«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет191/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   321
 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
180 
Өңіржиек-аналитикалық тәсілмен жасалған сөз. Екі сөздің бірігуі арқылы 
аналитикалық тәсілдің сөзқосым түрі арқылы жасалған өнімді түрі. Сөз жасаудың 
синтаксистік амалы болып саналатын бұл тәсіл көне замандардан келе жатыр.Қазіргі таңда 
белгілі бір бұйым атауы болып табылады.Өңіржиек-көйлектің сыртынан омырауға тағатын 
өте қымбат бағалы бұйым. Зергерлер өңіржиекті үзбелеп, салпыншақтар тағып, асыл 
тастардан көз орнатып жасайды. [3, 117-123]. Алқа-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөз. 
Лексикалық мағыналы сөз, негіз сөзі-ал. Заттық ұғыммен байланысты, барыс септік жалғауы 
жалғанған. Ерте кезден кең қолданылып келе жатқан мойынға тағылатын әшекей. Алқа-әйел 
адамның мойнына, омырауына тағатын сәнді бұйым. Алқаны асыл тастардан көз салып 
жасайды. 
Жүзік-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған, яғни, сөздің сөз түрлендіруші 
қосымшалар арқылы түрленіп қолданылған сөз. Лексикалық мағыналы сөз, негіз сөзі-жүз. 
Қазіргі кезде белгілі бір атауларымен қолданыста кең таралған. Ерте кезден тұрмыста ерекше 
қолданылған,әр түрлі пішінде әзірленген алақаны бар, саусаққа сәндік үшін киілетін әшекей 
бұйым. Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі-жүзік. Жүзік жасалуы 
күрделі әрі оның сан алуан түрлері кездеседі. Жүзіктің үстіңгі бетіне әр түрлі асыл тастардан, 
түсті шынылардан немесе күмістің өзінен, көз, балдақ, отау орнатылады. Бұлар жүзіктің 
үстіңгі бетіне дәнекерленеді. Сақинаны күмістен,алтыннан дайындайды. Ал, жүзік жасау өте 
күрделі. Орта түркі кезеңің тілдік деректерінен орасан зор мәлімет беретін ең құнды еңбек - 
М.Қашқари сөздігінің материалы негізінде жинақталған, материалдық болмысты бейнелейтін 
атаулардан олардың тарихи-мәдени және этнолингвистикалық құрылымын көрсек болады. 
Олардың біразы тек дыбысталуымен ғана қазіргі қазақ тілінен аз-кем ерекшеленеді. Мысалы,
Jüzük-жүзүк-жүзік. 
Жалпы жүзіктің сан алуан түрі кездеседі, қазіргі кезде ұмыт болып бара 
жатқандарыда қаншама,қазір солардың біріне тоқтала өтсем. [4, 193].
Құдағи жүзік-аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөз. Лексикалық мағыналы 
сөз, негіз сөзі-құда. Ерте заманда қазақ халқы үшін осындай бұйымнің орны ерекше және 
үлкен сый құрметтің белгісі ретінде саналған жүзікБасқа жүзіктерден артықшылығы бар,екі 
саусаққа қатар киілетін екі шеңберден тұратын жүзік-үстіңгі беті біртұтас болып келетін 
ұлттық өнердегі бірегей дүние.Ұзатылып бара жатқан қыздың анасы құдағиына өзінің қызына 
мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы арту үшін сыйға 
тартылатын кәде. Құдағи жүзіктің астында екі саусаққа арналған сақина бар. Яғни, сұқ 
саусақпен,ортаңғы саусақ. Менің қызыма сұқ саусағыңды көрсетіп шошайтып жатқан кезде 
мына жүзікті көріп мен есіңе түсіп, жүрегің жібісін, қызыма сұқ саусағыңды көрсетпе, сүйегі 
менікі, еті сенікі, тәрбиелеп ары қарай өзің жөндеп ал деген мақсатта сыйға берілетін жүзік. 
Құдағи жүзік-екі құдандалы адамдар арасындағы көрсетілетін ілтипаттың, құрметтің белгісі. 
Құдағи жүзік парасатты,дана,ақылды,мейірімді құдағиларға тарту етілген. Қолында құдағи 
жүзігі бар әйел адамды көрсе, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін 
бірден білген. Құдағи жүзіктің бетіндегі екі бөлек өрнегі екі рулы елдің адамдары қосылып 
бір әдемі шаңырақтың астында бақытты, тату ғұмыр кешсін дегенді білдіреді. Қазақстанның 
батысы мен оңтүстік-батысында кеңінен таралған, қолданыста бар бағалы жүзік. 
Қазіргі қазақ тілінде сөзжасам мәселесі өте өзекті мәселе болғандықтан әрі зергерлік 
бұйымдардың ұмыт болуына байланысты мақалада осы атауларға түсінік беріп қана қоймай 
сөзжасамдық тұрғыда талдау жасадым Әр түсінік беріп өткен сәндік әшекейлердің қай түрі 
болмасын адам қажеттілігін өтеп қана қоймай, тіл-көзден, бәле-жаладан сақтаған. Ертедегі 
қазақ дәстүрінің бұл саласы қазірде өшпей «қазақ»деген атымыздың төл бейнесі болып келе 
жатыр. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.Манкеева Ж.М. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – 
Алматы, 2008. - 356 б. 
2.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі, 1991.-384 б. 
3.Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері – Алматы,2007.-193 б. 
4.Тілеубекұлы Т. Қазақтың ою-өрнектері мен зергерлік бұйымдары. – Астана, 2008.-
117 б. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет