«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет168/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
158 
Поэтикалық тілді зерттеудің өз ішінен туындайтын жеке мәселелері мен методологиялық 
қырлары бар» [2,18]. 
Осы идиостиль бағытында Б.Момынова Шәкәрім идиостилін анықтау мақсатында 
қолданысы жиі жекелеген өзек сөздер мен ақынның сөздік қорын талдайды [3].
Анар Салқынбай Шәкәрім шығармашылығын когнитологиялық бағытта талдап, 
тілдік тұлғаның идиостилі, жаңа сөз қолданысын ғылыми тұрғыдан жаңаша зерделеуге 
ден қойды. Шәкәрім поэзиясындағы сөз қолданысы мен ондағы сөз мағынасын, астарын, 
атаудың жұмсалу ерекшеліктерін айналымға тартты. 
«Ақын дүниетанымы мен философиялық ойлары сөз арқылы таңбаланғандықтан, 
қазақ сөзінің бұрынғы қолданысы мен мағынасы Шаһкәрімдік пайымдауда жаңа арнада 
дамиды. Көптеген атаулар дүнияауи мән алып, терминдік қалып киеді, мағыналық 
тұрғыда дамиды. Сөз жүйесінде бұрын-соңды болмаған ауыспалы мағыналар қалыптасып, 
дамытылады» [4, 7].
Тілдік тұлғалардың тәжірибесін ұлттық дүниетаным негіздерімен сабақтастыра 
зерделеу өзектілігінде теориялық қасаңдықтың зардаптарынан азат таным жайы 
қозғалады. 
«Қазіргі таңдағы қазақ тіл ғылымы өзінің формалдық зерттеу бағытынан арылып, 
тілдің бастау арналарын рухани әлемнен іздейтін лингвистикалық компаративизмнің 
тәсілдері мен мақсаттарына бой ұра бастады. 
Батыстық ілім индивидуалды субъективтіктің тіл арқылы болмысты тану 
барысында сол тілдік ортаның ұжымдық субъективтілігінен шығатынын, ал ұлттық 
субъективтіліктің жалпы адамзаттың мәдени-этникалық негізінен шығатыны туралы 
теория қалыптастырған. 
Олай болса, дала кемеңгерлері мен ойшылдары жасаған рухани дүние моделі 
ұлттық болмысты танытатын басты тұғыр болатынына назар аудару керек» [4, 31]. 
Қаламгерді тілдік тұлға мәнінде зерттеудің қадау-қадау озық үлгілері бола тұра, 
әдеби мұраны тілдік тұрғыдан, сөз қолданыстағы шексіз шеберлік тәсілдер, осындағы 
мұрат пен мақсат жөнінде кешенді, кеңге тартқан зерттеулер әлде де тапшы. 
Ендігі, ана тілдің мол құнары айналымнан алыстап бара жатқан сөз байлығы 
негізінен, әдеби мұрада ғана сақталып қалғандай күрделі сынақ кезеңде қазақ сөз өнерінің 
даму, баю бағытында сөзге ескерткіш орнатып кеткен, сөзден рухани мұра қалдырған аса 
ірі шығармашылық тұлғаларды тілдік тұрғыдан арнайы зерттеу мейілінше өзекті бола 
түсіп отырған уақытта Ілияс Жансүгіровтің бай әдеби мұрасын арнайы зерттеудің 
теориялық та, тәжірибелік те зор маңызы бар. 
Шығарма тілін зерттеудің лингвистикалық, көркемдік арқауларын теориялық 
негізде қапысыз құлаққағыс ете отырып, автор нақтылы сөз тіркес; сөз қолданыс 
тәсілдердің жүйелі тілтанымдық қорын түзуде жұмысы көп терімшілеп отыратын ұсақ, 
«өнімсіз» шаруадан өнімді нәтиже алған. 
Замана бағытында қызу, қауырт шығармашылық өріс түзген, жанр
тастамай жазған 
айтулы дарын Ілияс Жансүгіров туындыларының қазақ жазба әдебиетінің дамып, 
баюындағы ықпалды мәнін тілдік тұлғасы тұрғысында лингвистикалық арнайы зерттеудің 
күн тәртібіне қоюда атап айтарлықтай оң нәтижелерімен мазмұндалған монография 
нақтылы тарихи әлеуметтік кезеңдегі ұлттық тілдің сөздік қор байлығын автордың кәдеге 
жарату шеберлігі; стильдік дара өрістегі тілдік құнары бағытында қарастырады. 
Абай поэзиясының тіл өрнегі тұрғысында әр жылдардағы мақалаларында (1923, 
1933, 1934) ұтымды пайымдаулар жасаған, сөзге сақ сирек дарын, сұңғыла суреткер Ілияс 
шығармаларының тіл құпиясын аңғарып, айқындаудың күрделі міндетіне тілтаным 
бағытында 40 жылдай уақыт зерттеулер жүргізіп келе жатқан Қ. Сарбасова батыл тәуекел 
жасаған. 
Еңбектің I бөлімінде І.Жансүгіров шығармаларының лексика- фразеологиялық 
жүйесі көнерген сөздер, кірме сөздер, диалектизмдер, варваризмдер және тұрмыстық 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет