«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет175/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
165 
үркіткен сіреу, сілкілесулер тұрғысында кемел зерттеулер жасалады. Әдеби үдерістің 
арғы-бергі тарихындағы тапжылмас көркемдік тұғырлардың талқыдан таса қалғаны жоқ 
та сияқты. 
Замана көшінде толысқан шақтарында шығармашылық жолдары жанасып өткен, 
әлдебір мәнде, тіпті тоқайласып та қалатын Толстой мен Достоевскийдің кереғар 
көркемдік беталыстарындағы ырықтан тыс тұтастықтарының қыр-сыры, теңіз түбінен 
мұнай барланғандай ыждаһатпен түгесіліп, сарқыла ақтарылады. Толстой нені не үшін 
жазды мен Достоевский кімді қалай жазды дегендей он сан желілердің әрдайым орыс 
әдебиеттану ғылымы үшін өзектілігі сақталып отыр. 
Бальзактың басты жазу бағыты тұрмыстық-әлеуметтік кикілжіңдерімен өз ырысын 
өзі тепкен қоғам-адам дерті болғандығы да бір басталса таусылмайтын әңгіме. 
Қазақ романының оқшау бітімі неде? Үйірге қанша тартсаң қосыла қоймайтын 
оңашалық қалпының бір бүкпелі тұсы бар сияқты... Бексұлтан Нұржеке-ұлы – өз 
романдарын белгілі бір тарихи кезеңдердегі сандаған ғасыр дәурен сүрген көшпелі 
өркениеттің ендігі ықтимал өмір моделі ыдырау факторын, қандай болар-болмасын 
қалыптастыру әлеуетінен айырылып бара жатқан тауқыметті, бұлыңғыр тағдырын желілі 
тұтастықта алып отыруы арқылы Толстой, Бальзактан да, басқадан да бөлек, қазақ 
өмірінің, 
ұлттық 
бітім-болмыстың 
қайнауы 
жеткен 
ақиқатының 
арқауында 
жазылғандығымен де даралығы дәріптелуі тиіс романшылдық өрістің лайықты өкілдерінің 
бірі. 
Арғыны айтпағанда, беріде 300 жылдан астам уақыт дағдылы өмір өрісі іркіліп 
қалған, табиғи даму екпінін тежеп, тоқтатып тастаған ұлт қондырма қоғамда өмір 
сүргендіктен де оның жазушысы өзі қалыптастырмаған, етене болып кете алмаған іргетас, 
індеттеріне түбегейлі ширығып араласа алмас еді, араласам десе де араластырмаған жат 
пиғыл, мың-сан тосқауылға тарих куә. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы қазіргі заман өмірі қамтылған туындыларындағы қалыпты 
ғұмыр кешіп жатқан замандас кейіпкерлерін қоғамдық белсенді мәртебесінде оқшаулап
дәріптеуге құлық танытпайды. Олардың қоғамға наразылығын немесе дән ризалығын 
төпеп-төпеп айтып тастайтын шешендік қырлары да байқалмайды. Таусылуға тақау болып 
көрінгенімен, ішкі қуаты сарқылмаған, құнары сақталып келе жатқан дала өмірін үсті-
үстіне жайпап өткен ХХ ғасыр басындағы зобалаңдар ақиқаты-отаршылдықтың әлемдік 
ауқымдағы ең аяр, ең аяусыз фактілері жазушы романдарында тарихи мазмұн түзді. 
Сормаңдай, кеудесі күпті елдің берекесіз тағдырдан суық торғайдай жылу іздеген 
бейнесі тұлғаланды. 
Кейіпкер тұлғасындағы тартымдылықты саяси сықиған әсіре белсенділікке теліп 
қойған кезеңнің жазу талабынан өзін бейтарап ұстаған қаламгердің бірі болды. 
Бексұлтан Нұржеке-ұлы кейіпкерлері басын тауға соғып, тасқа ұрып 
жалпыадамзаттық түйткілдерге шешім іздемейді, қоғамдық-әлеуметтік жайларды жатса-
тұрса толғап «ұйқы беріп, қайғы алмайды». Жазу өнерінде өз әлемін қалыптастыру 
мехнатынан ырызық тапқандар жаратылыстан дарыған сұңғылалығын шыңдаудан 
жалығып көрмеген жанкештіліктің айықпас дертіне шалдыққандар ғой. Ауқымды 
жалпыадамзаттық әлеуметтік ақиқаттардың өкпек желі дамылсыз бұрқасындатып 
жататын шынайылықтағы көркем шығарма жазуға жазушы атаулы қалыпты, күйбең ұсақ-
түйектерді тірнектеп жинап, тізбектелеп баяндау сатыларымен біртіндеп өтіп барып, қол 
салады. 
Бексұлтан 
Нұржеке-ұлының 
жазу 
бағытындағы 
көзге 
ұрып 
тұратын 
ерекшеліктерінің ауқымында қаламгердің адамды күнделікті өмір саясындағы тіршілік 
әрекеттерінде аңлап, барлау, сол негізде тұтас ұлттық біртоға характер сомдау алабөтен 
назар аударады. Сандаған уақыттар әбден басымның барлығы басқада деп жалтақтаудан 
қасаң қалыпқа түсіп сіресіп қалған көркемдік танымда бұзып-жарып "білгішсінуге" әлі де 
қауқарсызбыз, әлде құлықсызбыз. Әйтпегенде ХХ ғасырда бұғанасы әбден бекіп




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет