«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет236/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
218 
Құлмамбет, сенің дер-көкке сыйғызбай мақтаған адамдарының кескін-келбетін 
осындай дейді Жамбыл [3, 14]. 
Тегінде, қазақ байлары мен болыстары еңбекші халықты жақсылыққа, өнер-
білімге бастамайды, шаруашылықтың берекесін кетіріп, тұйыққа тірейді, патша 
үкіметіне жарамсақтанады. Халықтық қасиеттерді тоздырады, табансыз, тайғанақ өмір 
салттарын орнықтыруға жол ашады деген Жамбылдың сөзінде, солкездің саяси-
әлеуметтік шындығ жатыр. 
Айтыстың барысында, Жамбыл тағы бір маңызды, мазмұнды ойға көңіл бөледі. 
Ол ел арасындағы кейбір адамдардың міне-құлықтарын сынға алады. Құлмамбет сен 
шын ақын болсаң, алдымен елін жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айт. Соларды 
жырла, дәріпте дейді Жамбыл. Жамбыл соған орай өзінің халық мұңшысы екенін 
танытып: 
Адамдықты айт, батырлықты айт, 
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт. 
Қарынбайда сараңдар толып жатыр, 
Оны мақтап шалықпай жөніңе қайт,- 
деп бір тойтарыс береді де, өзінің арманы не екенін былай танытады: 
Берекелі елді айтам, 
Ел тұтқан ерді айтам. 
Басымнан сөз асырман! – 
деді. Осыдан кейін Жамбыл халыққа қадірлі асыл азаматы боп, заманының зор 
адамдары бопшыққан саналы ерлер – Сұраншы, Саурықты жыр етеді. 
«Тіл – халықтың ең ұлы байлығы» деген еді заманымыздың көрнекті жазушысы 
М.Шолохов. Тыңдаушы адамға тіл, әрине, сөз арқылы жетеді. Халқымыз «Сөздің 
көркі - мақал» дейді. 
Орыс ғалымы В.В.Радлов қазақ халқын былай бағалаған: «Қазақ ақындарының 
қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде, қалай әсем сөйлейді. Айтқысы 
келегннің бәрін тез түсіндіреді, қарсыласының да сөзіне шебер тойтарыс бере біледі
балаларының ақыл-ой, есі де тезжетіледі. Ойын дәл ұғындыра алады»
[4, 64]. 
Жамбыл жырларынан ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың даналығы 
көрінеді. Осындай қасиеттеріне қарай ақын жырларын тәрбие және оқу үрдісінде 
орынды оқыту, еліміздің тарихын, тілін жетік білуде үлкен рөл атқарады. 
Қорыта айтқанда, Жамбыл жырларының халықтық қасиеттерін және өздеріне 
тән ерекшеліктерін бағалай отырып, оның халық арасына ең көп тараған айтыстарын 
ерекше айтуға болады. 
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап 
алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген 
еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын 
асылы. 
Бүгінгі жас ұрпақтың бойына жыр алыбы Жамбылдың жырларын оқыту, 
насихаттау арқылы ұлттық рухани құндылықтарымызды қалыптастыру баршамыздың 
парызымыз.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. – Алматы, 2001 
2. Жабаев Ж. Құрастырған Садырбаев С. Өлеңдер, айтыстар, дастандар. – 
Алматы: Мектеп, 1989 
3. Жыр алыбы. Құрастырған Жұмаділов Қ. – Алматы: Жазушы, 1971 
4. Тілеужанов Т. Халық тағылымы. – Алматы, 1996 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет