«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет170/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
160 
«Ілиястың жалпы адам портретін жасаудағы ерекшелігі кейіпкердің кескін-келбетін 
жеке-дара суреттеуден гөрі, портреттік мінездеулері басым, көбіне кейіпкер характерін 
ашу мақсат етіледі. 
«...Иесі Батыраш бір 
кеппе кеуде

Ұр кеппе,
томырық мінез, намыс берме» 
Немесе: 
«Болмайтын Батыраш бір көкайыл шал 
Оның да жігітіне жел қайысар. 
Ер тұқымынан 
теріс азу

Алтайда адам пішінді аю шығар», - 
бұл мысалдардағы тұрақты тіркестер ауыз екі сөйлеу тілінде жиі қолданылуымен 
қатар, жағымсыз кейіпкер бейнесін бірден танытып... 
Жазушы кейіпкерлердің түр-тұлғасын, бет ажарын тәптіштеп көп суреттемейді, 
тұрақты тіркестермен сөз арасында әр кейіпкердің мінез-құлқы, түр-әлпетін тайға таңба 
басқандай көрсетеді. Кейіпкерді әрі қарайғы оқиғаларда кездестірмесек те, ойда қалады.» 
[1, 69]. 
Ұстамды қисындаулармен Ілияс сынды зор тұлғаның қаламгерлік бағытындағы сөз 
ұқсату ерекшеліктерін жеріне жеткізе талдап берген бұл еңбектің ана тіліміздің алтын 
қорын ыждаһаттап қорғау, сақтау, ұрпақ санасына сіңіру бағытындағы орны кәделі. 
Зерттеуші жазушы тілін зерттеудің бар тәжірибесін біліп отырып, өзіндік тың өрістерге 
зер салуында қазіргі қазақ лингвистикалық стилистикасы бағытында мол тілдік 
саралаулар, ой қорытулар жасайды. 
Аса кәдік, тым күрделі тіл иірімдерінің образ ашу, ой жеткізу; қаламгер жан-
дүниесіндегі ұмтылыс, сілкіністер әсерін жаю, оқырман түйсігіне қонақтату, жан сезімін 
қозғау қуатын аңғару, сезіну біліктілігі, он-сан сөздің ар жақ, бер жағын түгендеу төзімі 
тұрғысында тұжырымды, тиянақты еңбектің атап айтар артықшылықтары аз емес. 
Ілияс Жансүгірұлының тіл қолданыстағы тапқыштығы, дәстүрлі тіркестің өзін 
ұқсатып, кіріктіріп отыратын алғыр айтқыштығы, оқушысын ерітіп әкететін тіл «сиқыры» 
нақтылы ғылыми негізде байыпталған, қазіргі ілиястанудың жаңа бағыттарында жазылған 
арнайы зерттеудің қазақ әдеби тілінің, көркем жазба әдебиет стилінің қалыптасу, орнығу, 
даму фактісіндегі мәні де елеулі. 
«Жолдастар», «Бадырақ» романдары мен бірнеше поэмаларының тілдік тұрғыда 
зерделенуі ел өміріндегі елеулі сілкіністер дәуірін, сол дәуірді сөйлеткен тіл қазынасын 
қаз-қалпында ғылыми айналымға салудың жауапты шаруасында Қарлығаш Сарбасова 
әдеби мұраны тілдік тұрғыдан зерттеудің, тілдік тұлға аумағында зерттеудің қазақ 
әдебиеттану ғылымы мен тіл білімінде кенжелеу қалған қажетті арнасын ілгері оздыруға 
өзіндік үлес қосқан. 
Зерттеуде дүбіліп жатқан дүниеде дүрмекке ілесуге ұмтылған көптің тұтас 
тұлғасын сомдау бағытында Ілияс Жансүгірұлының «көп тілді» кейіпкерлері ана тілдің 
белгілі бір дәуірдегі алтын қоры айнымас тілдік таңбасы мәнінде бой көрсетіп, тұлғалана 
түседі. 
Зерттеушінің алынған мысалдарды ұғындырып, сіңірудегі ұтымды талдаулары 
көп дауысты заманның әдеби шығармашылықта, жанр аясында орнығып, ашылуындағы 
жетекші көркемдік амал – сөйлету амалын, сөйлесу амалын ұсталықпен ұқсатқан суреткер 
Ілияс Жансүгірұлының шығармаларын оқып отырғандай серпінді, сергек әсер туғызып 
кетеді.
Кейіпкер тіліндегі түрлі экспрессиялық реңктердің, қыстырма одағай, қайталама 
сөз, инверсиялардың қанықтығы бағытында келтіріліп отыратын үзінді, мысалдардың өзі 
бейтарап, бей-жай қалдырмай, оқушыны ортақ күйге түсіреді. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет