«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет286/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   321
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
265 
ажалыңнан сақтап, қызыр боп ұшырасса, есепсіз жақсылығын өткізсе ұмытар ма едің?.. 
Жомарт та, әлгі саудагер де – «аштықта жеген құйқаның» дәмін татқан кісілігі жоғары 
жандар. Мәті бидің тағдырлары сынға түскенде қол үшін беріп, сатусыз жасаған періште 
пейілінің қайтарымын өмір бойы күтіп жүргендіктен, олар қызырды бірден танып, атан 
түйеге жүк болар шарапаттың тайлаққа жүк боларын ғана қайтарып, «тілдерін тістеп 
қалады». Көрген жақсылықты көзінше мойындағысы келмей, киелісіне күйе жағып 
немесе есіктен шыға бере жарылқаушысын жамандап, жауыр аттай құйрығын сабалап, 
жалын шайнап, шала бүлінетін жабылар аз ба?.. Өзіне сенімді Мәті бидей мықтылар, 
өмірден опық жегендерді қиянаткерлердің әлімжеттігінен талай жерде жолы кесіліп, бойы 
өспей, тұйыққа тірелгенде, Алладан медет сұрағандарды әмірі күштінің жердегі 
елшісіндей әділ би қолтығының астында қанаты барды аспанға ұшырып, екі аяқты 
пендені «Жиделібайсынға» жетелеп әкелген кездері көпті. Тегі, есепсіз жасаған 
жақсылықтың қайтарымы мол, ақ жаңбырдың солған тамырды иітері де есепсіз емес пе? 
Мәті бидің басқаға жасаған сатусыз жақсылығы, ақ жаңбырлығының қайтарымы әзірге 
теңіздің тамшысындай, ат аунаған жерде қалған түктей. Әркімді жел жағынан жүргізе 
бермейтін, байлығы мен атағынан ат үркетін Жомарт байдың қызын қалыңсыз құшып, көк 
тиын шығындамай киініп, астына тұлпар мінгеніне есі кеткен Тайлан батыр әкесінің хан 
алдындағы, қара халық алдындағы беделінің зорлығын түсінеді, ғибрат алады. 
Қоғамды азып кетпеуден, жаудың табанында тапталудан сақтап қалған қатал 
тәртіп, ел қолдаған жол. Сол жолдың көшбасшысы, ел тағдыры қабырғасын 
қайыстырған, жалпақ жұрт ісі мен ақыл-парасатын, ерлігін мойындаған кемеңгер билер 
мен жүрек жұтқан батырлар болған. Билер мен батырлардың көңілінен шықпаған ханның 
күні қараң, талапайға түседі, өйткені оның кемпарықтығы тар өрістілігі, кеудемсоқтығы, 
өзімбілемдігі елді «талапайға» түсірмек. Әділ билер мемлекеттің барометрі, компасы 
саналған. Хан мен билер, батырлардың бірлігі бекем жерде алынбайтын қамал, 
шешілмейтін мәселе жоғын тарих айғақтап берді. Батырлар мен билердің әділдік жолынан
айнамайтын берендігі, ел ісін септеуде біліктілігі, тәжірибесі мығым болса, хан есептесіп, 
бірін-бірі қолдап отырған, сыйластығы, кемелдіктері үлкен достыққа ұласып, мемлекеттің 
көсегесі көгерген. Бұл да өзін жердегі құдай санаған монархтарды тәубасына келтіріп, 
халыққа жақындастырудағы қара халықтан шыққандардың елжандылығы, кеудесі алтын 
сандық кемеңгерлігінің шарапатынан. Риясыз, есепсіз достық қазақи менталитет 
тұрғысынан келгенде, бір-бірінің көңіліні аулап, көңілінен су ішуден көрінеді. Мәселен, 
Бөкенбай батыр қанша әйел алғанмен бір перзенке зар болады. Сол Бөкенбайға белгісіз 
бір тіленші балпанақтай бала сыйлап кетеді. Бөкенбайдың тілегін құдай береді. Жиғанын 
шашып, той жасайды. Батырлар, елдің игі жақсылары ағылып, қуанышын бөліседі. 
Төңірегіндегі ығайлар мен сығайларын – нөкерін ертіп Бопай ханым мен Әбілқайыр 
кілем жапқан арғымақ ат жетелеп келіп, кіндік әке атанады. Кейіннен Тіленші 4 жасқа 
толғанда Кіші жүз ханы бәйбішесі мен Мырзатай, Бәйбекті ертіп тоқым салар тойына ат 
арытып жетеді. Кіндік әкесі мен шешесінің келгеніне басқадан бұрын Тіленші қуанып, 
мәз-мейрам болады. Ойнап жүрген шаң-шаң қалпы «қара шұнақ бала» төрде отырған 
ханның мойнына бір-ақ ырғып мініп алады. Әкесінің зекіп «доңыз түс, шапшаң түс» 
дегеніне қыңбайды. Әлден уақытта барып Әбілқайыр да әкелік мейірімі шуақ шашып, 
екірене: «Апырай, қазақ пен қалмақта ешкімді иығыма шығармаспын деп жүргенде мына 
қара сирақ табынның қылғанын қарашы» [1, 153], - дейді. Кіндік әкесіне еркелеп, өз 
әкесіне дес бермеген отты, қайсар бала Әбілқайырдың мойнынан түспей қасарысып: 
«Қамшысын бермесе түспеймін» - деп сары ала қамшысын қалайды. Ол баланың меселін 
қайтармай, қалағанына келіскен соң барып, аунап түсіп, қамшыны ұстай-мұстай көрімдік 
сұрап ауылды кезіп кетеді. Л.Толстой: «Великая литература рождается тогда, когда 
пробуждается высокое нравственное чувство» [2, 156], -демекші, Ә.Кекілбаев «Елең-
алаң», «Үркер» дилогиясында халық ретіндегі қазақтың ғасырлар бойы бірлігіне, 
татулығына сына қақса да бөлінбес үздік мінез, қасиеттерін көрсетуді мақсат еткен. Кіші 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет