл 

сарын емес, шынайы табиғи қасиет. Жылқы малының ерекше болмысы деп 

түсінетін уақыт жеткен сияқты.

          «Жүгіріп шықтым  белеңге,

          Қубас ат шөп жұлмайды дегенге»[5;95.],- деп қарулас  

досына, атақты әскербасына жамандықтың сырын тұлпарының мінезі арқылы 

танытады. Мұны бұрыннан атын баптап жүрген ежелгі серігі жақсы таныған. 

Шағалақ өзеннен өтіп жатқан мол әскерді көреді. Жау әдейі Қабанбай 

төсектен тұра алмай жатқанын біліп, оны өлер алдында қорламақ болған. Бұл 

- бүкіл қазақ ұлтына үлкен сын, қазақ қолы жеңілсе сүйекке салынған кетпес 

мін болмақ және Қабанбай өкінішпен өлмек. Қабанбайдың жай білектің ғана 

күштісі емес, күш пен ақыл, намыс пен парасат қатар қонған, басына бақ 

болып дарыған, аруақты батыр екені тағы бір дәлелденеді. Батырдың шын  

тілегін Алла қабыл еткендігін, оның жаратушының сүйген құлы болғандығын 

жыршылар әсіресе, сүйсіне жырлаған сияқты. Шағалақ болған жайтты 

хабарлап, сөзін былай аяқтайды: 

      «Састым ғой, аға, састым ғой!

      Қабанбайдың көзі тірісінде елін шабам дегенге».

Намысын қорламақ болған дұшпан сөзін естіген батырдың жан  

қиналысын автор былай береді: 

«Мұны естіп Қабекең, Қабағат қатты сұстанды.

      Қатуланды керемет, Жапырардай дұшпанды.

      Қаһары қатты кісі екені, қаһарланып кетіпті:

      Шашы ұзын кісі екен - маңдайын жауып кетіпті.

      Кірпігі ұзын кісі екен -.бетін жауып кетіпті.

      Сақалы ұзын кісі екен - кеудесін жауып кетіпті.

      Буырқанғанда сыртына түгі шығып кетіпті»[5;95-96.].

Қатты намыс қысып қаһарланған батырдың ішкі қуатының әсерінен 

барлық шашы, сақалы, кірпіктері тікірейіп ерекше бейнеге түскендей. Батырға 

тән өзгеше портрет жасалынған. Жанды, бет пішініндегі ішкі дүмпудің 

қуатты қимылдарын көрсететін сурет. «Төба шашы тік тұрды», «түгі бетіне 

шықты» деген тіркестер осындай құбылысты елестетуден пайда болды ма екен 

деген ойға жетелейді. Батыр Алладан денесіне қуат беріп, бойын қатайтуды 

тілейді. «Қабылдап Алла тілегін, Буынын әбден қатайтты»,- дейді автор. 

Мұны  ойдан шығарылған қиял деуі де мүмкін. Біз  сонша қуат беріп, ерекше 

аянмен өміріне бағыт беріп отырған Алла сүйікті құлының соңғы тілегін, 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

159

онда да өзінің жеке басы үшін емес, дүйім елдің азаттығы үшін күреске 

шықпақ болған тілегін орындаған ғой деп ойлаймыз. Бұл мүмкін, батырдың 

ішкі қуатының барлығын тітіретіп, жанды қимылға түсірген психологиялық 

қуаты да болуы мүмкін. «Буырқанғанда сыртына түгі шығып кетіпті» дегенде 

автор сол ішкі психологиялық құбылыстың әсерін көрсетіп отыр ғой. Батырға 

жеткен хабар өзі күтіп жатқан өлімнен әлдеқайда ауыр болатын. Сонда 

Қабанбайдың  бейнесінде әлгіндей өзгерістер болатынына сенесің, автор 

осыған өзі де сенеді. Соңғы жорыққа кетіп бара жатқан батыр өмірлік серігі 

болған Қубас атымен сырласады. Монологы арқылы ұлтының болашағын 

ойлаған сарбаз бейнесі ашылады.

     «Ей, 

Қубасым, 

Қубасым,


     Қабанбай 

өлді 


дегізбе,

     Төрт 

арыстың 

баласын


     Енді 

ешкімге 


жегізбе»[5;97.]

Жетпіс сегізге келген батыр он алты жастағы Садырмен жекпе-жекке 

шығады. Соғыс толық суреттелмеген. «Бұғанадан найза жеп, бала жерге 

құлады» деп қана көрсетеді. Осыдан кейін Қабанбайдың да халі нашарлай 

береді.  Соңғы өсиетін айтады. Інісі Дәулетбайға  өз мүрдесін үш күн күзетіп 

тұруын өтінеді. Ал үш күннен соң оның мүрдесін әкетуге Меккеден ақбас 

атан келеді деген  ой айтылған. Қабанбайды білетіндер айтып жүрген сөзді 

де, сол соңғы қоштасуында айтқан: «Алыс-туыс демеймін, Мұсылман-кәпір 

демеймін. Кім бұрын атымды атаса, Соны қолдап кетпекпін»,- деген екен 

аруақты батыр, данышпан қарт. Романды бағалағанда, соңғы көзқарас 

бойынша, ондағы негізгі қаһарманның  характерін тұтас көрсетілуіне, оның 

өмірі қаншалықты  қамтылғанына мән береліп жүр. Жырда Қабанбайдың 

соңғы кездегі өмірінде болған бірнеше оқиға суреттелгені шындық, бірақ 

толғау, монолог арқылы батырдың өткен өмірі де көрсетіледі. Ал оның 

бар мінезі анықтыққа жеткізе суреттелген деуге болады. Сондықтан, бұл  

«әлеуметтік-тұрмыс романы»(Р.Бердібай) деуге дәлелдері жеткілікті шығарма 

деп есептейміз.

Қорыта  айтқанда, Қабанбай батыр туралы  жыр батырдың бар өнегелі 

өмірін қамтыған, еліміздің тұрмысы мен салтын қоса суреттеген, батыр және 

оның айналасындаға ірі тарихи тұлғалардың дара мінезін, сол арқылы қазақ 

қоғамының ірі әлеуметтік тарихи мәселелерін көрсете алған. Композициялық  

сюжеттік құрылымымен ХҮІІІ ғасырда ауызша шығарылған қазақ романы 

десек, ешбір елден ұялмайтындай көркем туынды. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қаратаев М. 3 томдық шығ.жин. 3-т. Алматы. «Жазушы». 1974.

2. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. 1-

т.Алматы. 1958.


Вестник ПГУ № 3, 2010

160 

3. Кәкішұлы Т. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ағымдары. / кітапта: 

Нұрғали Р. 7 томдық шығ.жин.5-т. Астана «Фолиант». 2005. 536 б.

4. Бердібай Р. Эпос мұраты. Алматы. «Білім». 1997. 320 б.



5. Қаракерей Қабанбай. Алматы. «Жазушы». 1991.

Резюме

В статье рассматривается жанр романа в казахской устной 

литературе.

Resume

The article views novel’s genre in kazakh spoken literature.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет